57
Қ. Жұбанов «Қазақ əдебиет тілінің терминдері жайында»
деп атаған мақаласында сол кезеңнің саяси-əлеуметтік бол-
мысына бойлап, тіл мəселесіндегі неше алуан құбылыстарға
тоқтайды. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы жылдарда
ұлттық мəдениетіміздің айқын бір көрінісі – сауат ашу са-
ласында əрқилы талас-тартыс, айтыстардың болғаны мəлім.
Айтыстың дені интертерминдерге қатысты туындап жатты.
Шынында, бұл тіпті де оңай мəселе емес еді. Неге десеңіз,
ол кезде айқайлатып айтылмағанмен, əрбір іс-əрекеттен оры-
стандыру саясатының салдарын көруге болатын. Осының
түп негізін ерте байқаған көреген Ахаң (А. Байтұрсынұлы)
қазақ тілінің заңды даму жолын алдымен өзі танып-біліп, со-
сын ел-жұртына білдіргісі келгентін.
Сөйтіп, ол тілде болатын өзгеріс, өріс, нетүрлі
құбылыстың бəрі тек ішкі заңдылыққа орай өрбуі тиіс де-
ген түйінге келеді. Əсіресе, ол қазақ тілінің ғылым мен білім
əжетіне жарарлық қазынасын сарапқа салып, теңдесі жоқ
терминдік жүйені жасап, қалыптастырады. Сөйтіп, ол өзінің
тілге деген оң көзқарасынан таймай, ұлт мəдениетінің хан
тəңіріндей болып, өз ұлтына, өз тіліне деген ұлы махабба-
тын сөндірмеген күйі дүниеден өтті. Тілдегі, əсіресе термин
жасамдағы ол ұстанған бағыттың басты шарты əуелі ана
тілінің бар байлығын іске жарату болатын, шеттен келген
қандай сөз, қандай аталым болса да, оның тіл заңдылығын
қабылдап, кіріге келуі қадағаланатын.
30-жылдардың екінші жартысында осы басты байламға
күрделі өзгерістер енгізілді. Ол, əсіресе, орыс тілінен жəне сол
тіл арқылы келген интернационалдық терминдерге қатысты
болды. Онда өз тіліміздің емес, əлгі кірме терминдердің
өзгертілмей айтылуы мен жазылуы қатты қадағаланды.
Сөйтіп ана тіліміздің табиғи болмысынан тыс, жат заңдылық
күштеп енгізілді. Термин жасау принциптерінің алғашқы
жобасын жасаған проф. Қ. Жұбанов екені рас. Алайда осы
принципті түзу барысында профессор өз еркінен тыс қатаң
тапсырма торына түсіп қалған сияқты. Өйткені қазақ тілі
58
заңдылықтарын бір білсе, осы адам дейтін ғұламаның өзге
тілдік кірмелерді бұлжытпай алайық деуі ақылға қонбайды.
Осының салдарынан қазір тілімізде өзгелік сөздер тым
көбейіп кетті.
Бұл тілдің даму жүйесіне, сауат ашу ісіне жасалған
қиянат еді. Əйтсе де Мемлекеттік терминология комиссиясы
өзі құрылған алғашқы күннен бастап осы тектес ең күрделі
мəселелермен айналысып, əдеби тілдің нəрлене, қалыптаса
түсуіне көп септігін тигізіп келеді.
Қазақ тілі терминологиясының ғылыми принциптері ай-
қындалып алған соң, бұл жөніндегі барлық практикалық
жұмыс, яғни қазақ тіліндегі əрқилы ғылым салалары бойын-
ша термин жасап, қалыптастыру ісі белгілі бір жүйеге
түсіріліп, бір орталыққа бағындырыла жүргізілетін болды.
Ақыры орыс тілінен алынатын терминдерді өзгертпейтін
болсақ, онда əрине ф, х, я, э, ц, ч əріптерін алфавитімізге
енгізу қажет. Сөйтіп, осы əріптерді орыс графикасы-
на негізделген қазақ əліппесінің құрамына енгізу арқылы
қаншама терминдердің айтылуы мен жазылуы бір ізге
түсті. Бір кезде неше алуан қиындықтар туғызған мұндай
терминдердің қалыптасқаны, тіпті сіңісіп кеткені соншалық,
кейде оларды бөтен тілдік элемент депте қарамайтын
жағдайға жеттік.
Əлгі принцип бойынша, революция, пролетариат, те-
ория, совет, социализм тəрізді көптеген халықаралық тер-
миндер орыс тіліндегі түрін жоғалтпай, сол қалпында алына-
тын болды деп масаттандық. Ал -ский, -ный-ға біткен сөздер
ешқандай қосымшасыз (абсолют шама, буржуаз идеология
деген сияқты – Ө.А.) қысқарған түрде енді, мұнымен бірге
сөзжасам дағдымызда оң үлгілер де болғанын көреміз.
Бесжылдық жоспар қабылдау мен ұжымдастыруға орай
жəне орыс тілінің игі əсерінің арқасында конфискелеу,
колхоздастыру, комбайншы, тракторшы, екпінді, ауат-
ком, жоспар, жоспарлау, социалды жарыс, жеке меншік,
есепші, бесжылдық тəрізді сан алуан терминдер жасалып,
қолданысқа енді.
59
Автодорога, авиасани тəрізді күрделі терминдердің
алғашқы бөлігі сол күйінде қалып, екінші сыңары ауда-
рылып берілді (автожол, авиашана). Мұның дұрыс үлгі
болғанын əдеби тіліміздің кейінгі кезеңдегі даму тарихы
дəлелдеп шықты. Ендеше, Мемтерминкомның ең алғашқы
құрамының да ұлттық мəдениетіміздің, оның ішінде жазу
мəдениетіміздің даму, қалыптасу барысына өз үлестерін
қосқанын атап айту лазым.
Мемтерминкомның жаңа құрамы да (1939 жылы
маусымның 23-і Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің
кезекті Қаулысы) бекітілген болатын. Өз жұмысын негізінен
тоқтатпағанымен, соғыс жылдарында бұрынғыдай қарқын
ала алмағаны белгілі. Əйтсе де əскери əрекет пен соғыс
қимылдарын дəлме-дəл сипаттап бере алатын термин сөздер
жүйесі назарда болған. Өйткені майдандағы жауынгерлер
əрекетін, олар қолданатын қару-жарақ, соғыс техникасын
күнделікті баспасөзде, көркем əдебиетте нақты баяндау
үшін сөздердің терминдік дəлдігі талап етіледі. Міне,
сондықтан 1942 жылы С. Аманжолов редакциясымен шық-
қан «Орысша-қазақша əскери сөздікті» (құрастырғандар:
Ғ. Мұсабаев, Ю. Цунвазо, К. Адайханов) ғана өз кезеңінің
мұқтажын өтеген мүлік болды деп айта аламыз.
1945 жылдың 8 ақпанында Қазақ ССР Халық Комис-
сарлар Кеңесінің 54-қаулысына сəйкес Мемтерминком
құрамы қайта қаралып, бекітілді. Бұл шешім бойынша ко-
миссия үкімет үйінің жанына көшті де, əуелі төрағасы
І.О. Омаров, кейіннен Т.Т. Тəжібаев болды. Ғалым хатшысы
М.Б. Балақаев еді. Құрамы 23 адамды қамтитын. Бұл жаңа
құрамы өз жұмысын «Соғыс зардабынан əлсіреген еліміздің
экономикасы мен шаруашылығын қалыптастыру» кезіндегі
бүкілхалықтық іспен қабат жүргізуіне тура келді.
Ол кезде өміріміздегі аса маңызды шаруаның бірі –
В.И. Ленин шығармаларын ұлт тілдеріне аудару мəселесі
болып саналды. 1946 жылы Қазақстан Коммунистік пар-
тиясының Орталық Комитеті көсем еңбектерін ана тілімізге
Достарыңызбен бөлісу: |