ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы


мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет36/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79

76
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау 
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен
Сот тәжірибесі аталған санаттағы барлық істер 
бойынша психологты тарту қажеттігін рас-
тап отыр, себебі көбінесе жұбайлардың жеке 
жақтырмаушылық қатынастары сот тартыстарының 
басты уәжі болып табылады. Психолог талапкер 
мен жауапкерге тестілеу өткізе отырып, олардың 
жанжалдарының себептерін анықтайды және та-
раптар татуласпайтын жағдайда тараптарға дауды 
бейбіт жолмен шешудегі өзінің нұсқасын ұсынады. 
Психологты он жасқа толған бала пікірінің 
шындығына күмәнданған жағдайда да тарту 
қажет. Психолог кеңестерінде, әдетте, баланың 
ата-анасының қайсысымен тұрғысы келетіні ту-
ралы шынайы қалауы баяндалатын болады.
Мысалы, С-ның (баланың әкесі) К-ға (баланың 
анасы) 11 жасқа толған баланың тұратын жерін 
өзгерту туралы талабы жөніндегі іс бойынша 
тараптардың әрқайсысы сотқа өз психологтарын 
ұсынды. Өтініштер қанағаттандырылды және іс 
бойынша маман ретінде екі психолог тартылды 
және олардың әрқайсысы зерттеуді жеке жүргізді.
Психолог-маман Б-ның 28.05.2012 ж. 
қорытындысына сәйкес А. деген бала отбасылық 
және жұбайлық қақтығыстардың куәгері және 
қатысушысы болып табылды. Баланы ұрып-
соққан. Құрылысының ерекшеліктеріне байла-
нысты аталған бала қоршаған ортаның кейбір 
құбылыстарын, атап айтқанда, жанжалдарды, 
ұрып-соғуды және анасының спиртті ішімдіктер 
қолдануын қабылдай алмайды, ал бұл бала пси-
хикасына кері әсерін тигізеді. Аталған кезеңдегі 
баланың жеке тұлғасының клиникалық картинасы 
оның ауруының түріне ғана емес, сонымен қатар 
психикалық зардап тартуымен және осы зардап 
әсерінен аталған баланың уайым шегуімен бай-
ланысты. А. деген баланың әкесіз өмір сүруі оның 
психикалық та, жеке және адамгершілік дамуына 
да қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Б. деген маман сот отырысында А деген баланың 
әкесіне деген психологиялық жақындығы 
байқалатынын түсіндірді. Ал тестілеу нәтижесі 
әкесінің дұрыс әке бола алатынын айқын көрсетті. 
Баланың бойынан сондай-ақ тұйық агрессия 
байқалды, бұл – оның іштей қақтығысы болып 
табылады.
 Маман Г-ның 30.05.2012 ж. қорытындысына сәйкес, 
әкесі мен анасының қарым-қатынасын анықтауға 
арналған 20 тапсырманың 11 жағдайында А. де-
ген бала әкесін таңдады, оның үстіне ұстанымды 
таңдаған кезде қашан да әкесімен қатар, ал ана-
сынан алысырақ орынды таңдады. Бір жағдайда 
ғана бала анасын таңдады. Бұл – баланың сезім 
жағынан анасына қарағанда әкесіне жақын 
екенін білдіреді. А.өзін бір топ адамның арасы-
на орналастыруы керек болатын барлық сурет-
терде үнемі шеткі, оқшау орындарды таңдады. 
Көшбасшылыққа ұмтылыс жоқ, сыналушы тіпті 
елеусіз болып қалуға тырысады. Бұл факті баланың 
толыққанды қалыптаса алмай отырғанын тура-
лы ойға жетелейді. Бала ата-анасының тыйым са-
луына қатысты сұрақтарға «ештеңе айтпаймын» 
деп жауап берді. Яғни бала өзінің қорғаныш агрес-
сиясын басуды үйрене бастаған. Уақыт өте келе 
агрессиясын басу психосоматикалық аурулардың 
дамуына әкелуі ықтимал. Фрустрацияға реак-
циясы дұрыс емес: оны күлкіге айналдыратын 
жағдайларда немесе біреулер әдейі итеретін кез-
дерде «иығымды көтеремін» деп жауап берді. 
Бұл тағы да қорғаныш агрессиясын көрсетуге 
қорқатыны туралы хабар береді. Негізінен бала 
әкесімен немесе тәтесімен бірге болуды жақсы 
көреді. Сөйтіп, сыналушы әбден қорқып қалған, 
қақтығыстардан қашудың және қорғаныш агрес-
сиясын басудың қорғаныш тетіктері қалыптасып 
үлгерген, толыққандылық емес кешені қалыптаса 
бастағаны көрінді. Отбасының суретін салған 
кезде сыналушы ұзақ уақыт өз анасын сала алма-
ды, салғысы келмей, қатты қарсылық білдірді. 
Осы факті баланың анасынан және ата-анасының 
арасындағы жанжалдардан қорқып қалғаны ту-
ралы ойларға жетелейді. Сондай-ақ отбасының 
суретін салған кезде бала өзін әкесінің жанына, ал 
анасынан алысырақ бейнеледі. Отбасын жануарлар 
түрінде суреттеген кезде бала барлығын ит етіп 
салды. Бұл сыналушының отбасының бірлігі мен 
ұйымшыл болуын қалайтыны туралы хабар береді. 
Осы суретте анасын «лайка» деп атады, бұл 
баланың анасынан ұрысты көп еститіні туралы 
мәлімет береді. Жалпы алғанда, баланың қалыпты 
дамуы үшін материалдық қамтамасыз ету мен 
моральдық нормаларды орындауын талап етуге 
қарағанда сезім жылуының маңызы аса жоғары. 
Анасының баласымен өзара қарым-қатынасын 
қадағалай отырып, маман анасында баланы ешбір 
еркелетпей, қатаң тәрбиелеу керек деген сенім ба-
рын байқады. Ал соншалықты жан жылулығы мен 
мейірімді маман сезінбеді.
 Осылайша, психолог-мамандар қорытындыларынан 
А деген баланың әкесі С-мен тұруды қалайтыны 
және бұл баланың қалыпты тән саулығынан 
және адамгершілік дамуынан жағымды көрінетіні 
байқалады. А деген баланы анасының ұрып-соққаны 
туралы талап арыздың тұжырымдары аталған 
қорытындылармен расталады. А деген бала өзінің К 
деген анасымен тұрған кезде одан моральдық қысым 
көрген, ұрыс естіген, нәтижесінде бала қатты 
қорыққан және онда өзін толыққанды сезіне ал-
майтын қор санау сезімі қалыптаса бастаған. Сот 
аталған жайттар баланың қалыпты психикалық 
дамуына теріс әсер етуі мүмкін және баланың 
бойында психосоматикалық аурулардың дамуына 
әкелуі мүмкін деген тұжырымға келді.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау