«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



жүктеу 0,95 Mb.
бет7/11
Дата24.01.2020
өлшемі0,95 Mb.
#27242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Арнаулы типтік бөлінулер

Жоғарыда аталып өткендей білімнің бір саласына жалпылама қатысты әрі соған ғана тән ұғымдар арнаулы типтік бөліну таблицалары (СТД) түрінде бөліп көрсетілді. Жалпы және территориялық типтік бөлінуге қарағанда олар тек бір бөлімнің немесе бір білім саласының бірнеше тармағының шегінде ғана қолданылады.

Арнаулы типтік бөлінуінің айырама белгісі оның цифрлы бөлімінің алдындағы (дефис) белгі болады. Арнаулы типтік бөлінулер әдетте олар бөлшектенуге арналған. Индексінің астына тікелей орналасады. Оның үстіне негізгі таблицаның кейбір бөлімдерінде айрықша ерекшеленбеген кейбір бірен – саран арнаулы типтік бөлінулер де кездеседі.

Толық таблицалар

Жоғарыдағы сипатталған таблицаның әрқайсысы құбылысты қарастыруының белгілі бір қырын ғана көрсетеді. Ал құбылысты әр қырынан жан – жақты көрсету қажет болған жағдай да таблицалар өзара құрамдастырылады да күрделі ұғымдарды анықтайтын күрделі индекстер құрайды. Құрама индекстер енетін таблицаны біз толық таблица деп атаған.

Барлық салалық бөлімдерде КБЖ – ның негізгі таблицасы типтік бөліну таблицалармен белгілі дәрежеде құрамдастырылып жатады. Толық таблица құрамына жалпы, территориялық типтік бөлінулер мен арнаулы типтік бөліну индекстері енеді.

Көпшілік кітапхана арналған КБЖ варианты таблицаның жұмыста қолданылатын данасына ұқсас болғандықтан едәуір дәрежеде толық таблица түрінде көрінеді.

Алайда онда құрамдастырған индекстерді одан әрі жасау үшін мүмкіндіктер болады. Оларды анықтау мәселесі методикалық нұсқауларда толық көрсетілген.

Дәріс №25

Тақырыбы: Индекстеу.

Дәрістің мақсаты: Индекстеуді талдау.

Дәрістің мазмұны: КБЖ – ні индекстеу таблицаларды орталықтанған жіктеу жұмысында іс жүзінде пайдалану үшін, кітапхана қорын жүйелі түрде орналастыру үшін, жүйелі каталогтар мен карточкалар ұйымдастыру үшін және оның алфавиттік пәндік көрсеткішін жасауда қамтамасыз етеді. Ол бөлімдер жүйесінің реттілігін қамтамасыз етуге оның бөлімдер мен өзара байланысын көрсетуге; әрбір рубриканың өзіне тән жеке индексін бекітіп беруге; құрма индекстер мүмкіндігін жасауға таблицаға жаңа ұғымдар кіргізу мүмкіндігін беруге көмектесіп индексінің айқын жазылып, еске жақсы сақтауын айтуға оңай болуын қамтамасыз етеді. Жіктеуде қолданылатын индекстеу типтікінің ішінен КБЖ – ны құрастырушылар логикалық индекстеу тәсілін қабылдап алды, себебі ол жіктеу құрылымымен тығыз байланысты. Сол құрылымды индекс арқылы белгілеп, түсіндіреді. Рубрикаларының реттілік тәртібін орнықтырады, және олардың бағыныңқылық логикасын көрсетеді. Бұлай индекстеу жеке, неғұрлым бөлшекті бөлімшелерді индекске оң жағынан жаңа белгілерді қосу жолыменайқындай отырып, жалпы ұғымдарды бөлшектеуге мүмкіндік берді, сондай – ақ керісінше қажет кезінде индекстеп соңғы жалғастырылған белгілерді алып тастау жолымен жеке ұғымды неғұрым жалпы ұғымға біріктіре отырып бөлшектерді қысқартуға мүмкіндік туғызады. Осы сапасына қарай логикалық индекстеу басқа ларына қарағанда жақсырақ, өйткені, КБЖ – ның индекстеуіне қойылатын талаптарға сай келеді.

Индекстеу базасы (цифр мен әріп ) аралас болады. Көпшілік кітапхана арналған таблицаларда негізгі белгілер ретінде араб цифрлары қабылданған. Оның үстіне нүкте, қос нүкте, сызықша дөңгелек жақша теңдік белгісі, қисық сызық сияқтыбелгілер қолданылады. Жалпы және территориялық типтік бөліну таблицаларда орыс алфавитінің басәріптері мен кіші әріптері қолдану. Индекстеу базасындағы белгінің бәрі бір жүйеге келтіріліп, әрқайсының атқаратын қызметі мен ұғымдық мәні анықталып берілген.

Араб цифрлары: төмендегі жағдайларда пайдаланды.



  1. КБЖ – ның негізгі класстарын белгілеуге; бұл жағдай да реттік санамалы мәні ескеріледі. «2 жаратылыстану ғылымдары»; жататын тағы басқа ).

  2. Негізгі таблицаның бөліну сатының екінші, үшінші және одан арналғандығы келесі сатынын белгілеу үшін;

  3. Әкімшілікке жатпайтын сипатамалығы территориялық типтік бөлінуді белгілеу үшін; « (4) Европа» (9) Мұхиттар мен теңіздер. Дүние жүзілік мұхит. «Бұл цифрларға орыс алфавитінің әріптері қосылғанда мемлекеттерді, одақтас республикаларда белгілейтін боладыф. «(2р) РСФСР (5я) «Жапония».

  4. Жалпы типтік бөлінудің екінші және одан арналғандығы бөліну сатыларын белгілеу үшін; («Я2 Анықтама басылымдары.

  5. Арнаулы типтік бөлінуіді белгілеу үшін; («2 – 2 Грамматика»).

Орыс алфавитінің бас әріптері жеке ұғымдастарды пәндерді, территорияларды, халықтарды және тағы басқа белгілеу үшін қолданады. Материалды алфавиттік ретпен қойғанда олар цифрмен үйлестіріліп, пайдаланады да сипаталады.

((25), Белорус ССР-і).

Орыс алфавитінің кіші әріптері мына жағдайларда қолданылады:


  1. Жалпы типтік бөлінудің негізгі қатарын белгілеу үшін, бұл жағдайда реттік санамалы Мнеманикалық мәні ескеріледі. (« Ғылым тарихы....» я 2 Аңықтама басылымдар).

  2. Екі және одан да көп ұғымның пәннің және тағы басқа. Атауы бір әріптен басталған жағдайларда марериалды алфавиттік ретпен арналған кезде бас әріпке толықтыру, ретінде қолданылды. Мнеманикалық сипат алады. («(2У) Өзбек ССР – і,(«2УК) Украин ССР – і»)

Нүкте индексті дұрыс көру үшін және айтуға ыңғайлы болу үшін айырғыш белгі ретінде қолданылады. Ол индекстің алдыңғы екі цифырыннан соң қойылып, әдетте ғылыми кітапханаға арналған. КБЖ вариантының негізгі бөліміндегі бас әріпті алмастырады, одан соң солдан оңға қарай санағанда үш белгіден тұратын цифрдың әр тобынан кейін қойылып отырады. («34.39 ұнтақпен металлурия», «26.325. Н металлурия пайдлары қазбалары»).

Сызықша арнаулы типтік бөлінуді айыратын белгі болып саналады. (« - 4 Агротехника» - 42 – индекстің астында келтірілген типтік бөліну таблицасының рубрикасы).

Дөңгелек жақша – территориялық типтік бөліну индекстерінің айырым белгісі (« (2) СССР, «(5) Азия»).

Қос нүкте – бір негізгі класс ребрикасының индексінің екінші бір негізгі класс рубрикасының индекстерімен құрама индекс жасау үшін қолданады. («9.1.9.85) Өнер мен өнер білімі жөніндегі библиографиялық құралдар»).

Қисық сызық – қосарланған индекстерді көрсету үшін қолданады. («6/8 қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар»). Көшілік кітапхана арналған индекстері бар рубрикаларды жұмысқа жарамсыз» деп санау шартты түрде қабылданған.

Дәріс №26

Тақырыбы: Индекстердің жүйелігі.

Дәрістің мақсаты: Индекстердің жүйелігін үйрету.

Дәрістің мазмұны: Көпшілік кітапханаға арналған бұрынғы жіктеу таблицада индекске әріптер қосылған бөлімшелерде әріптер цифрдың біресе алдынан, біресе артынан келе береді. Мысалы:

1М Маркстік-Лениндік философия Диалектикалық материализм.

1МИ Тарихи материалзм. Ғылыми каммунизм.

16 Логика.

3 К Марксизм –Ленинизм.

31 Статистика. Есепке алу.

59 Зоология.

5А. Антропология. Адам анатомиясы мен физиологиясы.

61.Медицина. Денсаулық сақтау ісі.

60.Техниканың жалпы мәселесі.

Жалпы техникалық пәндер.

63.Ауыл шаруашылығы.

КБЖ-ның бұдан айырмасы индексте пайдаланатын белгілерінің белгілі бір шартты түрдегі жүйелігінің бекітілуі. Бұл жүйелілік таблицадағы рубрикалар мен каталогтағы бөлімшенің жүйелігін анықтайды. Негізгі индексте пайдаланатын белгілердің белгілі бір шартты түрдегі жүйелілігін бекітеді. Бұл жүйелілік таблицадағы рубрикалар мен каталогтардағы бөлгіштердің жүйелілігін анықтайды. Негізгі индексті одан әрі салалаған кезде оған бөлінудің басқа сатысындағы индекстер мына төмендегі ретпен жалғанады:

А) жалпы типтік бөліну индекстері.

Б) территориялық типтік бөліну индекстері

В) арнаулы типтік бөліну индекстері

Г) қос нүктелі индекстері

Д) әріптік белгілері бар негізгі таблица индекстері

Е) цифрлық белгілері бар негізгі таблица индекстері

Мысалы:


63.3(2) СССФ тарихы.

63.3(2) Я7. СССФ тарихы жөніндегі оқулықтар.

63.3(2)-6 СССФ-дің сыртқы саясаты.

63.3(2)5 Капитализм кезеңі. (1861-1917).


Алфавиттік- пәндік көрсеткіш.

Білім салалары бойынша жіктеу бір мәселенің өзін әртүрлі қырынан көрсетіп, әр түрлі бөлім мен бөлімшелерге бөліп, жіктеу таблицасының әр тарамдарына таратып жібереді.

Таблицаларда осылай таралып кеткен обьектінің сипаттары пәндік көрсеткіште бір жерге жинақталады.

Мұнда пәндік рубрика жасайтын объектінің атауы бір ұяның кіші рубрикаларын жасайтын өз аспектілерімен бірге жинақталады. Материалды осылайша ұйымдастыру тәсілі барлық мәселені екі жерде: пәндік -көрсеткіште және жүйелі каталогтың таблицасында және типтік бөліну таблицасымен сілтеу аппаратындағы бар ұғымдарда. Бұл ұғымдар өздерінің тікелей және инверсиялы тұжырымдамасы бойынша берілген. Сондай-ақ кейбір синонимдерде енеді.

Бірдей ұғым көрсеткіште синонимдермен, тікелей және инверсиялы тұжырымдарымен берілген болса, онда рубрикалар үшін ең көп тараған термині алынады да, басқаларына одан сілтеу беріледі. Мұндай әдіс ұғымының екі түрі, алфавит қатарынан 2-ұя беріліп кетуден сақтайды, көрсеткішті пайдаланатындарға толық хабар алуды қамтамасыз етеді әрі көрсеткіштердің көлемін кішірейтеді.

Ұялы рубрикаларға сілтеулер индекстерсіз берілген, өйткені ұялы рубрикалар рубрикаларға қатысты бір емес , бірнеше индексі бар.

Пәннің өзіне сәйкес келетін нақты индексін көрсететін пәндік рубрикаға сілтейтін сілтеу рубрикаларынан басқа көрсеткіште методикалық сипаттауға рубрикалар берілген. Бұл рубрикалар белгілі бір пәнді, мәселені қалай қарау екенін түсіндіреді.

Мысалы:


Тарих 63.3.

-тарих бойынша билиотека құралдары 91.я/: 63 және 63

-жалпы білім беретін мектепке оқыту методикасы.74 263.

1.жекелеген ғылымдар мен пәндердің тарихы туралы жіктеудің соған сәйкес бөлімдерінен қараңыз.

Бұл кесте Маркстік Лениндік ғылымдар жіктеудің негізінде жасалды. Кеңес үкіметінде социализм құрылысының сұрақтарына сәйкес жасалып дүние жүзілік ғылымдары, техникасына және мәдениетінің жағдайын бейнелеуге лайық жасалды. КБЖ-ның алғашқы басылым шығармалары 1960 ж. баспаға шыға бастады. Ол әмбебап жіктеуге жатады. Көбіне отандық әдебиеттердің тақырыбын бейнелеуге бағытталған онда тек ғылымдардың жүйелері ғана түсініктермен проблемалар ғана емес сонымен бірге қоғамдық өмірдің практикалық қызметі саласының фактілерімен оқиғалары, өнердің түрлері т.б бөлімдер берілген. Сонымен бірге онда құжаттардың арналуы, түрлі басылу формасы да көрсетілген кестелерді бөлімдерге, тарауға бөлудің негізінде әртүрлі белгілер: зерттеу обьектісі, зерттеудің әдісін білудің мақсаты, обьектінің мақсаты, процестер, обьектінің құрылымы, қасиеттері, қатынастар, территория т.б алынған. КБЖ-да ғылым бөлімдері былайша орындалған: Табиғат және табиғат туралы ғылымдар, адамның табиғатқа әсері ғылымдар, қоғам және қоғам туралы, ойлау, ойлау туралы және әмбебап мазмұндағы әдебиеттер. КБЖ әртүрлі типтегі және түрдегі кітапханаға арналып әзірленді. 1977-1984-86 жылы көпшілік кітапханаға арналған КБЖ кестесі шықты. 1960-1968 ж. КБЖ –ның 1-ші басылымы ғылыми кітапханаға арналып 25 шығармалармен шықты. Онда оны әрі қарай 1970-1972 жылы ғылыми кітапханаға арналған варианты 5 шығарылымымен 6 кітаптарын басып шықты.

1980-1983 облыстық кітаханаға арналған варианты 1шығарылып шықты.

Сонымен бірге әскери кітапханаларға арналған және кітапханаларда өлкетану каталогын ұйымдастыруға арналған КБЖ ның варианты шықты .КБЖ құралы жіктеу кестесіне жатады, онда:

1 негізгі кестелер

2көмекші

3алфавиттік пәндік көрсеткіш.


Дәріс №27

Тақырыбы: Индекстердің жүйелігі.

Дәрістің мақсаты: Индекстердің жүйелігінің жалпы әдістемесін анықтау.

Дәрістің мазмұны: КБЖ индексациясы қолданылған белгілері бойынша аралас құрылысы жағынан бағыныңқы түрде жасалған кестелер. Ғылыми кітапханаға арналған КБЖ нұсқа таңбалар а дан бастап я-ға дейін орыс алфавитінің әріптері берілген. Көпшілік кітапханаларына арналған және балалар кітапханаларына арналған вариантында негізгі қатар араб цифрімен берілген. Былайша цифрлерінің индексациясының қолданылуы әртүрлі тілдерде әдебиеттер алатын және әртүрлі ұлттарға пайдалануға қызмет ететін көпшілік кітапханаларда пайдалануын қамтамасыз етеді. Әр түрлі варианттарда шыққан КБЖ лар өзінің құрлысы бойынша біріне – бірі сәйкес келеді, бірақ ұсақтап бөлшектенумен ерекшеленеді. Мысалы: Ғылыми кітапханаға арналған КБЖ-ның қысқартылған варианты толық вариантымен салыстырғанда 5-7 есе кішірейтіліп қысқартылған, ал көпшілік кітапханаларға арналғанкестелер қысқартылған вариантын салыстырғанда 4-5есе кішірейген, ол балаларға арналған кестелер көпшілік кітапханаларға арналған кестемен салыстырғанда 3 есе кішірейген. Дүниежүзілік кітапханаларда қандайда болмасын кітапханалық жіктемелік секілді КБЖ- да обьективті өмірмен ғылымның дамуына байланысты өз мазмұнын жаңартып отыруды талап етеді. Сондықтан КБЖ-ның ғылыми кітапханаларына арналған вариантына ұдайы түзетулермен толықтырулар шығып саяси өмірде эканомикада әлеуметтік өмірде ғылыми техникада болған жаңалықтармен толықтырып отырды. 1992 жылы көпшілік кітапханаларға арналған КБЖ-ға қосымшалар шықты. КБЖ Болгар, Вьетнам, Неміс, Словакия тілдеріне аударып шетел кітапханаларына пайдаланды. КБЖ кестесі қазақ тілінде арналып басылды. БССР-дың құлауымен елдің экономикалық өзгерумен байланысты Ресейдеде Қазақстандада КБЖ кестесін қайта қарап жасауды талап етті. 1997 жылы Ресейдің Либерия баспасы көпшілік кітапханаларға арналып көпшілік кестенің түзетілген және толықтырылған түрін басып шығарды. Қазақстанның ұлттық кітапханасы 1998 жылы КБЖ кестесіне берілген толықтырулар мен өзгертулерді баспадан шығарды. Кітапханалармен ғылыми техникалық ақпарат органдарында ӘОК мен КБЖ-ның басқа қойылған мақсатына байланысты басқада әмбебап жіктеу кестелері қолданылды.

Мысалы: ГАСН ТИ рубрикатор, ЕКИ (Единичная классификация литературы), ОКСТ (обще союзный классификатор стандарта), МКИ (международн. Классификатор изобретении) қолданылды. ГАСНТИ рубрикаторы 1981 ж. Басылып енгізілді:

1 Ғылыми техникалық ақпарат органдарының тақырыптарын айқындап қамту.

2 Ғылыми техникалық ақпарат органдарының ақпараттық массивін қалыптастыру.

3Ақпараттық басылымдарда материалдарды жүйелеу.

4Ғылыми техникалық ақпарат органдарының рубрикаторын жасау және жетілдіру саласында мөлшерлік қызмет орындау.

Рубрикатор 3 деңгейде бағыныңқы тәртіппен жасалған әрбір деңгей 00- ден 99-ға дейін 100 бөлікті қамтиды. 1984 жылы рубрикаторлардың 3-ші басылуы 2 томнан басылып шықты. Оның негізгі бөлімдері мыналар:

00-26 қоғамдық ғылымдар.

27-43 жаратылыстану және нақты ғылым.

44-81 техникалық және қолданбалы ғылымдар, халық шаруашылық саласы.

82-99 жалпы салалық комплекстік ғылымдар.

Бұл рубрикатор кестесін ВИНиТИ бүкілодақтық ғылыми техниканың ақпараттық орталығы, ГПНТБ- ның және ғылыми техникалық ақпараттық органының салалық орталықтарының ғылыми салалық мамандар коллективі жасаған. МКИ техникалық кітапханаларда техниканың мөлшерлік және техниканың құжатарды стандартты, техникалық жағдайлар, халықтарды жүйелеу үшін қолданылады. Бұрынғы КСРО-да МКИ патентін құжаттарды жүйелеу үшін 1962 ж. бастап қолданылды.

УКСТУ 1983 жылдан бастап енгізілді. Ол мемлекеттік тіркеуден өткен барлық мемлекеттік салалық стандартты техникалық кітапханамен жеке мекемеде қолданылды. ЭКП 1977 жылы бастап 2 –ші басылуы 1986 жылы басылып шықты. Бұл кесте ГОС комиздат саласындағы мекемелер үшін, яғни баспа өнімдерін жүйелеу үшін қолданылды оны жасауды ГОСКомиздат мамандары УДК, ББК кестелерін қолданған. Бұл кесте негізінен баспадан шығатын тақырыптық жоспарларды әдебиеттерді жүйелеп көрсету үшін қолданады, яғни, кітап палаталары жүйесінде кітап сауда жүйелерде есеп жүргізу үшін әдебиеттер орналастыруда қолданылады. «ГОСТ 7.7-6 издания выходное сведения» деген стандартқа баспадан шыққан шығармалардың титул артылуы төменгі сол жақ бұрышында ЭКЛ бойынша. Кітап саудалық нұсқа таңба шифры көрсетілді. ЭКЛ дің негізгі бөлімдері мыналар:

1-13 қоғамдық саяси әдебиеттер.

14-19жаратылыстану.

20-36 техникалық ғылымдар.

37-40- агроөнеркәсіптік комплекстер сұрақтары туралы әдебиет.

41-медициналық әдебиет.

42-физкультура әдебиет.

43-45-халық ағарту, мәдениет бұқаралық ақпарат құрал.

46- филалогиялық ғылымдар.

47-көркем әдебиеттер.

48-балалар әдебиеттері.

49- өнер саласындағы әдебиет.

50-әмбебап мазмұнындағы әдебиет

Бұрынғы КСРО баспаларда шыққан басылымдарда және баспа карточкаларда ЭКЛ бойынша нұсқа таңбалар беріліп тұрды. Ол ЭКЛ деген нүктелерден берілген цифрлерден тұрады.


Дәріс №28

Тақырыбы: Құжаттарды нұсқа таңбалау.

Дәрістің мақсаты: Құжаттарды нұсқа таңбалаудың жалпы әдістемесін анықтау.

Дәрістің мазмұны: Құжаттардың немесе сұранысының мазмұнын ақпарат іздестіру тілінде көрсету процесін нұсқа таңбалау дейді. Нұсқалық таңбалау обьектісі ретінде жеке құжат, құжаттар тобы немесе құжаттың бірбөлігі алынуы мүмкін. Нұсқалық таңбалау термині 3 түрде қолданады.

1 Жүйелеу.

2 Пәндеу

3 Координаталық нұсқалық таңбалау.

Координаталық нұсқалық таңбалау-дегеніміз құжаттың текстердегі түйінді сөздерді немесе дискрипторға тізбектеп жазу арқылы нұсқалық таңбалау. Бұлардың ішінде әсіресе жүйелеуге көп көңіл бөлінеді. Нұсқалық таңбалаудың мақсаты ақпаратты іздестіру процесін сапалы ету үшін құжаттардың басты нышаны мазмұнын және басқа белгілерін нұсқалық таңбалаумен пәндік айдарлар беру арқылы көрсету. Нұсқалық таңбалау нәтижесі термин түрлеріндегі құжатты іздестіру бейнеленсе оның негізгі мазмұнын ақпараттың іздестіру тілінде көрсететін текст. Құжаттарды іздестіру бейнесі жүйелеуде құжаттың толық нұсқалық таңбалауын пәндеуде пәндік айдарлар болып есептеледі. Нұсқалық таңбалау термині ПОД –та берілген тиісті ақпаратты іздеу тілінің ережелері бойынша жазылған бір немесе бірнеше лексиканың өлшемдер байланысынан тұрады. (ЛО, ЛЕ) Табиғи тіл жүйелерде қабылданған немесе жасалды тілге арнап өңделген жеке түсініктің белгісі. Ло сөздерден тұрақты сөз тіркестерінен басқа әріптерден, символдан жылдардан, көпшілікке белгілі. Қысқартулардан және табиғи тілде қолданған сөздердің лексикалық мәнді компоненттін және жасанды тілдегі оларға баламалы шартты белгілерден тұруы мүмкін. Нұсқалық таңбалау басты 2 принципте жүргізіледі:

1Жіктеулік

2Пәндік

Жіктеулік принцип арнаулы жіктеу жүйесі бойынша құжаттардың мазмұнын көрсетуге және термині ретінде жіктеулік нұсқалық таңбалаулар қолдануға көрсетілді. Жіктеулік бағыныңқылық белгі бойынша салалық ақпарат іздеуді, ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.



Пәндеу принціпі тиісті табиғи тілдің ұғымдық жүйесінде құжаттың мазмұнын көрсетуге және оның термині ретінде табиғи тілдің лексикалық өлшемін пайдалануға негізделді. Ол алфавит бойынша ақпаратты іздестіруді қамтамасыз етеді. Нұсқалық таңбалаудың жіктеулік принціпін іске асыру үшін әр түрлі жіктеу кестелері қолданып, құжаттарды жүйелеу процесі жүреді ол пәндеу пәнінің іске асыру үшін пәндік айдардың тізбектермен дискриптрлік сөздіктер қолданылып, құжаттардың пәнін анықтау пәндеу жүргізіледі.

Ақпаратты іздестіру тілінің элементтері карточкалары немесе машинамен оқылатын формадағы көп түріндегі және ықшам бейнелі карточкаларда іске асырады. Ақпаратты іздестіру тіліне (АІТ) мынадай талаптар қолданады.

Жіктеулік АІТ негізі және көмекші кестелерден, алфавиттік пәндік көрсеткішті және оны қолдану ережелерінен тұратын немесе салалық жіктеу кестелерінен тұрады. Мысалы : КБЖ жіктеу кестенің негізгі элементі жіктік бөлік оның құрамына жіктік нұсқалық таңбалау оның сөздік тұжырымы және сілтеме анық аппаратпен берілген әдістемелік нұсқаулар кіреді. Жіктеу нұсқалық таңбалау бір немесе бірнеше лексикалық өлшемнен тұрады. Құрығыларына қарай олар қарапайым күрделі және құрамалы болып бөлінеді. (Простой, сложной, и составный индекс).

Дәріс №29

Тақырыбы: Кітапханалық жүйелеу процестері.

Дәрістің мақсаты: Кітапханалық жүйелеу процестерінің жүйесін анықтау

Дәрістің мазмұны: Оны жүйе етіп орыналастыру үшін олардың арасында грамматикалық қатынастар қолданалылады. Жіктеулік кестенің бағыңқы құрылымының және сілтеме аппаратының көмегімен жіктеулік бөліктер арасында парадиматикалық қатынастар болады. Ал, күрделі және құрамалы нұсқалық таңбалардың арасында синталматикалық қатынастар болады.Пәндік ақпаратты іздестіру тілі пәндік айдардың тізбектерімен сілтеме-анықтама аппаратынан тұруы қажет. Пәндік ақпаратты іздестіру тілі дискрипрлік сөздіктерде,табиғи тілде қолданылатын сөздердің түсініктерінің тізбектерінен тұрады.

Пәндік айдар құжатының мазмұнын бейнелейтін бір немесе бірнеше Логикалық өлшемнен тұруы мүмкін.Логикалық өлшем-нің көлеміне қарай пәндік айдар да қарапайым және күрделі болып бөлінеді.Тиісті тақырып бойынша біріккен бірнеше пәндік жиынтығы комплекс құрайды.Пәндік айдардың арасында грамматикалық қатар қолданылады.Мысалы: Айдарлар арасында сілтеме анықтама аппаратының көлемі мен парадигмалық қатынастар , ал күрделі пәндік айдарлардың құрамындағы логикалық өлшемнің арасында синталматикалық қатынастар кіреді.

Нұсқа таңбаларының жалпы ережелері.

Нұсқа таңбалары төмендегідей процестерден тұруы тиіс:

1.Құжаттардың мазмұнын талдау.

2.Құжаттардың мазмұнындағы мағыналық компаненттерді тауып және оның ішіндегі бастысын таңдау.

3.Құжаттарды іздестіру бейнесі жөнінде шешім қабылдау.

4.Таңдап алынған мағыналық компаненттерді нұсқалық таңба термині ретінде жазу.

5.Құжаттардан іздестіру, бейнелеу құрамындағы белгіні саралау.

Құжаттың мазмұнын білуге төмендегідей оның барлық элементіне талдау жасалады. Оның негізгі мазмұны, пәні, оның қаралу тұрғылары анықталады. Таңдалған мағыналық компаненттерді алдымен еркін түрде сөзбен тұжырымдайды.Құжаттарды іздестіру бейнесінің құрамы жөнінде шешім және оның термині ретінде жазу тиісті кітаптың ережесіне сәйкес жүргізіледі. Нұсқалық таңба терминін редакциялау үстінде таңдалып алынған мағыналық компаненттер, құжаттың мазмұнына сәйкес келеме, нұсқалық таңба дұрыс жазылды ма т.б тексеріледі.

Құжаттарды жүйелеудің жалпы әдістері.

Жүйелеу дегеніміз-баспасөз шығырмасына немесе басқа құжаттар мазмұнына байланысты тиісті жіктеу кестесі бойынша жіктік нұсқалақ таңбаны анықтау.Жіктеу әдісі днегеніміз жіктеу үстінде басшылыққа алатын яғни негізделіп, тиісті жіктеуде сыналған принцп ережелерінің жиынтығы. Ол барлық білім саласында қолданылатын - жалпы әдістер болып және жеке білім саласынан жүйелегенде қолданылатын жеке әдістер болып бөлінеді. Жүйелеу әдісі ХХ ғасыр басынан бастап детальді құрама жіктеу кестесі пайда болғаннан бастап қалыптаса бастады. Бұл салада алғаш еңбектерге ағылшын кітапханашысы Б.Сейрстің еңбегі жатады.Біздің елімізде жүйелеу әдісі көптеген кітапханаларда қолданылып жүрген КБЖ ,УДК кестесімен пайдалануға сәйкес жасалып, кестенің ішінде берілді немесе жеке құрал ретінде басылып шықты.Жүйелеудің негізгі принциптері-баспасөз шығармаларының түрінен көрі мазмұнына көңіл аударады және оған мазмұнына әділдікпен қарауды қарастырады.Құжатты ең алдымен оның негізгі мазмұны бойынша жүйелейді , ал басқа белгілер қосымша роль атқарады.Типтік бөліну белгілерінің көмегімен белгіленеді,бірақ кейде жүйелеу үстінде алғаш белгі ретінде басылымдардың түрі, кімге арналғандығы немесе басқа формальді белгілері алынған белгілер бар.Мысалы: қандай болмасын білім салалары бойынша шыққан библиографиялық құралдар 91 бөлімде топтастырылды

Әділдікпен қарау принципі құжаттарды жүйелегенде оның мазмұнын жан-жақты ашуды, ондағы басты елеулі мәселені табуды талап етеді.Жүйелеудің өзегі төмендегідей бір-бірімен тығыз байланыс ретімен орындалатын процестерден тұрады.

1.Жүйелеу обьектісін талдау.

2.Жіктеулік шешім қабылдау.

3.Жүйелік каталогқа жиналған алфавиттік пәндік көрсеткіш үшін пәндік айдар белгілеу.

4.Жүйелік нұсқалық таңба мен пәндік айдарды редакциялау.

5.Жүйелік шешімді бейнелеп жазу.



Кітапханалық технологияда жүйелеу процестері қатаң түрде орындалуы тиіс. Жүйелеуден бұрын құжатқа библиографиялық сипаттама жасалады. Кітапханаға келіп түскен құжаттың барлығы ғылыми өңдеуден өтеді. (кітаптар,брошюралар, жалғасты және мерізімді басылымдар, бейнелеу өнерінің басылымдары, ноталық және карточкалық басылымдар, кино, фотомода құжаттары, жарияланбаған құжаттар т.б.). Осы аталған құжаттардың қайсысы болмасын жүйелеу объектісі болады және құжаттың белгілі бір бөлімі- кітапхананың тарауы, бөлімі- журнал мақалалары, бірнеше құжаттар тобы, тұтастай жүйелеу объектісі болуы мүмкін. Жүйелеушіге келіп түскен объекті мен оған жиналған библиографиялық сипаттама ол объектінің шегін белгілейді.

Егер журнал мақалаларын жүйелеу қажет болса, өңдеуге журналмен бірге мақалаға жасалған сипаттама келіп түседі. Кейде жүйелеу объектісінің шегін жүйелеудің өзі шешім анықтала шешім қабылдайды. Мысалы: белгілі бір автордың шығармалар жинағында ол жөнінде немесе тақырыпқа байланысты кең түрде берілген мақала берілсе жүйелеуші анықтамалық жүйелеу тәсілімен қолданылатын шығармалар жинағының өзіне және кіріспе мақалаға нұсқалық таңбалар береді. Егер библиографиялық сипаттамаларда кіріспе мақала жөнінде мәлімет жазылса кіріспеге арналған аналитикалық сипаттама толтырмай-ақ дублет карточка жазуға болады. Аналитикалық жүйелеу тәсілін қолдану кітапханалық қордың құрамына, кітапханалық каталогтары мен карточкалар жүйесіне, оқырманның талап-тілектеріне байланысты болады. Кітапхананың құжаттық мазмұнын толығырақ ашып, жүйелік каталог бейнелеу үшін қолданылады. Жүйелеудің негізгі мақсаты-кітапханалық қорын білім жүйелері бойынша сөрелерде орналастыру және олардың мазмұнын бөлім жүйелері бойынша жүйелік каталогқа бейнелеу. Бұл екі мақсат өте тығыз байланысты және қатар шешіледі. Жүйелеудің сапасын еңбекті ғылыми ұйымдастыру қамтамасыз етеді. Жүйелеу процесі-ғылыми процесс сондықтан оны ырғақты түрде еңбекті нормамен жүргізіп арасында рационалды демалулар ұйымдастырған. Шетел ғалымдарының дәлелдеуі бойынша, құжатты жүйелеудің еңбегі ауыр қол еңбегімен шұғылданушының еңбегімен пара-пар және мидың жұмысымен байланысты болғандықтан, шыққан энергияны қалпына келтіру қиындатады. Құжатты жүйелеу ғылыми және шығармашылық жұмыс, оны арнаулы білімді маман кітапханашылар жүргізеді. Кітапханада жан-жақты, мазмұнды құжаттарды олардың ғылыми құндылығына, пайдалану үшін маңыздылығына байланысты жүйелік каталогта жан-жақты ашып көрсетуге болады. Құжаттың мазмұнын жан-жақты ашу оларды аналитикалық жүйелеумен және қосымша нұсқалық таңба бүгіп, қайталап бейнелеу әдісімен жүзеге асады. Оған екі немесе одан да көп нұсқалық таңбалар беріледі. Нұсқалық таңбаның санына байланысты жүйелік каталог үшін үстеме каталогтар көбейтіліп жазылады. Қайталап бейнелеу әдісін жүйелік каталогтың іздеу қызметімен арттырады. Бұл әдіс жіктеу кестесінің әр түрлі бөліміне жататын бірнеше сұрақтарды толығынан ашатын жан-жақты мазмұнды кітаптар үшін қажет. Кей жағдайда қайталап бейнелеу жіктеу кестесінің құрылысында алдын-ала қарастырылған. Мысалы: құжаттың түрлі бойынша топтастырылған бөлімнің әдебиетінің мазмұндары бойынша тиісті бөлімге қосымша нұсқалық таңба беріп, қайталап бейнелеуге болады. Бірақ, тәжірибеде қайталап бейнелеу әдісі шектеліп қолданылады. Ғылыми кітапхананың жүйелік каталогында карточкаларды көшіріп көбейтудің саны орта есеппен бір кітапханада екі карточкадан аспауы керек. Құжаттарды жүйелеу үстінде кітапханашы оның мазмұндағы басты мәселені тауып, соған байланысты негізгі бөлім жүйесі бойынша нұсқалық таңба беріп, оның қордағы орнын айқындайды. (негізгі нұсқалық таңба-основной индекс). Кітапханада жүйелік каталогпен кітап сөресі үшін нұсқалық таңбалар бейнелеу дәрежесі әр түрлі болады. Каталог үшін ұсақтап дәл нұсқалық таңба беру, ал сөре үшін ірірек бөлімше қолданылады. Жүйелік каталог арқылы және сұрақ бойынша әдебиеттер іздеген оқырмандар үшін ол сұрақтың жеке дәл айдармен көрсетілгені ыңғайлы. Керісінше сөре үшін кітаптарды ұсақ бөлшектеп қою кітапханашыға қиындық туғызады. Сақтау белгісін ұтымсыз пайдалану. Сондықтан кітапханашы тәжірибеде жеке ұсақ сұрақтары бойынша әдебиеттерді сөреледе кеңдеу жалпы тараулар бойынша орналастырады. Мысалы: музыка саласындағы кітапханашыларды 85.2 музыка бөлімшесінде топтастырады. Ал жүйелік каталогтарды ол әдебиеттің елдері бойынша және музыка мен музыкалық түрлері бойынша бейнелеп бөлшектеп көрсетуге болады. Сөйтіп музыка саласындағы әдебиеттегі берілген сөрелік нұсқалық таңба 85:2 болады, ал каталогтік нұсқалық таңбасы одан әрі ұсақ бөлшектеніп көрсетіледі.
жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау