Т.Ш. Баймагамбетов
Технологиялық құрал-саймандарды жобалау
050712, 5В071200 – Машинажасау мамандығының студенттеріне арналғаноқу-әдістемелік құрал
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Т.Ш. Баймагамбетов
Технологиялық құрал-саймандарды жобалау
050712, 5В071200 – Машинажасау мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал
Павлодар
Кереку
2011
ӘОЖ 621.9.07(075.8)
КБЖ 34.63-5я73
Б20
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің
металлургия, машинажасау және көлік факультетінің
оқу-әдістемелік кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
Шумейко И. А. – техника ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры
Годына Н. Н. – техника ғылымдарының кандидаты, Инновациялыыұ Еуразия университетінің профессоры
Баймағамбетов Т. Ш.
Б20 Технологиялық құрал-саймандарды жобалау: 050712, 5В071200 – Машинажасау мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал /Т.Ш. Баймағамбетов Т. Ш. – Павлодар : Кереку, 2011. – 186 б.
«Технологиялық құрал-саймандарды жобалау» пәніне арналған оқу-әдістеме құрал 050712, 5В071200 «Машинажасау» мамандығы бойынша дәріс жүргізуге арналған. Мұнда жұмыс бағдарламаға қатысты мәліметтер, оларды тәжрибелік және ғылыми жетістіктерге сәйкес жобалау әдістемелер, оларға қатысты есептер жүргізу реттері көрсетілген. Сондықтан осы оқу-әдістеме құрал тәлімгерлерге білім алуға, пәнді игеруге және болашақта зауыттарда технологиялық құрал-саймандарды жобалайтын инженер-конструктор міндетін атқаруға ықпал көрсетеді.
Оқу-әдістеме құрал ЖОО машинажасау мамандықтарының студенттеріне ұсынылады.
ӘОЖ 621.9.07(075.8)
КБЖ 34.63-5я73
© Баймағамбетов Т. Ш., 2011
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2011
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты.
Кіріспе
Қазақстанның экономикасы дамуы үшін және Қазақстан өркениетті, дамыған ел болу үшін өңдеу өндірісін дамыту қажет. Оның ішінде машина жасау саласы маңызды орын алады.
Машина жасау саласының негізгі мақсаты жоғары сапалы, бүкіл дүниежүзілік стандарттарға сәйкес машиналар, автокөліктер, тракторлар, тоңазғыштар, ұшақтар, кемелер, тепловоздар, өндіріс жабдықтар және басқа түрлі техниканы шығару. Машина жасау саласының, басқа өндіріс саласымен салыстырса, ерекше орны бар, яғни осында халық шаруашылығына қажет өндіріс жабдықтары, халық пайдаланатын түрлі машиналар жасалып шығарылады.
Дамыған елдерде Америка Құрама Штаттарында, Франция, Германия, Италия, Жапония, Швеция және басқа мемлекеттерде машина жасау саласы биік жоғары деңгейде дамыған. Сондықтан машина жасау саласын дамыту өте қажет. Машина жасау саласын дамытуға жаңа түрлі машина жасау зауыттар салып іске қосу, жаңа жабдықтар өндіріске келтіру мен бірге еңбекті ұйымдастыру, техниканың қолдануын жақсартып, жабдықтардың құрылғысын жақсарту, прогрессивті технологиялар мен технологияны жабдықтайтын құралдар қажет.
Технология процесстерінің деңгейін көтеруге технологиялық құрал- саймандардың орны ерекше. Қазіргі машина жасау өндірісінде әр бір технологиялық процесстер технологиялық құрал-саймандарсыз өтпейді. Мысалы, ірі сериялы және жаппай өндірістерде бір технологиялық процеске орташа 10-15 технологиялық құрал-саймандар қажет, шағын сериялы және жеке өндірістерде әрбір технологиялық процесіне 5-10 технологиялық құрал-саймандар керек. Технологиялық құрал-саймандарды жобалау, оларды жасап шығару жұмыстары, өндірісті технологиялық дайындау кезіндегі 80% еңбек сыйымдылығын құрайды және 90 %-ға дейін уақыт алады. Қазіргі уақытта технологиялық құрал-саймандарды жобалау және оларды пайдалану жумыстарынан көп тәжірибе бар.
Технологиялық құрал-саймандарды жобалау және оларды есептеу ғылыми негіздерін қалаушылары Балакшин Б. С., Ансеров Т. А., Корсаков В. С, Колесов И. М. және басқа кеңес ғалымдары аумақты үлес қосты.
«Технологиялық құрал-саймандарды жобалау» пәннің машина жасау бакалаврын маман ретінде оқытып шығаруда өте маңызды орны бар. Осы пәнді оқығанда студенттер механикалық өңдеу жұмыстарына, құрастыру және сапаны бақылау жұмыстарына қажет технологиялық құрал-саймандарды жобалау және оларды есептеу әдістерін игеріп менгерулері тиісті. Тәлімгерлер тәжірибе түрінде жабдықтарды дәлдікке, қатаңдыққа, беріктікке, қысып бекіту күштерді есептеу, стандартты және нормаға келтірілген тораптар мен бөлшектерді, тетіктерді таңдау, обаланған жабдықты білдекпен сәйкестіріп келтіруін білулері абзал. Тәжірибені студенттер «Технологиялық құрал-саймандарды жобалау» пәнінен курстық жұмыста, «Машинажасау технология» пәнінен курстық жобада, дипломдық жобада және осы пәннен лекциялар мен қатар тәжірибе сабақтарында алалады.
Осы пәнді оқытудың түпкі мақсаты студенттерді машинажасау эауыттарда құрал-саймандардың инженер-құрылымдаушы міндетін атқаруға дайындау. Бұл пән «Машинажасау технологиясы», «Материалдар кедергісі», «Өзара ауыстырымдылық», «Метрология, стандарттау және сертификациялау», «Кесу теориясы», «Конструкциялық материалдар және термоөңдеу» және басқа пәндермен тығыз байланысты.
1 Жалпы түсініктер
Технологиялық құрал-саймандар технология процестерін жүргізгенде өте кажет құрал. Өңделіп шығарылатын бөлшектің дәлдігіне құрал-саймандар ықпалдасып, сапаны жетілдіру, өңдеу жұмысын оңайлатады және оның өнімділігін ұлғайтады, еңбектің мәдениетін және оның қауіпсіздігін көтереді. Осы бөлімде технологиялық құрал-саймандар туралы жалпы түсініктер және құрал-саймандардың технологиялық процестердегі орнын, құрал-саймандардың сұрыптау түрлерін анықтаймыз.
1.1 Технологиялық құрал-саймандардың атқару міндеті
Құрал-саймандар өндірістің бір қару түрі, білдек – құрал-сайман – кесу құрал – тетік (БҚСАТ) технологиялық жүйенің бір буыны; ол тетіктің және кесу құралдың координаттық жүйелерін білдектің координат жүйесімен байланыстырады. Ондағы мақсат тиісті сапаны жеткізіп тетікті өңдеу. Мысалы, вертикальді - бұрғылайтын білдекте өңдеу жұмысы. Мұнда құрал-сайманның бір түрі – көмекші құрал сайман. Көмекші құрал кескіш құралды негіздейді және кескіш құралдың координаттық жүйесін (Xри, Yри, Zри) білдектің координаттық жүйесімен (Xст, Yст, Zст) байланыстырады.
ᄃ
1.1-сурет – Білдек – тетік – құрал-сайман – кескіш құрал (БТҚСКҚ) технологиялық жүйенің буындарының координаттық жүйелерінің сұлбасы
Әр бір құрамдас элементтің өзінің координаттық жүйесі болады:
Xви , Yви , Zви – көмекші құралдың координаттық жүйесі;
Xпр , Yпр , Zпр – қондырғы - қыспақ элементтің координаттық жүйесі;
Xст , Yст , Zст – білдектің координаттық жүйесі;
Xри , Yри , Zри – кесу құралдың координаттық жүйесі;
Xд , Yд , Zд – тетіктің координаттық жүйесі.
Тетіктің өңделгенде керекті сапасы осы жоғарыда көрсетілген координаттық жүйелердің бір-бірімен байланыс дәлдіктерінің тікелей әсерлері бар.
Мысалы, тетіктің тесігін қырнау, білдекте құрал-сайманмен және оныңсыз өңделуін салыстырайық.
1.2-сурет – Құрал-саймансыз тесікті кеулейжону операциясы
1.2-суретте тетік астына тақтайшалар қойылып кеулейжону білдегінің үстелінде орнатылды. Тетіктің тесігімен табанының арасындығы өлшем дәлдігі технологиялық жүйенің өлшем тізбегін баптау арқылы жетіледі
А= А1 – А2 – А3 – А4 – А5 . (1.1)
Өлшемдер тізбегінің тұйықтау буынының қателігі
. (1.2)
Осы технологиялық тізбектің құрамында бес өлшемдер буындары бар. Енді тетіктің тесігін құрал-сайман қолданып кеулейжонса, онда тесіктің осімен тетіктің қондыру жазықтығы арасысындағы өлшем басқаша технологиялық өлшемдер тізбегінің реттелуімен жетіледі (1.3 сурет)
. (1.3)
Мұнда, өлшемдер тізбегінің тұйықтаушы буынының қателігі
. (1.4)
Яғни, технологиялық өлшемдер тізбегінің саны үшке дейін азайды, сондықтан тұйықтаушы буынның қателігі де төмендейді
Қорытынды, құрал-сайман қолданылса білдек – тетік – құрал-сайман – кесу құрал технологиялық жүйенің өлшемдер тізбегінің буындарының саны азаяды, сондықтан өңдеу процестерінің дәлдік көрсеткіштері жақсарады. Онымен қоса, еңбек өнімділігі, жабдықтардың технологиялық мүмкіндіктері өседі және еңбек жеңілдейді.
А3
1.3-сурет – Құрал-сайманды қолданып тесікті кеулейжону операциясы
Достарыңызбен бөлісу: |