35
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Б
ҚК-нің 20-бабында бала асырап алу балаға
балама күтім түрі ретінде аталған. 21-бап-
та ел ішінде бала асырап алудың және
халықаралық бала асырап алудың неғұрлым өзіндік
ерекшеліктері бар қағидаттары мен ережелері
ұсынылған.
46
Баланың басым мүдделері тек «бірінші дәрежелі
мәнге» емес, басым мәнге ие болуы кез келген бала
асырап алудың жалпы қағидаты болып табылады.
Ұлттық заңнамада ішкі және сыртқы бала асырап
алудың ережелері белгіленген. Оған баланы асы-
рап алу мүмкіндігі, сондай-ақ, ата-аналардың/ата-
ананың, баланың қамқоршысының және басқа да
жақын адамдарының (егер бала жетім болса, оның
отбасы мүшесінің) немесе құзыретті органдардың
келісіміне қатысты ереже талаптары енуі керек.
Сонымен қатар баланың өз ой-пікірін толыққанды
жеткізе алу мүмкіндігін қарастыратын ережелер де
қамтылуы тиіс. Асырап алуға жататын көптеген
балалар балама қамқорлыққа алынады (бала-
лар үйлерінде). Балама күтімге қатысатын адам-
дар баланың пікірін тыңдау процесіне тартылуы
мүмкін.
21-бапта халықаралық бала асырап алудың соңғы
шара екені ескертілген: Бала асырап алушы отбасын-
да уақытша немесе тұрақты орналастырылуы мүмкін
болмаған немесе өз мемлекетінде қажетті күтім ала
алмаған жағдайда, халықаралық бала асырап алу
туралы мәселе қаралуы мүмкін. Халықаралық бала
асырап алу туралы мәселені қарайтын судья баланы
ел ішінде асырап алушы отбасында уақытша неме-
се тұрақты орналастыру үшін қабылданған шаралар
және олардың нәтижелері сәтсіз болғаны туралы
ақпарат алуы қажет.
Сондай-ақ, 21-бапта халықаралық бала асырап алу
ісіндегі қорғау шаралары мен стандарттар ел ішінде
қолданылатын, бала асырап алу ісіндегі қорғау ша-
раларына және стандарттарға ұқсас болуға, сондай-
ақ, халықаралық бала асырап алу ісіне тартылған
адамдардың заңсыз қаржылық пайда табуына жол
бермеу жөнінде қолданылған шаралар болуға тиіс
екені белгіленген.
2010 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Балаларды қорғау
және халықаралық бала асырап алуға қатысты
ынтымақтастық туралы конвенцияны (1993) рати-
фикацялады. Бұл халықаралық бала асырап алуға
қатысты Қазақстан заңдары мен стандарттары осы
Конвенцияға сәйкес болуға тиіс екенін білдіреді.
Конвенцияның мақсаты:
•
халықаралық бала асырап алудың баланың ба-
сым мүдделеріне сай болуын кепілді ету;
•
мұндай кепілдіктердің пәрменділігін
қамтамасыз ету үшін уағдаласушы мемлекеттер
арасында ынтымақтастық жүйесін құру;
–
уағдаласушы мемлекеттердің тек осы
Конвенцияға сәйкес бала асырап алуды тануын
қамтамасыз ету болып табылады.
Конвенцияға баланың асырап алуға жарамдылығы,
асырап алушы ата-аналардың өтінішінің құқықтық
негізділігі және қажетті келісімі жөнінде ере-
желер енгізілген. Конвенцияның едәуір бөлігі
(6-22-баптар) уағдаласушы мемлекеттер-
де Орталық органдар (ОО) құруға, олардың
қызметтері мен міндеттеріне, сондай-ақ, олардың
ынтымақтастығына және халықаралық бала асы-
рап алу процесінде көмекшілер немесе делдал
ретінде қызмет атқаратын агенттіктерді аккредит-
теу шарттарына арналған. 23 және 27-баптарға
халықаралық бала асырап алуды тану және салдары
туралы ақпарат енген. Соңғы VI және VII тараулар
(28-48-баптар) жалпы және қорытынды ережелер-
ден тұрады.
Тарауда осы Конвенцияның ережелері толық
қарастырылмайды. Осыған байланысты мынаны
атап көрсетуге болады:
•
Конвенцияда баланың тұрақты тұратын жері
болып табылатын «шыққан мемлекеті» мен
шыққан елінде асырап алынғаннан кейін қоныс
аударған немесе қоныс аударатын «қабылдайтын
мемлекеті» арасында не қабылдайтын мемлекет-
те немесе шыққан мемлекетте мұндай асырап алу
мақсатындағы айырмашылықты қарастырады
(2-бап).
6-бөлім.
бала асырап алу және бала
асырап алу туралы гаага
конвенциясы
46 Балама күтім жөніндегі басшылыққа алынатын нұсқаулар асы-
рап алушы ата-аналар атқаратын күтімге қатысты қолданылмайды,
өйткені бала асырап алынған сәттен бастап ата-аналардың күтіміне
алынған деп есептеледі (30 (b)-тармақ)