Тәрбиешінің Әдістемелік қоржыны



жүктеу 2,42 Mb.
Pdf просмотр
бет9/34
Дата09.01.2020
өлшемі2,42 Mb.
#26084
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

26 

 

Сары түсті жолақ бар. 



Мұратындай атамның, 

Әсем өрнек ол ұлттық! 

Мынау  біздің  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасы.  Рәміздік 



тұрғыдан  ҚР  мемлекеттік  Елтаңбасының  негізі  –  шаңырақ.  Ол  – 

Елтаңбаның  жүрегі.  Шаңырақ  –  мемлекетттің  түп  негізі  – 

отбасының  негізі.  Шаңырақ  –  Күн  шеңбері.  Айналған  күн 

шеңберінің  қозғалыстағы  суреті  іспетті.  Шаңырақ  –  киіз  үйдің 

күмбезі,  көшпелі  түркілер  үшін  үйдің,  ошақтың,  отбасының 

бейнесі.  Тұлпар  –  дала  дүлділі,  ер-азаматтың  сәйгүлігі,  желдей 

ескен  жүйрік  аты,  жеңіске  деген  жасымас  жігердің,  қажымас 

қайраттың,  мұқалмас  қажырдың,  тәуелсіздікке,  бостандыққа 

ұмтылған  құлшыныстың  бейнесі.  Қанатты  тұлпар  –  қазақ 

поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық 

қиялдың,  талмас  талаптың,  асыл  мұраттың,  жақсылыққа  құштарлықтың  кейпі.  Қанатты 

Тұлпар  Уақыт  пен  Кеңістікті  біріктіреді.  Ол  -  өлмес  өмірдің  бейнесі.  Бір  шаңырақтың 

астында  тату-тәтті  өмір  сүретін  Қазақстан  халқының  өсіп-өркендеуін,  рухани  байлығын, 

сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі 

іспетті.  Әрбір  адамның  жол  нұсқайтын  жарық  жұлдызы  бар.  Қазақстан  Республикасы 

мемлекеттік  Елтаңбасының  авторлары  –  Ж.  Мәлібеков  пен  Ш.  Уәлиханов. 

Балалармен әңгіме жүргізіліп, «Біздің  елтаңба»  деген тақпақ айтылады. 

Алтын қанат көмкерген, 

Шаңырақ бар, уық бар. 

Әсем бейне сен көрген, 

Жай белгі емес ұғып ал! 

Көгілдір түс аясы, 

Бейбіт дала елесі. 

Шаңырақ – жұрт  панасы, 

Уықтар  -күннің сәулесі. 

Сүйсіндірер өзіңді, 

Түсіне біл таңбаны. 

Аңызда ұшқыр төзімді 

Пырақ халық арманы. 

Жоғарыға түсер көз, 

Бес бармақты жұлдызға, 

«Қазақстан» деген сөз, 

Таныс барлық ұл-қызға. 

Мағыналы, сымбатты

Бар осындай белгіміз. 

Маған, саған қымбатты 

Елтаңбасы ол-еліміз! 

СЕРГІТУ СӘТІ:                   Бір шаңырақ астында

                                               Тату-тәтті тұрамыз. 

                                                Бірге ішеміз асты да, 

                                                Бірге сайран құрамыз. 

                                                Достықты үлгі санаған, 

                                                Бір үйде біз тұрамыз. 

                                                Қалған ата-бабадан., 

                                                Бірлік асыл мұрамыз! 

-Ата –бабамыздың өткен өмір жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не 

деген  төзімді  де  қайратты  ел,  не  деген  батыр  да  батыл  менің  елім!»  деп  көңілің  көкке 

көтеріледі.  




27 

 

(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. 



Осы кезде жүгіріп немересі шығады). 

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз? 

Атасы:  Ә,  балам,  атаң  не  ойламайды  дейсің!  Сенің  болашағыңды  ойлаймын.  Еліміздің 

болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!  



Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?  

Атасы:  Ә,  балам,  «өткен  өмір»  деген  сонау  ежелгі  бабаларымыздан  бергі  өткен  өмір 

жолы, тарихи емес пе? 



Немересі: Ол қандай болған? 

Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:  

        Болмаса да оқыған тарихшы атаң, 

        Жинадым ескілерден тарих хатын. 

        Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса, 

        Айтылған аталардың аманатын. 

        Есімі еш адамның өшпейді екен

       Артында ұрпақ жүрсе өздерінде, 

Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен, 

Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген. 

«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,  

Өткендерін қалай да білесін деген. 

     Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Сонау  ерте кезде 

біздің  ата  -  бабаларымыз  29  қазақ  руының  басын  қосып,  халық  болып  қалыптасуының 

негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?  

Менің  елім  –  Қазақстан.  Бұл  әрбір  дала  перзентінің  (кәрісі  бар,  жасы  бар)  көкірегінде 

мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім 

жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар 

ма екем?! 

           Құс ұясыз

           Жыртқыш інсіз болмайды. 

           Отансыз жан өмірінде оңбайды, 

           Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. 

           Тірі адамға сол қайғы,  

- деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. 

Ал,  біз,  қазақ  халқы,  нағыз  бақ  қонған  халықпыз  деп  шаттана  айта  аламыз.  Өзіміздің 

мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар. 

Бала :   Қазақстан туған өлкем. 

              Жер көп пе сендей көркем? 

              Көрсін деп күллі әлемге, 

              Жалауыңды желге желпем.    

(Ата мен немересі  шығып кетеді.) 

Ойын: 

«Туған жерді гүлдендір»  

(Балалар  алдын-ала  суреттері  жапсырылған  түрлі  түсті  гүлдерді  алып,  әуен  ырғағымен 

жүріп, Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.) 




28 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



-Балалар,  Туған  жерді  гүлдендірер  ұл-қызы,  міне,  сендерсіздер.  Еліміздің  келешек 

тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен 

терезесі  тең, керегесі  кең ететін  - сендер. Ол үшін терең әрі жан  – жақты  білімді болу  – 

міндеттерің.  «Туған  жер  –алтын  бесік»  -  демекші,  балалар,  бүгінгі    сабақта   

айтылғандарды  өнеге  етіп,  елді,  жерді  сүюді,  қадірлеуді  өмірлік  мақсат  етейік  –  деп  

сабақты аяқтайық. 



 

КӨРІНІС СЦЕНАРИІ 

 

Тәрбиеші:  Айнаш  Атмаевна  Найманова,  Қызылеңбек  бөлімшесі,  Қазақстан  ЖОББМ 

жанындағы шағын орталық 

Тақырыбы: «Менің Отаным» 

Мақсаты: бүлдіршіндерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне

атамекеніне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. 



Көрнекі құраладар: 1. Ұран сөздері жазылған плакаттар. 

2. Туған жердің көріністері. 

3. ҚР рәміздері. 

Жүргізуші:  Құрметті  қонақтар,  ұстаздар,  балалар!  Сіздерді  көргенімізге  қуаныштымыз, 

«Менің Отаным» атты ашық көріністі бастайық. 

Әнұран орындалады.  

Тақпақтар: 

1. Отан,Отан!  

Сен болмасаң, не етер ем? 

Мәңгілікке бақытсыз боп етер ем.   

2.  Отан деген - атамекен, 

Отан деген - туған жер. 

Отан-ана, Отан-үлкен, 

Қазақстан туған ел. 

3. Отан-сенің ата-анаң, 

Отан-досың, бауырың. 



жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау