«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Дәріс 12. Оқушылардың ата аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы



жүктеу 1,22 Mb.
бет5/6
Дата20.05.2018
өлшемі1,22 Mb.
#14750
1   2   3   4   5   6

Дәріс 12. Оқушылардың ата аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы
Мақсаты: Сынып жетекшісінің ата–аналармен жүргізілетін жұмысының түрлерімен таныстыру. Ата – аналарды тәрбие процесін жетілдіруге тарту мақсатын анықтау. Отбасының негізгі қызметтері және отбасынадағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдарын түсіндіру.

Дәріс жоспары:

1.Балалар бірлестігі тәрбиелелеу мен әлеуметтендіру институты.

2.Балалар бірлестігінің түрлері. Балалар мен жастардың формальды емес бірлестіктері

Ата аналардың өз баларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та


тиімді тәрбиелі орта тудыру үшін,бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы

көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс.Сол үшін де мектептін,сынып жетекшісінін ата аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі,оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда.Ондағы көзделген мақсат ата аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогиқалық кеңес,оқуды ұйымдастыру,соған сәйкес олардын педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай,ата аналар балаларын тәрбиелеу барысында мұғалімдердін ақыл кеңестерін,практиқалық көмектерін аса қажет етеді.Олардын ұйымдастыруындағы ақыл кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата аналарға ғана қажет емес,сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата аналарға да керек.Себебі,қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда.Сондықтан,ата аналарға бала тәрбиесінде біріншіден,педагогиқалық білімдерді жинақтауға,екіншіден,олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді.Егерде мектеп пен ата аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірілікте ұйымдастырса,бұл шешімін табатын міндеттер.Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердін ата аналармен кездесуін,ата аналар белсенділерімен жұмыс істеу,ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру,конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

Ата аналармен жеке кездесу.

Сынып жетекшілерінің,мұғалімдердін ата аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған.Оқушылардын отбасына бару,ата аналарды мектепке шакыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі.Ата аналармен әңгімелесудің барысында баланын мінез құлқы,ынтасы мен қабілеті,қызығушылығы мен бейімділігі,отбасы мүшелерімен,жолдастарымен қарым қатынасы жайлы түсінік алады.Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата аналарды балаларынын үлгерімі,қоғамдық жұмысқа белсенділігі,кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады.Оқушылардын күн режимі,оларды еңбекке баулу,үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата аналарға педагогикалық кеңес береді.



Ата аналар жиналысы.

Ата аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет,сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі.Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізугеата аналар комитеті мен ата аналар белсенділері және мектеп басшылыра сынып жеткешілерімен бірдей жауап береді.Ата аналар жиналыстарында оқу тәрбие жұмысы қаралады,оның сапасын жақсартудын негізгі жолдары белгіленеді.Мектеп өмірінде тақырыптық ата аналар жиналыстарын отырудын зор тәрбиелік мәні бар.Мұндай жиналыстардын мақсаты ата аналарды психологиялық педагогикалық білім мен тәжірибе жаналытарымен таныстыру,ой қорыту.Мұғалімдердін басшылығымен оқушылар көркем өнерпаздар үйірмесінін мүшелері ата аналар алдында өнер көрсетеді.



Ата аналар комитеті

Ата аналар жұртшылығынын тұрақты органы ата аналар комитеті.Ол мектеп ұжымымен біріге жұртшылықтын көмегін пайдалана отырып,оқу тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудын шараларын жасайды,оларды іске асырудын барлық мүмкіншіліктерін қарастырады.Ата аналар комитеті айналысатын басты мәселелер:мектеп және сыныптар бойынша ата аналар жиналыстарын,коференцияларын,семиналарын өткізуге көмектесу;университетке ата аналарды тарту,қатысуларын бақылау;үлгірмейтін және «қиын» баларды шефке алу,сынып жетекшілеріне көмектесу;үйірме жұмыстарын басқару;балалардын жазғы демалысын ұйымдастыру;экскурсияларды,жорықтарды,ұйымдастыруға қатысу;мектеп үйін жөндеу т.б.



Ата аналар белсенділерімен жұмыс

Белсенділер мектептін барлық жұмысына қатысады,ата аналармен қарым қатынас жасайды,пікір алысады,оларға көмек көрсетеді,ата аналар конференциясын және жиналыстарын,оқушылардын үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі,еңбек тәрбиесін,қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады.Мектеп үйін,спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады.Жеке отбасымен жұмыс істейді,бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата аналарға ықпал жасайды,кейбір,әсіресе қиын балаларды шефке алады,оларға қажетті көмек көрсетеді.Ата аналар белсенділері мұғалімдер ұжымынын үлкен тірегі.Сондықтан, мектеп басшылары,ата аналар белсенділнрімен арнайы жұмыстар жүргізеді.Олар үшін семинарлар,коллоквиумдер ұйымдастырып,тәрбие үрдісі мен ұстанымдары,әдістері мен тәсілдері,баланың жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық білімен

Белсенділер мүшелерін қаруландырады.

Ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер

Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі.Олардын мазмұны ата аналардын білім дәрежесіне,тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс.Әсіресе,мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістерде үлкен мән беріліп,оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата аналар арасында дұрыс насихаталуы керек.Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнын өзіндік ерекшеліктері бар.Оқушылар ғылым негіздерін игереді,адамгершілік еңбек тәжірібиесінің барысында,олардын көз қарастары қалыптасады,қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке өзін өзі даярлауға бет бұрады.Ата аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын ала белгіленген бағдарлама бойынша,негізінде әрбір ат аналар жиналысы бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық тәжірибелі мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі.



Конференция өткізу

Отбасы тәрбиесінін басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптарды қатыстыру барысында ата аналарымен конференциялар өткізіледі.Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарынын уәкілдері де қатыса алады.Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады.Мысалы «балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасынын ынтымақтастығы».Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәрбиелер еске алынып,конференцияларда ата аналардын:”үйге берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесемін”,”біздін отбасындағы еңбек тәрбиесі ”,”отбасында бала бос уакытын қалай пайдалану керек” сияқты баяндамалары тыңдалады.Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып,отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады.Олар ата аналардын үлгі істері,отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиетер,олрадын тізімі,оқушылардын отбасындағы күн режимі,отбасы тәрбесі туралы жасалған баяндамалардын мәтіні,теле және кинофильдердін тізімі т.б.



Ата аналар лекторийлері

Бұлар мектептердін,балалар бақшаларының,мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады.Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып,онда арнаулы бағдарлама бойынша ата аналар үшін дәрістер оқылады. Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердін бағдарламасын жасап,өздерінін біріккен кеңесінін мәжілісінде бектеді, мысалы, мынадай тақрыптарды ұсынуға болады



  1. қоғамдық және отбасылық тәрбие,олардың бірлігі.

  2. балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп,ауыл шаруашылық өндірістерінін тәрбиелік ролі.

  3. жыныс тәрбиесі,жастарды некелік отбасылық өмірге дайындау.

Ата аналар университеттері

Ата аналарға,жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім брген ата аналар университтері және халық университтерінін жанынан педагогикалық факульттер ұйымдастырылады. Университтерде оқу мерзімі екі жыл.Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.Университетке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата аналар комитеті арқылы қабылданады.университетке

түскендер педагогика,балалар психологиясы,жас ерекшелік физиологиясы,мектеп гигиенасы мәселелерін және халықралық жағдайдан,өнер,медицина,құқық және заң тақырыпартарынан дәрістер тыңдайды,семинарға қатысады,рефераттар жазады.Мектеп тәжірибесінде озық ойлы шығармашылық пен жұмыс істейтін мұғалімдер ата аналармен жұмыс істеу барысында жоғарыда аталған дәстүрлі формалардан басқа бейдәстүр формаларын да қолданады.Дегенменде мектеп пен отбасыны өзара қарым қатынасынын нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан таңдалған қарым қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты.Олардын негізіне міндетті түрде бес жағдайыды ескеру қажет


  1. оқушыға қатысты жағымды қарым қатынастын болуы.

  2. мұғалімдердін ата аналар тарапынан болатын кенестеріне өте мұқият назар аударуы.

  3. оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстын себебі бірлесіп анықтау,талдау және оны жоюдын тәсілін бірге қарастыру.

  4. оқушы тұлғасына немесе сынып ұжымына нәтижелі әсер етудін формалары мен тәрбиелік ортасын табуда бірлесе іс қимыл көрсету.

  5. мұғалімдердін ата аналарымен қарым қатынасында педагогикалық әдептін,этиканын қатаң сақталуы.

Олай болса, мұғалімдермен, сынып жетекшісі және ата аналардын өзара жағымды қарым қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған бес жағдайдын межеге айналуы, бала тәрбиесіндегі олардын өзара тәрбиелік ұйымдастырушылық әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізеді.

Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тəрбие мекемелері, балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың бəрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тəрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тəрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, əрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тəуелділігінде болады.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен факторлары Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дəстүрлер, ұстанымдар, əрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.

Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:

- қайта өндіру (репродуктивті) –ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума əрекеті, перзентті болу, оларды өсіру жəне тəрбиелеу қажеттігі);

- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық жəне қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық жəне оларды материалды қамсыздандыру);

- тəрбиелеу (отбасы, оның əрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы; өмірлік тəжірибе, инабаттылық тəртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу);

- қарым-қатынас құру (коммуникативті – отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, əлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);

- қайта қалыпқа келу (рекреативті – бос уақыттарындағы демалыс іс-əрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету).

Отбасы тəрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, əлеуметтік –мəдени салт-дəстүрлеріне жəне ол енген қауымдастыққа тəн талап-тəртіп ұстанымдарына байланысты.

Тұлғаның əлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тəжірибе өткізуге бағытталған əрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы жəне ықпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-аналар мүмкіндіктері орасан.

Отбасылардың өздеріне тəн ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:

Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш əулетті отбасылар – ата-аналар, балалар, немерелер; екі əулетті отбасы- ата-аналар жəне балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз жəне т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы жəне даму жағдайларына байланысты (жарасымды жəне қисыны кеткен жанұялар); отбасылық тəрбие стиліне орай (əкімшіл, адамгершілікті, либералды).

Əкімшіл (авторитарлы) отбасы – бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.

Адамгершілікті қатынас түрі (стилі) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін қабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, əрдайым табысты əрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нəзік сырларын ортаға салып, проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мəртебесін сезінеді.

Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының əсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тəртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.

Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде əкімшіл не либералды тəрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.

Отбасында тиімді тəрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:

- баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;

- балаға əсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мəнді;

- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сəйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тəрбие əдісін таңдап, қолдануға болады;

- баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;

- жазаны істеген келеңсіз əрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман);

- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен əңгімелесіп, əрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн: жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;

- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;

- өз балаңызға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мəн беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тəуелді;

- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;

- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;

- баланы қиындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды.

Отбасы тəрбиесінде қолданылатын басты əдістер – бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-əрекет, əңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тəрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді сені тəрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бəрі: - баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тəрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ –тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік əдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1. Сынып жетекшісінің ата–аналармен жүргізілетін жұмысының қандай түрлері бар?

2. Ата – аналарды тәрбие процесіне тарту жолдарын көрсетіңіз.

3. Отбасының негізгі қызметтерін атаңыз.

4. Отбасынадағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдары сипаттаңыз.

5.Баланы отбасыда дұрыс тəрбиелеудің шарттары қандай?

6.Отбасыдағы тəрбие əдістерін атаңыз.

Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері. Атемова Қ.Т. Алматы, 1998.

4.Педагогика: оқулық. Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Р.Ильясова. Астана:2007 ж.

5.Педагогика тағылымы. Табылдиев А.


Дәріс 13. Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары

Мақсаты: Сынып жетекшісінің ата–аналарға балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстарының түрлерімен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1.Балалар бірлестігі тәрбиелелеу мен әлеуметтендіру институты.

2.Балалар бірлестігінің түрлері. Балалар мен жастардың формальды емес бірлестіктері
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті- оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу.Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.Мектеп құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып- сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым- қатынасытң алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.

Олай болса, оқушылар ұжымы деп- ортақ әлуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу болмайды. Бұлар бір- бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.

Саналы тәртіп- мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат- өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.

Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет- білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз- оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыруда ғы білімі мен қабілеті.

Оқушылардың оқу- тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтпастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.

Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар- ұжымның ұйытқысы.

Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.

Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге , өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын айқындайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.

Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор.Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жаууапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады.

Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету- сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл- кеңес беріп отырады.

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін- өзі тәрбиелеуі маңызды.Өзін- өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.

Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі.

Оқушылардың өзін- өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін- өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс.

Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:


  • оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;

  • дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;

  • сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;

  • ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп, және қоғамдық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы.

Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін- өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:

  • «өзіміз шараны ойластырамыз»;

  • «өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз»;

  • «өзіміз қорытынды жасаймыз қағидаларын жатқызуға болады».

А. С. Макаренконың көзқарасынша «Өзін –өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес». Олай болса, өзін- өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.

Өзін- өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:



  1. Сынып жағдайында өзін –өзі басқару оқу, еңбек, көпшілік- мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.

  2. Мектеп оқушыларының өзін –өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін –өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін- өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады. Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында «Парламент» түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөнінідегі орынбасары жетекшілік етеді.

  3. Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін –өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комисссиялардың бағытына байланысты шамамен- 7 оқушы), кеңесші мұғалімдер- 5, ата- аналар- 2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді.

Мектеп және оқушылар өмірін басқарудың мұндай жүйесі қоғамды демократия жолмен басқарудың негізін қалайды, соған сәйкес оқушыларды тәрбиелейді.

Бүгінде оқушылардың өзін –өзі басқаруды дамытуда белсенділерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араластыруына, әрбір оқушының әлеуметтану процесіне қатысуына жағдай туғызу керек. Әрине, негізгісі оларды осындай етіп міндетті түрде тәрбиелеу керек.

Оқушылар ұжымындағы өзін –өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады:


  1. Әрекеттің мақсатын анықтау.

  2. Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау) .

  3. Басқару мәселесін қою (идея ұсыну).

  4. Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе бір нұсқасын таңдау).

  5. Шешімді қабылдау( жобаны бағалау).

  6. Шешімді жүзеге асыру (әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).

  7. Ұжым болып нәтижесін қорытындылау (өздерінің мүмкіншілігін бағалау).

Өзін –өзі басқару процесінің қозғаушы күші- ондағы мотивтің болуы. Сондықтан, өзін- өзі басқарудың жоғарыда әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылы ықпал етуі тиіс.

Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат- оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан- жақты қалыптасуын және күш- жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстың мәні- оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін- өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.

Жеке оқушымен жұмыс барысында мұғалімдермен оған қатысты асқан сезімділікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты, ілтипаттылықты, ықыластықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін мынадай жағдайларды ескеруі тиіс:


  • Бала жанын жақсы түсіну. Яғни, оның сезімін, көңіл- күйін , ықыласын, тілегін, қажеттілігін. Себебі, бала үшін барлық мәселе маңызды.

  • Баланың таңдау еркіндігін қолдау. Сынып жетекшісі белгілі бір әрекеттің нәтижесіне қол жеткізуде тек өзімнің айтқаным ғана болады деген көзқараста емес, баланың көзқарасымен санасып, оның таңдау еркін қолдап отыруы тиіс.

  • Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы атқаратын қызметі- баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу.

  • Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл бағытта баланың өте күрделі, қиын- қыстау жағдайында тұрақты қолдау көрсетуді қажет етеді: көп балалы және табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, оралман отбасына т.с.с.

Іс – әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Ол- адамның түрлі қасиеттеріне, мақсатын мен міндеті, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.

Олай болса, балалардың және жас жеткіншектердің дамуында маңызды фактор- құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым- қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады,әлуметтік мінез- құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын- тұлғаны дамытудың

маңызды факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7- 18 деп қарастырылған.

Жастар қозғалысына назар аударсақ, ол- дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Қайсы бір қозғалысы болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді.

Қазіргі кездегі балалар қозғалысы жаңа жағдайға байланысты принциптік тұрғыдан өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда ерікті, өзін- өзі басқаратын қоғамдық негізде жұмыс істеуде. Әрине, бұл тұрғысында мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанымен де, өз әрекеттері барысында олар әлеуметтік жеке мәртебеге ие болуда. Соған сәйкес, балалар мен жас жеткіншектердің өз қалауы бойынша ұйымдастырылып жатқан бірлестіктерінің мақсаттары- олардың өмір сүріп отырған қоғамның азаматы болып қалыптасуына жағдай тудыру, ол үшін олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.

Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткінщектер қозғалысын 20 ғасырдың бастапқы кезеңінде скауттер деген атпен тұңғыш рет дүниеге келеді. Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Баден- Поуэелл болды.

Скаутизм ағылшын тілінде SCOT , яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізгі мақсат- балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.

Ал 19 мамыр 1922 жылы КСРО-да пионерлер ұйымы құрылды. Оның алдына қойған мақсаты- жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу болды.

Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қажет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға- олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады. Олар 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеп келеді. Олардың қызметі негізінен 3 бағыты қамтиды:


  1. Дамытушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік, шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді.

  2. Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.

  3. Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудырыды көздейді.

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Мектеп сыныбының тәрбие жұмысы жүйесіндегі рөлін анықтаңыз.

2.Сынып жетекшісінің ортаны ұйымдастыру және дамыту әрекетін сипаттаңыз.

3. Оқушылар ұжымы дегеніміз............. Олардың мақсаты.

4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының құрылымы қандай?

5. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің мақсатын анықтаңыз.



Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.


Дәріс 14. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы.
Мақсаты: Оқушылардың дамуындағы проблемаларды анықтау жолдарын меңгерту. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруы үшін өз оқушыларын жақсы білуі қажеттігін түсіндіру, олардың дамуын қадағалауы, тәрбиесіндегі проблемаларды көре білу жолдарын меңгерту.

Дәріс жоспары:

1. Оқушылардың тәрбиелік диагностикасының мазмұны.

2.Оқушы мен сынып ұжымының диагностикасына қойылатын талаптар
Сынып жетекшісінен өз оқушылыарын және сынып ұжымын жүйелі түрде зерттеп білу талап етіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ең алдымен оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне назар аудара отырып, сыныптағы балалар құрамын мұқиат тани білгені жөн.

Сынып жетекшілері жаңа оқу жылының басында немесе тоқсан соңында оқушылар мен бірге атқарылған жұмыстарына талдау жасайды және ары қарай не істеу керектігін ойластырады. Олар күнделікті балалармен қарым –қатынас жасай отырып оқушыларымды жақсы білеміз деп есептейді. Дегенмен, бұл үнемі ойлаған мен жанаса бермейді.

Мұғалімге балалармен қатынасы жақсы, олар барлығын дұрыс орындайтын сиақты болып көрінеді, ал оқушылдардың мұғалімдер мен қарым –қатынасқа көңілдері толмайды, олар өздерін тереңірек түсінуді, олармен санасуды, сабақтарды басқаша формада өткізуді, мұғалімдермен өзара қатынасқа өзгеріс еңгізуді қажет етеді. Сабақтағы қателіктер және тәрбие жұмысындағы сәтсіздіктердің көпшілігі мұғалімнің өз оқушыларын жетік білмеуінен болатыны белгілі жайт, демек, бұл сынып жетекшісі жұмысының диагностикалық маңызын арттырды.

Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика (тұтас топты және оқушыларды кешенді зерттеу) ‑бұл педагогикалық диагностиканың жаңа бағыты. Педагогикалық диагностика оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зерттеу.



«Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика»:

Әр оқушының жеке басы және оқушылар ұжымын жетік зерттеу тәрбиелеу процесінің нақты жағдайлары мен анықталатын, келесі талаптарды есепке алып жүргізуді қажет етеді.



  1. зерттеу әр оқушының дамуындағы ерекшеліктерін анықтауға бағытталуы керек.

  2. әр оқушының және оқушылыр ұжымының диагностикасы осының алдындыағы диагностика нәтижелерімен салыстыру арқылы жүргізіледі оның мақсаты‑ осы уақыт аралығындағы дамудағы өзгерістерді анықтау.

  3. әр оқушыға және оқушылар ұжымына жүргізілетін диагностикалық жұмыстар, оның бүкіл мектептегі оқу жылдарында жүзеге асырылады, өйткені мектеп жылдарында бала психикасы мен мінезінде көптеген өзгерістер болады. Міне, осылардың барлығы сынып жетекші және әр мұғалім болуы керек. Егер бұл талап орындалмаса, мұғалімдегі оқушы туралы қалыптасқан алғашқы түсінік сол қалпында қалады.

  4. әр оқушының жеке басын және оқушылар ұжымын зерттеу‑ нақты педагогикалық міндетті шешуге бағытталуы керек. Сондықтан диагностикалық әдістемелер осыны есепке алып таңдалынады.

  5. зерттеу кезінде оқушылардың жасын ескеру, яғни эксперименттік тапсырмалар оқушылардың жасына сай ұйымдастырылуы қажет.

  6. оқушылыарды оқыту және тәрбиелеу процесінде зерттеп білген дұрыс.

Сонымен әр оқушының жеке басы және оқушылыар ұжымын зерттеуге қойылатын негізгі талаптар осылар.

жүктеу 1,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау