ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет31/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79

65
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Е
гер тарихи деректерге жүгінсек, алғашқы 
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 
мамандандырылған соттар XIX ғасырдың 
70-жылдарында АҚШ-та, Чикагода пайда болған. 
Кейіннен ювеналдық әділет идеясы Ұлыбританияда 
дами түсіп, мұнда 1908 жылы балалар мен жастар 
туралы бірқатар заңдар қабылданды. Францияда 
алғашқы жасөспірімдер соты 1914 жылы құрылған. 
Ресейде оның бұрынғы нормативтік актілерінде 
кәмелетке толмаған құқық бұзушының айрықша 
мәртебесі бекітілген. XVIII ортасына қарай 
ювеналдық әділет жүйесін құру белгілері 
байқалған. Мысалы, Сенаттың 1744 жылғы 
Жарлығында 14 жасқа дейінгі балаларға ересек-
терге қатысты жаза түрлерін қолдануға болмай-
тыны айқындалған. Екатерина II патшайым өз 
Жарлығымен 18 жасқа дейінгі балалардың істері 
қаралатын «ар-ұждан сотын» құрды. 1864 жылы, сот 
реформалары кезеңінде, бұрын жалпы түрмелерде 
ұсталған, құқық бұзған балалар үшін жекелеген 
түзеу мекемелерін құруға шешім қабылданды. 1866 
жылы 10-нан 16 жасқа дейінгі балалар үшін тәрбие-
түзеу мекемелері құрылды: қалаларда – баспаналар, 
селолық жерлерде – колониялар құрылды. Оларды 
қоғамдық ұйымдар немесе жеке адамдар құрды. 
Уақыт өте кәмелетке толмағандардың айрықша 
мәртебесіне қатысты жағдай өзгерді. Ресейде 
1910 құрылып, 1918 жылға дейін жұмс істеген 
жасөспірімдер соттарының құрылуы маңызды 
оқиға болып табылды. Жас кеңес мемлекетінің 
қалыптасуы кезеңінде жас өспірімдер әділеті 
жүйесін құру идеясы одан әрі дами алмады. 
Қазіргі уақытта дамыған шетелдерде ұлттық 
ювеналдық әділет жүйесі дамып жетілдірілуде. 
Әлемде ювеналдық әділет жүйесінің: англо-
американдық, континенталдық, скандинавтық 
және басқа да бірнеше үлгілері қалыптасқан. Же-
келеген мемлекеттерде жасөспірімдер мекемелері 
жүйесі тек сот органдарымен шектелсе, басқа мем-
лекеттерде балаларға қамқорлық идеясы аяқталған 
«ювеналдық әділет жүйесі» түрінде кеңейе түсті, 
оған соттармен бірге, кәмелетке толмағандар және 
оларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерімен айна-
лысатын әртүрлі мекемелер кірген. Финляндияда 
және Скандинавия елдерінде жасөспірімдер соты 
жоқ, бірақ кәмелетке толмағандар істері бойынша 
іс жүргізуді балалар мен жасөспірімдер әл-ауқаты 
істері жөніндегі комитет жүзеге асырады. Австри-
яда, Испанияда, Португалияда, Жапонияда, Поль-
шада және басқа да елдерде аралас қылмыстық 
және азаматтық заңдық қаралумен кәмелетке 
толмағандар істері жөніндегі соттар жұмыс істейді.
Бұл ретте, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар 
істері жөніндегі мамандандырылған соттар жұмыс 
істейтін барлық елдерде олардың құқық бұзған 
кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық 
жазалау емес, тәрбиелік ықпал ету шараларын 
қодануға бағдарланғанын атап өту қажет. Соны-
мен қатар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 
соттардың жалпы заңдылық бойынша істерді 
қарайтын соттардың қызметінен басты өзгешелігі – 
бұл, кәмелетке толмағандарға қатысты алғанда, сот 
қызметінің жекенің әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі 
және қоғамға жат қылықтары салдарынан, кәмелетке 
толмаған баланың бұзылған немесе үзілген 
қоғамдық байланыстары мен қатынастарын қалпына 
келтіруге, құқық бұзудың салдарын жоюға және 
құқық бұзушыға тәрбиелік ықпал етуге бағытталған 
әлеуметтік бағдарлануы болып табылады. 
Қазақстан тәуелсіздік алған кезде ТМД және 
Шығыс Еуропаның басқа да елдері сияқты тиімді 
ювеналдық әділет жүйесі болмады. Бірақ 2001 оны 
әзірлеуде бастамашылық жасау жөнінде белсенді 
жұмыс басталды. 
Алматы қаласының Әуезов ауданында және Ал-
маты облысының Қарасай ауданында екі сот 
қызметінің негізінде халықаралық ұйымдардың 
жәрдемімен 2002-2006 жылдары Қазақстанның 
мемлекеттік органдары жүргізген, «Қазақстандағы 
ювеналдық әділет» пилотты жобасы кәмелетке 
толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған 
соттарды және кәмелетке толмағандарды құқықтық 
қорғау жүйесін құруға ұласты. 
Жобаны іске асыру барысында халықаралық нор-
малар, әлемдік тәжірибе, ұлттық заңнаманың 
және сот төрелігінің ұйымдық негіздерінің қазіргі 
халықаралық стандарттарға сәйкестігі зерделенді. 
1-бөлім. 
кәмелетке толмағандар 
істері жөніндегі соттарды 
құрудың тарихи кезеңдері мен 
алғышарттары  


66
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттардың қызметі
3-тарау.
Жобаның нәтижелері бойынша қолданыстағы 
заңнаманы жетілдіру, озық әдістемелерді енгізу, 
ювеналдық әділет органдарын құру жөнінде 
ұсыныстар енгізілді. 
2007 жылғы 30 наурызда Қазақстан 
Республикасының Президенті жанындағы 
Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысында 
Қазақстанда ювеналдық әділет жүйесін құру тура-
лы мәселе қаралды және кәмелетке толмағандар 
үшін әділет жүйесін құрудағы негізгі көзқарастар 
қолдау тапты. Мемлекеттік органдарға ювеналдық 
әділет бойынша арнайы қызметтер үлгілерін 
әзірлеуді аяқтау ұсынылды. 
«Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 
мамандандырылған ауданаралық соттар құру ту-
ралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 
2007 жылғы 23 тамыздағы № 385 Жарлығының 
қабылдануы кәмелетке толмағандардың істері 
жөніндегі соттар құру үшін негіз болып табылды, 
осыған сәйкес Астана және Алматы қалаларында 
Қазақстан Республикасының заңнамалық 
актілеріне сәйкес кәмелетке толмағандарға 
қатысты қылмыстық істерді, әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы істерді және олардың мүдделері 
қорғалатын азаматтық істерді қарауға уәкілетті, 
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 
мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 
жылғы 19 тамыздағы № 646 Жарлығымен Қазақстан 
Республикасында 2009-2011 жылдарға арналған 
ювеналдық әділетті дамыту тұжырымдамасы 
мақұлданды, осыдан кейін 2008 жылғы 18 қарашада 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 
аталған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-
шаралар жоспары бекітілді. Осылайша, Қазақстан 
Республикасында ювеналдық әділет жүйесінің 
кезеңді қалыптасуы басталды. Жүйенің тиімді 
жұмыс істеуі үшін Әділет, Ішкі істер, Білім және 
ғылым министрліктерінде, прокуратурада, ав-
докатурада кәмелетке толмағандармен жұмыс 
жөнінде мамандандырылған бөлімшелер, сондай-
ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 
мамандандырылған соттар құру міндеттелді. 
2012 жылғы 4 ақпанда «Кәмелетке толмағандардың 
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 
соттар құру және Қазақстан Республика-
сы Президентінің кейбір Жарлықтарына 
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Респу-
бликасы Президентінің № 266 Жарлығына 
сәйкес Қазақстанның барлық жерлеріндегі 
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 
мамандандырылған соттарды институционалдау 
жүргізілді.  


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау