Технологиясы


Трансформаторлық майды тазарту және кептіру



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет202/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Трансформаторлық майды тазарту және кептіру 
Трансформаторлық май сапасынан трансформатор жұмысының 
сенімділігі және ұзақтығы тәуелді. Трансформатор зауыттан оны 
жұмысқа қосу алдында алынған мәндермен шығарылған кезде майдың 
тексу беріктігін салыстырып, трансформатордың ылғалдану дәрежесін 
анықтауға болады. 
Майдың басқа сипаттамалары да жоғары маңызға ие. Жарқыл 
температурасының төмендеуі және қышқылдық санының артуы 
трансформатордың шамадан тыс жергілікті қызуы нәтижесінде майдың 
ыдырауына көрсетеді. Майдың тұрақты тотығуы пайдалану кезіндегі 
трансформатордың жоғары температурасымен (80...90°С дейін), тура 
күн сәулелерінің, лак оқшауламасына кіретін химиялық заттардың, 
ылғалдың және металдардың (әсіресе мыстың) әсерімен шарттасқан. 
Су, майдың электрлік беріктігін төмендетумен қатар, оның 
тотығуының және оқшауламаның, әсіресе мақта-қағаз оқшауламаның 
ыдырауының процестерін жеделдетеді. 
Трансформаторлық май бірқатар талаптарды қанағаттандыруы тиіс: 
трансформатордың қыздырылған бөліктерінен жылуды жақсы шығару, 
жоғары жылу сыйымдылығына және жылу өткізгіштігіне ие болу, 
сонымен қатар кіші тұтқырлық; құрамында күкірт қышқылы жоқ, 
себебі осы заттардың тіпті мардымсыз мөлшері де орамалар 
оқшауламасын ыдыратуы мүмкін; жоғары электрлік беріктікке ие болу, 
яғни құрамында оны лезде төмендететін су болмау керек. Майдың 
тұтану температурасы трансформатордың жұмыс температурасынан 
(әдетте 180 °С) айтарлықтай жоғары болуы тиіс. 
Трансформаторлық май ескіреді, яғни уақыт өте майдың 
оқшауламалық қасиеттері нашарлайды, сондықтан оны бөгде заттардан 
периодты тазарту керек, ал белгілі бір уақыттан кейін ауыстыру керек. 
Ескіру кезінде түзілетін шайыр тәрізді қоспалар ыстық майда ерімейтін 
және еритін болуы мүмкін. Трансформатордың орамаларында және басқа 
бөліктерінде тұнба түрінде шөгіп, олар қыздырылған бөліктерден 
жылудың шығарылуын қиындатады, ал майда еріп, оның электрлік 
беріктігін айтарлықтай нашарлатады. Майдың ескіруі процесінде онда 
сонымен 
қатар 
қышқылдар 
және 
ылғал 
түзіледі, 
олар 
трансформаторлардағы оқшаулама деңгейін лезде төмендетеді. 
Трансформаторлық майды сынаудың үш әдісін пайдаланады: толық 
химиялық талдама, қысқартылған талдама және тек электрлік беріктікті 
анықтау. Тапсырыс беруші-кәсіпорындарда бар және трансформаторға 
құю немесе толықтыра құю үшін арналған трансформатор майы толық 
химиялық талдамадан өтеді, ал өндіруші зауыттан келіп түскен 
трансформаторлар бактарынан алынған май – қысқартылған. Тесуге 
қатысты сынақтар кезінде нормаларға жауап беретін май кептіріледі. 
Трансформаторды кернеу астында қосу алдында бактан 
қысқартылған талдама үшін майды қайтадан іріктеп алады, осы 
талдама электрлік беріктікті, жарқыл температурасын, қышқылдық 
санын және сумен сору реакциясын немесе қалқыма көмір және 


473 
механикалық қоспалар құрамын анықтауда негізделеді.
Толық талдама МЕСТ 10121-76 сәйкес барлық көрсеткіштер 
бойынша жүргізіледі. 
Трансформаторларда май сынамаларын іріктеу үшін сәйкес 
шүмектер және тығындар қарастырылған. 
Сынаманы жоғары ұқыптылықпен іріктеу керек, себебі осы 
жағдайда майға түскен дақтар, талшықтар, шаң және ылғал өлшеу 
нәтижелерінің ауытқуына және оның жағдайы туралы дұрыс емес 
қорытындыға алып келуі мүмкін. 
Трансформаторлардан майды іріктеу шарттары 13.3 кестесінде 
келтірілген. 
Зиянды қоспаларды және ылғалды шығару мақсатында май 
центрифуга (айырғыш) және сүзгі-сығымдағыш көмегімен тазартылады 
және кептіріледі. Әдістер сипаттамалары және майды тазарту және 
кептіру бойынша операциялар 13.4 кестесінде келтірілген. 
Пурификацияға арналған айырғыш барабанында аузы бар жоғарғы 
тәрелке және жеткізу саңылаулары бар төменгі тәрелке бар, ал 
кларификацияға арналған айырғыш барабанында аузы жоқ тәрелке 
және жеткізу саңылаулары жоқ төменгі тәрелке бар, осы жағдайда 
соңғысының өнімділігі шамамен 25...30 % жоғары, демек, ол 
трансформатор майын тазарту кезінде басымдықты қолданысқа ие. 
Майды механикалық тазарту кезінде (центрифугалармен және сүзгі-
сығымдағыштармен) майда тек ерімеген күйде болатын өнімдер – су, 
көмір, механикалық қоспалар шығарылады. Майдағы ауа оның 
ескіруінің 
процесін 
жеделдетеді, 
сондықтан 
вакуумды 
центрифугаларды пайдаланған жөн. 
Май тазарту аппаратын және майда қоспалардың болуына 
байланысты оны қыздыру температурасын таңдау бойынша ұсыныстар
13.5 кестесінде келтірілген. 
Құрамында ылғалдың (шикі) елеулі мөлшері бар майды тазартуды 
алдымен пурификация әдісімен, кейін кларификация әдісімен немесе 
сүзгі-сығымдағышпен жүргізу керек. Центрифуга және сүзгі-
сығымдағыш бірізді қосылған кезде кіретін май температурасы 
центрифуга үшін көрсетіледі. 
Майды құрастыру жағдайларында кептіру үшін айырғышпен және 
басқа қажетті жабдықтармен толымдалған автотіркеме негізіндегі 
жылжымалы шеберханаларды пайдаланады. 
Центрифугамен немесе сүзгі-сығымдағышпен майды кептіру және 
тазарту – ұзақ және ауқымды процесс, мысалы, 45...50 т майы бар 
ыдысты кептіру жеті тәулікке дейін созылады. 
Трансформаторды кептірудегі қажеттілік тек оны тасымалдау, 
сақтау және құрастыру бойынша ережелер бұзылған кезде туындауы 
мүмкін. 


474 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау