Тәрбиешінің Әдістемелік қоржыны



жүктеу 2,42 Mb.
Pdf просмотр
бет32/34
Дата09.01.2020
өлшемі2,42 Mb.
#26084
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

86 

 

БАЯНДАМА 



 

Дайындаған:  Гульмира  Калидоллаевна  Жагипарова,  Көктөбе  ауылы,  «Балдаурен» 

балабақшасы 



Тақырыбы: Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері 

Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  өзіне  тән  ерекшеліктері   оның   халықтық 

педагогика  мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ 

халқында   жазбаша  педагогикалық  еңбек  жазып  қалдырмаса  да  білгір  педагогтар, 

тәрбиешілер,  ұстаздар  болған.  Олар  өз  көзқарастары  мен   әрекеттерінде   белгілі  бір 

дәстүрлі  дүниетанымды  ұстанып,  халықтың  мұраттары  мен  арман  тілектеріне  сүйеніп 

отырған. 

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, 

құқықтық,  сұлулық  тәрбиелері  жүргізілген.  Қазақ  отбасында  аталған  тәрбие  түрлерін 

жүзеге  асырудың  мақсаты  жан-жақты  жетілген  азамат  тәрбиелеу  болды.  Отбасындағы 

дене  тәрбиесінің  мақсаты   бала  денесін  дамыту,  денсаулығын  нығайту,  ағзасын 

шынықтыру және күн  тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу 

болды. 

Қазақ халқы  еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке 



асыл  мұрат  деңгейінде  қарады.  Еңбек  тәрбиесі  деп   баланы   еңбекке  сүйіспеншілікпен, 

еңбек  адамдарына   құрметпен  қарауға,   халық  шаруашылығының  салаларындағы  еңбек 

түрлеріне  баулу,   еңбек  іс  –  әрекетінің  барысында   олардың  дағдысы  мен  іскерлігін 

қалыптастыру,  болашаққа  мамандық  таңдауға   дайындауды  түсінді.  Отбасында  еңбекке 

тәрбиелеу,  баулу  мен  кәсіптік  бағдар  беру  баланың  қоғамға  пайдалы,  өнімді   еңбекке 

тікелей  қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік 

және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. 

Қазақ  отбасы  баланы  қоғамның  моральдық  нормасын   орындауға  қатыстыру, 

олардың  тәртіп  және  мінез  құлық  тәжірибесін  қалыптастыру,  Отанға,  халқына,  еңбек 

және   қоғамдық  іс-әрекетке  жауапкершілік  сезімін  тәрбиелеу  арқылы  адамгершілікке 

тәрбиелей  білді.  Сондай-ақ,  қазақ  отбасында  адам   зиялылығының  негізі  –  ақыл-ой 

тәрбиесі  деп  есептелінді.  Ақыл-ой  тәрбиесі  арқылы  баланы  ойлау  іс-әрекетінің 

шарты   болатын  білім  қорымен  қаруландыру,  негізі  ойлау  операцияларын  меңгерту, 

зиялылық  біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. 

Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі  экономикалық 

тәрбиеге 

де 

қазақ 


халқы  

ерекше 


мән  

берген. 


Қазақ 

халқы 


бала 

тәрбиелеуде   экономикалық  тәрбие  деген  ұғымды  пайдалабағанымен,  тәрбиенің  бұл  түрі 

отбасында  мақал,  өсиет  айту,  өнеге  көрсету  арқылы  жүзеге  асқан.  Мысалы,  «Еңбегі 

қаттының  ембегі  тәтті»,  «Еңбек  -  өмірдің  тұтқасы,  тіршіліктің  көзі»,  «Еңбек  –  түбі 

береке»,  «Үнемшілдік-сараңдық  емес»,  «Ескі  киімді  баптағаның,  жаңа  киімді 

сақтағаның»,  «Сараң дүниенің малын жыйса да  тоймайды» деген мақалдары дәлел бола 

алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері  еңбек тәрбиесінде  екенін 

жақсы  түсінгенін  байқатады.  Қазақ  отбасында  экономикалық  тәрбие  арқылы  айырбас, 

бөлісу  және  табыс  табу  сияқты  негізгі  экономикалық  қатынастарды  тәжірибеде  меңгеру 

жүзеге асты. 

Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал 

бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас 

пісіруге,  кесте  тігуге,  өрмек  тоқу  сияқты   үй  ішінің  ішкі  жұмыстарына   үйрету  арқылы 

экономикалық  тәрбиенің  көзі  болып  табылатын  үнемшілдікке,  тәуекелшілдікке  үндеп, 

сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған. 

Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс-тіршілігінде  төрт-түлік мал бағу, аң 

аулап  кәсіп  етуді  ұйымдастыруында  да  экономикалық  тәрбиенің  нышандары  айқын 

аңғарылады. Мәселен, «Мал өсірсең  – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының 

пайдасының  зор  екенін  ұғындырса,  ешкінің  өсімталдығымен  оның  да   пайдасы  көп 



87 

 

екендігін: «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи» деп нақты ұғымды кеңестер береді. 



Тіпті,  қазақ  отбасы  балаға  ертегі   арқылы  да   экономикалық  тәрбие  бере  білген.  Оған: 

«Мақта  қыз  бен  мысық”,  «Ақылды  қыз  бен  тазша»,  т.с.с.  ертегілер  мен  халық  арасында 

кең  тараған  Қожанасыр  туралы  әзіл  әңгімелерден  де  экономикалық  құбылыстар  мен 

оларды шешудің тиімді  жолдарын аңғарамыз. 

«Жеті  Жарғы»  заңының  бір  бабы  «құн  төлеуге    арналуы  және  «судың  да  сұрауы 

бар» деген ата-бабаларымызды кім экономикадан хабарсыз болды дер екен. Сол кезеңдегі 

қазақ  теңгелерінің  дүниеге  келуі  оның  тек  қана  сауда  айналымы  үшін  ғана  емес,  өзінің 

экономикасын жүргізу жолдарын ерте меңгергендігін де дәлелдейді. 

Қазақ халқы экономиканың жана –табыс табу мәнін балаға түсіндіре отырып, оның 

таза  жолмен   келгені  дұрыс  екендігін  де  ескертіп  отырған.  Табысқа  қабілеттілер, 

еңбекқорлар  ғана  жететінін,  табыс  табу,  пайда  табудан   да  үлкен  өнер  екенін  жақсы 

түсінген.  Мәселен,  «Артық  олжа  -  басқа  еңбек»,  «Оңай  олжа  –  тұрмас  қолға»,  «Шығын 

шықпай , кіріс кірмейді», - дейді халық. 

Қорыта  келгенде,  қазақ  отбасында  экономикалық  тәрбие  берудің  мәні  баланы 

жасынан  еңбекті  бағалауға,  уақытты,  ұтымды  пайдалануға,  үнемшілікке,  сараңдыққа 

салынбауға, ұқыптылыққа, ақша, қаражатқа дұрыс көзқарас қалыптастыру, олардың қалай 

келетінін немесе  табысты  да  таза  еңбекпен  жасауға  үйрету,  тәрбиелеу  деуге  толық  негіз 

бар.  Ал,  ата-бабаларымыздың  қоршаған  ортаны  аялауы  мен  оған  деген,  ізгі,  мейірбан 

қарым-қатынасын  мақтанышпен  айтуға  тұрады.  Себебі  олар  көшпенді  өмір  сүргендіктен 

әркез  өздерін  табиғаттың  бір  бөлігіміз  деп  есептеген.  Жер  Анаға  деген  құрмет  пен  ізет 

олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан. Сондықтан, экологиалық нормалардың, 

ережелердің  қажеттілігін  жастардың  мінез-құлқында  тәрбиелеу  және  экологиялық 

мәдениет  дағдысын  қалыптастыру  әрекеттері  қазақ  отбасында  бала  аяғы  шығып,  апыл-

тапыл  жүре  бастаған  кезден-ақ  қолға  алынған.  Мысалы,  баланың  тұсауын  көк  шөппен 

кесудің  терең  тәрбиелік  мәнімен  бірге  тірі  табиғатқа  деген  көзқарасын  білдірген.  Қазақ 

отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-

бабаларымыздың  экологиялық  тәрбиеге  зор  мән  бергенінің  дәлелі  болып  табылады. 

Мәселен «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», «отқа түкірме» және т.с.с. 

Қазақ  халқы  адамның  сұлулық  сезімдерінің  тұлға  өмірінде  зор  рөл  атқаратынын 

жете түсінген. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және 

өнер  деп  білген.Қазақ  отбасындағы  сұлулық  тәрбиесінің  мақсаты  баланы  көркемдік  пен 

сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, 

үй-жағдай  және  киім-кешек  мәдениетін,сыртқы  мәдениеті  мен  ішкі  дүниесінің 

ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді. 



Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  құралдары  дегенде  халық  ауыз  әдебиетін,  ұлттық 

ойындар,  айтыс,  және  шешендік  сөздерді,  ойын-сауықтарды  т.б.  айтамыз.  Қазақ 

отбасында  жоғарыда  аталған  тәрбие  түрлерін  жүзеге  асырудағы  ежелден  қолданып  келе 

жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: балаларға қайрымды, ізгі қатынас жасау, сыйлау 

адамгершілік  сезімдеріне  әсер  ету,  жанама  ықпал  жасау,  құлықтық  қолдау,  өзіне  деген 

сенімін нығайту, сенім арту, реңіш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелікте 

кінәсін мойындату, түсіндіру, мысал келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айтуды есептейміз. 

Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар 

үлгі-өнеге  көрсету,  жауапкершілікке  арту  әдістерін  шебер  пайдаланған.  Баланы  ерте 

жастан-ақ  жауапты  іс-әрекетке  тартып  отырған.  Мысалы,  бес  жасында  атқа  мінгізіп, 

бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. 

істерге бірге ертіп жүрген. 

Қазақ  отбасы  тәрбиесіндегі  өзіндік  ерекшеліктер  қатарына  жататын  әдіс-

тәсілдердің бірі бұл-тұспалдап айту арқылы шешендікке баулу. Сонымен қатар тұспалдап 

сөйлеуді  –  сыйластықтың  керемет  бір  үлгісі  деуге  болады,  өйткені  ол  белгілі 

біреуге  қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды . 




жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау