«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



жүктеу 0,95 Mb.
бет6/11
Дата24.01.2020
өлшемі0,95 Mb.
#27242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәріс №16

Тақырып: Сериялық басылымдарға сипаттама.

Дәрістің мақсаты: Сериялық басылымдарға сипаттама жазып үйрену

Дәріс мазмұны: Сериялық басылымдарға, мерзімді басылымдар, газеттер, журналдар және жалғастырылып жазылатын басылымдар белгілері, ұйымдардың, мекеменің еңбектерінің жинақтары, сонымен бірге кітап сериялары жатады.

Мыс: «Школьная библиотека», «Жизнь замечательных людей», «Библиотека техника», «Эврика», т.с.с.)

Сериялық басылым шығарылымдары көркемдеу жағынан бір-біріне ұқсас болып табылады.

Олардың шығармалар тобына жинақты сипаттама, ал жеке шығарылымына монографиялық сипаттама жазылады. Сипаттама элементтері журналдардың жинақтарының кітап сериясының титул бетінен алынады. Ал газет үшін мәліметтер газеттің бастапқы бетінің 1-ші жолдарынан алынады және соңғы бетінен қарап алуға болады. Жинақты сипаттама көп томды басылымға толтыратын жинақты сипаттаманың ережесіне сәйкес жазылады. Бірақ өздігінен ерекшеліктері ескеріледі. Сипатамада алдымен басылым тақырыптың аты немесе типтік аты жазылады. Мыс: газеттің журналы, аттары және типтік аттар- «Труды», - «Учение записки», «Доклады» т.с.с. аттар жазылады. Жауаптылықты көрсететін мәліметте басылымды шығарушы немесе оның шығуына жауапты мекеменің аты жазылады. Шығу саласында бірінші және соңғы шыққан жылдары қолданып көрсетіледі. Басылымның халықаралық стандартты номірінде тіркеу сипатындағы әріптік, сандық код көрсетіледі. Бір ғана жалпы бөлімнен тұратын жинақты сипаттамада басылымның кітапхана қай жылдан қай жылға дейінгі номірлері бар екендігі көрсетіледі. Егер газеттің немесе журналдың аты өзгертілген болса, оның бұрынғы және соңғы атына да жеке-жеке сипаттама жазылады. Ол сипаттаманың екеуінде ескерту бөлімінде бұрынғы аты, жаңа санына жазылған сипаттамада бұрынғы аты көрсетіледі.


Дәріс №17

Тақырып : Аты өзгертілмеген журналдарға сипаттама.

Дәрістің мақсаты: Аты өзгертілмеген журналдарға сипаттама жазып үйрену.

Дәріс мазмұны: Бытовое обслуживание населения:

Ежемесячное теорет. и науч. – практ. или журн.- М.: 1984.-ISBN 02-33-7002.-Загл.1963-1983:Служба быта, ISBN. 0320-5398.

1984.№1-12

1985. .№1-12

...1990, №1-12 т.б.

Жылма-жыл шығатын альманахтар мен тақырыптық басылымдар мен календарларға, репертуарлық жинақтарға, басылымның атына жинақты сипаттама толтырылады. Оның жалпы бөлімдерінде негізгі атына байланысты мәліметтер, шыққан жері, датасы ескертулері халықаралық стандартты номері жазылады.

Мыс: Ежегодникке сипаттама:

Наука и человечество: Доступно и точно о человеке в мировой науке:Международный ежегодник.-М.: 1986.

ISBN 02-012-680*

1986


1987

1988


1989

Журналдарға сипаттама:

Иностранная литература:Незовисимой ежемес.лит.-худож.и публицист.журнал-М.,1982- ISBN 0130-6545.

1982, .№1-12

1983, .№1-12

и т.д.


Газеттің аты өзгергенде де оған жаңа сипаттама толтырылып, ескерту бөлімінде оның бұрынғы аты көрсетіледі.

Жалғасты басылымдарға белгілі бір мерзім сайын емес материалдардың жиналуына байланысты жалғасын номерлеп шығатын басылымдар жатады. Олардың жалпы аты төмендегідей типтік болуы мүмкін.

Мыс: Труды ученые записки доклады т.б.

Жеке шығармалары жеке атпен басылып шыққан басылымдарға монографиялық сипаттама. Ал жеке аты жоқ типтік басылыммен шығатын жалғасты басылымдарға жинақты сипаттама жазылады. Жинақты сипаттаманың жалпы бөлімінде мынандай мәліметтер жазылады: басылымның аты, атына байланысты мәліметтер, жауаптылықты көрсететін мәліметтер, шыққан жері, датасы, халықаралық стандартты номері көрсетеді. Ал айрықша бөлімде кітапханада бар шығармашылық жылдары көрсетіледі.

Мыс:

Труды/ Гос. Биб-ка СССР им. В.И.Ленина.-М.:1957.-



Т.1.-1957

Т.2.-1958

... Т 20

Т.20: Проблемы современство управления библиотекой.-1984.

Т.21: Проблемы автоматизации и механизации биб-ной работы.-1985.

Т.22: Научная информация и культура.-1987.

Сериямен шыққан кітаптар мақсаты, тақырыбы, кімге арналғандығы бойынша топтасып, көркемдеу жағынан бірдей болып шығып тұрады. Олар өз алдына номерленіп немесе номерленбей шығуы мүмкін.

Мыс: «Жизнь замечательных людей».

Кітап сериясының жеке басылымдарына монографиялық сипаттама толтырылады. Кей жағдайда егер кітапханада кітап серияларының комплектісі толық болса, серияға жиынтық сипаттама толтырылады. Жиынтық сипаттаманың жалпы бөлімдерінде серияның аты (Егер серияның тақырыптық атының алдында «библиотека», »серия»,деген сөздер берілсе олар сақталып жазылады), атына байланысты мәліметтер басылуы жөнінде мәліметтер, шыққан жері, датасы (кітапханада бар шығарманың алғашқы жылы) және серияны шығаратын мекеменің аты, көрсетілуі мүмкін. Ал айрықша бөлімде шығарманың номері, оның аты, жауаптылықты көрсететін мәліметтер (автордың фамилиясы), шыққан жылы көрсетіледі.

Мыс:


Новое в жизни, науки, технике.

Серия «Искусство»,-М.:1986-10:Я работаю волщебником Р.М.Циталошвили.

11: Современное советское кино- Искусство А.В.Видорик

12:Художник и режиссер А.А. Михаилова.


Дәріс№18

Тақырып: Құжаттардың құрамдас бөліктеріне библиографиялық сипаттама жазу.

Дәрістің мақсаты: Құжаттардың құрамдас бөліктеріне библиографиялық сипаттама жазуды анықтау.

Дәрістің мазмұны: Сипаттама обьектісі кей жағдайда құжаттың өзі емес, оның ішіндегі құрамдас бөлігі болып келеді. Мысалы, кітаптың, жинақтың көп томды басылымның ішіндегі бір шығарма, кітаптың кіріспе мақаласы, жеке бөлімдері мен тараулары және газет журнал мақалалары болуы мүмкін. Мұндай құрамдас бөліктерге аналитикалық сипаттама толтырылады және онда басылымның құрамдас бөлігі жөнінде мәліметтер беріледі. Басылым жөнінде мәліметтерден кейін жалпы басылымға және құрамдас бөлікке байланысты ескертулер жазылады. Ол нүкте, сызықшамен жазылады. Құрамдас бөлік жөнінде мәліметтердің алдында қос қисық сызық (//) белгісі қойылады. Құрамдас бөлік жөнінде мәліметтер колон титулын және соңында берілген мазмұнынан алынады. Ал жалпы басылым жөнінде мәліметтер, оның титул бетінен алынады. Аналитикалық сипаттамада жеке сөздер мен сөз тіркестерін жалпы ережеге сәйкес қысқартуға болады. Мыс:Тақырыптық және типтік аттарын қысқартуға болады.(Собр. соч) (Избр.) (полн.собр.соч) т.б.

Сипаттаманың құрамдас бөлік жөніндегі мәліметтерде мына элементтер жазылады: Сипаттаманың басы(автор), негізгі тақырыбы, атына байланысты мәліметтер, жауаптылықты көрсететін мәліметтер, басылу жөнінде мәліметтер жазылады. Құрамдас бөлік берілген құжат жөнінде мәліметтерде жазғанда барлық элементтер өз ретімен әрбір саланың арасымен бөлініп жазылады. Аналитикалық сипаттама жазғанда ұжымдық автор қолданылмайды. Жауаптылықты көрсететін мәліметтерде автордың фамилиясы ережеге сәйкес жазылады.

Мекеменің аты тек типтік тақырып болған жағдайда ғана көрсетіледі. Басылымның шығуына қатысқан басқа адамдар жөнінде мәліметтер аналитикалық сипаттамада көрсетіледі.

Көлемі жөнінде мәліметтерде құрамдас бқліктің қай беттің қай бетке дейін алатындығы көрсетіледі. Аналитикалық сипаттаманың ескертулерінде көбіне құрамдас бөліктің мазмұны алынып көрсетілуі мүмкін, библиографиялық тізімнің барлығы жөнінде немесе оның өзі басқа құрамдас бөліктің жалғасы барлығы жөнінде немесе құрамдас бөліктің жалғасы екені көрсетіледі. Аналитикалық сипаттамалар кітапханада негізінен картотекалар жасағанда, библиографиялық тізім жасағанда қолданылады. Кітапхана қорының мазмұны кеңінен ашып көрсетуге жағдай жасайды. Журнал мен газеттің аттарында аналитикалық сипаттамада қысқартып жазуға болады. Белгілі бір автордың шығармалар жинағынан бір еңбекке сипаттама жазғанда сипаттаманың басында бірінші бөлімде автордың фамилиясы көрсетіледі де, ал ол жарияланғанда басылым жөнінде мәлімет жазғанда автордың фамилиясы көрсетілмей бірден басылымның аты жазылады. Бірақ, егер шығармалар жинағының авторы екеу болып, ал еңбек біреуінікі болса, онда екі бөлімде де автордың фамилиясы көрсетіледі. Шығармалар жинағынан алынған кіріспе мақалаға сипаттамада жазғанда да сипаттама басында мақаланың авторы көрсетіледі. Мақала атының астындағы мәліметтен соң қос қисық сызық // қойылып, газеттердің немесе журналдардың аты көрсетіледі.газет үшін жылы, күні мен айы көрсетіледі. Ал журнал үшін журналдың жылы, номері және мақалалардың жарияланған беттері көрсетіледі.


Дәріс№19

Тақырып: Құжаттардың құрамдас бөліктеріне библиографиялық сипаттама жазу.

Дәрістің мақсаты: Құжаттардың құрамдас бөліктеріне библиографиялық сипаттама жазып үйрену.

Дәріс мазмұны: 1.Кітаптан алынған сипаттама.

Шубин Б.М.

Доктор А.П.Чехов.-5-е изд.//Шубин Б.М. Дополнение к портретам.-М., 1989.-с.105-222.

2.Журналдың мақаласына сипаттама.

Карпов В.

Полководец: Докум. Повесть ч.з.// Новый мир.-1984.-№8.-С.22-86; №9.-63-126.-Библиогр.: с.125-126.

3.Журналдан алынған еңбекке сипаттама.

Тихонова Л.Н.

Лингвистическое обеспечение информационный системы по культуре и обществу // Труды / Гос.б-ка СССР им В.И.Ленина.-1987.-Т.22.-с168-172.

4.Көп томды басылымның томынан алған еңбекке сипаттама

Крапивин В.Г.

Трое с площади Карронад: Повесть//Избр.:В.2т.-т.,1989.-Т.2.-с 105-326.

5.Көп томды басылымның томынан алған еңбекке сипаттама

Васильев С.Д.

Чиплин и «парижанна»//Васильев Г.Н., Васильев С.Д.собр.соч.:В 3Т.-М.,1983.-Т.1.-с.132-136.

6.Кіріспе мақалаға сипаттама

Иванько С.С.

Джон Стейнбек:[Вступ.ст.]//Стейнбек Д.собр.соч.:В 6Т.-Т.,1989.-Т.Т-с3-50

7.Газет мақаласына сипаттама

Полякова Р.

Действующее лицо и действующие лица:Размышление у телеэкрана//Сов.культура.-1988.-18июня.-С.6.

8. авторы жоқ мақалаға сипаттама

Совершенствовать управление АПК//Моск. Правда.-1989.-15янв.

Газеттерде, журналдарда берілген бас мақалаға сипаттама жазғанда мақала атынан соң бас мақала «ред.ст.» деген сөздерді тік жақшаға алып жазады. Газет пен журнал берілген белгілі бір тұлғамен жүргізген әңгімелермен сұхбаттама жазғанда, алдымен интервью берген адамның фамилиясы жазылады, ал тізімнің фамилиясы жауапты көрсететін мәлімдемеде көрсетіледі.

Мыс:


Сүлейменов О.

Человечество должно добреть/Беседу вел Ю.Лушин//Огонек.-1985,- №27.с18-19

Егер мұндай әңгімеде тілшінің түсініктері мен қорытындылары басымырақ болса және мақала соңында тілшінің фамилиясы автор ретінде көрсетілсе онда сипаттама басында тілшінің фамилиясы жазылады, ал, егер мақала екі адамның диалогы ретінде берілсе, онда сипаттама басында екі адамның фамилиясы көрсетіледі.

Мыс:


Самойлов Д.

Понять течение жизни: Беседы поэта Д.Самоилова с критиком Е. Степанян//Дет лит.-1989.- №1.-с.15-18.


Дәріс №20

Тақырыбы: Рецензия материалдарына сипаттама.

Дәрістің мақсаты: Рецензия материалдарына сипаттама жазып үйрену.

Дәрістің мазмұны: Рецензиялық сын мақалаға аналитикалық сипаттама толтырылады. Рецензия жөнінде мәліметтер рецензия жазылған шығарманың сипаттамасына жалғастырылып жазылуы мүмкін. Мұндайда жаңа жолдан екінші тік сызықтан басталып «рецензия» деген сөзден соң мақалаға сипаттама жазылады. Бір шығармаға жазылған бірнеше рецензиялар болса, онда олар жалғастырған аралары бөлініп жазылады. Рецензия жазылған шығармашылық сипаттамадан рецензия материалдарға сипаттама жазудың екінші әдісі бойынша алдымен рецензия мақалаға аналитикалық сипаттама беріледі, одан соң ескерту ретінде оның қай шығармаға арналған рецензия екендігі көрсетеді. Бұл жағдайда ескертуді «рец. на кн.», «рец. на ст.» деген сөзден басталып жазылады.

Соколов В.

Когда не хватает слов//Знамя.-1988.-Кн.9.-с232-235.-Рец. на кн.: Горбачев В.В. Заветное слово.-М.:Современник, 1986.-398 с.;Горбачев В.В.Судьбы народные.-М.: Худож.лит.,1987.-270с.

Егер рецензияда мақаланың тақырыптары көрсетілмесе, оның тақырыбы ретінде рецензия деген сөз тік жақшаға алынып жазылады.

Мыс:

Басинский Г.



[Рецензия]//Новый мир.-1988.- №9.-с270-277.-Рец. на кн.:

Наверин В.А.Литератор:дневники и письма.-М.: Сов. Писатель,1988.-297с.


Егер мақала повесть немесе роман журналдың немесе газеттің бірнеше номерлерінде жалғасып жарияланса, онда басылым жөнінде мәлімдемелерді көрсетеді де, олардың барлық жылдары номерлері аралары ; бөлініп беріледі.

Карпов В.

Полководец:Докум. Повесть//Новый мир.-1982.- №5.-с.64-131; №6.с.65-153;1983-№11. с. 101-190; №12-с.8-101.
Дәріс №21

Тақырыбы: Ноталық басылымдарға библиографиялық сипаттама жазу.

Дәрістің мақсаты: Ноталық басылымдарға библиографиялық сипаттама жазып үйрену.

Дәрістің мазмұны: Ноталық басылымдардың сипаттамада ол жөнінде библиографиялық мәліметтер беріледі. Сипаттаманың обьектісі ретінде жеке басылым жинақ, бір томның көп томды басылымы, музыкалық шығармалар комплектісі көп томды басылымның жеке томы немесе олардың тиісті бір бөлігі алынуы мүмкін. Мәлімдеменің негізі ретінде басылымның титул беті, титул бетінің артқы жағы, мұқабасы авантитулы ноталық текстің басында берілген мәліметтер шмуцтитул, шығу мәліметтері, көптомдық және әдебитекстің ішінде берілген мәліметтер сипаттаманың мәлімдеменің көзі бола алады. Сипаттамада ережеге сәйкес сөздерді қысқартып жазуға болады.

Егер басылымда музыкалық шығарманың авторы оны өңдеуші адамның фамилиясы музыкалық оқулық басылымның авторы көрсетіледі. Егер басылымда музыкалық шығармашылық түп-нұсқаның авторы және оны өңдеушінің фамилиясы көрсетілсе, онда сипаттама басында фамилияларына - қойылып жазылады.

Мыс:Шубирт Ф.- Лист Ф.

Көптомның басылымға сипаттама жазғанда ұжымның авторы қолданылады. Кейбір жағдайда музыкалық шығармашылық негізгі атына қосымша ретінде сипаттама жазушы адам қосымша атқарып қосып жазады.


Дәріс №22

Тақырыбы: Қазақстан кітапханаларында қолданылатын КБЖ-р.

Дәрістің мақсаты: Қазақстан кітапханаларында қолданылатын КБЖ-жалпы әдістемесін анықтау.

Дәрістің мазмұны: Осы таблицалар барлық жүйелерге қарасты көпшілік кітапхананың кітап қорының, каталогтары мен картотека жүйелерін ұйымдастыруға арналған. Бұл таблицалардың негізгі міндеті-баспа шығармалардың мазмұнын ашып оларды білім жүйелерінің ғылыми негіздемен ретті қатарлары бойынша көрсету және сол арқылы оқырмандардың кітап қорын пайдалануын барынша жеңілдету.

Көпшілік кітапханаларға арналған КБЖ таблицалары КБЖ жұйесінің ажырамас құрамдас бөлігі, әр түрлі типті кітапханаға арналған таблицалардың әр түрлі дәрежеде бөлшектенген варианттарын қамтиды. КБЖ жүйесіндегі таблицалардың барлық варианттары біріңғай методологиялық және ғылыми принциптерге құрылған. КБЖ-нің принциптерін, құрылу әдістері мен теориясын неғұрлым оның толықтай жүйелі баяндау ғылыми кітапханаға арналған. КБЖ таблицалардың 1-ші шығарылымында және КБЖ-ның ғылыми кітапханаға арналған қысқартылған таблицаларда аздап қысқартылып беріледі. Төменде бұл мәселелер көпшілік кітапханаға арналған. БЖК таблицалардың вариантына сәйкес жалпылама беріп отыр.


КБЖ-ң принциптік негіздері.

КБЖ құрылысының негізіне ғылыми білімінің объективті сипатынан туындайтын ғылыми жүйелерінің Маркстік-Лениндік принциптері алынған өйткені бұл заңдар табиғат пен қоғамдағы адамдардың еркінен тәуелсіз өтіп жатқан объективті шындық пен объективті процестерді бейнелейді. Объективтілік принцепті мен даму принціпі философиялық принциптер сияқты КБЖ құрылымдық негізіне алынған. Бұл принциптер жүйесінің бөлімімен мен бөлімшелерінің логикалық және тарихи негіздемен жүйелігін жасауда қателіктерін жіберіп алмауға мүмкіндік береді.

КБЖ-ны жасау кезінде ғылымда материяның қозғалыс формасы бойынша жіктеу жетекші идея болады. Бұл идея жіктеу құрылымының ғылымының негізгі 3 тобын жаратылыстану , қолданбалы және қоғамдық ғылымдарды бөлу арқылы жүзеге асады. Сонымен бір мезгілде жіктеуде қазіргі ғылымының, атап айтқанда материяның құрылымы туралы ғылыми түсініктердің дамуына байланысты бірқатар жаңа ерекшеліктері мен тенденциялы, көрсетіліп материялардың қозғалысының формасы туралы. Маркстік ілімге бұл дамудың қосатын қосымшалары мен анықтамалары тізілді. Мұндағы ең маңызды нәрсе-ғылымының өзара нәтижесінде, интеграция процесі нәтижесінде пайдаболған аралық, сабақтас ғылымдарды есепке алып, жіктеуде көрсету болып отыр. КБЖ-ның салалық бөлімшелерінің жасау үстінде ғылымының тарихи қалыптасқан комплекстері есепке алынып, білімінің бірқатар салаларда қалыптасып кешен арнаулы жіктеулі кеңінен пайдаланады.

Жіктеу бөлімінің одан әрі бөлшектеу үшін бұрыннан қолданылып кешен бірқаьар логикалық принциптер пайдаланылды. Олар: жалпыдан жекеге қарай, төменнен жоғарыға қарай, қарапайымнан күрделіге қарай, анықтағыштан анықталушыға қарай, алдындағыдан соңғыға қарай ауысу принциптері мен бөлу.

Басқа универсалды жіктеулер сияқты БЖК ғылымының белгілі бір идеологиялық позицияны да көрсетеді. Оның негізіне партиялық пен ғылыми объективтілікті өзіне табиғи құрамдастыратын Марксиз-Ленинизмнің ғылыми идеологиясы алынған. Идеологиялық сипат алатын ұғымдарды жіктей отырып, құрастырушылар оның пән, уақыт, орын сияқты жіктеу белгілерін ғана емес, сонымен қатар идеялық-саяси мазмұны мен мәні сияқты белгілілеріне де назар аударды. Методологиялық сипаттағы бөлімшелерде бұл белгілердің маңызды конструктивтік мәні бар, олар проблемалардың 2 жағын, екі идеологиялық жүйені шектеуге мүмкіндік береді.
Дәріс №23

Тақырыбы: Кітапханалық библиографиялық жіктеудің құрылымы.

Дәрістің мақсаты: Кітапханалық библиографиялық жіктеудің құрылымын

үйрету.


Дәрістің мазмұны: Негізгі таблицалар.

Көпшілік кітапханаларға арналған кітапханалық библиографиялық жіктеу таблицаларының қысқартылған басылымы оның толық басылымы сияқты бірнеше таблица түрлерінен тұрады олар: негізгі таблицалар мен жалпы немесе арнаулы типтік бөліну таблицалары. Олардың ірілері толық таблицаны құрайды.

Көпшілік кітапханаларға арналған варианттық негізгі таблицалары жоғарыда баяндалған принциптер негізінде құрылған жалпы принцип үлкен 3 топқа табиғат, қоғам, ойлау және соған сәйкес табиғат туралы ғылымдар, қоғам туралы ғылымдар және ойлау туралы ғылымдарға бөлінген. Оның үстіне осы топтың екеуінің немесе тіпті 3 топтың бірдей түйіскен торабындағы ғылымдарды кибернетика, психология, технологиялық, ауыл шаруашылық, медициналық ғылымдар есепке алғанда КБЖ-ң негізгі қатарында қолданбалы ғылымдар тобы технологиялық, ауылшаруашылық, медециналық ғылымдар бөлініп көрсетіледі. Қалған басқа шекаралық ғылымдар шартты түрде орындалады. Марксизм-Ленинизмнің ғылыми идеологиясына қатысты, себебі бұл идеология барлық жіктеудің негізгі арқауы іспетті, салалық ғылым санатына жатпағанмен, идеялық тәрбие, саяси және практикалық көзқарас тұрғысынан алғанда өзінше жеке орынға бөлінуге тиісті. 2-ші шешім ғылымдық жекелеген циклдарды шегінен шығып жатқан, уневерсал мазмұнды әдебиеттерге қатысты. Сондықтан ерекше бөлінген. Осы шешімдерді есепке алғанда КБЖ –ңнегізгі қатары 3 топқа емес, әр түрлі 6 топты қамтитін неғұрлым толық қатар болып шығады.

Дербес бөлімдер түрінде қолданбалы ғылымдар аса ірі 3 салаға бөлінді (техника, ауылшаруашылығы және медицина), ал қоғам мен ойлау туралы ғылымдар бір бөлімге біріктірілді. Соның нәтижесінде көпшілік кітапханаларға арналған КБЖ таблицасында цифрмен белгіленген мынадай негізгі қатарлар құрылды:

Марксизм – Ленинизм.


  1. Жаратылыстану – ғылымы.

  2. Техника. Техникалық ғылымы.

  3. Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы.

  4. Денсаулық сақтау медициналық ғылымдар.

6/8. Қоғамдылық және гуманитарлық ғылымдар.

9. Библиографиялық құралдар. Анықтамалық басылымдар. Журналдар.


Қатарларды одан әрі қарай аша түсу үшін құрастырушылар жаратылыстану ғылымы мен қоғамдық ғылымда жекелеген топтарға бөлді. Жинақтау сипатындағы әдебиеттер дербес класстарға бөлінді, олар ғылымның жекелеген топтарымен қатар орналасады. Сөйтіп, бөлімінің екінші қатары пайда болды. Олар бөлімнің бірінші қатарымен бірлесе келіп, ғылыми кітапханаға арналған КБЖ таблицаның қатарына сәйкес келеді.

  1. Жаратылыстану – ғылымдары – А

20. Түтас жаратылыстану – ғылымы Б.

22. Физика – математика ғылымы В.

24. Химия ғылымы Г.

26. Жер туралы ғылым Д.

28. Биология ғылымы Е.

3. Техника. Техникалық ғылымдары Ж / О.

4. Ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы П.

5. Денсаулық сақтау. Медициналық ғылымдар Р.

6/8. Қоғамдылық және гуманитарлық ғылымдар –

60. Тұтас қоғамдылық ғылымдар С.

63. Тарих. Тарих ғылымы Т.

65. Экономика. Экономикалық ғылымдар У.

66. Саясат. Саяси ғылым Ф.

67. Мемлекеттік және право Х.

68. Әскери ғылымдар. Соғыс ісі Ц.

70/79. Мәдениет. Ғылым. Ағарту ісі. Ч.

80/84. Фиолология ғылымы Ш.

85. Өнер. Өнер білімі Щ.

86. Атсизм. Дін Э.

87. Философия ғылымы. (фиолософия тарихы, логика, этика, эстетика). Ю.

88. Психология.

9. Библиографиялық құралдар. Анықтамалық басылымдар. Журналдар. Әмбибап мазмұндағы әдебиеттер. Я.



11. Типтік бөліну жүйесі.

Көпшілік кітапхана арналған КБЖ нің қысқартылған басылымына енген көмекші немесе типтік таблицалар жүйесі жіктеуінің барлық бөлімінде пайдаланатын жалпы және территориялық типтік бөліну таблицасыннан, ең алдымен ғылымының жекелеген саласына қызымет ететін арнаулы типтік бөліну таблицасыннан тұрады.

Типтік бөлінулер жүйелі каталогтегі бір типтес әдебиеттерді бөліп алуға және бірыңғай орналастырып, белгілеуге көмектеседі.

Арнаулы типтік бөліну бөлімдерді тек сол бөлімдігі білім саласынның өзіне ғана тән белгі. Бір типтік белгі бойынша үйлестіріп, бір ізге салу үшін пайдаланды. Арнаулы типтік бөліну таблицалары, әдетте, өздері қолданылатын бөлімінің не тараудың индексінің астына жазылады. Жалпы және территориялық типтік бөліну таблицалары салалық бөлімдердеп тыс ерекше ажыратылып беріледі.



Дәріс №24

Тақырыбы: Кітапханалық библиографиялық жіктеудің құрылымы.

Дәрістің мақсаты: Кітапханалық библиографиялық жіктеудің құрылымының жалпы әдістемесін анықтау.

Дәрістің мазмұны: Жалпы типтік бөліну (ОТД) таблицасы тақырыптық (ғылым мен пәнің тарихы; жетекшілік жасау және басқару; экономика; музей, көрме, қорықтар, Еңбекті ұйымдастыру және тағы басқа.) және формальды библиографиялық құралдар. Анықтама басылымдары, журналдар; оқулықтар тағы басқа.) бөлінуден тұрады. Жалпы типтік бөлінудің бірінші қатарыорыс алфавитінің кіші әріпмен белгіленген. Бөлінудің екінші, үшінші және одан кейінгі сатылыры араб цифрымен белгіленді. Жалпы типтік бөліну индекстері білім саласының немесе тақырыптық индексіне ешқандай белгісіз косылып жазылады.

Мысалы: «22.1г Математика тарихы».

«28г Биология ғылымның тұтастай алғандығы тарихы» тағы басқа.

Жалпы типтік бөлінулер өзара да сондай – ақ территориялық типтік бөлініс таблицалық бөлінулермен де біріктіріле береді.

Мысалы: «5г (2)» СССР – дегі медицина мен денсаулық сақтау ісінің тарихы».

Территориялық типік бөлінулер

Территориялық типік бөліну (ТТД) материалды регианалдық белгісіне және оны біркелкі белгісіне қарай бірыңғай бөлу үшін пайдаланды. Цифрмен және орыс алфавитінің бас әріптермен, кіші әріптермен белгіленген территориялық ұғымдар дөңгелек жақшаның ішіне алынады.



Басқа жалпы типтік ұғымдар мен типтендіру тәсілдері

Типтік бөліну таблицасы жалпылама маңызы бар. Ұғымдардың тек бір бөліктерін ғана көрсетеді. Аталған таблицаға кірмеген басқа жалпы ұғымдар жүйелілігі, тұжырымдалуы мен индекстері тұрғысынан мүмкіндігіне қарай бір ізге түсірілген.



жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау