Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет134/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

 Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі 
байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және 
т.б.).
Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдауда өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау
өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б. негізгі 
орын алады.
 
Педагогикалық қолдауда өзін-өзі тану оқушыларға қоршаған ортаны 
түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің 
көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық өзінің өмірлік ұстанымын 
анықтауға көмек беру үшін қажет.
Философ Ж.Ж.Молдабеков “адамгершілікті қалыптастыратын игілікті 
адам алдымен ана тілі арқылы қабылдайды, бағалайды. Адам-ның өзін 
танудың, өзгемен теңесудің өтімді құралы, өзін тану–әркімнің өз 
шаруасының бастамасы, өз шеңберлігінің көрінісі мен қызметі. Сол бағытта 
адамның өзіне деген талапты күшейтуі, әлеуметтік кәмелеттілікке ұмтылуы”, 
- деп ұсынған тұжырымдары педагогикалық қолдауда негізгі ұстаным болып 
табылады.
 Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары (тұлғаара-лық 
қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагоги-калық әдеп 
және т.б.).
Педагогикалық қолдауда педагогикалық әдепте негізгі орын 
алады. Әдеп - этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы 
және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық 
қарым-қатынастың бір түрі. Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-
қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. 
Яғни бір кісінің басқа кісілермен инабатты түрде қарым-қатынас жасауы 
және сөйлеген сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен 
жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы әдептіліктің нышаны 
болып табылады.
 
Әдептілік турашылдық, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі 
орынсыз ақтауға қарсы тұру тілегі, ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, 
мейірбандық көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу 
мәрттігі, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет қылу тілегі, 


152 
қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік
кешірімділік, пәктік, өзінің ғана емес, өзге-лердің де тілектерін құрметтеу, 
ұқыптылық, тазалық т.б. сияқты ұғымдарды қамтиды. 
Қарым-қатынас стилі– мұғалім мен оқушы арасындағы бір-лескен 
шығармашылық іс - әрекеттер, білім, білік дағды, тәлімдік тұрғыда алмасуы, 
мұғалімнің бағалаушылық әрекетіндегі табысты-лығы қамтылады. 
Педагогикалық әдеп - мұғалімнің педагогикалық үдерістегі іс - 
әрекетінің, қарым–қатынастағы мәдениеттілігі, әділеттілігі, адалдығы т.б., 
адамға тән рухани-адамгершілік құндылықтардың бойынан табылуы.

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау