64
ынталандыра білу үшін мұғалімнің өзінің ынтасы жоғары болуы керек.
Ынтаны оятудан кейін сол іс-әрекет маз-мұнын қызықты етіп көрсете алу,
күрделілгін бағалау, оқушылар үшін жақын арадағы даму аймағын аша білу
маңызды. Сонымен қатар іс-әрекет нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізу,
барлық оқушыларды ортақ мақсатқа жұмылдыруға үйрену арнайы
дайындықты қажет етеді. Бұл іскерлікті өздігінен дамыту үшін әріптестерінің
өткізетін іс-шараларына қатысу, өткізуге көмектесу, тренингтер мен
коучингтерге қатысу, оқушылардың арасында қызықты ойындар мен
жарыстар, көр-мелер, дебаттар ұйымдастыру жоспарлап, соларды өткізу
арқылы мұ-ғалім ұйымдастырушылық іскеріліктерін дамыта алады.
5.3.
Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеу негізі.
Әр
болашақ маманның кәсіби дамуында оның өзіндік ой-толғаныстары, өмірлік
мақсаттарын болжай алуы сияқты сапалар маңызды рөл ат-қарады. Адамның
«Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабыл-дайды?», «Мен өз
қабілеттерімді толық аша алдым ба?» деген сұрақ-тарға жауап іздеуі
рефлексиялық үдеріс болып табылады.
Рефлексия
(лат. сөзінен аударғанда
reflexio – өткенге сүйену, артқа көз жүгірту) – толғану, өзін-өзі байқау, өзін-
өзі тану, өзін-өзі бағалау. Сондықтан адамның өзін-өзі түсінуі, өзін
басқалардың қалай қабылдайтыны жай-лы өзін талдап бағалауы
рефлексия
деп аталады.
Рефлексия - адамды, оның шеберлігін, ішкі қабілеттерін дамы-тудың
маңызды шарттарының бірі. Рефлексияның мәні – адамның өзі-нің білімін,
біліктілігін, қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын анықтап, бағалай алуы.
Әр болашақ маманның саналы түрде өзінің кәсіби маңызды қасиеттерін,
білім, біліктерін қорытындылауы рефлек-сия нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Осының бәрі бір күндік іс-әрекет емес, оған көп уақыт, үздіксіз жүйелі
ізденіс қажет. Сондықтан қазіргі таңда әр маманның кәсіби тұрғыдан өзін-өзі
тануында рефлексиялық мәдениеттің қалыптасуы өзектене түсуде.
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан маман өзінің тұлғалық және
кәсіби қасиеттерін шығармашылықпен өзгерте алады. Рефлексия өзіндік
сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби
мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық дағдылар адамның өзіндік
басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (та-нымдық, білімдік,
қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін
арттыруға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: