72
Сөйтіп, қазақ халқының тарихында бұрын-соңды болып
көрмеген жаңалықтар мен оны білдіретін жаңа ұғым, түсінік,
құбылыстардың бəрін тіл фактілерімен деректеп отырарлық
термин сөздер қалыптаса бастады. Оқу, білім, өнер,
ғылым, мəдениет, экономиканың қай-қайсысында да халық
ұғымына тосын сөздер пайда болды. Оның əрқайсысының
терминологиялық жүйесін жасау үшін сауатты, білікті ма-
мандар даярлау проблемасы күн тəртібінде тұрды. Маман-
дар жетіспейтін.
Алға жетектеген шаралар ретінде мыналарды айтуға бо-
лады: кеңселерде ісқағаздары қазақ тілінде жүргізіле ба-
стады, қазақ тілінде шығатын газет-журналдар көбейді,
қазақ мектептері ашылып, онда оқылатын пəндердің бəрі
ана тілінде жүргізілді. Сонымен бірге қазақ тілі мейлінше
кең қанат жайған көркем əдебиет тіліне, əлеуметтік өмірге
тікелей араласу барысында қоғамдық-саяси əдебиет тіліне,
түрлі шаруашылық пен экономика, өнер, жалпы мəдениет
тіліне айналды. Сөйтіп, қазақ тілі күнделікті өмірдің қай
саласына да белсене араласып, қоғамдық қызмет аясы
кеңейе түсті. Күн өткен сайын, өмір алға озған сайын мына
сөзді қалай жазамыз, ана сөзді қалай қабылдаймыз деген
тəрізді сұрақтар көбейіп, терминге деген ділгерлік артып,
мұқтаждық молаюда.
Жоғарыда сөз болған «Атаулар сөздігі»
25
осындай мұқ-
таждықты сəл де болса өтеу жолындағы алғашқы əрекет
еді. Бұл – Қазақстан Оқу комиссариаты Білім кеңесінің
жетекшілігімен жасалған сөздік. Білім кеңесі сол кездегі
бірінші кезекте тұрған мəселе ретінде осы пəн атауларын
жинап, тез арада жұртшылыққа ұсынды. Алғашқының аты
алғашқы. Мұның, негізінен, кейінгі жұмыстарға аздап сеп-
тігі тигенмен, жоғарыда ескерткеніміздей, кемшіліктері де
аз емес. Өйткені бұл əлі ғылым салаларынан маман адамдар
даярланбай тұрған шағында, сол игі іске себі тие ме деген
мақсатпен жасалған сөздік еді.
25
Қызылорда, 1931 жыл.
73
1935 жылы өткен мəдениет қайраткерлерінің Бүкілқа-
зақстандық съезінің күн тəртібінде қаралған негізгі мəсе-
лелердің бірі – орфография мен терминология мəселесі
болды. Осы съезд қарсаңында Мемлекеттік терминоло-
гия комиссиясы өзінің кеңейтілген мəжілісін өткізіп, онда
ғылымның əртүрлі саласына байланысты жасалып жатқан
терминдер жүйесі туралы сөз қозғады.
Қазақ тілінің ғылыми терминологиясын жасап, оларды
ретке келтіруде, сондай-ақ алдағы жұмыстар бағытын
айқындай түсуде бұл съездің атқарған рөлі зор болды.
Съезде терминология мəселесі ғылыми проблема есебінде
қарастырылып, оның негізгі белгілері, ерекшеліктері анық-
талды. Лексиканың өзге қабаттарына қарағанда терминнің
өзіне тəн өзгеше қызметі, жасалу жолдары, қалыптасу сыр-
лары бар екені дəлелденіп, ғылыми принциптері түзілді.
Осының негізінде бұдан былай қарай термин жасау ісі
белгілі бір ғылыми жүйеге, тіл заңдылығына сəйкес,
қабылданған принциптер негізінде жүргізілетін болды. Яғни
термин жасаудың ортақ принципі түзіліп, оның басқа да
маңызды мəселелері шешімін тапты.
Съезд қарсаңында жасалып, жұртшылық талқысынан
өткен, сөйтіп съезд мақұлдамасын алған қазақ терминдері
Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің 1935 жылғы
23 маусымдағы 812-ші қаулысымен бекітілді.
Съездің алды-артында қауырт жүргізілген осы тектес
жұмыстар нəтижесі іле-шала 1936 жылы терминологиялық
сөздік «Қазақ тілі терминдері» деген атпен жұрт қолына
тиді. Қ. Жұбановтың жалпы редакциясымен «Қазақстан»
баспасынан жарық көрген бұл сөздіктегі терминдер негізі-
нен үш саланы (əлеуметтік экономика, физика мен матема-
тика) қамтыған. Жинақталған терминдер саны онша көп
бола қоймағанмен, бұл қазақ терминологиясын сол кезеңнің
талап-тілегіне орай ғылыми арнаға түсіріп, оның əлеумет-
тік мəні бар мəселе екенін танытқан игі іс ретінде тарихта
қалды.
74
Сөздікте үкімет қаулысымен бірге Мемлекеттік термино-
логия комиссиясы басшылыққа алатын қазақ əдеби тілі
терминологиясының он тармақтан тұратын принциптері
берілді. Бұл құжат терминологтар алдына мынадай талаптар
қойды:
Бірінші шарт бойынша, əдеби тілдердің көбіне ортақ
революция, совет, теория, практика, тенденция, меди-
цина, хирургия, климат, абсолютный, конкретный т.с.с.
халықаралық сипаты бар терминдерді сол түпнұсқадағы
қалпынша қазақ тіліне аудармай алу; екінші шарт бойынша,
əдеби тілдер тəжірибесінде аударылып алынып жүрген про-
изводство, труд, деньги, корень, стебель, мышцы, деление,
умножение тəрізді халықаралық терминдерді аудару керек.
Ал сословие, состав, клетка, слет сияқты қазақ тілінде ба-
ламасы жоқ немесе терминнің қазақша нұсқасы бастапқы
мағынадан ауытқитын болса, онда оны аудармай алған жөн.
Үшіншіден, əртүрлі ғылым салаларына ортақ термин-
дер болуы мүмкін. Мысалы, материя термині философия
мен физикада, түбір термині математика, ботаника жəне
лингвистикада, реакция термині химия, биология жəне сая-
си ұғым есебінде, экскурсия сөзі оқу-ағарту ісі мен физио-
логия ғылымында кездеседі. Бұларды сол бірыңғай түрде
қалыптастыру керек.
Төртіншіден, əрқилы жағдайда əр алуан мағынаны
білдіретін мануфактура (тарихи-экономикалық жəне товар-
тану мағынасында), продукт (өндіріс өнімі жəне азық-түлік
мағынасында) сияқтылар бір пəнде термин ретінде алынсын
да, екіншіде жай сөз ретінде аударылсын.
Бесіншіден, халықаралық терминдер орысшада қалай
алынса, қазақшада да солай алынады. Егер ол сөздерді таң-
балайтын кейбір əріптер жетіспесе, қазақ алфавитінің бар
мүмкіндігі пайдаланылатын болсын. Мысалы: роrта (фор-
ма), qіmіa (химия), rebolutsіja (революция) т.б.
Алтыншы тармақ бойынша, аударуға келетін терминдерді
аударғанда оның ғылыми мəні дəл берілуін қадағалау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |