Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет149/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

2.3. Тәрбиенің қағидалары.
Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие 
кешенді міндеттерді шешуді дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке 
тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, 
қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеумет-тік 
қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даяр-лау, кәсіп 
таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушы-лардың өзін-өзі 
тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызуды алға қояды.
 
2015 жылы ұсынылған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негізде-рінде» 
тәрбие қағидасына жан - жақты тоқталады. «Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер 
міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытрудың аса маңызды ережелері, 
бастапқы ережесі дей келе, кағиданың барлық ба-ғыттарына тоқталады: 
табиғилылық қағидасы, мәдени сәйкестілік қа-ғидасы, гуманистік бағыт 
қағидасы, этникалық қағида, бiрлiк талабы мен сабақтастықты қамтамасыз 
ету қағидасы, тәрбиенің үздіксіздік қа-ғидасы, әлеуметтік өзара іс-әрекеттер 
тиімділігі қағидасы, әлеуметтік барабар қағидасы, демократияландыру 
қағидасы, вариативтілік қағида-сы. Ал, 
мақсатттылық қағидасына
мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды
тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады»,- деп 
анықтама берілген. Тәр-бие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің 
өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде 
олардың жеке тұлға-лық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне, 
жалпы адамзат-тық құндылықтарға, құндылықтарға сай дәстүрлер мен 
ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады, 
әрбір же-ке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік 
құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға 
қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өз-дері 
дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-
субъектіге көңіл бөледі. 
Тәрбие үдерісінің қағидалары:
ізгілік бағыттылығы, жалпыадам-
заттық құндылықтар, мәдениеттілік, үздіксіздік, табиғилық, тұтастық,
ұлттық т.б. бірі-бірімен сабақтастықта кешенді түрде үйлескенде тәрбиенің 
жетістікке жетеді. 
Тәрбиенің ізгілік бағыттылығы
- тәрбие мазмұнының құнды-лық, 
дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар жүйелерін және өмірдің 
мәнін, рухани байлықты түсіну, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; жалпыадамзаттық 
және ұлттық мәдениетті игеру; әлеуметтендіру, қо-ғамдық тәжірибені 
жинақтап, тұлғаның азаматтық іс-әрекет тәжіри-бесін дамыту; тұлғалық 
бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі рет-теу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін 


172 
ұйымдастыру қабілетін жетілдіру); тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне 
байланысты табиғи бағдарын ескеру. 
Жалпыадамзаттық 
құндылықтар

халықтық 
дәстүрлерде, 
адамгершілік үдерістерде, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үл-гілері 
жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ре-тінде, түрлі 
халықтың, 
түрлі 
діннің, 
түрлі 
дәуірдің 
рухани 
мақсаттарын 
жақындастыратын құбылыс.
Мәдениеттілік

адамзат 
игілігі 
ретіндеұрпақтан

ұрпаққа,
материалдық және рухани байлық жасауынан көрінетін, қоғам мен адамның 
белгілі тарихи даму дәрежесі, қазақ халқының мәдени мұра-ларында 
мемлекет құраушы ұлттың дүниетанымы,тілі мен ділі, бол-мыс-бітімі көрініс 
тауып, олар ұлттық мәдениетті адамды қоғамға лайық тәрбиелеу, жетілдіру, 
қызмет істетуОтан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік 
қарым-қатынасы, шыншылдық, әді-леттілік, білім, ғылым, өнер адамның 
өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы. 
Ұлттық тәрбие беру
- әр азаматтың өз Отанына деген саналы 
қатынасын, мемлекеттік тілді, мемлекет құрушы ұлттың мәдениетін
меңгеруді, мемлекеттің ұлттық бірлігін нығайту қажеттілігін түсінуді
қалыптастыру. Сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне 
мақтанып, ұлттық рухты күшейтуге, азаматтық борыш, перзенттік па-рыз 
ұғымдарын дұрыс қалыптастырып бағыттауға, болашақ маман-дардың кәсіби 
жауапкершілігін дамытуға ықпал ету.

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау