54
ге жəрдем етуге тиіс еді. Сол міндетін күні кешеге дейін
атқарып келді. Бір қызығы – бұл шаралардың бірде-бірінен
Қазақстан ғалымдарының да қалыс қалмағандығы. Олардың
да қарап жатпағандығын дəлелдейтін жоғарыдағы деректерге
қоса мынаны айта кетуге болады. Дəл осы 1933 жылы Қазақ
Автономиялы Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің
508 санды қаулысымен Мемлекеттік терминология комис-
сиясы (Мемтерминком) құрылған. Оның тұңғыш төрағасы
Қ. Жұбанов, мүшелері Б.К. Асфандияров, Г.К. Бірімжа-
нов т.б. болған.
Алғашқы ұйымдасқан күннен бастап бұл комиссия қазақ
тілінің терминологиялық жүйесін жасау, қалыптастыру
жұмыстарымен айналысты. Сол мақсатпен 1935 жылы
мəдени сала қайраткерлерінің Бүкілқазақстандық І съезі
ашылар қарсаңында Мемлекеттік терминология комиссия-
сы Бюллетенінің төрт саны жарық көрді. Бюллетеньнің
бұл сандарында алдағы зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар
сілтейтін материалдар жарық көрді. Əсіресе қазақ тілі
терминдері мен орфографиясы жөніндегі жоба, сондай-
ақ Қ. Жұбановтың термин сөздің ерекшелігі жəне жасалу
принциптері жайында мақалалар жарияланды. Сол кез-
де қазақ тіліне келіп еніп жатқан терминдердің дұрыс ды-
бысталуы мен қалыптасуына Қ.Жұбанов ұсынған «ф», «х»
əріптерінің, əрине, пайдасы болды. Өйткені ол кездегі бағыт
орыс тілінен алынған сөздерді бұзбай айтып, жазу бола-
тын. Шынында, физика, философия, флора, химия тəрізді
терминдерінің бұдан бұрынғы жазылу, айтылу кейпі пизика,
пиласопия, плора, кимия түрінде еді. Əлгі əріптердің біздің
алфавитіміздің құрамына енгізілуінің нəтижесінде біз кірме
терминдерді шапшаң игере бастадық. Сөйтіп, бұл термин-
дер қазақ тілінің сөз қабылдау заңдылығына мойынсұнбай,
тілдегі десант сияқты қолданысқа ене бастады. Бұл біздің
тіл процесіндегі сорымыз не бағымыз болғанын кейінгі
кезең болмысы анық көрсетіп отыр. Əр нəрсенің өз кезеңіне
лайықты бағасы берілгені жөн десек, біз бұл əрекеттердің
дұрыстық жағын да айта кетуіміз керек.
55
Бюллетеньнің 1-санында терминология мен орфографияға
қатысты бірнеше материал басылған. Олардың қайсыбірінің
қазақша-орысша нұсқасы қатар беріледі де, қайсыбіреуі
ана тілінде ғана жарияланған. Біздіңше, мұның мынадай
себептері болған тəрізді. Біріншіден, саяси мəні ерекше
сауаттылық əлемінде жасалып жатқан мұндай шаралардың
деңгейін бүкілодақтық дəрежеге көтеру болса, екіншіден,
айтулы ғұламалардың, партия-кеңес қызметкерлерінің жəне
оқу-ағарту ісіндегі мамандардың мағлұматының кеңеюіне
жол ашу. Қалайда, сол кезеңнің өресінен қарағанда, ма-
териалдардың осындай тəртіппен берілуі өзін-өзі ақтады
деп білеміз. Мəселен, осы алғашқы санының өзінде «Қазақ
əдебиет тілінің терминдері туралы», «Термины казахского
литературного языка» деген атпен мақала екі тілде берілсе,
«К пересмотру казахской орфографии» мақаласы орысша
жарияланған. Бұл аталған дүниелердің авторы – Қ. Жұбанов.
Ал «Теріс жазуға емле себепші болмасын» (К. Бегалинұлы),
«Қосар ма, дара ма?» (Жұбанұлы Құдайберген) жəне «Қазақ
тілінің емлесі мен əліппесіне кіргізілетін өзгерістердің
жобасы» дейтін материалдар қазақша басылыпты.
2-санында «Терминдердің спецификасы жөнінде»
(«О специфике слов-терминов»), «Қазақ тілі орфографиясы
мен алфавитіндегі өзгерістер жөнінде жоба» («Проект из-
менений орфографии и алфавита казахского языка») сияқты
орыс тіліндегі мақалалар, сондай-ақ қазақ тілінде жазылған
«Математика терминдері жөнінде», «Физика терминдері
жайынан» тəрізді мақалалар басылған.
3-санында өткен 2-санда жарияланған «О специфике
слов-терминов» деген мақаланың қазақшасын беріпті. Соған
қоса дүнген тілі орфографиясы жөнінде Цунвазаның жо-
басы басылған.
Бюллетеньнің соңғы 4-санындағы материалдар тек қана
қазақша. Олар мыналар: «Қазақ тілінің емлесін өзгерту
жайы» (Қ. Жұбанов), «Емле, əліппені өзгерту, дұрыстау
жөніндегі Жоба» (Аманжолұлы Сəрсен), «Əріп, емле, тер-
56
мин мəселелеріндегі негізгі таяныш-тірегіміз не болуы
жөн?» (Басымұлы Қажым), «Терминдер туралы».
Сонда бюллетеньнің төрт санында небары 17 ғылыми
мақала жарияланған екен. Термин мəселесін тікелей сөз
ететін мақала соның жеті-сегізі. Басқалары терминді ор-
фография мен алфавитке байланысты əңгіме етеді. Алай-
да сөзіміздің басында ескерткеніміздей, осы мақалалардың
өзінде-ақ көптеген мəселелердің басы ашылып, жазуымыз-
да жүйе бола бастады. Көптеген термин сөздерді ретке кел-
тіріп, оны қолдану, қабылдау, тіпті жасау принциптері ай-
қындала түскені мəлім.
Мемлекеттік терминология комиссиясының бұл басылы-
мында тағы бір көңіл қоюға тұрарлық мəселе бар. Ол мынау:
оның əрбір санында комиссияда қаралған, талқыланған тер-
мин сөздер тізімі жарияланып отырған. Бұл мəселенің дер
кезінде шешім тауып, қабылдануына септігін тигізген шара
деп білеміз.
Бюллетеньнің алғашқы санының өзінде алдымен қазақ
əдеби тілінің терминологиясын жан-жақты əңгімелеп, оның
жасалу, қалыптасу, даму жəне қолданылу өрісі жайында
нақты мағлұмат нұсқау беріп алған соң, «Социал-экономик
пəндердің терминдері» мен «Математика терминдерінің
орысша-қазақша сөздігі» берілгені осыны ұйымдастырушы
адамдардың білігін танытқандай. Ал екінші санда «Физика
терминдері» мен «Ботаника терминдері», үшіншісінде «Ма-
тематика терминдерінің жалғасын», төртіншісінде «Физика
терминдерінің жалғасын» жариялап үлгеріпті. Сонда, байқап
қарасақ, сол кездің өзінде-ақ біздің ғылыми мекемелер мен
маман адамдар кезеңнің тілек-талабына сай ел мұқтажын
өтейтін мəселелерді əлеумет талқысына дер кезінде салып,
көпшілік назарын уақтылы аудара білген екен. Ендігі мақсат
осы Бюллетеньде жарияланған мақалалардың ғылыми мəнін
саралап, ондағы көтерілген мəселелердің салмағын таразыға
салу болса керек. Мұнсыз біздің жалпы əдеби тіліміздің,
оның ішінде өте бай терминологиялық лексикамыздың жа-
салу, қалыптасу, даму жолын анықтай алмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |