ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет34/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79

71
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Алматы және Астана қалаларының кәмелетке 
толмағандардың істері жөніндегі соттардың ар-
найы бөлінген тәжірибелік рөліне байланысты 
бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде 
мақалалар жарияланады, сұхбаттар беріледі, юве-
налды әділет мәселелеріне арналған конферен-
циялар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысу жүзеге 
асырылады.
Мамандандырылған соттар 5 жылдан артық жұмыс 
істейтін Астана және Алматы қалаларының 
үлгісінде кәмелетке толмағандар арасындағы 
қылмыстардың қайталануының азайғаны 
байқалады, кәмелетке толмағандарға қатысты 
қылмыстық істердің соттарға келіп түсуі екі есе 
азайды.
2008-2011 жылдары Астана қаласының 
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 
мамандандырылған ауданаралық соты 381 
кәмелетке толмаған балаларға қатысты 297 
қылмыстық іс қарады. 
Астана қаласының Кәмелетке толмағандардың 
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 
соты осы кезеңде 800-ден астам іс қараған, 
олардың ішінде 50%-дан астамы ұл бала асырап 
алу туралы (қыз бала асырап алу туралы), 22%-
ы – ата-ана құқықтарынан айыру туралы, қалған 
істер баланың тұрғылықты жерін анықтау тура-
лы, ата-ана құқықтарын шектеу және қалпына 
келтіру туралы болды. Астана қаласында қаралған 
1100 әкімшілік істің 65%-ын дәлелсіз себептермен 
кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу және 
оқыту бойынша міндеттерін орындамаған ата-
аналарға қатысты істер құрайды.
2008-2010 жылдары балалардың 10%-ына ғана 
бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған 
(олардың ішінде 5%-ы бұрын сотталғандар, 
қалғандары айрықша ауыр және ауыр қылмыстар 
жасаған).
Балаларға қатысты істерді қарау айтарлықтай 
жеделдетілді және тәрбиелік профилактикалық си-
пат алды, бітімге келу және тәрбиелеу сипатындағы 
шаралар қолдану арқылы қылмыстық қуғындау 
тоқтатылған істер саны да айтарлықтай артты. 
Түзелу белгілері байқалған кезде кәмелетке 
толмағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын 
босату саясаты іс жүзінде кеңінен қолданылады.
Қауқарсыз топтардағы балаларға білім беруді, 
медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсетуді 
ұсынумен айналысатын мемлекеттік органдармен 
ведомствоаралық байланыс орнатылған.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының нормала-
рына қарамастан, алдын ала тергеу органдарынан 
алынатын құжаттар мен өзге де ақпарат көбінесе 
формальды сипатта қалып отыр. Сонымен бірге 
істерді қарау барысында сот ҚР ҚК 52-тарауының 
ережелеріне сәйкес кәмелетке толмаған баланың 
жеке басына, оның әлеуметтік-тұрмыстық 
жағдайына қатысты барлық жайттарды, құқық 
бұзушылық жасауға әкелетін себептерді, түзелудің 
ықтимал жолдарын анықтауы тиіс.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушының жеке 
басының ерекшеліктері туралы аталған және 
өзге мәліметтерді жинау және әлеуметтік-
психологиялық қолау көрсету картасын жасау, 
тәрбиелейтін сот төрелігі шеңберіндегі татула-
стыру рәсімдерін өткізу, сондай-ақ сот шешімінің 
орындалуын бақылауды іске асыру үшін ювеналды 
әділет жүйесіне балаларды әлеуметтік қолдаудың 
заңмен байланыстағы қызметтерін енгізу қажет.
Тәжірибелік соттар жұмысының нәтижелері сотта 
барлық ювеналды технологияларды сақтау, бала-
ма жазалау шараларын енгізумен бірге кәмелетке 
толмаған құқық бұзушыға қатысты қолданылатын 
ерекше, дербес көзқарас туралы қорытынды 
жасауға мүмкіндік береді. 
Азаматтық істерді қараған кезде, атап айтқанда, 
Астана қаласының кәмелетке толмағандардың 
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 
соты істі қараған кезде балалардың тұрғылықты 
орындарын анықтау және олармен қарым-қатынас 
жасау тәртібін анықтау туралы істерде татула-
стыру рәсімдері тәжірибесін қолдану барын-
ша қолдау тапқан (1-кестені сызба). Кәмелетке 
толмағандардың қатысуымен жасалатын 
қылмыстық істер бойынша медиация сынақтан 
өткізілген. 
1-сызба.
Азаматтық істер бойынша татуластыру 
рәсімдерін қолдану (бірл.: істер саны)
Барлығы  
Татуласу
2010
40
32
87
66
2011


72
3.2. Қазақстан 
Республикасындағы 
кәмелетке толмағандардың 
істері жөніндегі соттар 
қызметінің нәтижелері, 
проблемалары мен болашағы 
5 жылғы жұмыс ішінде кәмелетке толмағандардың 
істері жөніндегі тәжірибелік мамандандырылған 
соттар өздерінің қажеттілігін дәлелдеді. 
Республиканың барлық өңірлерінде және екі ірі 
елді мекенінде 2012 жылғы 1 шілдеден бастап 
жұмысқа кіріскен кәмелетке толмағандардың 
істері жөніндегі 16 мамандандырылған 
ауданаралық сот құру туралы Қазақстан Респу-
бликасы Президентінің 2012 жылғы 4 ақпандағы 
Жарлығының шығуы дәл осы жағдайға бай-
ланысты. Қазақстанда осы уақыттан бастап 
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 18 
мамандандырылған сот жұмыс жасайды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 
мамандандырылған соттардың қызметі жұмысты 
бастаған алғашқы жылдың елде өзінде-ақ оң 
нәтижелер берді.
Статистикалық деректерге сәйкес 2012 жылдың 
ішінде мамандандырылған соттар 8 008 істі қарауды 
аяқтаған, олардың ішінде 3 429-ы азаматтық 
(шешім шығарылып – 2 703), 1 255-і қылмыстық 
(үкім шығарылып – 401 іс 665 тұлғаға қатысты, о.і. 
8 тұлға ақталған), 3 324-і әкімшілік іс.
Мамандандырылған соттардың енгізілуімен бай-
ланысты кәмелетке толмаған құқық бұзушылар 
қатысқан қылмыстық істерді қараған кезде бас 
бостандығынан айыру ұстанымы басым болып 
табылады және одан да біршама көп іс балама 
ықпал ету шараларын тағайындаумен аяқталады. 
Азаматтық істер сияқты қылмыстық істер бойын-
ша да татуласу рәсімдері мен медиативті шаралар 
жиі қолданылатын болды. Елдің барлық өңірінде 
мамандандырылған соттардың 1 жыл ішіндегі 
жұмысы кезінде кәмелетке толмағандардың бас 
бостандығынан айырылғандар үлесі 2011 жыл-
мен салыстырғанда жалпы 1,3%-ға, сотталған 
кәмелетке толмағандар саны 21%-ға азайды
63
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 
соттардың балалар мүддесін қозғайтын 
әкімшілік істерді қарауы ата-аналары тиісінше 
тәрбиелемейтін және оларға тиісті күтім жаса-
майтын балалардың сот төрелігіне қолжетімділігін 
кеңейтті.
Бүгінде ювеналдық соттардың Қазақстандағы 
балалардың құқықтарын қорғауды және сот 
төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етуде 
маңызды рөл атқаратынын белгілі бір сенімділікпен 
атап айтуға болады.
Сонымен бірге кәмелетке толмағандардың істері 
жөніндегі қазақстандық мамандандырылған 
соттардың алдында шешімі баланың құқықтарын 
сотпен қорғауды жетілдіруге ықпал ететін бірқатар 
мәселелер тұр.
Балалардың өздерінің де, ата-аналар мен заңды 
өкілдерінің де сот төрелігіне қол жеткізу құралдары 
мен баланың құқықтары туралы хабардар болу 
деңгейінің төмендігін; мамандандырылған 
ювеналдық прокуратура, тергеу органдары 
және адвокатура жүйесінің жеткіліксіз дамуын; 
балалардың Омбудсменге тікелей қол жеткізу 
тетігінің жетілдірілмеуін; республика аумағының 
ауқымдылыған байланысты кейбір аудандар мен 
елді мекендердің шалғайлығын сот төрелігіне қол 
жеткізуге бөгет жасайтын кедергілерге жатқызуға 
болады. 
Қазақстан – аумағы үлкен ел. Құрылған ювеналдық 
соттар ауданаралық болып табылады және облыс 
орталықтарында орналасқан. Жаңадан құрылған 
ювеналдық соттардың жұмысты ұйымдастыруын 
талдау кезінде процеске қатысушылардың 
тұратын орындарының шалғайлығына байланы-
сты белгілі бір проблемалардың туындағанын 
көрсетті. Қалыптасқан жағдай істердің жедел 
қаралуын қиындатады, облыс орталықтарында 
орналасқан ауданаралық соттарға келуді 
қамтамасыз ету қажеттігімен байланысты проце-
ске қатысушылардың және мемлекеттің қаржылық 
шығындарын көбейтеді. Сот төрелігіне қол 
жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында соттар 
істерді сыртқа шығып өткізетін сот отырыста-
рында қарайды, сыртқа шығып отырыс өткізілген 
ең шалғай елді мекендердің облыс орталығынан 
арақашықтығы 350 – 500 км құрайды.
Ювеналдық соттар техникалық мүмкіндіктерді 
пайдаланады: он-лайн режимінде өтініштер 
қабылданады және сот процестері өткізіледі. Бұл 
ретте бүгінгі күні барлық мүмкіндіктің пайда-
ланылмайтынын атап кету қажет, аталған про-
блема зерттеліп, оны шешу бойынша шаралар 
қолданылып келеді.
Істерді қараған кезде ювеналдық соттар штатын-
да мұндай мамандар жоқ болғандықтан, үкіметтік 
емес ұйымдардың көмегіне жүгіне отырып, психо-
логтарды, әлеуметтік қызметкерлерді сот ісіне тар-
тады, ал жергілікті атқарушы органдарда мұндай 
қызметтер әлі дамымай отыр. Қазіргі уақытта 
Қазақстан Парламентінің қарауында заңмен 
қайшылықтағы балаларға арналған әлеуметтік-
63 «2012 ж. Қазақстан Республикасында сот төрелігін орындау 
қорытындылары туралы» ҚР Жоғарғы Сотының талдауы, http://
supcourt.kz/rus/analitika_i_statistika/analiz/
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттардың қызметі
3-тарау.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау