3.5.2 Вакуум қысқылар. Вакуум қысқылар мынадай орнықтандыру сұлбаны материалдайды
3.13-сурет – Тілімшенің вакуум қысқыда орнықтандырылу сұлбасы
3.14-сурет – Вакуум қысқының сұлбасы
А қуыстан ауа форвакуум сорғышпен шығарылады. Бірақ онда ауаның қалдық қысымы болады рқал, сондықтан тетіктің сыртқы бетіне ауаның көрсететін қысымы
р = ратм – рқал , (3.30)
мұндағы ратм – атмосфералық қысым,
рқал – А қуыстағы қалдық қысым,
Әдетте рқал = 0,01 – 0,015 МПа.
Тетікті қысып бекітетін күш
Q = F(ратм - рқал), (3.31)
мұндағы F – вакуум қуыстың жұмыс бетінің пайдалы көлемі
F = , (3.32)
мұндағы D – қымтағыш сақинаның диаметрі.
Вакуум бөлмешіктер екі түрде жұмысқа қосылады (3.15 сурет).
Vc
3.15 сурет, 1 бет
5
Б
А
4
6
6
3
V1
2
1
б)
3.15 сурет, 2 бет – Вакуум бөлмешіктің жұмысқа қосылу сұлбалары
Вакуум қыспақтың жұмысқа қосылу мерзімі вакуум бөлмешікті ауадан босатылу уақытымен байланысты. Вакуум бөлмешік вакуум сорғышпен тікелей қосылса, онда уақыт мына формуламен есептеледі
мин , (3.33)
мұндағы Vc - жүйенің көлемі, (вакуум қуысының), см3;
Qн – сорғыштың өнімділігі, см3\мин;
рн – вакуум сорғыштың қысымы, кгс\см2;
р – жүйедегі керекті қысым, кгс\см2 .
Егер қуыс форвакуум сорғышпен қойма арқылы қосылса, онда ауаның қысымы кенеттен өзгеріп түседі. Бірақ вакуум қоймадағы қысым жүйедегі керекті қысымнан төмен болу керек
р1 = кгс\см2 ., (3.34)
мұндағы V1 – вакуум қойманың көлемі, см3.
Вакуум сорғыш үзіліссіз жұмыс істегенде қоймадағы қысымның өзгеру графигі 3.16-суретте көрсетілген.
3.16-сурет – Қоймадағы қысымның өзгеру графигі
Нүкте а1 қойманың жүйеге қосылу мерзіміне сәйкес, кесінді а1а вакуумның азайуын сипаттайды. Сызық ав вакуумның механикалық өңдеу кезінде өзгеруін көрсетеді, в нүктеде құбыршүмек (6) жабылады. Сызық ва1 вакуумның бастапқы мәнге дейін өсуін көрсетеді. Арақашықтық а1в1 нүктелер арсындағы негізгі, а1а1 нүктелер арасындағы операцияның оперативті уақыттарға тең. Арақашықтық в1 нүктемен а1 нүкте арасындағы өңделген тетікті түсіру және өңделетін дайындаманы қондыру уақытқа тең. Егер осы уақытты негізгі уақыттан едәуір аз деп есептесек, онда вакуум жүйенің тұрақты жұмыс істегендегі оперативтік уақытты мына формуламен есептеуге болады
tоп/ = мин. (3.35)
Вакуум қыспақтар жеңіл тетіктерді тасымалдауға қолданылады.
Бұлардын негізгі тиімді жері олар әр түрлі материалдардан жасалған тетіктерді қысып бекітеді, мысалы болаттан, шойыннан, түрлі түсті металдардан, пластмассалардан және басқа. Тиімсіз жерлері құрылымы күрделі, ерекше вакуум сорғыштың керектігі, қысатын күштің төмендігі. Вакуум қысқылар жұқа тілмешік тәрізді тетіктерді таза өңдеу операциаларда қысып бекітуге қолданылады, яғңи мұнда жұқа әдіп кесіледі, сондықтан төмен кесу күштер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |