Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын диогностикалаудың мақсатын түсіндіріңіз.
2.Оқушылар ұжымының тәрбиесін диогностикалау әдістемесін жүргізіңіз.
3. Диогностика әдістері және оларға анықтама беріңіз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
4.Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Мектеп, 1987 ж
Дәріс 15. Тәрбие үдерісін ғылыми әдістемелік қамтамасыздандыру
Мақсаты:
Дәріс жоспары:
1.Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімділігінің шарты.
2.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын бақылау
Мектеп өмірінде мұғалім- басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қызметіне қосымша іс рнтінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық іс әрекеті қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол- сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынасы қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой,адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшінің міндеті – сан алуан. Сал себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастылыған, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы- ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.
Сынып жетекшінің қызметі
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуна жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани- адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау, немесе жобалау, бақылау және түзету, енгізіп отыру қызметін жатқазуға болады.
Нақтымалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізу; сыныптағы келеңсіз жағдайлардың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында , біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процес оқушылардың жас ерекшелігі сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жек тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау- бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процессінднгі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі- педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапсын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамсыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана жүзеге асады.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сыныпта сынып жетекшінің қызметі мақсатын түсіндіріңіз.
2. Сынып жетекшінің ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыруда оқушылар ұжымының тәрбиесіне әдістеме жүргізіңіз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
4.Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Мектеп, 1987 ж
3. Практикалық сабақтардың мазмұны
1-тақырып
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні және міндеттері
Мақсаты: Тәрбиенің тұтас педагогикалық процесс ретіндегі мәнін ашу және қазіогі қоғамдық даму кезеңіндегі тәрбие формасы , құралы., әдістері мазмұнын сипаттау.
Сұрақтар:
Тәрбие мақсаты, міндеттері, мәні және ерекшеліктері.
Тәрбиенің қозғаушы күштері.
Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі.
2-тақырып Мектеп тәрбие жүйесі ретінде. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар тәрбие жүйесінің субъектісі ретінде
Мақсаты: Студенттерді мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар жайлы толық мәліметпен қаруландырып, мектептегі тәрбие жүйесінің маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар сынып жетекшісінің рөлі мен қызметі жайлы нақты ақпарат беру.
Сұрақтар:
1.Мектептегі тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және балаларды әлеуметтендіру мен дамытудың мақсатты факторы ретінде.
2. Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі. Сынып жетекшісі және оның негізгі қызметтері. Сынып жетекшісінің пегагогикалық процестегі орыны.
3-тақырып
Сыныптың тәрбие жұмысының жүйесі тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы ретінде
Мақсаты:Студенттерге сыныптық тәрбие жұмсының жүйесі туралы түсінік беру, балалар ұжымын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі туралы, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары туралы мәлімет беру. Өмірде және нақты еңбек іс-әрекетінде алған білімді қолдана білуге үйрету, іскерлікке, педагогикалық шеберлікке төселту.
Сұрақтар:
Мектеп сыныбы тәрбие жұмысы жүйесінің бастапқы өзегі ретінде.
Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту әрекеті.
Балалар ұжымында жеке оқушымен жұмыс істеу маңыздылығы, әдістемесі.
Сынып ұжымында оқушылардың өзін-өзі басқаруы: маңызы, құрылымы.
Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері сынып оқушыларын тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы ретінде, олардың белгілері, қазіргі кездегі қызметі.
4-тақырып
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.
Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын түсіндіру. Тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлін анықтау. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттерін және формаларын сипаттау.
Сұрақтар:
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлі.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, мазмұны, формалары.
5-тақырып
Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының диагностикасы
Мақсаты: Оқушылардың дамуындағы проблемаларды анықтау жолдарын меңгерту. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруы үшін өз оқушыларын жақсы білуі қажеттігін түсіндіру, олардың дамуын қадағалауы, тәрбиесіндегі проблемаларды көре білу жолдарын меңгерту.
Сұрақтар:
Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын жетілдіруді диогностикалау.
Оқушылар ұжымының тәрбиесін диогностикалау әдістемесі.
6-тақырып
Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсатын қою және жоспарлау
Мақсаты: Тәрбие жұмыстарының жоспарлану жолы мен тәртібін меңгеру. Тәрбие жұмыстарының түрлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын байқап, қай жерде және қандай жағдайларда қолданылатындарын білу. Оларды болашақ педагогикалық жұмыс барысында орынды да шебер пайдалана білудің амалдарын оқып-білу және жетік меңгерту.
Сұрақтар:
1Тәрбие жұмысын жоспарлау және оған қойылатын негізгі талаптар.
2.Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы және тәрбиелік іс- шаралардың формалары.
7-тақырып
Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы толық мағлұмат беру. Білім бере отырып, оқушылардың тәрбие сағаттарын ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.
Сұрақтар:
Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру.
«Тәрбие сағаты», «Сынып сағаты» ұғымдарына сипаттама.
Тәрбие сағатын жоспарлау және оны ұйымдастыруға дайындық.
Тәрбие сағатын өткізу.
8 -тақырып
Оқушылырдың тәрбие жұмыстарының нәтижесінің талдауы және өз беттерінше талдау
Мақсаты: өткізілген тәрбие жұмысын және оның нәтижесін талдау жұмыстарымен таныстыру. Педагогикалық талдаудың үлгісімен таныстыру.
Сұрақтар:
Тәрбие жұмысын және оның нәтижесін талдау.
Сұрақтар:
Сыныпта тәрбиелік шараларды ұжым болып талдау.
Педагогикалық талдаудың рөлі және оның орны.
9-тақырып
Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеттері оқушыларды тәрбиелеудің факторы
Мақсаты: мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекет қызметтерінің мәнін ашу.
Сұрақтар:
1. Мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекет қызметтері.
2.Ата-аналармен ынтымақтастық формалары.
3. Ата-аналар жиналысы – сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының негізгі формасы.
4. Ата-аналарды педагогикалық ағарту: педагогикалық білім университеті, конференция, практикум, лекция, педагогикалық пікірталас, жанұяларға бару, ата-аналармен хат жазысу және т.б
10-тақырып
Сынып жетекшісінің ата- аналармен жүргізілетін жұмысының түрлері
Мақсаты: Сынып жетекшісінің ата–аналармен жүргізілетін жұмысының түрлерімен таныстыру. Ата – аналарды тәрбие процесін жетілдіруге тарту мақсатын анықтау. Отбасының негізгі қызметтері және отбасынадағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдарын түсіндіру.
Сұрақтар:
1. Сынып жетекшісінің ата–аналармен жүргізілетін жұмысының түрлері.
2. Ата – аналарды тәрбие процесін жетілдіруге тарту.
3.Отбасының негізгі қызметтері және отбасынадағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдары.
11-тақырып
Қазіргі заман жағдайындағы балалар мен жастар бірлестіктері
Мақсаты: балалар бірлестігі туралы түсінік беру; балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың жолдарын меңгерту;
Сұрақтар:
1.Балалар бірлестігі тәрбиелелеу мен әлеуметтендіру институты.
2.Балалар бірлестігінің түрлері. Балалар мен жастардың формальды емес бірлестіктері
3.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.
4. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру әдістері.
12-тақырып
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің
іс-әрекеті
Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, демалыс және еңбек күн тәртібін ұйымдастырудың маңыздылығын ұғыну;
Сұрақтар:
1.Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы әлеуметтік – экономикалық жағдай.
2. Демалыс және еңбек күн тәртібін ұйымдастыру әдістемесі.
3.Алкоголизмге қарсы үгіт және наркоманиянын алдын алу әдістемесі. 4.Келіспеушіліктердің алдын алу және оларды жеңу жолдарының психологиялық және педагогикалық әдістемесі.
13-тақырып
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Мақсаты: «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру; дарынды балалармен жұмыс жүйесін меңгерту;
Сұрақтар:
1.«Қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары.
2.Дарындылықтың диагностикасы.
3.Мектеп шеңберінде дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі.
4.Мектептен тыс дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі.
14-тақырып
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі
Мақсаты: кәсіптік бағдар берудің мәніне сипаттама беру; кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктерін түсіндіру.
Сұрақтар:
1. Кәсіптік бағдар берудің мәніне сипаттама (мақсаты, міндеттері, мазмұны).
2. Қазіргі жағдайдағы кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері.
15-тақырып
Оқушылар ұжымындағы өзін -өзі басқару және оны ұйымдастыру әдістері
Мақсаты: оқушылар ұжымын өзін-өзі басқаруға қалыптастыру әдістерін меңгерту;
Сұрақтар:
1.Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру
2. оқушылар ұжымын өзін-өзі басқаруға қалыптастыру әдістері
4. Студенттердің өздік жұмыстары
БӨЖ №1 «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні, міндеттері
тақырыптың мазмұнын графикалық кесте түрінде беру.
БӨЖ №2 Эссе жазу: а) Сынып жетекшісі қажет б) Сынып жетекшісі қажет емес (көзқарастар, пікірлер, қорытындылар, фактілердегі қарама-қайшылыққа назар аудару
БӨЖ №3 Оқушылардың жеке басына және сынып ұжымына мінездеме жазу.
Оқушы тұлғасы және сыныптағы оқушылар ұжымын зерттеуге арналған бағдарлама негізінде студенттердің өзіне, топ студенттеріне мінездеме жазу. (Мыс: үзіліссіз педагогикалық практика кезінде бекітілген сыныптағы бір оқушыға және сыныпқа)
БӨЖ №4 Адамгершілік тәрбие әдістемесі. Сынып жетекшісінің адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру жолдары, теориясы мен әдістемесі. Баяндама, әдістеме
СӨЖ №5 Ата-аналар жиналысының, ата-аналармен өткізілетін тренингтің жоспарын дайындаңыз. Ата-аналарға арналған сауалнамалар, кеңестер дайындаңыз.
БӨЖ №6 Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы. Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу.
5.2 Студенттік оқытушымен өздік жұмысытарының құрылымы:
БОӨЖ №1 Тәрбие жұмысының формалары. Схема арқылы тәрбие жұмысының формаларын анықта және әр-біреуінің мәнін аш, қолдану мазмұнын көрсет. Жазбаша
БОӨЖ №2 Сыныптың тәрбие жүйесінің үлгісін құру.
БОӨЖ №3 Сынып сағаттарының жоспарын құру, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының бағыттары және оқушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша жұмыстарды проектілеу.
БОӨЖ №4 Оқушылар ұжымындағы өзін -өзі басқару және оны ұйымдастыру әдістері.
БОӨЖ №5. Тақырып бойынша тәрбие сағатының үлгісін жасау Сынақ тәрбие сағатын өткізу. Талдау, әдістеме.
БОӨЖ №6 Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |