144
мазмұны,
әдісі,
жұмыс
факторлары
акселерация
құбылы-сының
ерекшеліктеріне сай құрылуы керек (мысалы, баланы алты жастан оқыту,
т.б.). Балалардың дене және психикалық дамуында ай-қындалған күрделі
өзгерістердің бірі – организмнің жедел дамуы. Бұл құбылыстарды
акселерация (лат.– жедел) деп атайды. Акселерацияға тән ерекшелік:
баланың бойының,
салмағының, бұлшық етінің жедел түрде өсіп жетілуі.
Тәрбие – бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан тәрбие –
баланы қалыптастырудағы негізгі күш.
Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік,
жинақылық, тұ-
рақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мақсатқа жетуде ақылға сай
табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді,
басқалармен
салыстырғанда интеллекттік деңгейі жоғары. «Дарындылық» — бұл адамның
белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмек-тесетін, қабілет
дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық пен қабілеттілік түсініктері бір-
біріне өте жақын ұғымдар. «Қабілеттілік, - деп атап көрсетеді Д.Н.Ушаков,
ол табиғи дарын, бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі». Қабілеттілік тұлғаның іс
-әрекеттің бір саласына, нақты бір ғылымға өзіндік бейімін, қасиетін көрсете
білуі. Бұл тұлғаның бойында білім, білік, дағды, тәжірибелік іс-әрекетінен,
тәрбиелік қа-рым-қатынасынан,
зеректік, тапқырлық, байқағыштық
қасиеттерінен еркін көруге болады. Қабілетсіз тұлға болмайды. Қабілеттің
өзі жалпы және және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы қабілет көптеген
дара тұлғалардың зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттері арқылы кө-
рініс береді. Ал, арнайы қабілет
әсіресе өнер адамдарында, айтыскер
ақындардың суырып салмалығы, композитор, әнші, суретші т.б.
атауға
болады.
Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қа-білеттілігі,
өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көр-сетуі. М.Горький
«адамдағы дарындылық қасиеттің туа бітетіні, жүре пайда болатыны да
болады. Туа бітетіні тұқым қуалаушылық. Бұл биік деңгейлерге көтерілуі
де мүмкін, өшіп те қалуы мүмкін. Дарын-дылықты үнемі
дамытып отыру
қажет», - деп атап көрсетеді.
В. Крутецкийдің анықтауы бойынша «егер қабілеттіліктер де-ген
ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарын-дылық дегенді
адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,- деген
тұжырымынан дарындылықты қабілеттіктің жиын-тығы, іс-әрекет саласында
ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілетінің дамуының жоғары деңгейі,
дара ерекшелік деп бағалауға болады.
Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы
мағынада — қабілеттер деңгейі) —
қабілеттердің ең алдымен, арнайы
қабілеттердің дамуының биік деңгейі.
Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы олардың тем-
пераментіне, қабілетіне, дарындылығына, талантына т.б. тікелей байланысты
болады.