Тест тапсырмалары:
1. Таблеткаларды престеу үшін ... қолданылады.
| вибрациялық машиналар
| роторлы-пульсационды, "Артур-Колтон" машиналары
| Филиппин машинасы
| ультрадыбысты машиналар
| эксцентрикті, ротационды машиналар
2. Таблеткалық машиналардың негізгі пресс-аспаптарына ... жатады.
| станина, матрицалар, престеуші білік
| пуансондар, столешница, гидравикалық пресс
| қозғалтқыш, престеуші білік, ротор
| пуансондар, матрицалар, тиеуші воронка
| престеуші білік, гидравикалық пресс, тиеуші воронка
3. Таблеткалық машиналарда ... дозалау әдісі қолданылады.
| салмақ-көлемдік
| салмақтық
| көлемдік
| ерікті
| тамшы бойынша
4.Престелуге тікелей тәуелді физико-химиялық қасиеттер ... .
| сусымалдық
| гигроскопиялық, кристалдық су
| көлемдік тығыздық
| меншікті беті, ішкі үйкеліс
| дымқылданғыштық
5.Престелуге кері тәуелді технологиялық қасиеттер ... .
| меншікті беті, ішкі үйкеліс
| гигроскопиялық
| көлемдік тығыздық
| сусымалдық
| дымқылданғыштық
Сабақ № 13
Кредит 4
Тақырып 2: Заттарды тікелей престеу арқылы таблеткалар алу: натрий хлориді, ацетилсалицил қышқылы. Таблеткаларды қабықшалармен қаптау. Сапасын бағалау.
Мақсаты: Тікелей престеу әдісімен өз бетінше таблеткалар алуды үйрету. Таблеткалар сапасын МФ ХІ талаптарына сай және сынаудың жаңа тәсілдерімен бағалауды үйрету. Таблеткаларды қабықшалармен қаптаудың әдістері мен тәсілдерін, түрлерін білу.
Оқыту мақсаты:
студент білуі тиіс:
сусымалы заттарды таблеттеу теориясын;
ұнтақ тәрізді заттардың физико-химиялық және технологиялық қасиеттерін;
таблеттеуші машиналардың түрлері мен жұмыс істеу принциптерін;
түйіршіктердің технологиялық қасиеттерін;
қосымша заттар, олардың жіктелуі мен қолданылуын;
таблеткаларды престеу әдісімен дайындаудың негізгі операцияларын;
таблеткаларды қабықшамен қаптаудың мақсаттарын;
таблеткаларды қабықшамен қаптаудың әдістерін;
қолданылатын аппараттар мен олардың құрылысын, артықшылықтары мен кемшіліктерін;
студент істей білуі тиіс:
әсер етуші және қосымша заттардың мөлшерін есептеу;
түйіршіктерді дайындау және сапасын бағалау;
таблеткалардың сапасын МФ ХІ бас. талаптары бойынша және зерттеудің қазіргі әдістеріне сай жүргізу;
қабықшамен қаптау үшін қосымша заттардың мөлшерін есептеу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
негізгі білім бойынша:
Фармацевтік технологияда қолдануға рұқсат етілген қосымша заттар.Олардың жіктелуі, номенклатурасы және сипаттамасы.
Тығыздық. Заттардың көлемдік тығыздығы.
Ұнтақ тәрізді заттардың сусымалдылығы.
Сусымалы материалдардың гигроскопиялығы туралы түсінік.
Кристализациялық су және оның ұнтақ тәрізді заттардың физико-химиялық қасиеттеріне тигізетін әсері.
Ұнтақтау. Елеу. Қатты материалдарды араластыру. Қолданылатын машиналар мен аппараттар, олардың жұмыс істеу принциптері.
Кептіру. Кептіру әдістері. Кептіргіш аппараттардың типтері, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері, қолданылу аймақтары.
сабақ тақырыбы бойынша:
Таблеткалардың дәрілік түр ретінде анықтамасы. Олардың дайын дәрілік түрлер (ДДТ) ассортиментінде алатын орны.
МФ ХІ басылымы бойынша таблеткаларға қойылатын талаптар.
Таблеткалардың қолданылуы бойынша және дайындалу әдістері бойынша жіктелуі.
Таблеттеудің теориялық негіздері.
Таблеткаларды алу процесінің технологиялық сатылары.
Қосымша заттар, олардың жіктелуі мен қолданылуы.
Таблеткалар өндірісінің технологиялық схемасы. Қосымша заттарды дайындау.
Түйіршіктеусіз таблеттеу (тікелей престеу).
Престеу. Таблеттеуші машиналардың типтері. Олардың жұмыс істеу принциптері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
Таблеттеуші машиналардың прес-аспаптарының негізгі элементтері.
Таблеткалардың сапасын бағалау. ССРО МФ Х және ХІ басыламдары бойынша негізгі әдістемелері. Қолданылатын приборлар мен қондырғылар.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ
Тапсырма N 1. Қол пресінде 0,9 г-нан 15-20 дана натрий хлорид және 0,5 г ацетилсалицил қышқылының таблеткалары өндірісіне лабораториялық регламент құрастырыңыз.
Тапсырма N 2. Қол пресінде 0,9 г-нан 15-20 дана натрий хлориді және 0,5 г ацетилсалицил қышқылының таблеткаларын дайындаңыз.
Тапсырма N 3. Алынған таблеткалардың орташа салмағын, орташа салмақтан ауытқуын, беріктігі мен ерігіштігін анықтаңыз.
Тапсырма N 4 Материалдық балансты есептеу, шығын коэффициентін, технологиялық шығын, шығымды есептеу.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Лабораториялық жұмыс, регламентті безендіру, мылқау карталармен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А. - Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1980.
Иванова Л.А. - Технология лекарственных форм. - 2-том. - 1991.
Тенцова А.И. - Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - М.- 1986.
қосымша:
МФ ССРО Х, ХІ басылымы.
Лекциялық материалдар
Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Бақылау:
Бақылау сұрақтары:
Таблеттелуші массаға қосымша заттар қандай керекті технологиялық қасиеттер береді?
Өндірісте қандай таблеттеуші машиналар қолданылады? Құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Олардың ерекшелігі, артықшылығы, кемшілігі.
Пресс инструменттердің құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Таблеттеу процесі қандай операциялардан тұрады (таблеткаларды престеу)?
Тікелей престеу әдісімен алынатын таблеткалар өндірісінің технологиялық сатыларын атаңыз. Оның артықшылығы неде?
Алдын-ала түйіршіктеусіз алынатын препараттардың номенклатурасын атаңыздар.
Таблеткалардың сапасын қанадай көрсеткіштері бойынша анықтайды? Сыртқы түрі қалай бағаланады? Таблеткалардың биіктігі мен диаметрінің қатынасы қандай болуы керек?
Таблеткалардың орташа салмағы дегеніміз не? Жеке таблеткалардың салмағында қандай ауытқулар жіберіледі? Дозалау дәлдігін қандай көрсеткіштер бойынша анықтайды?
МФХІ басылымы бойынша таблеткалардың ыдырағыштығына қандай талаптар қойылады? Олар қандай приборда және қалай анықтайды?
Таблеткалардың механикалық беріктігі дегеніміз не? Механикалық беріктігін қалай және қандай приборда анықтайды?
“Ерігіштік тесті’’ дегеніміз не?
Таблеткалардағы әсер етуші заттардың биологиялық тиімділігіне әсер ететін факторларды атаңыз.
Таблеткаларды қандай мақсатта қабықшалармен қаптайды?
Қабықшалардың қандай түрлері бар?
Қабықшалар қалай қапталады? Таблеткаларды дражделген қабықшалармен қаптау қандай операциялардан тұрады? Бұл әдістің қандай кемшіліктері бар?
Таблеткаларды суспензиялық әдіспен қаптау қалай жүргізіледі? Бұл әдістің артықшылығы неде? Суспензиялық әдісте қандай қосымша заттар қолданылады?
Пленкалық қабықшалардың қандай түрлерін білесіздер? Олар қалай жіктеледі? Пленка түзгіш зат ретінде не қолданылады?
Таблеткаларды пленкалық қабықшалармен қаптаудың қандай әдістерін білесіздер? Қолданылатын аппараттар. Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Таблеткаларды престелген қабықшалармен қаптау. Қолданылатын машиналар. Престелген қабықшалардың қандай артықшылығы мен кемшілігі бар?
Тікелей престеу әдісімен алынатын таблеткалар өндірісінің технологиялық сатыларын атаңыз. Оның артықшылығы неде?
Сабақ № 14
Кредит 4
Тақырып 3: Тритурациялық таблеткалар. Мырыш сульфаты мен рибофлавин таблеткаларын алу. Түйіршіктер. Микродраже. Спансулалар. Драже. Сапасын бағалау. Таблеткаларды бөлшектеу, орамдау.
Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде тритурациялық таблеткалар алудың технологиялық процесін үйрену және дайын өнімнің сапасын бағалауды үйрену. Гранулалар, микродражелер, спансулалар және дражелер алудың процессін теориялық дәйектеуді үйрену. Орамдауыш материал түрін таңдай білуге үйрету.
Оқыту мақсаты:
студент білуі тиіс:
тритурациялық таблеткалар туралы түсінік;
тритурациялық таблеткалардың технологиялық ерекшеліктерін;
тритурациялық таблеткалардың номенклатурасын;
гранула, дражелердің дәрілік түр ретінде анықтамасын;
гранулалар, микродражелер, спансулалар және дражелерге қойылатын талаптар;
гранулалар, микродражелер, спансулалар және дражелер алудың технологиялық процессінің сатылары.
орамдауыш және құтыға қойылатын талаптар;
орамдауыш материал түрлері;
таблеткаларды бөлшектеп оорамдаушы машиналармен автоматтар.
студент істей білуі тиіс:
таблеткалардың сапасын МФ ХІ басылымы талаптары бойынша және зерттеудің қазіргі әдістеріне сай жүргізу;
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
негізгі білім бойынша:
Тритурация. Оларды дайындау кезіндегі қатынастар, қолданылатын толықтырғыштар.
Қосымша заттар, олардың жіктелуі және номенклатурасы.
сабақ тақырыбы бойынша:
Тритурациялық, «көпіргіш», вагинальды, каркасты, көпқабатты таблеткалардың дәрілік түр ретінде жетілдіру жолдары мен келешегі.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ
Студенттер лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындап, хаттама мен протокол жазуы тиіс:
Тапсырма N 1. 50 таблетка алу үшін керекті дәрілік зат пен қосымша заттардың мөлшерін есептеңіз:
а) 0,001 рибофлавин 0,1 аскорбин қышқылымен;
б) мырыш сульфаты 0,0003 г.
Тапсырма N 2. Арнайы массаларды формалау әдісімен жоғарыдағы жаэылым бойынша таблеткалар дайындаңыз (тритурациялық әдіс).
Тапсырма N 3. Таблеткалардың орташа салмағын, орташа салмақтан ауытқуын, ерігіштігін анықтаңыз.
Тапсырма N 4. Материалдық баланс құрастырып, технологиялық шығым, шығын, шығын коэффициентін анықтаңыз.
Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмыс, ауызша сұрақ, тестілеу, мылқау карталармен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.
ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.
Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.
МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.
қосымша:
Лекциялық материалдар.
“Фармацевтический бюллетень”, “Фармация Казахстана”, “Фармация”, “Химико-фармацевтический журнал” және т.б. журналдар.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Бақылау:
Бақылау сұрақтары:
Тритурациялық таблеткалар дегеніміз не?
Оларды алу және сапасын бағалау жолдарының ерекшеліктері қандай?
Тритурациялық таблеткалардың номенклатурасы.
Көп қабатты таблеткалар қалай және қандай жағдайларда дайындалады? Оларды алу үшін қандай машиналар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?
Каркасты таблеткалар дегеніміз не? Олардың өндірісінде қандай қосымша заттар қолданылады?
Таблеткаларды бөлшектеп-орамдау қалай жүзеге асырылады? Таблеткаларға арналған орамдарды дайындау үшін қандау материалдар қолданылады?
Таблеткаларды бөлшектеп-орамдау үшін қандай машиналар мен автоматтар қолданылады? Олардың конструкциясының ерекшеліктері неде? Жұмыс істеу принциптері қандай?
Драже, гранулалар дәрілік түр ретінде. Анықтамасы. Келешегі.
Микродраже, спансулалар дәрілік түр ретінде. Анықтамасы. Келешегі.
Гранулалар, микродражелер, спансулалар және дражелер алу процессі нелерден тұрады? Олардың өндірісінде қандай қосымша заттар қолданылады?
Сапасы қандай көрсеткіштер бойынша сипатталады?
Гранулалар, микродражелер, спансулалар және дражелер түрінде босатылатын дәрілердің номенклатурасы.
Таблетка дәрілік түрлері үшін қандай орамдауыш түрлері қолданылады?
Құты дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?
Шыны флакон, түтік және құтыларға даналанған дәрілік түрлерді бөлшектеу қалай жүргізіледі?
«Ротакс» жартылай автоматты санауыш машинасының жұмыс істеу принципі.
Контурлы ұясыз конвалюталарға даналанған дәрілік түрлерді бөлшектеу қалай жүргізіледі? «Аут» типті автомат.
Контурлы ұялы конвалюталарға даналанған дәрілік түрлерді бөлшектеу қалай жүргізіледі?
Тритурациялық таблеткаларды бөлшектеп-орамдау қалай жүргізіледі?
Тест тапсырмалары:
1.Гранулалардың (дәрілік түр ретінде) құрамына енгізбейді ...
| улы және күшті әсер ететін заттарды, себебі науқас үй жағдайында
қолданғанда стакан немесе қасықпен дозалайды
| эфир майларды, себебі олар өте ұшқыш болып келеді
| бояғыш заттарды, себебі науқас дәріні қабылдағанда былғануы мүмкін
| иісі жағымсыз заттарды, себебі науқас ондай дәріні жұтамайды
| қиын еритін заттарды
2.Дражелер (дәрілік түр ретінде) ... алынады.
| мармеризерлерде
| драждеуші қазандарда
| СГ-30 аппаратында
| "Драйкота" машинасында
| әмбебап түйіршіктегіште
3.Дражелердің дәрілік түр ретінде артықшылықтары ... .
| сыртқы факторлар әсерінен қорғалады
| дражелерде дәрілік заттардың дәл дозалануы қамтамасыз етіледі,
ыдырағыштығы жақсарады
| драже түрінде қиын таблеттелетін заттарды босатуға болады, дәрілік
заттардың жағымсыз дәмі бүркеледі, сыртқы факторлар әсерінен қорғалады
| драже түрінде жеңіл таблеттелетін заттар босатылады
| ыдырағыштығы нашар, дәрілік заттар жылдам босап шығады
Сабақ № 15
Кредит 4
Тақырып 4: Желатинді капсулалар: жұмсақ және қатты. Майсана майы бар жұмсақ капсулаларды алу және сапасын бағалау. Дәрілік заттарды микрокапсулалау. Микрокапсулаларды алу .
Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде және практикалық тапсырмаларды дәріханалық технология, физикалық және коллоидтық химия пәнінде орындау барысында алынған білімдерін пайдаланып, жұмсақ желатинді капсулалар алу және оларды дәрілік заттармен толтыру, сапасын МФ Х, ХІ басылымдарына сай тексеруді үйрену.
Микрокапсулаларды алу әдістерін және олардың сапасын анықтау әдістерін үйрену, қолданылатын қондырғылар мен олардың жұмыс істеу принциптері мен микрокапсулалау негіздері мен танысу.
Оқыту мақсаты
студент білуі тиіс:
желатинді капсулалар және микрокасулалар өндірісінде қолданылатын қосымша заттар, олардың қасиеттерін;
желатинді капсулалар мен микрокапсулалар алудың әдістері мен тәсілдерін;
желатинді капсулаларды және микрокапсулаларды дәрілік заттармен толтыру, қолданылатын құрал-жабдықтарды;
капсулалар мен микрокапсулалар сапасын бағалау;
капсулалық және микрокапсулалық дәрілік заттардың номенклатурасын.
студент істей білуі тиіс:
желатинді капсулаларды және микрокапсулаларды дайындау үшін қажетті қосымша заттар мөлшерін есептеу;
жұмсақ желатинді капсулаларды дайындау;
дайын дәрілік түрлердің сапасын бағалау;
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
негізгі білім бойынша:
ЖМҚ. Олардың сипаттамасы, жіктелуі.
Коацервация, коагуляция, синерезис құбылыстары. Олардың түзілу шарттары.
Жылу процестері. Жылу өткізгіштік. Конвекция. Сәулелену.
Жылу алмастырғыш аппараттар. Жұмыс істеу принциптері.
Салқындату. Конденсация. Конденсаторлар.
сабақ тақырыбы бойынша:
Капсулаларға дәрілік түр ретінде және дәрілік заттарға құты ретінде анықтама беріңіз. Медициналық капсулалар түрлері. Жалпы сипаттамасы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
Желатинді капсулалар өндірісінде қолданылатын қосымша заттар қасиеттері.
Желатинді капсулаларды алу әдістері: батыру, престеу, тамшылату әдістері. Қолданылатын қондырғылар. Жұмыс істеу принциптері.
Желатинді капсулаларды дәрілік заттармен толтыру. Аппаратуралар.
Медициналық капсулалардың сапасын бағалау. Қолданылатын приборлар.
Медициналық желатинді капсулаларды бөлшектеу және орамдау. Қолданылатын машиналар мен автоматтар.
Жұмсақ және қатты капсулаларда босатылатын дәрілік заттар номенклатурасы.
Медициналық капсулалар өндірісінің даму перспективалары. Ректальды, вагиналды капсулалар, ректиолдар.
Микрокапсулалар. Микроакапсулалаудың мақсаты, қолданылатын әдістер мен қондырғылар.
Микрокапсулалар өндірісінде қолданылатын қосымша заттар ассортименті.
Микрокапсулалық дәрілік түрлер: капсулалар, таблеткалар, суспензиялар, суппозиторийлер, жағар майлар.
Әсері ұзартылған дәрілік түрлер. Микрокапсулаланған препараттардың даму перспективалары.
СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ
Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек.
Тапсырма N 1. Батыру әдісімен жұмсақ желатинді капсулаларды алу және майсана майымен толтыру үшін регламент құрастыру. Керекті компоненттердің мөлшерін есептеу.
Тапсырма N 2. Желатинді капсулаларды сатылы бақылау жүргізе отырып дайындау. Дайын өнім сапасын МФ Х басылымы бойынша бағалау. Дайын дәрілік түрді безендіріп, оқытушыға өткізу.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Ауызша сұрау, лабораториялық жұмыс, регламентті безендіру, мылқау карталармен жұмыс.
Әдебиет
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1991.
Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.
Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.
қосымша:
МФ ССРО Х, ХІ басылымы.
Лекциялық материалдар.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Бақылау:
Ситуациялық есептер:
Желатинді капсулаларды батыру әдісмен алған кезде масса температурасын регламенттегі көрсеткішінен төмендетсе (көтерсе) капсула сапасына қалай әсер етеді?
Қабырғалары жұқа, сынғыш қатты желатинді капсула алынды. Технологиялық процестің қай сатысында қате жіберілді және қандай?
Алынған жұмсақ желатинді капсулалардың қабырғаларында ауа көпіршіктері, механикалық қоспалары бар. Технологиялық процесте қандай қате жіберілген?
Желатинді капсулалардың ыдырағыштығын анықтау кезінде су ерітіндісі лайланды. Жағымсыз шіріген иісі шықты. Ол нені білдіреді?
Бақылау сұрақтары:
Медициналық капсулалардың дәрілік түр ретінде анықтамасы. Сипаттамасы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
Капсулалардың жіктелуі.
Капсулалар қандай тәсілдермен алынады?
Желатиннің суда еруінің температуралық режимінің бұзылуы капсулалардың қандай қасиеттеріне әсер етеді? Желатинді масса қандай тәсілдермен алынады?
Капсулаларды батыру әдісімен алудың ерекшелігі, не себептен желатинді массаны ұзақ уақыт қойып қояды?
Батыру әдісімен алынатын жұмсақ және қатты желатинді касулалардың технологиясының ерекшелігі неде? Қолданылатын машиналар. Олардың жұмыс істеу принциптері.
Қатты және жұмсақ желатинді капсулаларды толтыру және дәнекерлеу ерекшеліктері. Қандай қондырғылар қолданылады? Бракераж қалай жүргізіледі?
Жарамсыз желатинді капсулаларды регенерациялау қалай жүргізіледі?
Желатинді капсулалар өндірісінде қандай консерванттар қолданылады?
Капсулаларды престеу әдісімен алудың ерекшелігі неде? Қандай автомат қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Капсулаларды тамшылату әдісімен алудың ерекшелігі неде? Қандай автомат қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Ішекте еритін капсулаларды алу кезінде қандай көмекші заттар қолданылады?
Медициналық капсулалардың сапасын бағалау қандай көрсеткіштері бойынша жүргізіледі? МФ ХІ басылымы бойынша медициналық капсулаларға қойылатын талаптар.
Қатты және жұмсақ желатинді капсулалардың қалыңдығы қалай тексеріледі?
Капсулалардағы дәрілік заттардың дәл дозалануын қалай тексеруге болады?
Капсулалардың механикалық беріктілігін және ыдырағыштығын анықтау қалай жүргізіледі?
Микрокапсулалау дегеніміз не? Анықтама беріңіздер. Олардың артықшылығы мен кемшіліктері.
Микрокапсулаларды алудың қандай әдістерін білесіз? Әр әдіске толық сипаттама беріңіздер.
Микрокапсулалаудың физикалық әдісі қандай әдіспен жүзеге асырылады? Қандай қондырғылар қолданылады?
Микрокапсулалаудың физико-химиялық әдісі қандай әдіспен жүзеге асырылады? Қандай қондырғылар қолданылады?
Қрапайым коацервация әдісімен микрокапсулалар алуда қандай қосымша заттар тобы қолданылады?
Микрокапсулалаудың химиялық әдісі қандай әдіспен жүзеге асырылады? Қандай қондырғылар қолданылады?
Микрокапсулалар өндірісінің келешегі қандай?
Ұшқыш еріткіштерді буландыру әдісімен алынған микрокапсула өлшемдеріне қандай технологиялық факторларға тәуелді?
Микрокапсуладағы дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне қандай факторлар әсер етеді?
26. Микрокапсулаланған дәрілік заттардан қандай дәрілік түрлер алған қолайлы?
27.Микрокапсулалардың сапасы қандай көрсеткіштер бойынша сипатталады?
Достарыңызбен бөлісу: |