1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.
1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы; «Ынтымақ,Бірлік,Келісім-Ең басты байлық ел үшін»
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.Қазақстандық патриотизмге,елін,жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеуге.Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Көрнекілігі;Плакатқа жазылған тақырып,сурет,гүлдер,шарлар,ұлттық киімдер.
Тәрбиелілігі;Қазақстандық патриотизмге,елін жерін,сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ұлттық рухты,патриоттық,сезімдерді ұялату,ынтымақтастыққа,достыққа,өз Отанын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері:
Құрбанкүл Күте туғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз.
Мерекелі,мерейлі айдың басы,
Құтты болсын бірінші мамырымыз.
Ғалия Бірлік пен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқыраған жарық күн.
Ырыс,дәулет бақыты үшін халқымның,
Жасай берсін,жасай берсін-алтын күн!-дей келе
Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Ынтымақ,Бірлік,Келісім-Ең басты байлық ел үшін»атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1-ші.Әнұран орындалады.
1жүргізуші (Қадір)Қайырлы күн,ардақты ұстаздар!
2жүргізуші (Қамқа)Құрметті қонақтар мен оқушылар!
Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ,бірлік,келісім-ең басты байлық,ел үшін»тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
2-ші Баяндама
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалар,солақай саясаттың құрбанына айналып,елімізге келіп қоныстанған.Ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері алтын бесікке айналды.Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш,жұрт аман.Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айырылмас достыққа сызат түспесе екен.
3-ші Жаттаулар
Ұлы достық (Маханбет Қожахметов)
1-Қадір Нәсілдерге нәсіп болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қоссам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2-Айдана Достық тапса діндер менен ділімді,
Салт-дәстүрлер сиға ұласты бүгінгі.
Бір туғандай ұлтаралық келісім,
Бір көтерсең басқа түскен жүгімді.
3-Бекарыс Серт берісіп туыс болып қалуға,
Нәубеттерден аман жеттік дамуға.
Байтақ елдің биік ұстап байрағын,
Біздің достық мәңгі болып қалуда.
4-Бауыржан Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
5-Қамқа Қуаныштан желбірейді түндігім,
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін.
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.
6-Ленора Қазақсатан дейтін бар елім,
Жатыр алып,жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
7-Нұрмұханбет Жаса,жаса тыныштық,
Достық,бізге тым ыстық.
Бірлік-байлық,ырыс-құт,
Қыл өтпестей тыныштық.
Жаса,жаса тыныштық.
8-Гүлсім Мамырдың бірі,достық күні,
Ән салып,билеген халықтың үні.
Тұтасып тойлаған ұлттар,
Керемет мереке,мамырдың бірі.
9-Айтбек Достық-шырағымыз,
Достық-ұранымыз.
Достық-әніміз,
Достық-туымыз.
10-Фарзона Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге,
Ұмытылмас асылмын.
11-Али Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанаты қыраны,
Еркіндігі халықтың.
12-Гүлжан Мамыр қандай шіркін-ай құлпырады,
Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр,сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.
13-Абзал Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізбен туда ортақ.
Ақпыз ,қара, сарымыз,
Ағайынбыз баріміз.
14-Азамат Бірлік керек,тірлік керек ағайын,
Аса түссін бейбітшілік жағдайың.
Ел басындай,ел жұртыңда құтты бол,
Алатаудай мызғымайтын,сынбайтын.
4-ші «Көк тудың желбірегені» Мұрагер
5-ші Би «Қара жорға»
6-шы Мақал-мәтелдер
1-Ленора Бізде бірлік болып іс қыла білетін шебер табылса,Алаштың баласы бақыт,махаббат жолына түседі.
2-Нұрмұхаммед Қыл өтпестей татулық бір ашуға сатпас болар.
3-Гүлсім Көршілестерім-рухани еншілестерім.
4-Фарзона Ырыс алды –ынтымақ.
5-Али Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер.
6-Бекарыс Алтау ала болса-ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса-төбедегі келеді.
7-Біржан Бірлігі кеткен ел жаман,егесіп өткен ер жаман.
8-Мұрагер Тату елге-тыныштық нәсіп.
7-ші КӨРІНІС «Бірлік»
Автор;Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен.Қарт бума шақты сындыруға ұсынады.Ұлдары олай әуреленіп,былай бір бума шыбықты сындыра алмады.Қарт буманы шешіп,шыбықты бір талдап сындыруды ұсынды.Шыбықтар оп-оңай сынды.Қария;бірігіп өмір сүрсеңдер,сендерге ешкімніңде әлі келмейді.Ал жеке-жеке тұрсаңдар,әрқайсысыңды біртіндеп құртады.
8-ші ТӨРТ ТІЛДЕГІ жаттаулар
Қазақша Қазақ жері-қонақжай төрдің жері, (Мұрагер)
Қазақ елі қассақтай ердің елі.
Тарихында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Орысша Мы дружной семью живём в Казахстане , (Біржан)
Татары,таджик,узбек и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков,
Дружба народов всех возрастов.
Ағылшын One among many countryes (Бекарыс)
Native land mother
Native land universe
Native land Kazakhstan
Отан деген-Атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана,отан үлкен,
Қазақстан туған ел!
Өзбекше Яша-яша тинишлик, (Азодбек)
Дослик бизгә тим ислик.
Бирлик,бойлик,бәрәкә,
Яша-яша тинишлик.
8-ші Би «Достық биі» (қазақ,орыс,өзбек,үнді,қазақ)әндері біріктірілген попури.
9-шы Хор: « Атамекен »
10-шы ҚОШТАСУ (тілек сөз)
Құрбанкүл Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара
түсінігі одан әрі жалғасып,еліміздегі ұлтаралық татулық берік
болып,қашанда ынтымақ,бірлік мәңгі жасай берсін.
Ғалия 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын
журектен құттықтаймыз!
КӨРІП ТАМАШАЛАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХ
Достарыңызбен бөлісу: |