3.12 сурет – Диафрагма пневможетектің сұлбасы
Диафрагма жетегінің Q күшінің шамасы өзгереді. Қысылған ауа А қуысқа берілсе, онда соташықтың бастапқы орнында пайда болған күшті мына формуламен есептеуге болады
Q = (D + d)2ра – q, (3.26)
мұндағы D, d – диафрагманың және соташықтың өкшесінің диаметрлері;
Ра - ауаның қысымы;
q - қысылған серіппенің кедергі күші.
Табақшалы не жазық диафрагмалы жетектің соташығы 0,3D қашықтыққа қозғалса, онда күш мына формуламен есептеледі
Q = (D +d)2ра – q. (3.27)
Резеңкеден жасалған жазық диафрагмалы жетектің бастапқы орнындағы күш
Q = d2pа – q. (3.28)
Егер соташық 0,22D қашықтыққа жылжыса онда өзгерген күш
Q = 0,9d2pа – q. (3.29)
Осы жетектің тостағандары сұр шойыннан СЧ 21, 35 болаттан, АЛ9В, АЛ10 алюминий қортпаларынан. пластмассадан жасалады. Соташық және оның өкшесі 35 болаттан жасалады.
Диафрагмалы жетектің пневмоцилиндрмен салыстырғандағы артық жерлері:
- құрылымы қарапайымды;
- арзан;
- жетектің биіктігі ықшамды.
Диафрагма жетектің кемістігі – соташықтын аз қозғалу мүмкіншілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |