«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 482,5 Kb.
бет3/6
Дата12.01.2020
өлшемі482,5 Kb.
#26404
1   2   3   4   5   6

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Тәрбие жұмысын жоспарлаудың мақсатын түсіндіріңіз.

2. Жоспарға қойылатын негізгі талаптарды анықтаңыз.

3.Тәрбие жоспарының құрылымын түсіндіріңіз.

4. Тәрбиелік іс- шаралардың формалары дегеніміз................

5.Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Меңжанова А. Алматы, 2003.

6.Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Дүйсембекова Ш.Д. Семей, 2003.
Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.



Дәріс 6 Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс -әрекетінің жүйесі
Мақсаты: Тәрбие жұмысын басқарудағы cынып жетекшісінің рөлі мен қызметі жайлы нақты ақпарат беру.Оқушылар ұжымын қалыптастыруда cынып жетекшісінің және оның негізгі қызметтері туралы толық мағлұмат беру.

Дәріс жоспары

  1. Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі.

  2. Сынып жетекшісі және оның негізгі қызметтері.

Сынып жетекшісінің пегагогикалық процестегі орыны.
1. Сынып жетекшісінің жұмысының негізігі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын,адамгершілік қасиеттерін,еңбекке деген сүйіспеншілігін қаматамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.

Сынып жетекшісінің міндеті- сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

1.Сныптағы оқушылардың талап –тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты танып білу.

2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру.

4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5.Оқушылардың ата –аналармен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педпгогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7.Тәрбие мен өзін -өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтасытығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қаматамасыз ету.

9. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәләм – тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.

Сынып жетекшісінің қызметі.

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда,өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметі 3 бағытта қаратыруға болады.

1.Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық.

Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтін қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оның әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани- адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

2.Ұйымдастырушылық қызметі.

Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскр сынып ұжыман қалыптастыру.

3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару.

Оған: нақтамалық,мақсат қоюшылық, жоспарлау, жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.

Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы (октябрят, пионер, комсомол) жұмысының тоқтауымен байланысты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекмелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде. Соған орай, мүмкіншілігі жоқ кейбір балалар тобы, оның қызметін көре алмауда. Ол сынып жетекшісі үшін де қосымша жұмыс болып табылады. Оның орнын толтыру, ендігі жерде сынып жетекшілерінің басты мәселесі болып отыр.

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1. Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінде негізгі рөлі қандай?

2. Сынып жетекшісінің қызметін атаңыз.

3.Сынып жетекшісінің педагогикалық процестегі орнын анықтаңыз.



Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы,


Дәріс 7 Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Мақсаты: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктерін, ұйымдастыру туралы толық мағлұмат беру. Білім бере отырып, оқушылардың тәрбие сағаттарын ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.

Дәріс жоспары

1.Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысынының мақсаты, міндеттері және қағидалары.

2.Балалар ұжымының алуан түрлілігі: мектептік сынып, клубтық бірлестік, балалар бірлестігі.
Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізі формасы сыныптық-сабак, екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сагаты деп аталады Соның негізінде окушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекетгерге катысады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше. Сынып сағаты - окушылардын адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талгам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-кұлык, нормаларына, олардағы дұрыс көзкарасты калыптастыруға, елжандылык сезімдерін шындауда, сабактан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.

Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдык, белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды касиеттері қалыптасады.

Сынып сағаты мынандай тәрбиелік кызметті аткарады: ағартушылык,, бағыттаушылык., болжамдылық және қалыптастырушылык.

Сынып сағатының ағартушылық кызметі оқушылардың оку бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.

Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір затгық және рухани құндылықтарды жасау болады. Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол сынып сағатының ағартушылық қызметімен өзара

байланыста болады.

Бағыттаушылық кызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық, әрекетке бағыттауға көмектеседі, Егерде сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі бір нақты бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлкында келеңсіз сапалардың пайда болуына жағдай туады.

Қалыптастырушылық кызметі де жоғарыда 3 аталған, кызметін орындалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айнадыруды калыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін корғай білуді көздейді :

Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде мұғалімнің рөлі қанншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда.

Біршшісіне, тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректерді мен мысаддарды келтіруге тарпылады. Мысалы "Өзін-өзі тәрбиелеу туралы", "Өздігінен бідім алу дегеніміз не?"; "Есте сақтау қабілетін қалай дамытуға болады?", « Көркемөнер талғамы және сән» т.б. тәрбие сағаттарының тақырыптарын талқылауда ұстаздарды, мамандарды, психологтарды, лекторларда шакырған жөн. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің міндеті - окушылар алдында олардың шығып сөйлеуіне көмектесу, жагдай туғызу.

Екінші түрі, мұғалімдер мен окушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, оның. Жолдарын, амал-тәсілдерін кұру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруытымен сипатталады. Оқушылар мүғалімнің басшылығымен тәрбие сағатының жоспарын және мазмұнын кұрайды, мұғалім оқушыларды талқыланып отырған сұракқа шақырып, олардың сөздерін ұйлесітіріп, бағытынынп қадағалап, оның барысын өзі жүргізеді. Онда каралатын мәселе такырыбына: "Адамның сырт көрініс мәдениеті", "Адамның сырт көрінісі және ішкі мәдениетінің әдемілігін тәрбиелеу", "Адам өміріндегі жолдастық, достықтың маңызы" т.с.с.

Үшінші түрі. оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмысымен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі окушылармен бірігіп, оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу окушылардың өздеріне жүктеледі.

Тәрбие сағатын өткізу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі және қорытынды бөлімі.

Ұйымдастыру бөлімінде окушылардың назарын талқылап отырған такырыптың максат, міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады. Кіріспе сөзді оқушыларға ой тастайтындай проблемалык жағдаяттан немесе тақырыпқа катысты кейбір деректерден мысал келтіру аркылы ұйымдастырған жөн. Бұл оқушылардың қызығушылығы мен көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік береді Ол шамамен 5-7 минут уақыт мөлшерін алады.

Негізгі бәлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады. Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі. Окушылар тақырыпта қаралып отырған мәселеге катысты жаңа мағлұматтар алады, оған өздерінің көзкарастарын білдіріп және пікірлерін қосады, сонымен бірге алдын ала даярлаған материалдары бойынша жұмыс істейді. Белсенділік көрсетіп, оны кызу талкылайды. Соған орай тәрбие сағатьшының басым уакыт мөлшері осы бөлімге беріледі.

Бұл кезеңде мұғалім немесе сынып жетекшісі балалардың белсенді катысын орнықтырып, тәрбиелік ықпалды күшейтеді. Оның нәтижесі алдын-ала жасалған болжамға қаншалықты сай келетінін анықтайды.

Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие са,атынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез-кұлқына жаңа сипат ендіруте деген ықыластарьын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету. Бұл бөлім уакыт мөлшері жағынан шектеулі, онша ұзак болмайды. Себебі, оқушылардың негізгі бөлімінің мазмұны арқылы алған әсерлеріне кері ықпалын тигізбеуі және оларды мезі етпей, көбінесе демалысына, жақсы көңіл күйіне баса назар аудару қажет. Сонымен бірге сынып жетекшісі тәрбие сағатының корытынды бөлімінде оқушыларға кеңес беріп, оның жұмысын корытындылайды.



Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Тәрбие сағатын ұйымдастыру мақсатын түсіндіріңіз.

2.«Тәрбие сағаты», «Сынып сағаты» ұғымдарына сипаттама беріңіз, айырмашылығын анықтаңыз.

3.Практика барысында тәрбие сағатын жоспарлап оны ұйымдастыруға дайындық жасаңыз.

4.Тәрбие сағатын өткізіңіз, оған талдау жасаңыз

Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

4.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Қалиев С, Майғаранова Ш. Алматы, 2001.

5.Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Меңжанова А. Алматы, 2003.

6.Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Дүйсембекова Ш.Д. Семей, 2003.
Дәріс 9 Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі

Мақсаты: Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі ерекшеліктерін, ұйымдастыру туралы толық мағлұмат беру. Қиын балалар диагностикасын талдау
Дәріс жоспары

1. « Қиын балалар », «девиантты балалар» , « проблемалы балалар », «қауіпті балалар тобы» ұғымдарының мәні.

2.Қиын балалар диагностикасы.
«Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, сыныптастарымен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігерлер мен психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетіні де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.

Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол – ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет.

Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы»(50.) дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі.

«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер баршылық.

Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.

Кейбір тәрбиесі, мәдениеті  өте төмен  ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.

А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі  біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек. Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие -  бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз»(48).

Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.

Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік-псхологиялық әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын  психологиялық ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе  ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрады. Егер талдау жасап, жасөспірімдер қылмысын тізе берсек, тізім созыла береді. Ал балалардың сол қылмысқа бару себебін  іздеп, қиын балалар қалай шығатынын зерттесек, біріншіден, баланың  қарны тойып тамақтануы, үйде жанжал шыққан күннің ертесінде мектепке бару, бармау мәселелері тұрады. Осы және тағы басқа мәселелерді реттеу, шешу  жолдары тиісті адамдар тарапынан ұсынылған. Бала – біздің болашағымыз, елді өсіретін де, өшіретін де, осы келешек ұрпақ.

Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын зерттеу және бақылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті  өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданысталған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде  бұл терминдер  ғылыми  сөздіктерде нақты  орын алып отыр.

Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым  социолог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының  зейінін  өзіне аударып, оларды  алаңдатып отыратын үлкен мәселе  екенін айтып өту керек.

Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген  П.П.Бельский (1917ж., 1924ж.) болды,  ол өз мінез-құлқы шамасынан  ауытқыған,  кәмелетке жасы  толмаған балаларды  қарастырды. П.П.Бельский  өзінің  30 жыл уақытын заң бұзушы  балалар мен жасөспірімдердің  ішкі әлемін  зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы  жеткіліксіз  болды. Ол Л.И.Петражицскийдің  теориясына  сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен,  сонымен қатар, Ч.Ломбрододан  да бірталай мағлұматтар алды.

Осы қиын балалар  мәселесі бойынша, жоғарыда аталған ғалымдарымыздың ішінде А.С.Макаренконың қиын балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған еңбектері  отандық педагогиканың алтын қорына енді.

П.О.Эфрусси  мінезқұлықтағы  қиындық  табиғатын  жүйке  жүйесіндегі  ерекшеліктері   қозғаушылық,  көңіл-күйдің аумалы-төкпелігімен, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауымен  түсіндіруге әрекет  жасады, сонымен бірге ол  психологиялық  себептерді  физиологиямен  ұшырастырды. Оның зертеуінің құндылығы мынада; ол кейбір жекелік  ерекшеліктерді талдауға,  соның ішінде  оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру әдетін  анықтауға көп септігін тигізеді.

Қиын балалардың жекелік  ерекшеліктерін  өмір  жағадайымен,  тәрбиемен  өзара  әрекеттестігін  есепке алып, кешенді құрама  түрінде  зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1986ж) болды. Оның  зерттеуінің  негізгі мақсаты – қиын  балалардың  өмірін  нақтылау. П.П.Блонский  қиын  балалардың  мінез-құлық  тарихын  мектеп, отбасы  арқылы  ашып көрсетеді. Ол қиын  балаларға  әлеуметтік -психологтың  қатынасы  арқылы  «қиын  оқушы» терминін  нақтылауды  жөн көрді. Бұл балаларға былайша  мінездеме  берді: «Объективті  көзқараспен  қарағанда  қиын оқушы – мынадай: ол әлеуметтік-психологтың жұмысының  жемісті еместігіне байланысты.

Субъективті  көзқараспен  қарағанда қиын  оқушы – мынадай, онымен  әлеуметтік -психологтың жұмыс  істеуі өте қиын,  әлеуметтік -психологтан көп  жұмыс  істеуді талап  ететін оқушы»(8.). «Істі білдіруші»  оқушыларға  толыққанды мінездеме бере отырып,  П.П.Блонский  өз  жұмыстарында  мектепті,  сыныпты  ұйымдастыруға  баса көңіл бөледі. Блонскийдің  пікірі бойынша  қайта  тәрбиелеудің  нағыз  тура жолы, тәртіп  бұзушыларды  мәдениетсіз  ортадан  мәдениетті  балалар  ұжымына  біртіндеп  әкелу болып табылады.

Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И.А.Невский  қиындықпен  тәрбиелетентін баланың пайда  болуын, балалармен  отбасына, мектепте  жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының  жеткіліксіздігінен, кемеліне  жетпеген педагогикалық  практика нәтижесінен  деп түсіндірді. Ары  қарай ол  өз ойын  бойлай  көрсетеді. Бұл  қыңыр  құбылыспен  күресу  бағытының  шешімі әлеуметтік-психологтың тиімді  әдістерді  меңгеру  қабілетін  қарай емес, сол әдістерді   дұрыс  қолданып,  дұрыс игеруіне негізделеді. Ал бұл негіз ең біріншіден  әлеуметтік-психологтың жеке қасиетіне, қабілетіне,  оқушымен  қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін  дұрыс  ұйымдастыруына қарай құрылады. Баланың психикасы көп факторлы, әлеуметтік өмір жағдайына қоғам дамуына тәуелді екенін қарастырды.

Ғалымдардың бірқатары  баланың  дамуындағы  кідіріске, қоғамға бейімделудің қиындылығына  себепші  болып отыратын қолайсыз  әлеуметтік-биологиялық факторларды анықтады.

Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен  бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. (Мысалы, А.Байсымақ, В.Г.Баженов, Р.А.Дебагян, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Қарабаева, Л.К.Керимов, В.П.Кривошеев, Л.В.Лысенко, М.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, В.П.Шевченко, Э.И.Шнибекова, Г.А.Уманов). Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік--психологиялық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті.

В.В.Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы» анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша  уақыт бөліп қаруды, әлеуметтік педагогтің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Бұл шексіз ұғым. Ол жеке  адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық  және өзге ешкімде  қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.

Біраз зерттеулер (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудрявцев, Г.М.Минковскиий, И.Ф.Мягков және тағы басқа) «қиын балалардың»  басым көпшілігі – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар  ұжымынан тысқары  шығып қалатын балалар, - деп атап көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез-құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.

«Қиын балалар», «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымынан басқа, «қиындықпен тәриелену» ұғымы да кеңінен қолданылады.

«Қиындықпен тәрбиелену» - баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал, кейде бұл қайшылық  табиғи түрде, тек бір-бірін түсінбеуден шығатын дау-жанжал екенін айтуға болады. Ал мұндай жағдайлар кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.

«Қиындықпен тәр,иелену» мәселесі Г.А.Фортунатовтың (1935 ж) еңбектерінде зерттелген. Өзінің зерттеулерінде  «қиын бала» ұғымына былайша  түсінік  беріп, оларға үлгермеушілер  мен тәрбие ықпалына көнбейтін  балаларды  жатқызады. «Қиын балаларға» ол психикалық  бұзылудан  жапа  шеккендерді  жатқызады. Г.А.Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептерін түсіндіреді және  осындай себептің екі тобын табады:

Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың тууы  негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық, ұстамдылық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады.

«Қиын балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге  өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен  қиянат жасауға физикалық  күшін жұмсап, «маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетімін»(8.), - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.

Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып қана қоймайды, сонымен бірге оның жүйке-жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз). Балаларда ішкі дау-жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.

Л.С.Выготский «қиындықпен тәрбиеленумен» күресудің нақты жолын анықтап берді. Өзінің  «Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және  дамудың диагностикасы» (1936ж.)  еңбегінде ол былай жазады : «Жеке  адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы» (8.) да нәтижеге  жетуге болады. Л.С.Выготский  жеке адам тәрбиесі  психологиясының  маңызды бір мәселесі – аффектілі-қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді.

Соғыстан кейінгі жылдарда қиындықпен тәрбиеленушілердің  әлеуметтік  мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді, ал 1950-60 жылдар басында олардың шығу себептерін, мінез-құлықтағы  таңқаларлық  ауытқушылықтарды,  жеке  адам дамуының  динамикасымен  байланысын  терең  зерттей бастады.

    1950-70 жылдары зерттеушiлер негiзгi зейiндерiн «Қиындықпен тәрбиеленетiн» балалар мен жасөспiрiмдерге себепшi болатын әлеуметтiк-психологиялық және психо-педагогикалық факторларға бөледi.

1970-80 жылдары ,,Қиындықпен тәрбиелену,, мәселесi отандық ғылымда жан-жақты зерттелiндi.

Мінез-құлықтың ауытқушылығы (тәртіпсіздігі) мәселесіне  ең алғаш көңіл бөліп қараған жаңа автор Л.С.Славина болды. Мұндай  мінезге ол аффектілі (жан – күйзелісі, қайғыру). Психологиялық ерекшелегін  алды және бұл саладағы баларды екі топқа бөлді. Бірінші топ балаларының тәртіпсіздігінің  себебі мінез-құлықтың дұрыс жағдайда қалыптаспауы салдарынан, өте  күшті  эмоционалды  қайғыру  және жан-күйзелісінен болады. Л.С.Славина екінші топ балаларының  тәртіпсіздігінің  себебіне  мінез-құлық ережелерімен  санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдайда меңгермеуді жатқызады.

 


жүктеу 482,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау