Тәжірибелік Сабаққа арналған әдістемелік Өңдеу



жүктеу 490 Kb.
бет2/4
Дата28.12.2019
өлшемі490 Kb.
#25310
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақ №4

Кредит 1

Тақырып 4: Шырындар. Дәмдік және дәрілік шырындар. Қарапайым қант шырынын, алтей тамырының құрғақ экстрактісімен шырын, мия тамырының қою экстрактісімен шырын алу.
Мақсаты: Технологиялық процесті теориялық меңгеруді және дәрілік, дәмдік шырындарды дайындауды, нормативтік құжаттардың талабына сай олардың сапасын бағалауды үйрену.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • шырындардың дәрілік түр ретінде анықтамасы, жіктелуі және номенклатурасы;

  • дәмдік және дәрілік шырындардың жеке технологиясы;

  • шырындар өндірісінде қолданылатын қондырғылар;

  • жылу процестері: қыздыру-суыту, буландыру-конденсация;

  • жылу алмастырғыштардың және конденсаторлардың түрлері;

  • салқындату және конденсация принциптері.

студент істей білуі тиіс:

  • зауыт жағдайында шырындар өндірісін қадағалайтын НҚ пайдалану;

  • материалдық баланс құрастыру және дайындалған дәрілік түрге технологиялық құжат толтыру;

  • шырындарды алудың, оларды балласты заттардан тазалаудың және стандартизациялаудың қазіргі заманда қолданылатын әдәстерін пайдалану;

  • шырындарды дайындау кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң түрде сақтау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.

  2. Жылу процестері, жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену.

  3. Талдаудың оптикалық әдістері (рефрактометрия).

  4. ДДТ тұрақтылығы және сақталу мерзімдері.

  5. Әр түрлі дәрілік түрлердің микробты зияндылығын анықтау.

  6. Дәрілік препараттарды ағзаға енгізу жолдары.

  7. Дальтон заңы. Эфир майларын су буымен айдаудың теориялық негіздері.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Шырындар. Анықтамасы. Жіктелуі. Оларды қолдану перспективалары.

  2. Дәмдік шырындар. Номенклатурасы, жеке технологиясы, қолданылуы.

  3. Дәрілік шырындар. Номенклатурасы, жеке технологиясы, қолданылуы.

  4. Қарапайым қант шырыны өндірісінің технологиялық схемасы. Шырынды дайындауға қолданылатын қантқа қойылатын талаптар.

  5. Шырын өндірісінде қолданылатын қондырғылар.

  6. Шырындардың стандартизациясы. Шырындардың сақталуы.

  7. Жылу процестері. Қыздыру-салқындату, буландыру-конденсация. Жылу беру: жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену. Ньютон заңы, Фик заңы, Стефан-Больцман заңы. Күрделі жылу алмасу.

  8. Жылу тасымалдағыштар: су, өткір және қатаң су булары, минералды майлар және т.б. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қолданылу аймақтары.

  9. Мұздатқыш агенттер: су, мұз, тұздықтар және т.б. Олардың қолданылу аймақтары.

  10. Жылу алмастырғыш аппараттар. Олардың түрлері.

СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Тапсырма N 1. Алдын-ала алынған қарапайым қант шырынынан алтей шырынын алу үшін лабораториялық регламент құрастырып, технологиялық және аппартуралық схемасын сызыңыз. Оқытушының тапсырмасы бойынша 40-60 (г) қарапайым қант шырынын, 40-60 (г) алтей шырынын алу үшін қажетті бастапқы заттардың мөлшерін есептеңіз.

Тапсырма N 2. Қарапайым қант шырынын дайындау, МФ Х бойынша (615-бет) оның стандартизациясын жүргізу, салмағын анықтау. Алынған қант шырынының салмағына қарай алтей шырынын дайындау үшін алдын-ала есеп жүргізу, алтей шырынын дайындау, МФ ІХ (453-454 беттер) бойынша стандарттау, бөлшектеу, орамдау, безендіру. Дайын өнімді оқытушыға тапсыру.

Тапсырма N 3. Алтей шырыны өндірісінде материалдық балансты және технико-экономикалық көрсеткіштерді келесі сатылар бойынша есептеңіздер: қарапайым қант шырынын дайындау, алтей шырынын дайындау. Регламентті соңына дейін толтырып, оқытушыға қол қойдыру керек.
Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмыс, ауызша сұрау, регламент безендіру, есептер шығару.
Әдебиет

Негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

  3. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

  4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.

  5. МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.

Қосымша:

  1. Лекциялық материалдар.

  2. “Фармацевтический бюллетень”, “Фармация Казахстана”, “Фармация”, “Химико-фармацевтический журнал” және т.б. журналдар.

  3. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.


Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Шырындарға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіздер.

  2. Медициналық практикада шырындардың қандай түрлері қолданылады?

  3. Қарапайым қант шырынын қандай әдіспен алуға болады?

  4. Сапалы фармакопеялық қарапайым қант шырыны сақтау кезінде неге микробтық зақымдануға ұшырамайды?

  5. Қарапайым қант шырынын талдау үшін МФ ССРО Х басылымы қандай әдіс ұсынады?

  6. Қант шырынын қайнату барысында температуралық режимнің бұзылуы оның қасиетіне қалай әсер етеді?

  7. Дәрілік препараттарды (тұндырмалар, құрғақ және қою экстрактілер т. б.) қант шырынының құрамына енгізу үшін қандай технологиялық әдістер қолданылады?

  8. Қандай шырындардың құрамына және қандай мақсатпен этил спирті қосылады?

  9. Дәрілік шырындардың сапасын қандай көрсеткіштер бойынша бағалайды?

  10. Шырындарды қалай орамдап және сақтау қажет?

  11. Жылу процесі дегеніміз не? Жылу берілу процесінің қозғалтқыш күші болып не табылады? Жылу қандай әдістермен таралады?

  12. Жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену дегеніміз не? Олар қандай заңға бағынады? Олардың физикалық мәні қандай? Күрделі жылу алмасу дегеніміз не?

  13. Қандай жылу тасымалдағыштарды білесіздер? Қысқаша сипаттама беріңіздер.

  14. Неліктен жылу көзі ретінде су буы көп қолданылады? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  15. “Өткір және қатаң” булардың қолданылуы.

  16. Жылу алмастырғыштардың қандай түрлері және қандай жағдайда сұйықтықтарды қыздыруға, буландыруға қолданылады?

  17. Салқындату дегеніміз не? Қандай салқындатқыш агенттерді білесіздер? Олар қандай жағдайда қолданылады?

  18. Конденсация дегеніміз не? Ол қандай аппараттарда жүргізіледі?

  19. Конденсаторлардың қандай түрлері белгілі? Олар қандай жағдайда қолданылады? Ерекшеліктері қандай?


Тест тапсырмалары:

  1. Шырындар – бұл ... .

  1. корригенттер ретінде қолданылатын, қанттың судағы қою мөлдір ерітінділері

  2. қанттың судағы немесе ашыған жеміс шырындарындағы концентрленген

ерітінділері, сонымен бірге олардың дәрілік заттармен, тұндырмалармен және

экстрактармен қоспалары



  1. судың немесе ашыған жеміс шырындардың құрамында 64%-ға дейін қанты бар қою мөлдір ерітінділер

  2. ем үшін немесе микстуралардың дәмін дұрыстау үшін қолданылатын эфир майларының судағы немесе спиртті-сулы ерітінділердегі ерітінділері

  3. белгілі тұтқырлығы бар дәрілік заттардың ерітінділері

2. "Қатаң бу" қолданылады, егер ... .

  1. қыздырылатын сұйықтық пен бу конденсаты арасында контакт жіберілмейтін кезде (сұйылып кетеді)

  2. сұйықтық бу конденсатымен сұйылтуының маңызы болмаған кезде, қайнау температурасы жоғары сумен араласпайтын сұйықтықтарды айдау қажет болғанда (температурасы төмендейді)

  3. қыздыру ылғалды жартылай немесе толық аластату мақсатында жүргізілгенде

  4. сұйықтықты 1000С жоғары қыздыру қажет болғанда

  5. сұйықтықты 1000С төмен қыздыру қажет болғанда

3. "Өткір бу" қолданылады, егер ... .

  1. сұйықтық бу конденсатымен сұйылтудың маңызы болмаған кезде және қайнау температурасы жоғары сумен араласпайтын сұйықтықтарды айдау қажет болғанда (температурасы төмендейді)

  2. қыздыру ылғалды жартылай немесе толық аластату мақсатында жүргізілгенде

  3. сұйықтықты 1000С жоғары қыздыру қажет болғанда

  4. сұйықтықты 1000С төмен қыздыру қажет болғанда

  5. қыздырылатын сұйықтық пен бу конденсаты арасында контакт жіберілмейтін кезде (сұйылып кетеді)

4. Шырындарды ... көрсеткіштері бойынша стандарттайды.

  1. спирт мөлшері, патоканың болмауы, көлем

  2. салмағы, қант мөлшері, патоканың болмауы, көлем

  3. ауыр металдар, қант мөлшері, патоканың болмауы, тығыздық

  4. түсі, салмағы, ауыр металдар, қант және спирт мөлшері

  5. түсі, ауыр металдар, қант мөлшері, патоканың болуы

5. Жылу өткізгіштік – бұл ... .

  1. бір-біріне тікелей жақын орналасқан дене бөлшектері арасында

жылудың таралуы

  1. электромагниттік толқындар энериясының жұтылуы және бөлшектердің

жақын орналасуы арқасында жылудың күрделі тасымалдануы

  1. газ немесе сұйықтықтардың макроскопиялық көлемдерінің қозғалысы

және араласуы арқасында жылудың тасымалдануы

  1. бөлшектердің жақын орналасуы және газ немесе сұйықтардың

макроскопиялық көлемдерінің қозғалысы арқасында жылудың

тасымалдануы



  1. энергияның қатты заттарда жұтылуы немесе шағылысуы арқасында

жылудың тасымалдануы

6. Эфир майларын "өткір" су буымен айдау процессі ... заңына бағынады.



  1. Фик

  2. Дальтон

  3. Эйнштейн

  4. Стокс

  5. Пуазейль

7. Емдік хош иісті суларға ... жатады.

  1. Кориандр суы, ащы бадам суы, аскөк суы

  2. роза суы, бұрыш жалбыз суы

  3. Холосас, Пертуссин

  4. хлороформ суы

  5. бірнегізді алюминий ацететы ерітіндісі


Сабақ №5

Кредит 2

Тақырып 1: Хош иісті сулар. Алу тәсілдері. Дальтон заңы.
Мақсаты: Эфир майларын су буымен айдаудың теориялық негізін үйрену. Бастапқы ингридиенттерді дұрыс есептеп үйрену, хош иісті суларды әртүрлі әдістерді пайдаланып алуды үйрену, сол сияқты оларды стандарттау.

Оқыту мақсаты

студент білуі тиіс:

  • жылу процестері: қыздыру-салқындату, буландыру-конденсациялау;

  • жылу алмастырғыштар мен конденсаторлардың түрлері;

  • салқындату және конденсациялау принциптері;

  • хош иісті сулардың анықтамасы, сипаттамасы,номенклатурасы;

  • хош иісті суларды алу әдістері;

  • эфир майларын алу процесінің теориялық негіздері, Дальтон заңы.

студент істей білуі тиіс:

  • дайындалған дәрілік түрге технологиялық документті безендіру және материалдық баланс құрастыру;

  • зауыт жағдайындағы хош иісті сулар өндірісінің технологиялық және аппаратуралық схемаларын теория жүзінде негіздеу;

  • хош иісті суларды алудың әртүрлі әдістерінде өсімдік шикізаттары мен эфир майларының мөлшерін дұрыс есептеу;

  • хош иісті суларды еріту әдісімен дайындау кезінде эфир майларын тамызғыштардың көмегімен дозалау;

  • хош иісті суларды су буымен айдау әдісі бойынша дайындаған кезде техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң түрде сақтау.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.

  2. Жылу процестері, жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену.

  3. Талдаудың оптикалық әдістері (рефрактометрия).

  4. ДДТ тұрақтылығы және сақталу мерзімдері.

  5. Әртүрлі дәрілердің микробтармен зақымдануын анықтау.

  6. Дәрілік препараттарды ағзаға енгізу жолдары.

  7. Дальтон заңы. Эфир майларын су буымен айдаудың теориялық негіздері.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Жылу процестері. Қыздыру-салқындату, буландыру-конденсациялау. Жылу берілуі: жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену. Ньютон заңы, Фик заңы, Стефан-Больцман заңы. Күрделі жылу алмасу.

  2. Жылу тасымалдағыштар: су, өткір және қатаң су булары, минералды майлар және т.б. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қолданылу аймақтары.

  3. Мұздатқыш агенттер: су, мұз, тұздықтар және т.б. Олардың қолданылу аймақтары.

  4. Жылу алмастырғыш аппараттар, олардың түрлері.

  5. Бу бекіткіш қондырғылар, Конденсациялық қабылдағыштар.

  6. Хош иісті сулардың сипаттамасы, номенклатурасы, қолданылуы.

  7. Хош иісті суларды алу әдістері. Аппараттар.

  8. Эфир майларын су буымен айдау процесінің теориялық негіздері. Дальтон заңы.

  9. Ащы бадам суының өндірісі. Бұл кезде жүретін процестердің химизмі. Препараттың сақталуы, қолданылуы, стандартталуы.

  10. Кориандрдың спирттік сулы ерітіндісін алу. Қолданылуы.

  11. Хош иісті суларды еріту әдісімен дайындау: жалпы технологиясы, эфир майлары мен судың қатынасы. Номенклатурасы.


Студенттердің лабораториялық жұмысы

Студенттер келесі тапсырмалар бойынша жеке лабораториялық жұмыстарды орындауы тиіс:



Тапсырма N 1. Келесі өсімдік шикізатынан хош иісті суларды су буымен айдау әдісімен алу үшін лабораториялық регламент құрастырып, технологиялық және аппаратуралық схемасын сызып көрсетіңіз: аскөк (кориандр, анис) жемісінен, дәрілік түймедағы гүлінен, салвия жапырағынан (эвкалипт). Оқытушының тапсырмасы бойынша 150-250 мл хош иісті су алу үшін қажетті бастапқы заттардың мөлшерін есептеңіз.

Тапсырма N 2. Хош иісті суларды су буымен айдау әдісімен дайындаңыз, оны стандарттап, көлемін анықтаңыз. Дайын өнімді бөлшектеп, орамдап, безендіріңіз. Оқытушыға тапсырыңыз.

Тапсырма N 3. Хош иісті суларды айдау әдісімен алу өндірісіндегі материалдық балансты және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеңіз. Регламентті соңына дейін толтырып, оқытушыға қол қойдырыңыз.

Тапсырма N 4. Келесі өсімдік шикізатынан хош иісті суларды эфир майларын суда немесе сулы-спиртті ерітіндіде еріту арқылы алу әдісімен дайындаңыз, оларға лабораториялық регламент құрастырып, технологиялық және аппаратуралық схемасын сызып көрсетіңіз: жалбыз, аскөк, эвкалипт майларынан. Оқытушының тапсырмасы бойынша 150-250 мл хош иісті су алу үшін қажетті бастапқы заттардың мөлшерін есептеңіз.

Тапсырма N 5. Хош иісті суларды эфир майларын еріту әдісімен дайындаңыз, оны стандарттап, көлемін анықтаңыз. Дайын өнімді бөлшектеп, орамдап, безендіріңіз. Оқытушыға тапсырыңыз.

Тапсырма N 6. Хош иісті суларды эфир майларын еріту әдісімен алу өндірісіндегі материалдық балансты және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеңіз. Регламентті соңына дейін толтырып, оқытушыға қол қойдырыңыз.

Жұмысты орындау барысында студенттер техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария жағдайларын қатаң сақтау керек.


Білім берудің және оқытудың әдістері: Ауызша сұрау, лабораториялық жұмыс, регламентті безендіру, мылқау картамен жұмыс,есептер шығару.
Әдебиет

Негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 1- том.45-61 беттер -М.–1980 ж.

  3. Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991. 269-271 беттер.

  4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986. 99-105 беттер.

Қосымша:

  1. МФ ССРО ІХ, Х, ХІ басылымдары.

  2. Лекциялық материалдар жинағы.

  3. Назаров Б.В. Усовершенствование изготовления в аптеках ароматных вод и лекарств с ними.- В сб. “Технология лекарств и фитохимических препаратов”. 1972 ж. 1 - бөлім.

  4. Розенцвейг П.Э. , Сандер Ю.К. Технология лекарств галеновых препаратов. М. , Медицина, Л. , 1970 ж.

Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Хош иісті сулар дегеніміз не? Олардың тағайындалуы және қолданылу перспективалары қандай? Номенклатурасы.

  2. Хош иісті сулардың қандай алыну әдістері бар? Әртүрлі әдіспен алынған хош иісті суларының бір-бірінен айырмашылығы.

  3. Эфир майларын су буымен айдау қандай заңға негізделген? қандай аппараттар қолданылады.

  4. Ащы бадам суының алыну технологиясын айтыңыз. Оның технологияның ерекшелігі неде?

  5. Эфир майларын суда еріту арқылы алынатын хош иісті сулардың технологиясы. Олардың қатынастарын көрсетіңіздер.

  6. Хош иісті суларды эфир майларын суда еріту әдісімен алу кезіндегі тальктің атқаратын қызметі.

  7. Қандай жағдайда кейбір хош иісті сулардың құрамына этил спирті енгізіледі?

  8. Хош иісті сулардың сақталуы және стандартталуы.

  9. Жылу процесі дегеніміз не? Жылу берілу процесінің қозғаушы күші болып не табылады? Жылу қандай әдістермен таралады?

  10. Жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену дегеніміз не? Олар қандай заңдарға бағынады? Физикалық мәні неде? Күрделі жылу алмасу дегеніміз не?

  11. Қандай жылу тасымалдағыштарды білесіздер? Қысқаша сипаттамасын беріңіз.

  12. Неліктен жылу көзі ретінде су буы көп қолданылады? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

  13. Өткір және қатаң бу қандай жағдайда қолданылады?

  14. Жылу алмастырғыштардың түрлері. Қолданылуы.

  15. Салқындату дегніміз не? Қандай салқындатқыш агенттерді білесіздер? Олар қандай жағдайда қолданылады?

  16. Конденсация дегеніміз не? Олар қандай аппараттарда жүргізіледі?

  17. Конденсаторлардың қандай түрлерін білесіздер? Олар қандай жағдайда қолданылады? Айырмашылықтары неде?



Сабақ № 6

Кредит 2

Тақырып 2: Алкоголиметрия. Спиртті медициналық ерітінділер. Спирттің концентрациясын анықтау, сұйылту, қанықтыру.

Мақсаты: Спиртті-сулы қоспада этанолдың құрамын анықтауды, алкоголиметриялық кестелермен дұрыс жұмыс істеуді, сұйылту және қанықтыруды үйрену. Спирттік ерітінділерді дұрыс дайындауды және безендіруді үйрену.
Оқыту мақсаты

студент білуі тиіс:

  • алкоголиметрияның анықтамасы және қолданылуы;

  • этил спиртінің концентрациясын анықтау әдістері мен қолданылатын құралдары;

  • спиртті сұйылту және қанықтыру тәсілдері;

  • этил спиртін сақтау және есепке алу ережелері;

  • сулы-спиртті ерітінділерді дайындау ережелері;

  • еріткіш және экстрагент ретінде суға қойылатын талаптар, су дайындаудың негізгі операциялары және қолданылатын қондырғылар.

студент істей білуі тиіс:

  • алкоголиметриялық кестені пайдалану;

  • сулы-спиртті ерітінділерді олардың сұйылту және қанықтыру ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындау;

  • дайындалған сулы немесе спирттік ерітінділердің сапасын анықтау (концентрациясын анықтау).


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Сабақ тақырыбы бойынша латын тіліндегі терминология.

  2. Ерітуді диффузиялық-кинетикалық процесс ретінде қарастыру.

  3. Тұндыру, сүзу, центрифугирлеу. Стокс, Пуазейль теңдіктері, Фик заңы.

  4. Талдаудың физикалық әдістері. Пикнометр және денсиметрдің жұмыс істеу принципі.

  5. Этил спиртіне НҚ (N 224 бұйрық).

  6. Спирт концентрациясын анықтау және есептеу әдістері.

  7. Фармацевтикалық технологияда қолданылатын тазартылған суға қойылатын талаптар.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Алкоголиметрия. Этил спиртінің концентрациясы, оны анықтау әдістері және қолданылатын құралдар.Алкоголиметриялық кестелер. Спиртті сұйылту және қанықтыру, есепке алу, сақтау тәртіптері.

  2. Ерітінділер, олардың жіктелуі. Ерітінділердің жалпы технологиясы.

  3. Ерітудің теориялық сұрақтары. Еріту процесін динамизациялау жолдары.

  4. Араластыру. Араластырғыштардың түрлері.

  5. Ерітінділерді стандарттау. Массасы, көлемі, тығыздығы бойынша сұйылту.

  6. Стандартты ерітінділер. Жіктелуі.Номенклатурасы. Оларды сұйылту,есепке алу және сақтау ерекшеліктері.

  7. Суды дайындау, негізгі операциялары мен қолданылатын аппараттар.


СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Төменде көрсетілген спирттік ерітіндінің біреуін дайындау (оқытушының тапсырмасы бойынша):

а) 10% –тік камфораның спирттік ерітіндісі;

б) 3 %–тік бор қышқылының спирттік ерітіндісі;

в) 1 % -тік салицил қышқылының спирттік ерітіндісі;

г) 1 %–тік және 2% –тік ментолдың спирттік ерітіндісі;

Ол үшін:


  • лабораториялық регламент құру, жұмыс жазылымын есептеп жазу;

  • дәрілік түр дайындау және оны стандартту;

  • материалдық баланс құрастыру , технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу;

  • дайындалған дәрілік түрді дұрыс безендіру және оқытушыға өткізу;


Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмыс, ауызша сұрау, регламент безендіру, есептер шығару.

Әдебиет

Негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

  3. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

  4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.

  5. МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.

Қосымша:

  1. Лекциялық материалдар.

  2. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

Бақылау:

Ситуациялық есептер:

Есеп 1. 400 л 90 % (салмақтық) этанолды 65% (салмақтық) концентрацияға дейін сұйылту үшін керекті 20% этанолдың (салмақтық) көлемін және массасын есептеңіз.

Есеп 2. МФ СССР ХІ басылымының 1-том, 26-29 бет.берілген кесте көмегімен спирттің концентрациясын қоспаларының қайнау температурасы бойынша табыңыз:

а) 820 С б) 80,50 С в) 90,80 С г) 960 С

д) 79,40 С е) 86,50 С ж) 81,20 С.

Берілген концентрация қандай процентпен көрсетілген (көлемдік немесе салмақтық)?



Есеп 3. 550 мл 40% этанол алуға қажетті 90% этанолдың мөлшерін есептеңіз. Алкоголиметриялық кесте көмегімен этанолдың керекті концентрациясына дейін сұйылтуға қажетті судың мөлшерін есептеңіз.
Бақылау сұрақтары:

1. Алкоголиметрия дегеніміз не? Спиртті-сулы қоспалардағы спирт концентрациясын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады? Қандай приборлар қолданылады? Қандай алкоголиметриялық кестелер қолданылады?

2. Спиртті сұйылту және қанықтыру, есепке алу және сақтау жағдайларын көрсетіңіздер. Контракция қандай құбылыс? Оны қандай жағдайда ескеру керек?

3. Ерітінділерге анықтама беріңіз және олардың жіктелуі.

4. Ерітінділер технологиясының еркшелігін көрсетіңіз.

5. Еріту деген не? Ерітудің теориялық негіздері қандай? Еріту процесін динамизациялаудың қандай жолдары бар?

6. Өндіріс жағдайында дайындалатын медициналық спирттік ерітінділердің номенклатурасы және құрамы.

7. Ішке және сыртқа қолдануға арналған медициналық спирттік ерітінділердің дайындалу ережелері.

8. Медициналық спирттік ерітінділердің завод жағдайындағы технологиясының ерекшелігі, оларды бөлшектеу, орамдау, безендіру және стандарттау.

9. Араластыру қандай әдістермен жүзеге асырылады? Жылжымалы және қою тұтқыр паста тәрізді сұйықтықтарды және массаларды араластыруда араластырғыштардың қай түрлері қолданылады?

10. Суды дайындау қалай іске асады? Технологиялық процестері қандай операциялардан тұрады? Олар қалай жүргізіледі? Қандай аппараттарда?

11. Суды деминералдау қалай және қандай аппараттарда жүргізіледі?

12. Суды дистильдеу қалай және қандай аппараттарда жүргізіледі (тазартылған су алу)? Оларға қойылатын талаптар.

13. Этил спиртіне экстрагент және еріткіш ретінде қысқаша сипаттама беріңіз. Қандай қасиетіне байланысты этанол фармацевтикалық технологияда кеңінен қолданылады?



Сабақ № 7

Кредит 2

Тақырып 3: Тұндырмалар. Оларды алу тәсілдері. Өндірістің технологиялық схемасы. Тұндырмаларды стандарттау. Абсолютті спирт бойынша материалдық баланс құрастыру. Спиртті рекупирациялау.
Мақсаты: Экстракциялаудың теориялық негіздерін меңгеру. Тұндырмаларды әртүрлі тәсілдермен алу үшін, экстракциялауды экстрактивті заттардың сығындалуының толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін факторларды есепке ала отырып жүргізу үшін жұмыс жазбасын құрастыру және есептеуді үйрену. Өз бетінше тұндырмаларды тазартуды және стандарттауды, толық сығындалынған шикізаттан спиртті рекуперациялауды үйрену, технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • галендік препараттардың номенклатурасы, олардың жіктелуі;

  • экстракцияның толық жүруіне және жылдамдығына әсер ететін факторлар;

  • кептірілген және жаңа өсімдік шикізатын экстракциялау ерекшіліктері;

  • экстракция процесінің қозғаушы күштері, масса алмасу заңдары, молекулалық және

  • конвективтік диффузия;

  • экстракциялау әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

  • экстракцияға қолданылатын технологиялық қондырғылар;

  • еріткіштер мен экстрагенттердің номенклатуралары мен жіктелуі, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, экстрагентке қойылатын талаптар;

  • экстракциялық препараттардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

  • тұндырмалардың дәрілік түр ретінде анықтамасы, жіктелуі, номенклатурасы, артықшылықтары мен кемшіліктері;

  • тұндырмалар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы, жеке тұндырмалардың технологиясының ерекшеліктері, шикізат пен экстрагенттердің қатынастары, тұндырмаларды стандарттау;

  • тұндырмаларды тазарту әдістері;

  • тұндырмаларды сақтау шарттары.


студент істей білуі тиіс:

  • қарапайым және күрделі тұндырмалар алуға лабораториялық регламент жазу;

  • зауыт жағдайындағы тұндырмалар өндірісінің технологиялық және аппаратуралық схемаларын теория жүзінде негіздеу;

  • экстракциялау әдістерін теорияға негіздеу;

  • экстрагент мөлшерін дұрыс есептеу және дұрыс сұйылту;

  • тұндырмаларды әртүрлі әдістермен дайындау: мацерация, бөлшекті мацерация, перколяция;

  • тұндырмалар өндірісінде сығындыларды тазартуды дұрыс жүргізу;

  • спирттік сығындыларды стандарттауды дұрыс жүргізу:

  • а) спирттік сығындылардағы этанолдың құрам мөлшерін қайнау температурасы

бойынша анықтау;

  • б) спирттік сығындылардағы құрғақ қалдықты анықтау;

  • толық сығындалынған өсімдік шикізатынан спиртті әртүрлі әдістермен рекуперациялау;

  • абсолюттік спирт бойынша материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу;


Тақырыптың негізгі сұрақтары

негізгі білім бойынша:

  1. Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.

  2. Әртүрлі өсімдік шикізаттарындағы экстрактивті заттардың химиялық құрамы.

  3. Өсімдік шикізаттарының структуралық механикалық қасиеттері.

  4. Өсімдік клеткаларының құрылысы, клеткалардың биофизикасы.

  5. Дәріханаларда тұнбалар мен қайнатпалар дайындау. Технологиясының ерекшеліктері.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Галендік препараттар суммарлы құрамды дәрілік зат ретінде. Галендік препараттардың эволюциясы. Жіктелуі.

  2. Экстракциялаудың теориялық негіздері. Экстракциялау процесінің мәні. Молекулалық және конвективтік диффузия үшін Фик заңы. Эйнштейн теңдігі. Күрделі масса алмасу.

  3. Жаңа және кептірілген өсімдік шикізатын экстракциялау ерекшеліктері.

  4. Заттарды жібіту. Биологиялық активті заттарды еріту.

  5. Экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін факторлар.

  6. Еріткіштердің және экстрагенттердің (су, спирт, хлороформ және т.б.) жіктелуі және қазіргі кездегі ассортименттері. Экстрагенттерге қойылатын талаптар. Сығылған газдардың қолданылу перспективалары.

  7. Экстракциялау әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қолданылатын технологиялық қондырғылар. Мацерация, ремацерация (бөлшекті мацерация), перколяция әдістерінің ерекшеліктері.

  8. Экстракциялық препараттардың жіктелуі. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

  9. Тұндырмалар. Анықтамасы. Жіктелуі. Номенклатурасы. Қолданылуы.

  10. Тұндырмалар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы.

  11. Спирт рекуперациясы. Спиртті рекуперациялау тәсілдері. Қолданылатын аппараттар.

  12. Жылу процестері. Жылу берілу.

  13. Жылу өткізгіштік. Фурье заңы.

  14. Конвекция. Ньютон заңы.

  15. Сәулелену. Стефан-Больцман заңы. Күрделі жылу алмасу.

  16. Қыздыру. Қыздыру тәсілдері. Негізгі жылу тасымалдағыштар. Олардың салыстырмалы сипаттамалары: артықшылықтары мен кемшіліктері.


СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек және берілген ситуациялық есептерді шешуі тиіс.



Тапсырма N1. Оқытушының тапсырмасы бойынша берілген бір тұндырмаға лабораториялық регламент құру және өндірістің аппаратуралық және технологиялық схемасын жазу. Сығындауға қажетті этил спиртін есептеу және талаптама жазу.

Лабораториялық жұмысты орындауға арналған тұндырмалар номенклатурасы:



  1. Долана (боярышник) тұндырмасы (1:10) 70% спиртте;

  2. Сасықшөп (пустырник) тұндырмасы (1:5) 70% спиртте;

  3. Қырмызыгүл (календула) тұндырмасы (1:5) 70% спиртте;

  4. Шайқурай (зверобой) тұндырмасы (1:5) 40% спиртте;

  5. Жусан (полынь) тұндырмасы (1:5) 70% спиртте.

Тапсырма N 2. Құрылған регламент бойынша 10-15 г. өсімдік шикізатынан тұндырма дайындау. Оны центрифугалау немесе 7 тәулік бойына қараңғы жерде тұндыру арқылы тазартамыз.

Тапсырма N3. Өткен сабақта алынған тұндырманы фильтрлеу арқылы немесе центрифугалау арқылы тазарту.

Тапсырма N4. Тұндырмаларды келесі көрсеткіштер бойынша стандарттау:

  • сыртқы түрі мен органолептикалық қасиеттерін сипаттау;

  • тұндырмадағы этанолдың мөлшерін қайнау температурасы бойынша анықтау;

  • құрғақ қалдықты анықтау.

Тапсырма N5. Өңделген шикізаттан спирт-рекуператты әртүрлі әдістермен алу:

  • шротты 3-5 есе дистилденген сумен жуу;

  • қатаң бумен айдау және оны талдау, яғни қайнау температурасы бойынша рекуператтағы этанолдың мөлшерін анықтау.

Тұндырманы және спирт-рекуператты жеке-жеке безендіріп, оқытушыға тапсыру.

Тапсырма N6. Материалдық баланс құрастырып, технико-экономикалық көрсеткіштерді өңделген өсімдік шикізатынан алынған спирт-рекуператты есепке ала отырып шығару.

САСЫҚШӨП ТҰНДЫРМАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫНАН МЫСАЛ

Сасықшөп тұндырмасы (1:5) қатынасында 70% спиртте жылдамдатылған мацерация әдісімен дайындалады.


N

Бастапқы шикізат атауы

N ОСТ немесе фармакопеялық мақала

Техникалық және сауда мәліметтері

Сандық көрсеткіштері

1.

Сасықшөп шөбі

МФ Х, 688 бет

Сасықшөп тұндырмасын дайындау үшін

70% спиртпен сығындалы-натын экстрактивті заттардың мөлшері 1%, 4% кем болмауы керек.

2.

Этил спирті 70%

МФ Х, 631 бет

- // - // -

Тығыздығы 0,782-0,808 г/см3

3.

Дистилденген су

МФ Х, 73 бет

- // - // -

Тығыздығы 1,0 г/см3

Сасықшөп тұндырмасы (1:5) қатынасында 70% спиртте жылдамдатылған мацерация әдісімен дайындаудың схемасы.

ШИКІЗАТТЫ ЖӘНЕ ЭКСТРАГЕНТТІ ДАЙЫНДАУ.

Шикізат-10 г., экстрагент –70% этанол 50 мл, 1:5 қатынаста.

1-мацерация(1-тұндыру) - 1 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі;

2-мацерация(2-тұндыру) - 2 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі;

3-мацерация(3-тұндыру) - 3 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі;

4-мацерация(4-тұндыру) -4 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі шикізатты сығындаумен бірге.

Сығындыны қараңғы жерде 7 тәулік тұндыру.

Дайын өнімді фильтрлеу------- мл.

Стандарттау. Тұндырма-------- мл.

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ

Өсімдік шикізатын дайындау: белгілі дәрежеге дейін ұнтақталған өсімдік шикізатының қажет мөлшерін 6-12 сағат бойы 1-2 есе экстрагент мөлшерімен жібітіп, ісіндіреміз. Перколятордың төменгі тесігін ішінен мақтамен жауып, шикізатты аздап нығыздайды.

Экстрагентті дайындау: тұндырманың берілген мөлшерін дайындау үшін қажетті спирт мөлшерін спирт сіңіру коэффициентін есепке ала отырып, келесі теңдік бойынша шығарады:

Х = а+РК


Бұл жерде :

Х – экстрагент мөлшері (мл)

а - алынатын тұндырманың мөлшері (мл)

Р –бастапқы шикізаттың мөлшері (г)

К – спирт сіңіру коэффициенті (сасықшөп үшін К=2).

Керекті концентрациядағы сулы спирті ерітіндіні алу үшін күшті спиртті сұйылту жолымен формула бойынша жүргізіледі.



Х =Y

Бұл жерде:

Х –сұйылтуға арналған спирт мөлшері, мл

Y – қажет концентрациядағы спирт мөлшері, мл

a- сұйылтылған спирт концентрациясы, м%

b – сұйылтылатын спирт концентрациясы, %

Толтырылған перколяторға экстрагенттің қажетті мөлшерін құяды да (“айна” пайда болғанша), 24 сағат тұндырады. Содан соң дайын тұндырманың сығындысын алады, оның көлемі жалпы тұндырманың көлемінің 1/4 бөлігін құрайды. Перколяторға 1,5 есе көп экстрагент мөлшерін құйып, 1 сағаттан кейін тұндырманың 2 - сығындысын дәл осындай мөлшерде алады. Экстрагенттің 1 есе мөлшерін тағыда құйып, 1 сағаттан кейін 3 - сығындыны алады да, перколяторға 0,5 есе экстрагент құяды. 1 сағаттан соң 4 – сығындыны алады. Шикізатты сығып алады. Барлық сығындыны біріктіріп, алынған сығындыны келесі сабаққа дейін тұндыру үшін тығыз жабылған сарғыш түсті құтыда, + 8 0 С жоғары емес температурада балласты заттардың тұнуы үшін (7 тәулікке) қалдырады (спирттік тазалау).

Ескерту: Экстракциялаудың аяқталғанын, яғни материалдың толық сығындалғанын келесі тәсілдермен анықтайды:

а) сұйықтықтың түссізденуі бойынша;

б) меншікті салмақтың айырмашылығы болмауы және таза экстрагенттің жоқ болуы бойынша;



в) әсер етуші заттарға жүргізілген сынаманың теріс нәтиже көрсетуі бойынша;
жүктеу 490 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау