« БЕКІТЕМІН»
Аға шебер: ____________М.Ж. Нұрекешев
« » _______________ 2017ж.
ӨНДІРІСТІК ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Өтетін күні: «___»_____________2017ж.
№ 58 топ
Тақырыбы: Шеберханадағы өндірісітік оқу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Мақсаты:
1. Ақпараттық: Қауіпсіздік техникасы ережелері туралы мәлімет беру.
2. Кұзіреттілік: Оқушылардың алған білімдерін жадына сақтау мен ойлау қабілетін, білімге деген құштарлығын ықыласын дамыту.
3. Проблемалық: Өз бетінше оқып үйренуге, пәнге қызуғышылығын арттыра отырып мамандыққа сай құзыретті маман дайындау.
Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: Диэлектрлік қолғап, диэлектрлік галош, әртүрлі оперативтік штангалар, кернеуді тексеру құралдары және т.б. қауіпсіздік құралдары.
Өтетін орны: Электрлік құрастыру шеберханасы
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру бөлімі: 5 минут
2.Кіріспе нұсқау: 40 минут
3.Өзіндік жұмыс: 215 минут
4.Қортынды нұсқау: 10минут
I.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды журнал бойынша түгендеу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру.
Жұмыс орынының жұмысқа дайындығын тексеру.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою, білімдерін тексеру.
Өтетін тақырыпқа байланысты қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Жаңа тапсырманы түсіндіру: Оқу шеберханаларында еңбекті қорғау.
Еңбек қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және оқушының еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық оқушылар жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір оқушы қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек.
Оқушылардың алатын алғашқы нұсқауы кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және күнделікті болып бөлінеді. Жұмысқа кіріспес бұрын әрбір оқушы өз ойын мұғалімге айтып, арнайы оқу құралдарымен танысуы керек. Шеберханадағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, күнделікті нұсқауларды тікелей жұмыс жетекшісі - мұғалім жүргізеді. Ол алғашқы нұсқауды жаңа тапсырманың алдында оқушыларға жұмыстың қауіпсіз әдістері мен жолдарын көрсету арқылы жұмыс орнында көрсетеді. Қайталама нұсқаудың мақсаты - оқушылардың білім деңгейін көтеру. Ал жоспардан тыс нұсқаулар еңбекті қорғау ережелері мен технологиялық процесте өзгеріс болғанда ғана жүргізіледі.
Жұмыс нұсқаулары кезінде оқушылар шеберханадағы тәртіп ережелерімен танысады, жарақат туғызатын негізгі себептердің, жабдықтардың, құрал - саймандардың, әсіресе электр жүйелерінің ақауларын және т. б. жұмыс істеудің теріс әдістерін естіп біледі. Жұмыс орнында нұсқауды мұғалім жүргізеді, ол жұмыстың қауіпсіз әдістерін, техникасын түсіндіреді, электр қауіпсіздігі, жұмыс орнын ұстау тәртібі, туралы мағлұмат береді.
ІІІ.Жұмыстың орындалу реттілігі:
Зертханалық стендтің кернеуден ажыратулы екендігін тексеру.
Кернеуді тексеру құралының көмегімен кернеудің жоқтығын тексеру.
Зертханалық стендтің жерлендіргішінің дұрыстығын тексеру.
Ескерту плакатын ілу.
Жұмыс құралдарының түгел және жұмысқа жарамдылығын тексеру.
Құралдардың сынақ мерзімін тексеру.
Изоляциялық құрал-жабдықтардың бүтіндігін тексеру.
Өрт қауіпсіздігі ережелерімен оқып, жаттығу.
IV.Ағымдағы нұсқау:
Оқушылардың жұмыс барысын тексеру.
Қателерін түзету, жұмыс барысының дұрыс жүруін қадағалау.
Қауіпсіздік ережелерін орындалуын қадағалау.
V.Қорытынды нұсқау:
Әр оқушының жұмысын жеке-жеке тексеру арқылы, жіберілген қателеріне тоқталу.
Дұрыс орындалған жұмысты көрсету, бағалау.
Жұмыс орнын жинастыру.
VI.Үйге тапсырма: Өткізілген тақырыпты оқулықтан қайталау.
Өндірістік оқыту шебері___________А.Н. Биғалиева
Достарыңызбен бөлісу: |