Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет68/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Өзін-өзі иландыру
адамның өзіне қажетті бір қасиеттерді қа-
лыптастыруда жақсы көмектеседі. Адам қатты ауырғанда көңілін басқа 
нәрсеге бұрып, басқа іспен айналысып кетсе ауырғанын уақытша бол-сын 
ұмытады. Сенека айтқандай, «ауруды ойлай берсең, ол ұлғая береді». 
Н.Островский, И.Кант, Б.Паскаль т.б. белгілі тұлғалар өз ауруларына көп 
көңіл бөлмей, тек өздерінің сүйікті шығармашылық істері-мен айналысып, 
адамзат тарихында өшпес іздерін қалдырған. Өзін-өзі иландыруға қарағанда 
өзіне-өзі бұйырық беру өзіне сын тұрғысынан қарауға бөгет жасамайды, 
керісінше, өзін жан-жақты бағалауға ықпал етеді. 


62 
Өзін-өзі құптау.
Көптеген жағдайларда адам өзінің өміріне сырттай 
көз салып жеткен жетістіктерін еске түсіргені жөн. Адамның өмірде қол 
жеткізген жетістіктері оның өз қабілеттерін бағалауға негіз болып, өз күшіне 
деген сенімін арттырады. Өзін-өзі кемсіте бермей, өз қабілеттеріне деген 
көзқарастарын өзгертіп, жақсы жақтарын асырып отыру адамды 
ынталандыра түседі. Адам таңертеңнен бастап өзіне ой-ша жағымды 
жаттығулар жасауына болады. Дейл Карнеги айтқандай «Дәл бүгін», «Дәл 
осы сәттен бастап» - деп адам өзіне жақсы мақсат-тарды қойып соны 
орындауы керек. Мысалы, «дәл бүгін мен өзімнің денсаулығыма көңіл 
бөлемін, дәл бүгін мен біреуге бір жақсылық жа-саймын, дәл бүгіннен бастап 
мен өзімді қолға аламын, өзімді тәрбие-леймін», «бұл менің қолымнан 
келеді» деп өзіне уәде беріп серттессе, ондай адамның іс-әрекеті оң 
нәтижесін береді. 
Мектеп ісін реформалауда мұғалімнің жеке тұлғасын жетілдіру 
әрқашан да көкейкесті мәселелердің бірі болған. Сондықтан әрбір мұғалім 
кәсіби құзыреттілікті, іскерліктер мен дағдыларын дамытуда өзін-өзі 
тәрбиелеу әдістеріне негізделулері тиіс. Неміс педагогы А.Дистервег
«Өзін-
өзі тәрбиелеу мұғалімнің барлық өмірінің негізгі міндеті» 
- деген. Әр адам 
өзіне не қажетті екенін өзі ғана біледі, ол өзіне өзі ғана жақсы көмек көрсете 
алады. 
Өзін-өзі тәрбиелеу үшін рефлексиялық күнделіктер бастап жа-зып, 
өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап, жан-жақты талдау жасап отыру 
пайдалы. Қазіргі кезде адамның өзімен-өзі жұмыс істеуіне көмектесетін 
Интернетте, ғылыми-педагогикалық журналдар-да көптеген сауалнамалар, 
тесттер жеткілікті. 
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің ауқымы өте кең болғандықтан, мұ-ғалім
қай іскерліктерін жетілдіруді қажет ететінін айқындап алып, соны дамыту 
бағдарламасын жасай алуы маңызды. Мұғалімге қажетті негізгі
іскерліктерін өзіндік жетілдіру ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. 

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау