245
әдістемесінің мәселелері де үлкен орын алды. Әсіресе, «Ғылымдардың
классификациясы» деген еңбегінде сол кезеңдегі белгілі ғылымдардың
әрқайсысын жеке–жеке саралап, олардың мазмұнын толық баяндады.
Ж. Баласағұни
«Құтты білік» атты еңбегінде
ғылым мен білім-нің
адам өмірінде шешуші рөл атқаратындығын айқындай отырып, өмірмен
байланысты білімнің өлшеусіз байлық, мол мұра екенін тұжырымдаған.
Қазақтың ұлы ақын-ойшылдары А
. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев,
этнограф – ғалым Ш. Уалиханов, ағартушылар Ы. Алтынсарин, С. Көбеев,
С. Торайғыров
өздерінің философиялық еңбектеріндегі қазақ халқының
дүниетанымын қалыптастыру, ағарту, сауат ашу, білім беру, мәдениетке
үйрету, өзге елдердің озық мәде-ниетінен үйрену
туралы айтқан құнды
пікірлері осы заманғы білім беру ісімен үндесіп тұрған өзекті мәселе екені
аңғарылады.
Одан бергі кезде ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары
А.
Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов,
С Қожахметов
т.б. білім беру мен оқыту үдерісін жетілдіру, оқулықтар
даярлау,
білім мазмұнын іріктеу, оқушылардың таным әрекетін
белсенділендіру мәселелерін тереңінен зерттеп, дидактиканы одан әрі
дамытуға өз үлестерін қосты.
Дидактика тарихын зерттеугеР.Б. Вендеровская, Ш.А. Ганелин, С.Ф.
Егоров, З.И. Равкин, Л.А. Степашко, И. Мадин, Қ.Б. Сейталиев, Е.Ү.
Жұматаева, Б.К. Әбдіғұлова, А.Е. Дайрабаева
өз еңбектерін арнады.
Кеңес дәуірінде таңда Қазақстан ғалымдары педагогиканың жалпы
мәселелерімен қатар дидактикалық мәселелерді де зерттеді. Республика
мектептерінің практика материалдарына сүйене
оты-рып, жалпы
педагогикалық, дидактикалық маңызы бар түрлі жастағы оқушылармен
жұмыс істеу ерекшеліктері, оқытудың дамуына
бай-ланысты мектептерді
политехникаландыру, мектеп жағдайындағы оқыту, білім беру үдерісінің
ерекшеліктері сияқты тақырыптар бойын-ша көптеген ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізді. Солардың бірі профессор Р.Г. Лемберг болды.
60
–
жылдардың ортасынан бастап дидактикада едәуір алға жыл-
жушылық үдерісін байқатты. Бұл ең алдымен оқу-тәрбие үдерісін зер-
делеуге тұтастық тұғырын қолданудан, оның қозғаушы күштерін
анықтаудан, оқушыларды оқыту мен үйретудің заңдылықтарын ашу-ға
ұмтылудан көрінеді. Осы негізде оқушылардың
танымдық әрекетін
белсендіру мәселелеріне көңіл аудару күшейе түсті және бұл үдерістің
мазмұнын ашып көрсетуде белгілі бір жетістіктерге қол жетті.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйеде оқыту мен оқу өзара бір-лікте
жүреді. Дидактикалық тұжырымдама шеңберінде бағдарламалап оқыту,
проблемалық оқыту, дамыта оқыту, гуманистік психология, когнитивтік
психология, педагогикалық технология және педагогика-лық ынтымақтастық
т.б. сияқты әртүрлі бағыттар жұмыс істейді.