Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тәрбиенің негізгі тұғырлары



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет150/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

2.4. Тәрбиенің негізгі тұғырлары.
Тәрбие көп факторлы, күрде-лілігі 
оның сан-алуан болуымен қарастырылады. Мектепте тәрбие тұл-ғаның іс - 
әрекет, қарым – қатынасы арқылы, барлығы интеграциялы түрде іске асады. 
Тұлғаның біртұтастығын қамтамасыз ету тәрбие жүйесінің мақсатын, 
міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен формаларын, ұстанымдарын, 
пайдаланатын құралдарын тығыз байланыста жүргізуді қажет етеді. 
 
А.Маслоудың тұжырымдауын негізге алатын болсақ тұлғаның өзін 
негізгі құндылық тұрғысынан қарастырыла отырып, тұлға бойын-дағы 
құндылықтарды қоғам және әлеуметтік орта арқылы қатынас-тарда 
қалыптастыру болып табылады. Расында да, өмірдің құндылықтары қоғам 
мен әлеуметтік ортаның мақсаты мен міндеттері, мемлекеттік экономикалық 
даму үдерісі арқылы іске асады. Тұлғаның құндылық-тары атадан берілген 
тек арқылы дамитыны, қоғам мен әлеуметтік ор-таның даму мен 
сұранысынан туындайтыны белгілі. Қоғам өркениет-тік деңгейде дамыған 
сайын тәрбие үдерісіне қойылар талап та өзіндік ерекшелігімен өрнектеледі.
Тәрбиенің 
тұжырымдамалық 
негіздерінде 
тәрбие 
үдерісін
ұйымдастырудың келесі
 әдіснамалық тұғырларын 
ұсынады:
Өркениеттіліктұрғысынан
алатын болсақ, еліміздің әлемдік дең-
гейде білім кеңістігіне кіріктірілуі тәрбие үдерісіне де жаңашыл көзқа-
растармен қарауды талап етіп отыр. Ұлттық және әлемдік құндылық-тарды 
кіріктіре отырып, әлемдік деңгейде талап етілетін құндылықтар-ды тұлғаның 


173 
бойына сіңіруімізбен қатар, қоғамда әлемдік деңгейде көзқарастарды 
қалыптастыру. Қазақ елі көп ұлттың басын біріктіріп отырған 
демократияшыл және өркениетті елдер тұрғысынан мәдение-ті, рухани - 
адамгершілік құндылықтар жағынан әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын 
елдер қатарынан табылуы өркениеттіліктің басты шарты де бағаланады. 
Тұлғалық-бағдарлы 
тұғыр – өзара байланысты түсініктер, идея-лар 
және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-
өзі жетілдіру үдерісіне қолдау көрсету, оның дербестігін дамыту. Тұлғалық 
ықпал тұрғысынан
-
әр тұлғаға оның жас ерекше-лігімен қоса мінез-құлқы, 
өзінің туа біткен темпераментіне, психоло-гиялық жаратылысына 
байланысты әрекет ете отырып, оның бойын-дағы рухани адамгершілік 
құндылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
Аксиологиялық 
тұғыр – адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және 
т.б. қарым-қатынасын ұғынуымен және тұлғалық мағынасымен анықталатын 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Құндылық-тар жүйесі 
негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлы дала елінің мәң-гілік ел идеясы 
негізінде тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға 
бағытталады. 
Ата-баба дәстүрінен бастау алатын ұлттық мәдениет, руха-нилық адам 
бойындағы негізгі құндылықтардың бірі болып табылады. Рухани - 
адамгершілік құндылықтар халқымыздың бойындағы құнды-лықтарды
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға 
болады. Көне түркі заманнан бастау алған рухани–адамгершілік 
құндылықтар тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді қалыптас-тырады. 
Қызметтік 
тұғыр – тұлғаның өз қызметімен бірлігі, ол тұл-ғаның 
құрылымдарына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасауды жүзеге 
асырады.
Құзыреттілік 
тұғыр – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие 
үдерісін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушылар-да 
құзыреттіліктерді қалыптастыруда және олардың табысты әлеумет-тенуін 
қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығы. 
Әлеуметтік 
тұғыр – тұлға мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік 
ақиқаттың өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін 
педагогикалық салдарлары.Әлеуметтік тұрғыда ықпал ету тұғыры -
әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру, тұлғаны әлеумет-
тендіру үдерісі, әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның рухани-
адамгершілік құндылығын қалыптастыруға бағытталады. Қоғам мен 
әлеуметтік ортаның дамуы мен сұранысынан тәрбие жүйесінде тұлға-ның 
қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуіне т.б. мүмкіндік жасалады. 
Іс - әрекеттік тұғыр негізінен
қарастыратын болсақ, тұлғаның 
тәрбиелік қасиеті оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез - құлқы арқылы 
іске асатынын басшылыққа ала отырып, тұлғаның құндылықтар жүйесін 
қалыптастыруға бағытталады.


174 
Жүйелілік 
тұғыры
 – 
нысанды оны құрайтын бөліктердің жиын-тығына 
жатпайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде 
қарастыруды 
көздейді. 
Жүйелі 
түрде 
қарастыру 
құрылымдық 
компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерар-хиялық 
байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтау-ды, сыртқы 
байланыстарды талдауы қажет. 
Жүйелілік тұғыр
тәрбиенің мақсаты, 
міндетіне сәйкес, мазмұнын жүйелі құра білу, жүйелі, бірізді, сабақтастықта
берілуі оқушының санасы мен танымына ықпал етеді.
Антропологиялық 
тұғыр– адамды оның әлеммен жан-жақты 
байланыстарында және тіршілік әрекеті көріністерінің алуан түрлілігінде 
қарастыруға мүмкіндік беретін бірін-бірі өзара толықтыратын компоненттер 
жиынтығы, ол өмір сүрудің күнделікті формасында, оның ішінде білім 
беруде нақты адамзат қоғамында педагог-оқытушы-тәрбиешіні абстрактілі 
емес, деректі оқушыны, студентті тәрбиелеуге бағдарлайды. 
Гуманистік бағыт 
тұғыры– педагогтың тәрбиеленушіге өз да-муына 
жауапты және дербес субъект ретінде қараудағы жүйелі қарым-қатынасы, 
оның тәрбие үдерісінде адамгершілік қарым-қатынас негі-зінде тұлғамен 
және ұжыммен өзара әрекеттесу стратегиясы.
Диалогтылық тұғыр 
– бір мезгілде қоғамдық мүдделер мен тұл-
ғалық-құндылықты мақсаттарды іске асыруын сақтай отырып, басқару 
тәжірибесін қалыптастыру, міндеттемелер мен ынтымақтастықтарды 
орындау, өзіндік менеджментке қабілеттерін дамытуды қалыптастыру үшін 
балалардың түрлі, оның ішінде педагогтер ұйымдастырған бір-лестіктерінің 
мүмкіншіліктерін қолдануды көздейді. 
Мәденисәйкестілік тұғыр
–тәрбие мәдениеттің жалпыадамзат-тық 
құндылықтарына негізделініп, жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық 
мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс. Мәдениет-тану тұрғысынан - 
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани-мәдени дәстүрлер ұлттық сананың, 
танымның негізі болып табылады.
Үздіксіздік тұғыр
– тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезе-ңінде 
жан-жақты дамыту, оның кәсіби және жалпымәдени өсуін, шы-ғармашылық 
әлеуетін байыту, күші мен қабілеттерін толық іске асыру мүмкіндіктерін 
арттыру. 
Табиғисәйкестілік 
тұғыр– табиғат дамуының ортақ заңдарының 
басымдығы; табиғи және әлеуметтік үдерістердің өзара байланысы; тәрбие 
жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшелік-терін ескеру. 
Тұтастық 
тұғыр - оқу және оқудан тыс қызметтердің кірікті-рілуімен 
қамтамасыз етіледі: оқу әрекеті қазақстандық сәйкестіліктің когнитивті 
құрамдасын қалыптастырады; сабақтан тыс әрекетке эмоционалды-
құндылықты мінез-құлық компоненті дамиды. 
Этнопедагогикалық тұғыр 
– азаматтық келісім мен үйлесімге, 
қоғамдық қатынастарға қол жеткізу, этникалық мәдениеттердің бірігу 


175 
негізінде 
жалпыұлттық 
мәдениеттің 
гүлденуіне 
ықпал 
ететін 
мәдениетжасаушы ортаны қалыптастыру. 
Тәрбиенің
әдіснамалық негізі
мәдениеттану, аксиологиялық, өр-
кениеттік, жүйелілік, тұлғалық, тұлғаға ықпал ету, тұтастық, әлеумет-тік, іс – 
әрекеттік, этнопедагогикалық т.б. тұғырлары тұрғысынан қа-растырылып, 
тұлғаның танымын, санасын, шығармашылық дамуын қалыптастыруға 
үлкен әсер етеді.
Тәрбиенің әдіснамасы дегеніміз
- тәрбиенің тарихилығының ай-
қындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс-тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра 
білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени 
дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен теориялық тұрғыда 
енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс – әрекеті, қарым - 
қатынас, мінез – құлқында көрініс табуы. Тұлғаның қоғамға бейімделуі, 
әлеуметтенуі, ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде еліміз әлемдік 
деңгейде білім кеңістігіне кірік-тірілуі, тұлғаның бойындағы ұлттық
құндылықтарды, ұлттық сананы, танымын қалыптастыру болып табылады. 

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау