«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 482,5 Kb.
бет2/6
Дата12.01.2020
өлшемі482,5 Kb.
#26404
1   2   3   4   5   6

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Мектеп сыныбының тәрбие жұмысы жүйесіндегі рөлін анықтаңыз.

2 Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының сипаттаңыз.

3. Оқушылар ұжымы дегеніміз............. Олардың мақсаты.

4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының құрылымы қандай?

5. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің мақсатын анықтаңыз.



Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001


Дәріс 3. Қазіргі мектептің тәрбие үрдісіндегі педагогикалық қолдау
Мақсаты: Студенттерге педагогикалық қолдау баланың жеке қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігің анықтайтын, адамгершілік қасиеттерді сақтауға кедергі жасайтын жолдарды жоятын үрдістің маңыздылығын түсіндіру.

Дәріс жоспары

1.Педагогикалық қолдаудың мәні

2.Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері
Педагогикалық қолдау негізінің насихаттаушысы және әзірлеушісі Олег Семенович Газман болып табылады – танымал педагог, тәрбие саласындағы ірі теоретик және тәжірибеші, еркін педагогика және педагогикалық қолдау тұжырымдамасының авторы.   

Педагогикалық қолдауды баланың жеке қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігің анықтайтын, адамгершілік қасиеттерді сақтауға кедергі жасайтын жолдарды жоятын үрдісі ретінде қарастыруға болады.     

Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз.    Педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу.  Педагогикалық қолдаинттелектуалдық дарындылықты қолдаудан (оқуға, талдауға, сынға қабілеттілік);

шығармашылық дарындылықты қолдаудан;

қабілетті айқындау мен дамытудан;

қауіпті топтағы балаларды қолдаудан 

тұрады.

«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы табысты, делелді, мұғалімдермен және ата – аналармен қолдаулы болу тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді. 



Соңғы кезде «қолдау» атты сөз заманауи қоғамдағы балалардың білім мәселелеріне байланысты ескеріледі:  

Мектептің тәрбие институты ретінде мәртебесі түседі, бұл жоспарда ол ата – аналармен балалардың әлеуметтік күтімді ақтамайды, осыдан білімге бағытталған мектептің талаптары мен қабілетінің қайшылығы пайда болады;    

Балалардың интеллектуалды қабаттануы, жеке балалардың қолайсыздығы және өзін - өзі бекіту, өзін - өзі білдіру, өзін - өзі дамыту барлық балалар үшін қалыптастырудың қажеттілігі;   

3.Педагогтардың балалар оқу жетістіктерінің және интеллектуалды еңбек адамдар жағдайының талаптар арасында;   

4.Отбасының тәрбие әуелетінің оқу маңыздылығы және отбасы «жабуының» күшейуі арасында, оның мектеппен ынтымақтастықта болмауы;   

5. Отбасындағы білім және педагогтар мен ата – аналарға арналған жаңа тәрбиелік мәселелер арасында. 

        Педагогикалық қолдау әр жағдайатта, оқушы өзінің дағдыларын жанжалда, қиын жағдайатта жаттықтыру, өз қабілетін дамыту үшін қажет, яғни өзінің айқындамасын табу, анықтау және құрастыру үшін.    

         Педагогикалық қолдау – оқушымен бірлесіп оның қызығушылықтарын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін және оған адамгершілік қасиетті сақтауға, өзін - өзі ұйымдастыруда позитивті нәтиже қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңу жолдарын анықтау.   

Бала мен ересектің әрекет мәні бала мәселесін туындыратын шарттар болады. Олардың мақсаттары: 

Осы шарттарды айқындау; 

Талдау және дифференциялау; 

Мәселені шешу үшін тірек болатындарын ғана ресурс ретінде қолдану; 

Мәселені шешуге кедергі жасайтын жағдайларды жою бойынша қызметті жобалату. 

Оларды жүзеге асыру тек келесі бағдарлау принциптері болса ғана мүмкін: 

Тәрбие табиғат бейнелігі – балаға, табиғат бөлшегінедей қатынас, экологиялық таза даму орта жөнінде қамқорлықта және табиғатпен бірлікпен келісімде тәрбиелеу. Тәрбие тірі организм дамуының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, физикалық дамудың ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын ескереді, оның доминантты қажеттілігі қанағаттандыру үшін жағдай жасайды: қозғалыста, танымда, қарым – қатынаста, шығармашылықта.      

Тәрбие мәдениет бейнелігі -  «білім беру және мәдениет тұлғаны өсіріп тамақтандыратын орта ретінде».                                                                                 

Бұл принцип білімділік кеңістікте әр түрлі орталарды құрастыруды нұсқаландырады, олар жиынтықта даму, тәжірибе  жүзеге асырылатын мектептің, сыныптың бір мәдениетті – білімділік кеңістігін құрастырады, шығармашылық тұлға ретінде өзін - өзі дамыту құндылықтырының идеяларына негізделетін мәдениетті өзін - өзі идентификациялауда көмек көрсетеді.     

Жеке – тұлғалық тәсіл – бұл принцип білімділік үрдісінде оқушылардың жағдайын анықтайтын принцип, оны оқу – тәрбие ұрдісінің белсенді субъект ретінде танытады. Әр тұлға ерекше, сондықтан басты міндет оның ерекшелігін қалыптастыру, оның шығармашылық әуелетін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.  

Құндылықты – мәнді бағдарлау принципі - әр оқушымен өзінің оқу мен өмірінің мәнін табу үшін жағдай жасау. 

Білімділік кеңістікте оқушылардың өмірәрекетінің әр түрлі орталарын құрастыру аясында келесі жұмыс бағыттары қолданылады: 

Сынып имиджін құрастыру: сынып бөлмесін безендіру, мектеп рәміздерін, киімнің пішінді элементтерін енгізу, білімдердің қоғамдық сайысы.  

Сыныпта танымды қолайлықтың атмосферасын құрастыру: диагностика және оқушылардың ақпаратты қажеттілігін, олардың танымдық әрекетке деген дайындығының өзекті деңгейін есепке алу, әр оқушының интеллектуалды қабілетінің және қоршаған ортадан ақпаратты алудың басымды тәсілдерінің диагностикасы (есте сақтау, зейін, өз ойын еркін түрде жеткізу).    

Оқушылардың оқуға деген қажеттілігін қалыптастыру, табысты танымды әрекетінің тәжірибесі үшін жағдай жасау, ақыл еңбегінің нәтижесіне құрмет сезімдерін арттыру: сабақтардың сапалық мазмұны, оқыту сағаттары, викториналар, оқыған кітаптарды талдау, танымды ойындар, әңгімелер.      

Білім берудің тұлға – бағдарлау мазмұның құрастыру, яғни әр оқушыға ақпараттың жеке – тұлғалық мәніне қарай орын табылады: құралдарды, дидактикалық материалдарды құрастыруда оқушылар мен ата – аналардың қатысуы, оқу сабақтарды жүргізуде ата – аналардың қатысуы, пәндер бойынша тапсырмаларды әзірлеу, ұжымдық шығармашылық істер.       

     Баланың оқушы ретінде табысты қалыптасуының белгілері:  

білімдерде қажеттілік, адамгершілік мәдениеттің анықталған саласына деген қызығушылық, оны терең түрде зерттеуге дайындық, әлеммен ақпаратты қарым – қатынастың мәдениеті;      

өз білім мекемесі, өз сыныбы, өз мұғалімі үшін мақтаныш: мектеп Жарғысында белгіленген құқықтар мен міндеттерді білу, оларды сақтау; 

оқушының сыныпта, білім беру мекемесінде қолайлы сезімі, өзінің қорғаушылық сезімі; 

өз сыныбының дәстүрлеріне берілгендігі, сынып жөнінде қамқорлық; 

ересектердің тәжірибесі мен білімін құрметтейтін оқушы болуы. 

Бірақ, толық көлемде оқушының қойылған мақсатқа қол жеткізуі өзін - өзі дамыту және өзін - өзі анықтау негізінде педагогикалық қолдаусыз мүмкін емес.  Динамикалық әлемде оқушыны өмірге дайындау деген: 

оған тек қажетті білімдерді беру ғана емес, сонымен қатар оларды меңгеру тәсілдері. 

Бүгінгі күні оқушылардың көбі шын жүректен оқу білмейтіндерін мойындайды, сондықтан біздің міндетіміз – оқушыларға көмек көрсету:  

а) әдіс – тәсілдерді, жалпы оқу білім – дағдыларды меңгеру; 

б)        олар оқуда қалып қоятындары жұмыс істей алмайтындарының себебін түсіндіру.  Оларды оқуға қалай үйретуге болады? Бұл сұрақтың жауабын  арнайы әдістемеде табуға болады, бұл әдістеменің негізінде үш бөлім бойы анықталған сабақ жүйесінің негізгі талаптары жатыр:    

ақпаратты - әдістемелік білімдер, яғни әр пәнге негізгі болатын түсініктер, идеялар, теориялар;  

әр зерттеу пәніне әмбепап болатын әдістемелік білімдер;  

курс мазмұнында және сабақты ұйымдастыру түрлеріндегі мотивациялық, ынталандырушылық нұсқамалар.

Осы әдістеме үш блок арқылы жүзеге асырылады:   

 - Оқу ырғағын қалпына келтіру. Жазғы демалыстан кейін оқушылар нашар оқиды. Оқу ырғағының қалпына келуі оқу жылының басында басты міндет болып есептеледі.  

 - Ұзақ және күрделі мәтіндерді мазмұндау кезде әр түрлі тіректерді қолдану дағдыларын жетілдіру, тіректерді құрастыру технологиясымен таныстыру, сонымен қатар ғылыми және әдебиетті мәтіндерді мазмұндауға үйрету.  

- Ақпаратты  өзгерту. Бұл блокта түсінудің шектелуімен және оқушылардың ақпаратты өзгертуімен байланысқан аспект белгіленеді.     

Бұл әдістеменің негізіне Ян Амос Каменскийдің оқытудың ұш деңгейі туралы ұсынысы енгізілген:  бірінші ой жұмыс істеу тиіс, сосын есте сақтау, соңында ғана – қолдар.    

Бұл үлгінің негізгі идеясы – білім деңгейін жоғарлату оқу құралдарына және өнімді әрекет тәсілдеріне бағыттауға байланысты. Ертедегі сөз «Білім барлық өмірге» қазір «Білім өмір бойы» деген сөздерге айналды. «Ғасыр бойы өмір сүр – ғасыр бойы оқы!» мақалын еске алуға болады.      

Сонымен, бала мұғалімдер мен ата – аналардың қолдауын сезгенде ғана, оқыту сатыларында сабақтастық шарттарын сақтау кезде ғана табысты болады. Ата – аналармен педагогтар тығыз қарым – қатынаста жұмыс істесе ғана оқыту мен тәрбиеде табыс кепілденеді. 

 

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Педагогикалық қолдаудың маңыздыылығын атаңыз.

2.Педагогикалық қолдауға анықтама беріңіз

3.Адамгершілік қасиетті сақтауға, өзін - өзі ұйымдастыруда позитивті нәтиже қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңу жолдарын анықтаңыз.   

Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
Дәріс 4 Тәрбие технологиясы тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі
Мақсаты: Тәрбие технологиясы тәрбие жұмысының мазмұнын түсіндіру. Тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлін анықтау.

Дәріс жоспары:

1. Тәрбиелік технологиялар тиімділігінің педагогикалық шарттары

2.Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы

          Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке  қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

          Дүние жүзіндегі инновациялық процестердің барлығы кез - келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез - келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми - техникалық процесс бүкіл әлемде «инновациялық процесс» - ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді. Инновациялық процесс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым - қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қарамағына алады.

          Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» -  деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру

         Осы орайда, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру – білім беру мекемелерінде жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

   Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды  қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру  барлық білім беретін мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген оқу орындары оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде.   Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы.

   Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп, оларды оқу үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен В.П.Беспалько, К.Ж.Бұзаубақова, Қ.А.Сарбасова, М.М.Жанпейісова, Ш.Таубаева, Л.А.Шкутина және т.б. ғалымдар айналысты

        «Технология» - ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы,  даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің  мәнін  анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда «технология» және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің  технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама әлі де болса бір жүйеге келген жоқ

Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы»  - деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.

«Технология» ұғымы «тehne» - өнер, шеберлік , «logos» – ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, «технология» - терминін - өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым - деп аударуға болады.

АҚШ пен Батыс Европада XX – ғасырдың екінші жартысынан бастап оқыту процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. Осы уақытта оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» -  термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен бұл  терминдер «педагогикалық технология» - деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде кеңінен қызу  талқылана бастады. Мұнда негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті, техникалық құралдарды қолданумен байланыстырылса, екіншісінің құрамында оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да педагогикалық технология «оқытудың технологиясы» - деген термин пайда болды 

         60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапония т.б. көптеген елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту процесі білім беру процесінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан, «оқытудың технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық  «тәрбиенің технологиясы»,  «дамыту технологиясы»,  «қалыптастыру технологиясы» -  ұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін «білім беру технологиясы» - ұғымы пайдаланылып жүр. Осы ұғымның  ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесіңде және т.б.) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» - терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты қолданған дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі  оқыту процесі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.

         «Білім беру технологиясы» -  ұғымын  мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.

   Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында  қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» - ұғымы «білім беру технологиясы» - ұғымынан әлдеқайда кең.  Дәлірек айтсақ, әдістеме «не үшін, неге және қалай оқыту керек?» -  негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады.  Ал, технология болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана іске кіріседі. Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады.

    Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырады.       

    Сонымен, педагогикалық технологияны — оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.

   Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудын технологиясын —  қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс - әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.

    Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:

-       білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;

-                              білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;

-       мұғалім мен білім алушының өзара қарым - қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.

         Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б. жатады. Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.

    


 

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1  Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын анықтаңыз.

2. Инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамытудың жолдарын сипаттаңыз

5. Тұлғаны жетілдіруге бағытталған тәрбиелік технологиялар тиімділігін анықтаңыз.



Әдебиеттері:

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.

3.     Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004

4.     Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006.

5.     М.М.Жанпейсова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту

құралы ретінде. Алматы, 2000



Дәріс 5 Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау

Мақсаты: Тәрбие жұмыстарының жоспарлану жолы мен тәртібін меңгеру. Тәрбие жұмыстарының түрлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын байқап, қай жерде және қандай жағдайларда қолданылатындарын білу. Оларды болашақ педагогикалық жұмыс барысында орынды да шебер пайдалана білудің амалдарын оқып-білу және жетік меңгерту.

Дәріс жоспары:

  1. Тәрбие жұмысын жоспарлау және оған қойылатын негізгі талаптар.

  2. Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы және тәрбиелік іс- шаралардың формалары.

Сынып жетекшісінің жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.



Жоспар – сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат-міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т. б. байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Бұл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де шешуге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі – бала болашағын оның өзімен бірге шешу. Бұл педагогикалық тағылым. Әр баланың өзі сүйетін ісі болады (сурет салу, ән айту, биге икемінің болуы). Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштсатыру бірден-бір педагогикалық тәсіл болып табылады.



Қойылатын негізгі талаптар.

  1. Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

  2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болуы керек.

  3. Тәрбие жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.

  4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

  5. Тәрбие жоспары ықшамды әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалуы керек.

  6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, әртартпа және әржақты болуын ескеру керек.

Тәрбие жоспарының үлгісі.

  1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрақтылығы, мекен-жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.

  2. Өтілген оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.

  3. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.

  4. Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары бөлімдерде көрсетіледі

Негізгі бөлімдер

Апта аралығын көрсету




Тәрбиелік шаралардың мазмұны

Формасы мен тәсілі

Мерзімі, уақыты

Жауапты адамдар

Өтілгені туралы белгі

1.Сынып ұжымын ұйымдастыру
















2.Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері
















3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс
















4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс
















5.Жеке оқушымен жұмыс



















  1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, мазмұны, формалары.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатт болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы– тұлғаың әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекетінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

1. оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

2. сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысы ның түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

3. сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушылрда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысу құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.

4.сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жетті түсінеді.

5. сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның оның формалары мен әдістерін құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұған қосымша, одан шығармаршылық белсенділікті талап етеді.

6. сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпыжетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік беріді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады.

7. сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталады – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйсін қалыптастыру. Соған орай негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым

толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерте көрсетілген.



  1. балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады.

  2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатыстыжағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

  3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушлықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы керек.

  4. Баланың дүниетанымының компоненттері;адамгершілік, эмоционалдық, ерік – жігерін қалыптастыру.

  5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер тәрбие берудің ажырамас бөлігін құрайды.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі.

Білімділік қызыметі. Балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін үйретеді.

Дамытушылық қызыметі оқушылардың психикалық процестерін, жеке- дара қабілеттерін дамытуды көздейді.

Тәрбие жұмыс мазмұнының ерекшеліктері.


  1. сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді.

  2. баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды көздейді.

  3. жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.

  4. коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу.

  5. этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.

Тәрбие жұмысының формасы.

Тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі.

«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендкермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымен, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын анықтайды.

ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ



ПІКІРТАЛАС

Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтап,адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.

Пікірталастың мақсаты:оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақты жеткізе білуге, өз беттерінше ойлай білуге үйрету.

Пікірталастың негізгі мәселесі: дәлелді ой-пікірлердің айтылуы,фактілермен тұжырымдау.


САЯСИ ХАБАРЛАМА

Саяси білім берудің маңызды формасы, мемлекет саясатында болған оқиғалармен таныстыру.

Саяси шолуға арналған хабарда 1-2 жұма ішінде ел мен шетелде болған оқиғалар туралы хабар береді.



ТАҚЫРЫПТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отырып, көкейкесті мәселелерді шешуге арналған.

Дайындық жұмыстары барысында оқушылар оның жоспарын құрады. Конференцияға алдын-ала баяндама әзірленеді. Ол жазба немесе ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.

Конференцияны өткізу барысында хабарландыру ілінеді.

Тақырыптық конференция көбінесе жоғарғы сынып оқушыларымен ұйымдастырылады. Оның жұмысын ұйымдастыру оқушылардың өздеріне тапсырылады.



БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін білдіріп сараптауға дағдыландырады.

Бұл тәрбие жұмысының түрі балаларды байқағыштыққа, оптимистік көтеріңкі көңіл күйге баулиды.



жүктеу 482,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау