Тексерген: Темірқұлов О. Ж. Орындаған



жүктеу 48,73 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі48,73 Kb.
#3223
  • ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  • Қазақстан тарихы және әлеуметтік
  • пәндер кафедрасы.
  • СӨЖ
  • Тақырыбы: «Мемлекет және азаматтық қоғам»
  • Тексерген: Темірқұлов О.Ж.
  • Орындаған: Мусаева А.Қ.
  • 124 ЖМФ студенті
  • Қарағанды 2009
  • Мазмұны:
  • 1.Мемлекет және азаматтық қоғам.
  • 2. Мемлекет — негізгі саяси институт.
  • 3.Патриархалдық теория.
    • 4.Теократиялық теория.
    • 5.Антропологиялық теория.
    • 6.Қоғамдық келісім теориясы.
    • 7.Психологиялық теория.
  • .Мемлекет шығуының органикалық теориясы.
    • .Күштеу теориясы.
      • .Мемлекеттің маңызды элементтері.
      • . Мемлекеттің белгілері.
      • . Мемлекетті басқару формасы.
      • . Азаматтық қоғам.
      • .Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеті.
      • Қорытынды.
  • МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ AЗАМАТТЫҚ КОҒAM
  • Мемлекет және азаматтык коғам ертеден ғалым заңгерлердің, саясаттанушылардын, философтардын, тарихшылардын, әлеуметтану-шылардың және экономистердін назарына іліккен. Бүл кездейсок нәрсе емес еді, өйткені оларды калай түсінуге орай мемлекет пен азаматтык коғамға катысты проблемаларды, әсіресе мемлекеттін, азаматтык коғамнын сактанғыштығы, өмір сүргіштігін мәселелерін шешу, олардын казіргі коғам алдында пайда болған міндеттерді шешу кабілеті соларға байланысты.
  • Ұзак уакыт бойы саясаттануда "мемлекет" және "азаматтык коғам" ұғымдарынын жеке карастырылмай, бір мағынада колданылып келгені белгілі. Осыған орай "мемлекет" және "азаматтык коғам" үғымдарының коғамдык өмірдің әр түрлі жактарын көрсететіндігін атап айткан жөн. Мемлекет және азаматтык коғам топтар, индивидттер жэне т.б. ортак маңызды мүдделерінін көрініс беру формасы болып табылады, оларды жүзеге асырудың тәсілдері іспетті. Солай болғанмен де оларды түсіндіруде пікірлер мен бағалаулар шашыранкы.
  • Мемлекет — негізгі саяси институт
  • Мемлекет - бұл күрделі конструктиве, көп функциональді коғамдык-саяси түзілім. Оны зерттеу әртүрлі аспектіде болуы мүмкін.
  • "Мемлекет" термині әлеуметтік-саяси әрекеттерде әдетте екі мағынада — тар және кен мағынада қолданылады. Тар мағынада ол үстемдік институты ретінде, мемлекеттік билікті алып жүруші, иеленуші ретінде түсіндіріледі. Өз мәнінде мемлекет — бұл тарихи калыптаскан үйым немесе сол аумакта жоғары билікті иемденген саяси институт. Ал, кең мағынада алғанда мемлекет дегеніміз калыптаскан жалпылык, аза.маттародағы, кауымдастык. Бұл жерде ол "мемлекетті" (тар матынадағы) және "коғамды" камтитын тұтастыкты білдіреді. Баскаша сөзбен айтканда, мемлекет деп белгілі бір аумакта орналаскан және жоғарғы билік органдары баскаратын ел, коғам ретінде түсіндіріледі.
  • Осымен байланысты саяси ойлар тарихында мемлекеттін шыккан кезінен бастап оған әр түрлі түсініктеме (трактовка) берілді, себебі адамзат тарихының түрлі кезендерінде алдынты катарға онын кайсы бір функциялары мен касиеттері шытып отыртан. Сондыктан мемлекеттің генезисі (шығуы) мәселесі жүздеген жылдар бойы ұзаққа созылған пікірсайыстардын такырыбы болды. Ол туралы әр түрлі кәземелдер, теориялар, тұжырымдамалар ұсынылды.
  • Мемлекеттің шытуы туралы бірден-бір ертедегі түсінік патриархалдык теориялар идеясымен байланысты. Патриархалдык теория бойынша (Р.Фалмер, Н.Михайловский жэне баскалары) мемлекет - ерікті бірігудін негізінде кұрылған үлкен отбасы ретінде, отандык биліктін кортаушылытымен билеуші мен онын кол астындағылардың карым-катынасы әке мен отбасы мүшелерінін карым-катынасымен ұксас етіліп, шағын отбасының бірігуі ретінде карастырылады.
  • Теократиялык теория (Ф.Аквинский, Маритен, Мерсье жэне баскалары) мемлекетті кұдайдын кұдіретінін негізінде пайда болтан, ал бүкіл билік кұдайдан деп карастырады. Осыдан келіп әркім барлық мәселеде билеушіге бағынуға міндетті. Өмірде калыптаскан адамдардың әлеуметтік-саяси және құқықтық теңсіздіктері кұдайдың еркімен белгіленген, соған көну керек және кұдайдын жердегі наместнигіне карсылык жасамау кажет. Мемлекеттін кұдайлык генезисін казіргі діндерде мойындайды. Дәлірек айтканда, мысалы, католизм мемлекеттін және биліктіи күдайдан пайда болу идеясын дәріптейді, оны жүзеге асырудын накты формаларымен байланыстырады.
  • Бастауын Аристотельдің еңбектерінен алған антропологиялык теория мемлекеттің шығуын адамнын котамдыктабитатымен түсіндіреді. Мысалы, Аристотель адам коғамдык (саяси) жөне үжымдык тіршілік иесі ретінде белгілі бір коғамдык өмірде, олардың ең жоғарғысы болып саналатын мемлекетте емір сүреді және өз кабілетін дамытады деген көзкарасты бекітті. Демек, осы сүракка сәйкес, коғамдык өмірдің мемлекеттік формасы адам табиғатынын монінде жатыр.
  • Коғамдык келісім теориясы бойынша (Т.Гоббс, Б.Спиноза. Дж. Локк, Ж-Ж.Руссо және баскалары) қоғамдык өмір тәртібін және оның ұйымдастырылуын қамтамассыз ету максатында, адамдар арасында, билеуші мен батынушыларынын арасында саналы түрде және еркіндікпен келісімге келу, шартка отыру негізінде мемлекет пайда болады. Сонымен бірге адамдар өз еркіндігінің (өз билігінің) бір бөлігін мемлекетке береді. Мемлекет шыққанға дейінгі окшауланған индивидтер ендігі жерде біртұтас халыққа айналады. Нәтижесінде билеушілер мен қоғамда өзара құқық пен міндеттер және соңғының іске асуы үшін жауапкершілік кешені пайда болады.
  • Сонымен катар котамдык келісім теориясында мемлекет адамдарды жаппай ымыраға келтіру органы ретінде пайымдалады.
  • Психологиялык теория (Л.Петражицкий, Г.Тард, З.Фрейд жэне баскалары) мемлекеттін шығуын адам психикасының: белгілі бір адамдардың билік еткісі келу қажеттілігі, өзгелердің батынуға тырысуы, еліктеуі, ал баскаларының - бағындыруға, еліктеу үшін үлгі болуы іспетті ерекшелікті касиеттерімен байланыстырады. Алғашкы қауымдық адамның тайпа көсемдеріне, абыздарта, бақсыларға, көз бояушыларға және басқаларына жапсырған қабілеттері мемлекеттің пайда болу, шығу себептеріне айналған.
  • Мемлекет шығуының органикалық теориясы (Г.Спенсер, Вормс, Прейс жэне баскалары) XIX ғасырдың екінші жартысында кеңінен етек алды. Бұл кезде ғылым, соның ішінде гуманитарлық ғылым Ч.Дарвин айтқан табиғи сұрыптау идеясының қуатты ыкпалын бастан кешіріп жаткан болатын.
  • Органикалык теория өкілдерінің пікірі бойынша мемлекет - бұл организм, оның бөлімдерінің арасындаты тұрақты қарым-қатынастар тірі жанның мүшелерінің өзара байланысына ұксас болады. Яғни, мемлекет биологиялык эволюцияның бір түрі болып есептелетін әлеуметтік эволюцияның жемісі.
  • Мемлекет шығуының әлеуметтік-экономикалық теориясы (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин жэне баскалары) мемлекеттін пайда болуын ең алдымен мынандай әлеуметтік-экономикалық себептермен (факторлармен), атап айтқанда, қоғамдық еңбек бөліністері, экономикалық мүдделер, әлеуметтік қоғам қайшылықтары және т.с.с. түсіндіреді.
  • Экономиканын дамуы мен мемлекеттің пайда болуы үшін үш ірі енбек бөлінісі (жер шаруашылығынаң мал шаруашылығының және қол өнердің белінуі, тек айырбаспен айналысатын адамдар табының жіктелуі) аса маңызды болды. Мұндай бөліну және онымен байланысты еңбек кұралдарын жетілдіру оның еңбек өнімділігін арттыруға серпіліс береді. Артық өнім пайда болды, ол түптеп келгенде жеке меншіктің шытуына әкеп соқтырды, соның нәтижесінде қоғам мүліктілер және мүліксіздер таптарына бөлінді.
  • Жеке меншіктің пайда болуының маңызды нәтижесі ретінде ендігі жерде қоғаммен үйлеспейтін және оның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірмейтін жария саяси билік бөлінді. Билік ету рөлі басқарушылар санатына айналған бай адамдардың колына көшті. Олар өздерінің экономикалык мүдделерін қорғау үшін жалпы саяси кұрылым — мемлекетті ойлап шығарды.
  • Сайып келгенде, мемлекет негізінен біртаптын екінші тапка үстемдігін сактау мен оны колдау максатында, сонымен қатар қоғамның біртұтас организм сияқты өмір сүруіне кепілдік беру мақсатында пайда болды.
  • Күштеу териясы (Шан Ян, Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Ф.Оппенгеймер және басқалары) мемлекеттің шығу себептерін экономикалык катынастардан емес, күдай ісінен емес, керісінше, әскери- саяси факторлардан: күштерден, жаулаушылыктан, біртайпаның екіншісін езіп-жаншуынан іздестіреді. Жаулап алынған халықтар мен аймақтарды басқару үшін қысым жасау аппаратынын кажеттігі туды, міне сондай аппарат болып мемлекет шықты.
  • Осымен байланысты мемлекеттің пайда болуы белгілі бір деңгейде кемеліне жеткен коғамның табиғи дамуының заңды, объективті нәтижесі екенін атаған жөн. Мемлекет қоғамнан алғашкы қауымдық құрылыс ыдырау үрдісінде бөлініп шықты.
  • Мемлекеттің маңызды элементтері.
  • Жалпы халықаралық түсінік пен саяси аспекті тұртысынан қарағанда мемлекеттін мәнін сипаттауда аумак, халық - ел-жұрт және билік сияқты оның негізгі элементтерін құрайтындардың маңызы аса зор екенің айтқан жөн. Аумақ - бұл мемлекеттің физикалық, материалдық негізі, оның кеңістіктік мәні. Мемлекеттің өз аумақтық иелігінің нақты белгіленген шекарасы болуы тиіс. Тарихтың көрсеткеніндей бір мемлекеттердің баска мемлекеттерге аумақтық егестері және талаптары кескілескен талаптарға, дау-жанжалға, тіптен әскери қақтығытарға дейін жеткізген. Жаулаушылықтың нәтижесінде мемлекет аумағынан айырылатын болса, онда ол өмір сүруін тоқтатқан.
  • Мемлекеттін екінші манызды элементі - халық, яғни сол мемлекеттің аумағында өмір сүретін және оның билігіне бағынатын, ұлысты немесе ұлтты құрайтын адамдар қауымдастығы. Мемлекет халкы - ел-жұрты бір ұлттан немесе көпұлттан түруы мүмкін. Мемлекеттің тұтастығын және оның барлық мүшелерінін өзара байланысын азаматтық институты немесе бір елдін азаматы болу камтамасыз етеді.
  • Мемлекеттік билік бұл тұрақты, орнықты сипаттағы саяси институт. Ол егеменді, тиімді, ұйымдық жағынан қалыптасқан, мемлекет алдында тұрған міндеттерді табысты шеше алатындай болуы тиіс.
  • Мемлекеттің белгілері.
  • Мемлекеттін белгілері бұл - жалпы мемлекетті және баска да кептеген коғамдық-саяси ұйымдардан, бірлестіктер мен қауымдастықтардан мемлекеттік органдардың жеке әркайсысын бөліп даралайтын мемлекеттіліктін кажетті айырыкша ерекшелігі.
  • Мемлекет өз аумағында тұратын барлық халықты біріктіреді. Саяси өзін-өзі баскарушы ұлт мемлекеттің субстаниионапдык элементі болады.
  • Мемлекеттінң негізгі белгілерінін арасында салықтар маңызды рөл аткарады. Салықтар жария биліктін өз функцияларын жүзеге асыру барысында мемлекеттің шығарған шығынын жабу үшін азаматтардан және коммерциялык ұйымдардан алынатын міндетті төлем. Салықтар мемлекеттін экономикалық дербестігіне мүмкіндік береді, олар мемлекеттік бюджетті толыктыратын басты көз болып саналады.
  • Егемендік мемлекеттің маңызды, айқындағыш белгілерінің бірі болып есептеледі. Мемлекет аумағынын көлеміне, халқының - ел-жұртының санына, саяси режиміне қарамастан егеменді болады.
  • Мемлекет егемендігі аумақтың тұтастығы мен бөлінбейтіндігі,шекаранын бұлжымастығы және ішкі істеріне араласпау сынды негізгі принциптерді қамтиды.
  • Жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекетке мынандай аныктама беруге болады. Мемлекет бұл - оның барлық азаматтары үшін міндеттілік сипаты бар, мемлекеттік биліктін көмегімен белгілі бір аумақта қайсыбір халықты ұйымдастыруға және оның өмірін баскару үшін кұрылған негізгі саяси институт.
  • Мемлекетті басқару формасы.
  • Мемлекеттік басқару формасы бұл мемлекеттік билік жоғарғы органдарынын ұйымдастырылуы мен өмір сүруі және олардың халыкпен өзара тығыз қарым-қатынастарынын тәртібі. Мемлекет басқару формасына қарай монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
  • Монархия бұл биліктің толық немесе жартылай бір адамның — монархтың (король, патша, шах, хан, император және т.б.) қолына шоғырлануы. Монархия институты казірдің өзінде элемнің 30 астам елінде сақталған.
  • Монархия екі түрлі болады: абсолюттік және конституциялық. Абсолютті монархия бұл мемлекеттік билікті бір тана монарх іске асыратын және оған ешкандай шек койылматан мемлекеттік баскару формасы. Бүгінде осындай баскару формасы Сауд Арабстанда, Катарда, Оман мен Брунейде орын алған.
  • Конституциялық монархия абсолюттік монархияға қарағанда монарх билігінін белгілі бір дәрежеде заңмен, қоғамда жүзеге асып отырған конституция негізіндегі дәстүрмен және т.с.с. шектеу қоюмен айырмашылыгы бар. Конституциялық монархия дуалистік жэне парламенттік болып бөлінеді. Дуалистік монархия үшін монархтың колына көбіне көп аткарушы биліктін және аз ғана заң шығарушы биліктін берілуімен сипатталу тән. Баскарудың мүндай формасы Иордания, Кувейт, Мароккода бар. Парламенттік монархияда мемлекет басшысы өкілеттілік функцияларын және біршама атқару билігін иеленген. Мемлекет басшысының парламент шешімдеріне кейде "ветон қоюға құқысы бар, бірақ бұл практикада қолданылмай келеді. Парламенттік монархияда үкіметті парламенттік көпшілік қалыптастырады және ол монархка емес, парламент алдында есеп беретін болады. Қазіргі кезде парламенттік монархия Англияда, Швеиияда, Данияда, Бельгияда, Испанияда, Голландияда, Люксембургте, Норвегияда, Жапонияда бар.
  • Парламенттік пен конституциялық монархияның республикадан айырмашылығы.
  • Республика — бүл мемлекеттегі жоғарты биліктін сайланушы органдардың - парламенттін, президенттін кұзырында болатын баскару формасы. Демек, республикада биліктін көзі — халык. Бүгінгі таңда республиканын: парламенттік, президенттік, жартылай президенттік (аралас) үш негізгі түрлері бар:
  • 1. Басқарудың парламенттік формасы жағдайында халық үкіметті қалыптастыратын және оған немесе оның мүшелеріне сенімсіздік білдіріп кері шақырып алатын парламентті сайлайды. Бұл жерде үкімет мүшесі мен парламент депутаты қызметін бірге аткаруға мүмкіндік жасалған. Нақты билік үкімет басшысы премьер-министрдің немесе канцлердін колында болады. Президент (мемлекет басшысы) негізінен өкілдік (представительские) және салтанатты (церемониальные) функцияларды 1 иемденеді. Премьер-министр президентке парламенттарату жөнінде ұсыныс жасай алады.
  • Президенттің бір мезгілде мемлекет басшысы және үкімет басшысы болуы, ішкі және сырткы саясатқа басшылық жасауы, қарулы күштердің қолбасшысы болуы президенттік республиканың ерекше белгісі болып саналады. Президенттің парламентті таратуға құзыры жоқ. Президенттік республиканың үлгісін АКШ көрсетіп отыр. Бүгінде президенттік республика Бразилияда, Аргентинада, Венесуэлада, Ресейде, Казакстанда атқарып келеді.
  • Жартылай президенттік (аралас) республиканың ерекшелігі сол, үкімет әрі президенттің, әрі парламенттің алдында жауап беретіндігі. Баскарудың бұл формасы күшті президенттік билік пен атқарушы биліктін кызметіне парламент тарапынан қатан бакылау қоюды үлестіруге негізделген.
  • Азаматтық қоғам.
  • Азаматтық қоғамның қалыптасуы, дамуы және өмір сүруі мәселелері саясаттанудың маңызды проблемалары болып саналады. Сонымен қатар саясаттануда азаматтык коғам ұтымы көптеген жағдайға байланысты шешілмеген жұмбақ сиякты. Ол бір орталықтан ұйымдастырылуы болмаса да өмір сүріп келеді. Азаматтық қоғамды құрайтын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер көбіне-көп төменнен кездейсоқ пайда болады. Мемлекеттің ешбір қатысынсыз-ақ азаматты қоғам қоғамдық өмірдің қуатты өзін-өзі ұйымдастырушы және өзін-өзі реттеуші саласына айналады.
  • Азаматтық қоғам - әлеуметтік прогресс, мәдениет пен өркениеттің бесігі. Бұл ерекше өмір стилі, ойлау және қарым-қатынас түрі, айырықша экономикалық уклад. Бұл тіршілік әрекеті мемлекеттік-саяси формасымен байланысканның бәрі, мемлекет, саясат, партия бой кетеретін топырак асты, ірге тас,бүкіл коғамдық өмірдің негізі.
  • Осымен байланысты азаматтық қоғамға көптеген ғылымдар: құқықтану, экономикалық теория, тарих, философия, әлеуметтану және т.б. қызығушылық танытуда.
  • Құқыктану азаматтық қоғамды азаматтық құқыктын субъектісі және құқықтың реттеу субъектісі ретінде зерттейді.
  • Алайда, азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануға ерекше маңызды рол берілген. Тек саясаттану ғана азаматтық қоғамның саяси және қоғамдық институттармен - жалпы мемлекетпен, федералдық және жергілікті билік органдарымен өзара әрекет етудің сипаты мен формаларын зерттейді. Ғалымдардың қол жеткізген табыстарына сүйене отырып саясаттану азаматтық қоғамның пайда болу себептері мен алғышарттарын, оның құрылымын, функцияларын, эволюциялық бағыттарын карастырады. Баска сөзбен айтқанда, саясаттану азаматтық қоғамның біртұтас бейнесін жаңадан жасайды.
  • Азаматтық қоғам тар мағынада қоғамдык және мемлекеттік өмірдің барлық саласында заңның жоғарылығын қамтамассыз ететін, тұлғаның бостандығына, оның негізгі мүдделері мен құқықтарына, сонымен бірге адамдардың өз экономикалық, әлеуметтік және рухани мүдделеріне жету үшін алуан түрлі қоғамдық және азаматтың өзін-өзі ұйымдастыру формаларына кепілдік беретін демократиялық институттар мен құқықтық мемлекеттің өмір сүруімен тікелей байланысты. Азаматтық қоғам кісі өмірінің алуан түрлі салаларын және мемлекеттік емес қатынастарды - экономикалық, әлеуметтік, отбасылық, ұлттық, рухани, адамгершілік, діни, өндірістік, жеке бастық және с.с. ерікті түрде калыптаскан алғашкы мемлекеттік емес құрылымдық қатынастарды өзіне қосып алған.
  • Осындай азаматтық қоғам пайда болуы үшін құқықтық, демократиялық мемлекеттің болуымен қатар қоғам мүшелерінін алуан түрлі әлеуметтік мүдделерін көрсететін, соның ішінде саны жағынан көп, экономикалық барынша қамтамасыз етілген және тәуелсіз "ортатап" мүшесін бейнелейтін дамыған әлеуметтік құрылым болуы кажет. Ортатап азаматтық қоғамның тірегі, саяси тұрақтылық пен демократияның әлеуметтік негізі ретінде көрінеді. Бүгінде батыс қоғамының әлеуметтік құрылымында орта таптын үлесі шамамен 60-70 пайызды құрайды.
  • Азаматтық қоғам екі негізгі әрі өзара байланысқан: әлеуметтік және институционалдық өлшеуле өмір сүретінін айтуымыз керек.
  • Азаматтық қоғамды құрайтын әлеуметтік елшеуіш — бұл оның тарихи тәжірибесі. Өз кезегінде саяси тәжірибе саяси үрдіске негізгі қатысушылардың, дәлірек айтқанда жекелеген тұлғалар, топтар, бірлестіктер және с.с. қимыл әрекеті үшін жанама түрде "мүмкіндік дәлізін (коридорын)" белгілейді.
  • Әлеуметтік-тарихи тәжірибені – ұжымдық және дербестік деп бөлсекте, тұлғаның саяси мінез-құлығы, оның ойлау қалпын және тұлға аралык қатынастардың басқа да көптеген аспектілерін анықтайды. Азаматтық қоғамнын институционалдық өлшеуішіне саяси емес өз алдына жеке ұйымдардың жиынтығы және қоғамның әр түрлі топтарының мүддесі және оларды мемлекеттен тәуелсіз іске асыратын саяси сипат ретінде караған жөн.
  • Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастырудың бірнеше айрықша ерекшеліктері бар. Біріншіден, котамдык өмірдің маңызды мәселелеріне бүкіл шешім жасауды әрдайым өзіне алған күшті беделге сүйенген мемлекеттік билікке бағыну әдеті Қазақстан азаматтарының әлеуметтік психологиясына орнаған еді. Екіншіден, қазақстандыктардың санасында ұжымдық бастау дәстүрі мығым, бірігіп тіршілік әрекет ету әдеті күшті. Үшіншіден, Казакстан халкының негізгі бөлігі ешкашан да шынайы меншік иесі болған емес, жер мен өндіріс құралдарынан қол үзгенеді.
  • Қазақстандағы азаматтық қоғамды орнату проблемалары, біздің ойымызша, келесі міндеттерді дұрыс шешумен байланысты:
  • Тиімді, әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға негізделген азаматтық қоғамның экономикалық тасын калау. Өзінің сипаты жағынан бұл экономика жеке, кооперативтік, ұжымдық және мемлекеттік тауар өндірушілер - меншік иелерінің мүмкіндіктерін үйлестіретін көп укладты болады.
  • Азаматтардың экономикалық еркіндігі мен дербестігіне кол жеткізу. Білікті, инициативті және іскер қызметкерлерден мейлінше жоғары деңгейлі табысы бар орта таптын калыптастыру.
  • 3. Коғамдық өмірде партиялар мен қоғамдық қозғалыстар рөлінін, бұқаралык ақпарат құралдар қызметінін артуына орай көп жақты саясат пен идеологияның дамуына байланысты саяси жүйеде түбегейлі демократиялық қайта кұрулар жүргізу.
  • 4. Жалпы азаматтардың құқықтық, мәдени деңгейлерінің дамуына сәйкес олардың қоғамдық әлеуметтік-саяси өмірдегі рөлін көтеру және әр түрлі қоғамдық түзілімдердін қызметін арттыру міндеті.
  • Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеті.
  • Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара катынастары проблемасы жете зерттелмеген әрі гылыми әдебиеттерде пікірталасты мәселе болып қалып отыр. Қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтары мемлекет пен азаматтық қоғамның бір-бірінен айырмашылықтарын көрсететіні белгілі. Олар өздерінің өмір сүру тәсілдерімен бір-бірінен өзгешеленеді: мемлекет демократиялық, құқықтық, тоталитарлық, авторитарлық пішінде көрініс табады, ал азаматтық қоғамда іштей демократиялық, құқықтық бастаулар тән. Келесі бір мысалда мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы айырмашылықтарды көрсете алады. Егер де қоғамды пирамида түрінде елестететін болсақ, онда мемлекетке тән вертикалды байланыстардан өзгешеленетін адамдар арасындағы әрекет етуші горизонтальді байланыс "азаматтық қоғамды" құрайтын болады. Өркениет даму деңгейін керсететін, мемлекет пен азаматтық қоғам бір-бірімен тығыз байланысқан, әрқайсысы жеке өмір сүре алмайды.
  • Мемлекет пен азаматтық қоғам біріне-бірі шабуылдап, өмірлік кеңістікті тартыска салып, тіптен бір-біріне кемектесе отырып бейбіт өмір сүретінін де айтуымыз керек. Тек мемлекет қана азаматтық қоғамды ресми көрсетуге талаптанады. Бұл өз аумағында тұратын барлық адамдарды мемлекеттің біріктіруімен түсіндіріледі. Өзінін функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекет өзіндік ұжымдық орган ретінде ерекше басқару аппаратына сүйенеді. Сонымен қатар мемлекеттін бәріне ортақ міндеттілік маңызы бар ерекше әлеуметтік нормалар жүйесі - құқықтық нормалары бар.
  • Азаматтық қоғам мен мемлекет әрдайым бір-бірінің алдынан шығады. Азаматтық қоғам мемлекетке мемлекеттің қолдауын қажетсінетін өзінің инициативаларымен, (ең алдымен материалдық) мүдделерімен, талаптарымен, өтініштерімен және т.б. назар аударады. Мемлекет азаматтық қоғамда әр түрлі формада алдынан шығады: бұл азаматтардың инициативаларын зерттеуге (оларды қолдау немесе қолдамау), көптеген қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, қорлардың белсендігін дамыту үшін материалдық құралдар бөледі.
  • Қазіргі демократиялық елдердің бәрінің биліктік құрылым жүйесінде азаматтық қоғам ұйымымен байланыс орнату үшін әлеуметтік органдар ұйымдастырылған және де олар жүйелі жұмыс істеп келеді. Олардың қызмет бағыттары мен формалары әр түрлі: сол ұйымдарды тіркеу, оларға көмек беру (консультациялар, қаржыландыру), олардын өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау. Мысалы, Ұлыбританияда көптеген жылдар бойы арнайы мемлекеттік орган - қайырымдылық комиссиясы жұмыс істеп келеді. Ол қайырымдылық ұйымдары мен қорларын (бұл елде олар мейлінше өте көп) тіркеуден өткізеді. Мұндай ұйымдар мен қорлардың қызметі кедейлерге көмек көрсетуге, шіркеуді қолдауға, білім беруді дамытуға, нәсілдік белгісіне карай дискриминацияға жол бермеуге, азаматтардың денсаулығын қорғауға, Ұлыбритания азаматтары үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Қоғамдық ұйымдарға көмек көрсету (ең алдымен материалдық) комиссияның маңызды функциясы болып есептеледі.
  • Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекет ету формаларының арасынан көптеген елдерде қалыптасып, қызмет атқарып отырған азаматтардың құқы мен еркіндігін сақтауды бакылайтын парламенттік өкілеттік қызметті айту керек. Бұл қызметті заң шығару билігінін алдында жауапты тәуелсіз жоғары лауазымды адам басқарады. Сенім берілген лауазымды адамдар немесе кәсіпкерлер іс-әрекетіне наразы азаматтардан арыз-шағымдар алады да өзіне берілген мүмкіндіктерге сәйкес алынған материалдарды зерттейді, оның нәтижесін соған орайластырылған ұсыныстарымен парламентке баяндайды
  • Азаматтық қоғам мен мемлекет арасын бөлудің толық жойылуы немесе болмауы тоталитарлык жүйенін мәнін ашады. Бүл жерде мемлекет қоғамнан басым болады (кобінесе тотальді) және оны бакылайды. Солай болғандықтан тоталитарлық (авторитарлық) мемлекет азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруіне кедергі жасайды, оның тіршілік саласын барынша қысқартады, бірақ оны қиратуга, жоюға қабілетсіз болады.
  • Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекет ету формаларының арасынан көптеген елдерде қалыптасып, қызмет атқарып отырған азаматтардың құқы мен еркіндігін сақтауды бакылайтын парламенттік өкілеттік қызметті айту керек. Бұл қызметті заң шығару билігінін алдында жауапты тәуелсіз жоғары лауазымды адам басқарады. Сенім берілген лауазымды адамдар немесе кәсіпкерлер іс-әрекетіне наразы азаматтардан арыз-шағымдар алады да өзіне берілген мүмкіндіктерге сәйкес алынған материалдарды зерттейді, оның нәтижесін соған орайластырылған ұсыныстарымен парламентке баяндайды
  • Азаматтық қоғам мен мемлекет арасын бөлудің толық жойылуы немесе болмауы тоталитарлык жүйенін мәнін ашады. Бүл жерде мемлекет қоғамнан басым болады (кобінесе тотальді) және оны бакылайды. Солай болғандықтан тоталитарлық (авторитарлық) мемлекет азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруіне кедергі жасайды, оның тіршілік саласын барынша қысқартады, бірақ оны қиратуга, жоюға қабілетсіз болады.
  • Қолданылған әдебиеттер:
  • «Саясаттану» Абсаттаров Р.Б.
  • «Саясаттану» Жанбылов Д.Э.
  • «Власть как общественное явление» Амелин В.
  • «Политическое измерение гражданского бощества» Нугманова К.Ж.

жүктеу 48,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау