Тақырыбы: «Қазақстан мен Түркия қатынастарының дамуы және оның өзекті мәселелері»



жүктеу 0,62 Mb.
бет1/3
Дата25.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#17717
түріДиплом
  1   2   3

Ф-ОБ-001/035


Кіріспе.

1. Қазақстан егемендігінің жариялануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастардың басталуы, дамуы.
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы.

1.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қатынастардың басты бағыттары.

1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Қазіргі таңдағы Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары.
2.1 Қазақстан мен Түркия республикасы арасындағы халықаралық байланыс

2.2. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.


Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Мұстафа Кемал Ата Түрік Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген мына керемет сөздері Түркия мен Түркістан, арасындағы ежелгі байланыстардың ең шынайы көрінісі болып табылады.

«Бүгін Кеңестер Одағымен доспыз, көршіміз. Бұл достық бізге керек. Бірақ ертеңі не болатынын ешкім де кесіп айта алмайды. Тура Осман империясы сияқты немесе Австрия-Венгрия сияқты бөлшектенуі де мүмкін. Бүгін қолында қыспаққа ұстап отырған халықтар уысынан шығуы мүмкін. Дүние жүзі жаңа бір деңгейге жетуі мүмкін.Міне, со кезде Түркия не істеуі керектігін білуі тиіс... біздің бұл досымыздың басқаруында тілі бір, сенімі бір, тегі бір бауырларымыз бар. Олпрға қолдау көрсетуге дайын емес. Дайындалу керек. Халықтар бұған қалай дайыцндалады? Рухани көпірлерін нығайту арқылы. Тіл-көпірі, сенім көпір негізімізді оралуымыз керек және оқиғалар бөлген тарихымыз ішінде бірігуіміз керек. Олардың бізге жақын жақындасуын күте алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз керек» деген.i

1923 жылы 29-қазанында Мұстафа Кемал Түркия Республикасын жарияалады. Мұстафа Кемал Түркия Республикасының бірін-құрылыс, құқықтық қатынастар, мәдениет және тұрмыс сапаларында реформалар жүргізді. Экономика саласында бірсыпыра прогресшіл шаралар жүзеге асырылды. Шетел концессиялары түгел дерлік жойылды және сатып алынды, ұлттық банктер құрды, бірқатар жаңа темір жол, порт құрылыстары, өнеркәсіп орындары салынды.

Сонымен тұңғыш Түркия Президенті Мұстафа Кемал болжағандай 57 жылдан кейін Кеңес Одағы ыдырай бастады.

«1990 жылы тұнғыш рет Түркияадан мәдениет министірі Намук Кемал Зейбек ресми сапармен Қазақстанға келеді. Ол Қазақстан мен Түркияның мәдени байланыстарын дамыта түсу жөнінде бірнеше келісім шарттарға қол қояды. Бұл келісім шарт бойынша Түркия мемлекеті Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауйдің кесенелерін қалпына келтіруді өз мойындарына алады».ii

«1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР-і Президентінің шақыруы бойынша Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапарымен келді. Осы сапар кезінде Н.Назарбаев пен Тұрғыт Озал Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының арасында ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімде мәдениеттерінің, тілдерінің, рухани мұра мен дәстүрлердің ортақтығы біріктіретін екі ел халықтарының саяси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялы, мәдени, гуманитарлы, хабарламалық және басқа салалардағы ұзақ мерзімді негіздегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге ұмтылды».

Қазақстан мен Түркия арасында саяси, экономика, мәдени қатынасы тез дамып кетті. Бүкіл Түркия Республикасының Ата Түрік Мұстафа Кемал өзінің 10-жылдық тәуелсіздігінде сөйлеген сөзінен кейін 58 жылдан кейін қатынастық бастамасы еді. Бұл қатынас Түркияның 58 жыл бойы Қазақстанның тәуелсіздігін күткендігін, оған жақсы дайындалғандығын көрсетіп отыр. Екі Елдің арасында дипломатиялық достық, ынтымақтастық қарым-қатынастары орнатыла бастады. Бірақ айта кететін бір нәрсе 1992 жылы Стамбулда Түркі мемлекеттерінің бас қосуында Түркияның Президеті «Түркішілдік Одағын» құруға ұсыныс жасағанда Н.Назарбаев қол қоюды қарсылық білдірді Өзбекстан Президенті Ислам Каримовта бұл ұсыныстан қол қоюдан бас тартты.1

Ал 1994 жылы екінші түрік мемлекетінің басшыларының бас қосуы болды. Бұл бас қосуда Н.Назарбаев түркі мемлекеттерінің Президенттеріне Еуразия одағын құруға ұсыныс жасады. «Н.Назарбаев бұл одақ әскери емес, мемлекеттер арасындағы дипломатиялық, экономикалық және мәдениеттер қарым-қатынастарың дамуы үшін еді».2

«Қазақстан мен Түркия арасында 9-жылдық дипломатиялық қарым-қатынаста 66 құжатта қол қойып, оның ішінде 49 мемлекет аралық құжатта қол қойылды».3

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Түркия Республикасымен сауда-экономикалық қарым-қатынас кең қанат жайды. Екі елдің арасында сауда қатынасы 1992-жылы 30 миллион АҚШ доллары болса, 1997жылы-360 миллион АҚШ долларын құрады, ал 2000 жылы-460 миллион АҚШ долларын құрады.

Қазақстан территориясында Түркия кәсіпорындары Қазақстан кәсіпорындарымен бірлесіп жұмыс істеуде «Қазіргі кезде Қазақстанда қазақ-түрік бірлескен 321 кәсіпорындары бар».

Осы кәсіпорындар Қазақстанда қазіргі таңда ТМД елдерінің арасында ішкі өнім шығарудан бірінші болып отыр. Екі елдің арасында транспорт пен коммуникация қарым-қатынасы да дамып келеді.

«1995 жылы Түркия Президенті Сүлеймен Демирел мен Н.Назарбаев екеуі экономикалық ынтымақтастыққа келісім шартқа қол қойды.» Бұл келісім шартқа «негізінен Қазақстанның Каспийдегі мұнайын Түркияның территориясы арқылы Еуропа базарына шығару туралы келісім шартқа қол қойылды»

Сүлеймен Демирел екі ел арасында транспорт қатынасы туралы мынандай ұсыныстар айтты: Бұрынғы орта ғасырлық сауда жолы Жібек жолын қалпына келтіру, Иран мен түркіменстан арасындағы темір жол арқылы Түркия мен Қазақстан арасындағы темір жол қатынасын орнату. Кавказ территориясынан тас жол қатынасы және Каспий теңізі мен Волга ме Дон өзендері арқылы кеме қатынасын орнату туралы ұсыныс жасады.

Туысқан ел арасында мәдениет қатынасы дамуда. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін екі ел арасында мереке тойлар өткізу мен мәдени күндерін өткізу туралы келісімге қол қойылды. 1995-1996жылдары Түркия мен Қазақстан мәдениет күндері болды.Түркия қазақ халқының ақындары мен жжазушылардың мерей тойларын қарсы алды. Олар «Абайдың-150 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығының мерей тойлары және конферецияларда өткізілді».4

«1996-1998 жылдары аралығында Қазақстан мен Түркия арасындакғы мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі хаттамада мәдениет министірі Т.Мамашев пен И.Қақарман қол қойды».5

Бұл хаттамада мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды одан әрі тереңдету туралы мәселелер қамтылған. Атап айтқанда түрлі фестивальдер, конференциялар ұйымдастыру, кино апталықтарын өткізу тағы басқа шаралар қарастырылды.

2000 жылы қазан айының 19-21 күндері аралығында Түркия халқының ежелгі ХҮ ғасырлық тарихы бар Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын тойлады. «Бұл мереке тойға Түркі халықтарының мәдени министрлері келді. Және бір айта кететін жайт Түркия Республикасының 10-Президенті Ахмет Неджет Сезер қатысты».6

«Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі рестраврацияланды. ХҮІІІ ғасырда қазақ хандарының үш жүз болып біріктрілген Абылай ханның мәйіті Ақсарайға арулап қайта қойылды. Түркістанның 1500 жылдық тойына Қазақстан ғалымдары «Түркістан энциклопедиясын» жарыққа шығарды. Бұл энциклопедияда түркі халқының тарихы мен мәдениеті туралы жазылған».7

Қазақстан мен түркия Республикасы арасында ғылым мен білім саласында да ерекше орны бар.

Екі туысқан елдің ғылымдары конференциялар ұйымдастырылды.Бұл конференцияларда екі елдің ғылымдары өздерінің бағалы материалдарын алмастыру, әдебиет шығармаларын және тағы басқа еңбектерін аудару туралы шешім қабылдады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан қаласында 11 мыңдай студент оқиды, оның 500студенті Түркия азаматтары. Шымкент қаласындағы бөлімінде 6000 мыңдай студент оқиды, оның 100 студенті Түркия азаматтары. 1995 жылы Алматы қаласында Сүлеймен Демирелдің атынан ақылы университет ашылды.1991-1992 жылдары Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ-түрік лицейі ашылды. Қазіргі таңда 30-ға жуық қазақ-түрік лицейлері бар.

Қазір лицейде 6 мыңдай қазақ жастары оқиды. Олар қазақ, ағылшын, түрік тілдері жүргізіледі және компютермен де сабақтар жүргізіледі.8

Осылайша Қазақстан мен Түркия Республикасының жан-жақты салада қатынастарын дамуы тарихи құбылыс сипатын алып отыр. Сондықтан да бұл мәселені зерттеу, талдау олардың бағыттарына сипаттама беру қажеттілігі қалыптасып отыр. Осыған орай мен осы жұмысымда арнайы зерттеу жасап оқулық жұмысын жасауды көздедім.

Сонымен Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым-қатынастары туралы сол кездерде бірқатар еңбектер мен кітаптар, ғылыми мақалалар жарыққа шыға бастады.

Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым қатынастарын бастамасы екі елдің тұңғыш рет келісім жасау министрлердің дипломатиялық қатынастардың бастамасы, кәсіпорындардың бірлесу туралы Келімбетов М. «Қазақстан коммунисі» газетіне жазды.9

Н.Назарбаев тәуелсіздік алған кезде тұңғыш мойындаған және туысқан Түркия Республикасының Президенттері туралы өз еңбегінде жазады.10

1996 жылы Түркия Республикасында Қазақстан мен Түркия Республикасының 5 жылдық дипломатиялық, экономикалық мәдениет қарымқатынастары мен екі елдің 5 жылда жасалған келісім шарттар туралы жазылған еңбек шықты.11 Фейзуллах Будак ежелгіден қазіргі қазақстанның тарихы туралы өз еңбегін түрікше жазып шығарады12.

2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессорлары мен оқытушылары Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым қатынастары туралы зерттеп өз еңбектерін жазып шығарды13. 1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 5 жылдық білім жетістіктері туралы еңбек жазып шығарды14. Нарибаев М. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қатынастары туралы мақаласын жазды. Бұл мақалада Түркия мен қазақстанның екі жақты экономикалық қатынастары, инвестиция, біріккен кәсіпорындар, сауда қатынастары туралы жазды15

Н.Назарбаев 1994 жылы Түркияға ресми сапармен барғанын және түркі тілдес халықтардың Еуразия Одағын құру туралы «Халық Кеңесі» газетіне жазып шығарады16. Ибрагим Қазақстанның Түркияменг экономикалық қатынасы мұнай саласы мен сауда қатынасы туралы «Түркия мен Қазақстан» деген мақаласын жазады17.


1. Қазақстан мен Түркия қатынастарының дамуы және оның қәзіргі кезектегі мәселелері

1.1 Қазақстан Республикасымен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы.

Дипломатиялық қатынастар – «Халықаралық құқық ережелеріне және тәжірибесіне сай, мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды ұстаудың негізгі нысаны»18.

Дипломатия-дегеніміз ол Мемлекеттің сырқы саясатын жүргізу тәсілі, яғни ол әскери емес тәжірибелік іс-шаралардың жиынтығы, белгілі бір мәселелерді шешуге арналған қабылдаулар мен әдістер шет елдегі мемлекет және Үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, сырқы істер ведомстволарының, дипломатиялық өкілдіктерінің, ресми қызметі: мемлекеттің сырқы саяси мәселелерін және мақсаттарын жүзеге асырушы халықаралық конференциялардағы делегациялар, сонымен қатар мемлекеттің шетелдегі азаматтардың және мекемелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметі.

«Дипломатия» ұғымын, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдетумен, сонымен қатар қалықаралық қатынастарды болдырмау не реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер өнерімен байланыстырады.

Тәжірибедегі ең негізгі және ең кең тараған дипломатиялық тәсілдер мыналар: жоғарғы және жоғарғы деңгейдегі ресми және басқа визиттермен келіссөздер: дипломатиялық конгресстер, конферециялар, кеңестерімен кездесулер, екі жақты және құжаттарды бекіту, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдегі, дипломатиялық хат алысу, дипломатиялық құжаттардың құрылуымен көп жақты дипломатия аса маңызды мәнге ие болды.

Мемлекеттің дипломатиялық қызметін Үкімет тікелей басқарса-сыртқы істер ведомствосы оны жүзеге асырды.

1990 жылы сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССРО-інің Президенті болып сайланды. Н.Назарбаев Қазақ КСР Конституциясы мен 1995 жылы 25 қазан айында қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туалы Декларацияға сәйкес жұмыс істеуді қазақ КСР сырқы істер Министірлігі де негізгі бағыт етіп ұстанып Декларацияның 14-бабында былай делінген: «Қазақ КСР-інің халықаралық қатынастардың дерьес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүддесіне Біріккен ұлттар ұйымының және мамандандырылған мекемелердің қызметіне қатысуға құқығы бар.

Республика шет мемлекеттермен экономикалық және сауда байланыстарын еріктілік пен тең құқылық принциптерінсақтай отырып, өзара шаттар негізінде құрады, сыртқы экономикалыққызмет мәселелері дербес шешеді».

1991жылы 4 наурызда Алматыдағы Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал арасында келіссөз болды, «тұңғыш рет екі елдің өзара экономикалық сауда, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын кеңейту жөнінде 11 баптан тұратын келісім-шартқа қол қойылды».

Қазақ КСР сыртқы істер министірі А.Х.Арыстанбекова мен Түркия Республикасының сырқы істер министірі, А.Куртджебе Альптемочин арасындағы екі министірліктің өзара кеңестер жасауы туралы хаттамаға қол қойылды. «КезіндеҚазақстан Үкіметі 1994 жылдан бері республикада сыртқы істер министірлігі құрылғалы мынадай хаттамаға бірінші рет қол қойып отыр»19.

Екі ел сыртқы істер министірліктері Қазақ КСР-і менТүркия Республикасы арасындағы екі жақты келісімділіктің жүзеге асыруымен қол қойылған хаттамалардың орындалуы жайлы бір-бірін үнемі хабардар етіп отыр. Сол сияқты екі ел мекемелері өзара қарым-қатынастық жағдай туралы, сонымен қатар екі жақтың да мүддесіне сай келетін халықаралық өзекті проблемалар, сыртқы-саясаттық, экономикалық және қаржылық мәселелері туралы кеңес жүргізіп отыруға келісті.

Хаттаманың 4-ші бабында: екі ел сыртқы істер министірліктері екі республика арасында елшілік қызмет орнатуға екі жақты тиімді негізде елшілік өкілдіктер ашуға, сонымен қатар екі министірліктің елшілік қызметтері арасында кеңестер жасап отыу жайлы ниеттері бар екендігін мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының 1991жылы 16 желтоқсан күні жариялаған тәуелсіздігін дүние жүзінде алғаш таныған мемлекет Түркия болды.

Түркияның бұл дипломатиялық белсенділігі Қазақстанда үлкен бір қуанышпен қабылданды.

«Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнауына байланысты хаттамаға 1992 жылдың 2 наурызында Алматыда қол қойылды және ізін суытпай артынан ашылған Түркия Республикасының Алматы төтенше елшілігі Қазақстандағы алғашқы төтенше елшіліктердің бірі болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында осы жылы іске қосылған Анкарадағы төтенше елшілігімен сыртқы өкілдіктерінің бірісін Түркияда ашқан болып табылады»20.

Қазақстан Республикасы біріші Дуайені Алматыда Түркия елшісіне берді21.

Дуайені дегеніміз-қабылдаушы мемлекеттің дипломатикалық корпусы әріптестерінің арасында бірінші болып сенім грамотасын тапсырылған дипломатиялық өкілдіктің басшысы.

1992 жылдың қазан айының 30-31-ші күндері Анкара қаласында Түркі тілдес мемлекеттердің бас қосуы болды. Түркия Республикасының сол кездегі Президенті Тұрғыт Озал, Әзірбайжан Республикасының сол кездегі Президенті Абулфайз Елчибей, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов және Түркіменстан Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязовтар кездесуі болды.

Бұл кездесуде Түркия Республикасы Орта Азиядағы Түркі мемлекеттерге экономикалық және мәдени саласында қолдау жасайтын ниеттерін аңғартты, өзара қатынастардың орындалуына қанағаттанып отырғандарын білдірді және ары қарай ынтымақтастық пен іс-қимылдарды үйлестіріп отыруға шақырды. Кездесуге қатысушылардың аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен тұтастай алғанда Азия құрлығындағы қатынастардың жарастығы жолында осы бағытты жалғастыра беру туралы ұйғарымға келуілері түркі тілдес мемлекеттердің бүгіні үшін ғана емес, болашағы үшін де аса маңызды болды.

1993 жылы 9 сәуірде Алматыда ресми түрде Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал келді. Тұрғыт Озалдың Қазақстанға екінші рет ресми сапарымен келуі.Тұрғыт Озал Түркия Республикасы делегациясын таныстырды. Онда Вице-президент Ерік Асанбаев болды, премьер-министр орынбасары Қуаныш Сұлтанов т.б. болды.

Қазақстан мен Түркия Республикасының делегациясының арасында даму шеңберінің белестерінен басталған еді, екі жақ кездесулердің қажеттілігін желеуін және Түркия деңгейде координацияларды кеңейту, беймасштабта қарау керектігін көрсетті. Н.Назарбаев және Т.Озал айрықша атап көрсетудегі сауда экономикасындағы байланыс экономикалық әріптестік ұйымы шеңберінде әңгіме қозғады.

Түркия Президенті Тұрғыт Озал 1993жылы қаңтар айында тәуелсіз Қазақстанның 1-ші конституциясын жоғары дәрежеде екендігін атап өтті22. Екі ел басшылары келісім барысында екі жақ барлық маңызды, алғашқы үкімет аралық келісімдерге келісті. Әсіресе сауда экономикасы саласына, ғылыми-техникалық, мәдени байланыс кадр дайындау. Түркия делегациясы өз шарттарын Қазақстанға экономикалық көмектің бағытталуын түсіндірілді. Сонымен қатар парламент аралық байланысты нығайту көзделді.

Тұрғыт Озал Қазақстан Президентінің инициативасын қолдады. Инициативасында Азия құрлығында бейбітшілікті сақтау мақсаты қарастырылды. Келіссөзге Вице-президент Ерік Асанбаев, премьер-минестр сол кезде Сергей Терешенко, оның орынбасары Асхат Жабагин, Президент апаратының жетекшісі және министр кабинетінің жетекшісі Нұртай Абызаев, және т.б. министрлері қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Тұрғыт Озал екеуі түстен кейін Парламент үйіне барды. Осы Парламент үйінде Түркия Президент Тұрғыт Озал парламент алдында сөз сөйледі: Түркия халқы Қазақстан Реформаларына жақсы көзқараста екендігін атап айтты.

Біздің айрықша қуантатын жәй сіздің республикадағы тұрақтылық, бұл демократиялық қоғам көмек береді тағы нарықтық экономикаға өту, негізгі принциптер жаңа конституцияға әлем елдерінде қалыптасқан Қазақстанға осыдан екі жыл бұрын келдім деді. Президент дана саясатшы Н.Назарбаев басқарған ел ұлы мемлекет болуына сенемін. Түркия осы жолда жан-жақты қолдау, ұсыныс беруге дайын деді. Өйткені 15 жыл ішінде Түркия үлкен тәжірибе жинақтады, дін қиыншылықтарымызды түрлі жолдармен шығу жолын қарастырамыз23 деді.

1993 жылы 17 сәуірінде Тұрғыт Өзал дүние салды. Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде Тұрғыт Өзал туралы былай деді: Тұрғыт Өзалдың қазасы –Түркияның 8-Президентінің марқұм болуы емес, ол елдің дүниежүзілік деңгейге көтерілуінің белгілі бір кезеңінің қорытындысы еді. Түрік кереметіеің сәулетшісі, экономиканың еркін дамуына табанды насихатшысы шын мәніндегі жан қияр реформашылық Тұрғыт Өзал әділетті түрде әлемдік беделге ие болды.

Тұрғыт Өзал сыртқы саясатта көрнекті тұлға еді. Түркияны Таяу және Орта Шығыс елдерімен бұрынғы Шығыс блок елдерімен, жаңа тәуелсіз мемлекеттермен қарым-қатынасының жақсаруы тығыз экономикалық қарым-қатынасқа ұласа алады. Мен Түркия мен Т.Өзал тарапынан Қазақстанға көрсетілген қолдауды аса жоғары бағалаймын. Бұл елдің біздің тәуелсіздігімізді 1-болып мойындағанын ешқашан ұмыта алмаймыз»- деп жазды.

1993 жылы мамыр айында Түркия республикасының 9-Президенті Сүлеймен Демирел болып сайланды. Н.Назарбаев С.Демирелді 1990 жылы қараша айында Түркияға алғаш барған сапарында танысады. Ол кезде аса ірі оппозицияшыл партияның жетекшісі болған еді.

1994 жылы қазанның 17-де Анкарада Түркия мен Қазақстанның арасында достық және ынтымақтастық туралы шарт жасалды.

Түрк ия Президентінің Анкарадағы резиденциясында салтанатты қол қою рәсімінде сөз сөйлеген Н.Назарбаев:

«Екі елдің арасында «туысқандық, жақындық» қатынастар бар екенін айтты. Түркия Қазақстанның тірегі болып табылады деп атап көрсетті. Біз сіздерге сенеміз деп атап көрсетті. –Біз үшін Түркияның күшті болғаны өте маңызды. Құрамында Түркия мен Орталық Азияның түркі тілдес республикалары кіретін ұйымды құратын уақыт келді деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Бұл ұйымның әлде кімге қарсы бағытталмайтындығын және әскери болмайтындығына, оның мақсаты бейбітшілікті және халықтардың әл-ауқатын нығайту нығайту болып табылатындығына сенім білдірді».

Ал Түркия республикасының Президенті Сүлеймен Демирел Қазақстанмен қарым-қатынас туралы мынандай тамаша сөздерді айтты. Түркия мен Қазақстан аймақтағы екі іргелі және ықпалды мемлекет болып табылады. Н.Назарбаевтың батыл да салиқалы сырқы саясатының нәтижесінде Қазақстан аз уақыт халықаралық аренада маңызды орын алып үлгерді. Республика аймақтық және бүкіл әлемдік беделге ие болды деді.

Осы кездесуде екі елдің сыртқы істер мин истрліктері арасындағы саяси кеңестер туралы хаттамаға қол қойылды. Ал 18-19 күндері Стамбул қаласында Түркі мемлекттері басшыларының екінші бас қосуы өтті.Оған Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел, Әзербайжан Республикасының Президенті Гайдар Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов, Түркіменстан Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязов қатысқан жоғары дәрежелі екінші басқосу басталды. Негізінде екінші басқосу Әзібайжан мемлекетінде Баку қаласында жоспарланған болатын. Бірақ Ресейдің Әзербайжанға жасаған қастаңдығы және осы елдің өз ішіндегі қайшылықтар кездесу мезгілін, орнын өзгертуге әсерін тигізді.

Бұл кездесуге сырттағылар ала көзденуін қоймады. Әйткенмен кедедергіге табандылық танытты. Әсіресе Ресейдің кейбір ресми адамдары таратқан жалған сөздерге қаймыққан ешкім болмады. Түркияны орынсыз кіналап теріс ой пікір таратуда, кездесуді этникалық бөлектену негізінде ұйымдастырып жатыр деп даттанушылар аяққа орала кетті. Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел жалған таралған сөзге былай деп жауап берді: Өз егемендіктерін және тәуелсіздіктерін алған Орта Азиядағы түркі мемлекеттері басқа біреудің рұқсатынсыз-ақ өздері қалаған шаруаларын жүзеге асыра алады,- бұл аймақтағы экономикалық және мәдени ынтымақтастардың жандануынан Ресей басшылары шошынбасын деді.

Бұл кездесудің мақсаты-мұның алдындағы жоғары деңгейдегі кездесуден кейінгі екі жыл ішіндегі аталған алты ел арасындағы ынтымақтастықтың қорытындысын шығарып, оларды байланыстыратын тарихи, мәдени, діни, т.б, арқаулар негізінде экономикалық және саяси әріптестіктің жалпы стратегиясын жасау. Күн тәртібіне түркі тілді мемлекеттердің біртұтас рыногінқұру, аймақтық оның ішінде Армиян-Әзірбайжан және Ауғанстанмен шекарадағы жан-жалдарды келіп реттеудің жолдары, бұрынғы КСРО-нің түркі тілді Республиканың өз дербестігін нығайту жөніндегі күрделі міндеттерін шешуі Конституция бойынша өркениетті, ал өзінің рухани тіршілігі бойынша мұсылман мемлекеті болып табылатын Түркияның тәжірибесін пайдалану сияқты мәселелер енгізілді. Бұл кездесуді ашқан Сүлеймен Демирел мынадай тамаша сөздермен бастады. «Бауырлас мемлекеттердің» ынтымақтастық ауқымын кеңейтудің маңыды әрекетін атап көрсетті. «Біздің мақсатымыз деді-ол-Туыстас халықтарымыздың тығыз байланысын дамытып, ынтымағын нығайту»-деді.

Бұл кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев түркі мемлекет басшыларына Еуразия Одағын құру жөнінде ұсыныс жасады. Бұл ұсыныста Н.Назарбаев мынадай мәселелерді айтты: Бұл одақ мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін жаңа мағынадағы бірлесу қажеттілігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев конференцияда шығып сөйлеген сөзінде: Бүгінгі таңда дүниежүзілік қоғамдастық дамуы интеграциясыз мүмкін еместігін айтты, болашақ елдердің оқшаулануында емес, интеграция жағында нақ осы интеграциялық үрдістер елдер арасындағы сенімді нығайта түсуге жәрдемдесіп, мемлекеттердің аумақтық тұтастығын үлкен сенімділікпен қауіпсіздендіреді.

ОрталықАзия құрлығы – аумағы жөнінде, экономикасы жөнінде де, еңбек Ресурстары жөнінде орасан зор, деп жалғастырды Қазақстан Президенті, күш-жігерді, бөлшектемей, керісінше, біріктіре отырып, осы факторларды адам игілігіне үлкен пайда келтірмейтіндей етіп пайдалануға болады. Біз өзімізде ізгілік дәнін септік Өзбекстан. Қырғызстан және Қазақстан біртұтас экономикалық кеңістік құрды және ол қазір біздің ортақ дамуымызға, тату көршілік пен бейбітшілікті нығайтуды көмектесуде деді.

Көмектесуде халықаралық проблемаларға тоқталған түркияның Президенті Кавказдағы «отты нүктелердің» салдарынан Орталық Азияның Түркиямен және Еуропамен арадағы коммуникациялық байланыстары бұзылғанына алаңдайтынын жасырған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев 19-на Алматыға қайтып оралды. Ел басы ұшар алдында Қазақстан журналистеріне сапардың қорытындысы туралы әңгімелеп берді.

«Түркияға бұл сапарымыз, деп атап өтті, мемлекетіміздің басшысы, жемісті болды. Достас елдің басшыларымен ресми келіссөз және оның іскер топтарының өкілдіктерімен кездесулер барысында аса маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Олар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып, одан әрі кеңейтуге жаңа серпін береді»-деді.

1995жылы 13-ші маусымда таңертең республикамыз басшысының Сарайы алдында Алматыға сапармен келген Түркия Президенті Сүлеймен Демирелді қарсы алудың ресми рәсімі өткізілді.

Мәртебелі мейман мен оның зайыбын Нұрсұлтан Назарбаев зайыбымен бірге жалпы шыраймен құттықтады. Екі елдің мемлекеттік Гимдерінің асқақ әуені қалыптады. Президент Республикалық ұланның құрметті қарауылы санап айналып өтті.

Елбасының Сарайында екі мемлекеттің басшылары оңаша отырып өзара сенім ақуалында сындарлы әңгіме өткізді. Н.Назарбаев «өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту екі жақтан да күш-жігерді үдету қажеттілігін атап көрсетті. Сүлеймен Демирел Түркияның Қазақстанға қатысты саясатын жоғары бағалап, оның басшысына бірлескен жобаларды жасау мен жүзеге асыруға тікелей қатысқаны үшін алғыс айтты».

Түркия Президенті Сүлеймен Демирел Н.Назарбаев екі ел арасындағы коммуникация мен көлік саласындағы қарым-қатынастарды ең маңыздылары ретінде мынадай ұсыныстар жасады: «Болашағы зор байланыстар көне жібек жолы негізінде қалпына келтірмек болып отырған байланыс көзінің бір бөлігі ретінде Иран арқылы Түркияға темір жол төсеу жобасын, сондай-ақ Еділ-Дон каналын пайдалана отырып су жолдары арқылы қатынас жасауды жолға қоюды және кавказ арқылы автомобиль тасымалдарын атауға болады, деп есептейді».

Ал 14 маусымда Президент Нұрсүлтан Назарбаев Түркия Президенті Сүлеймен Демирел Оңтүстік Қазақстан облысында болды.

Олар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде оны көнеде бірегей қалпына келтіру барысы мен танысты. Мұнда Түркия мамандарының көтеруімен ірге тасты нығайту толық аяқталып, жұмыстың келесі кезеңі басталған. Барлық қайта қалпына келтіу жұмыстарын келесі жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Екі мемлекеттің басшылары кесенедегі әулие бейітінің басында намаз оқып, құрметті келушілер кітабына қол таңба қалдырды.

Түстен кейін облыс орталығына келген Қазақстан мен Түркия басшылары дендро рай паркіне барып осындағы Президенттер аллеясында Сүлеймен Демирел ағаш отырғызды.

Сондай-ақ мемілекет башылары Шымкент Педагогикалық дене тәрбиесі институтының ат спорты кешенінде болды.

Олардың алдында ат спортының ұлттық түрлерінің болашақ мамандары ат құлағында ойнайтын жігіттер өз-шеберліктерін көрсетті. Түркия Президенті Сүлеимен Димирилге асыл тұқымды сәйгүлік тарту етілді.

Ал кеткесін С Демител бастаған Түркия делегацисы Шымкенттен Анкараға ұшып кетті. Жергілікті әуе жайда мәтебелі мейманды Нұрсұлтан Назарбаев вице-премьер Ахметжан Есімов, президент аппаратының басшысы Нұртай Әбікаев, басқада ресми адамдар шығарып салды.

1995 жылы 15-ші тамыз күні Алматыда Түркияның Премьер-министірі Танссу Чиллер ресми сапарымен келді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Премьер-министрі Танссу Чиллер Президенттінің резеденциясында оңаша ұзақ әңгімелесіп, Қазақстан мен Түркияның кеңейтілген құрамындағы мемілекеттік делегацияларының келіссөзі жүргізілді. Келіссөз әдеттегідей дәстүрге достық ахуалды өтті.

Екі жақ бірі-бірін өз елдеріндегі саяси және экономикалық жағдаймен таныстырып, өзара тиімді негіздегіекі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың болашағы туралы, аймақтық және халықаралық көкейтесті проблемалар жөнінде пікір алмасты.

Түркия премьер-министрі Қазақстанда жүріп жатқан, нарықтық принциптерге демократиялық қоғамының ірге тасын қалауға бағытталған саяси және экономикалық өзгерістерге үлкен мүдделік танытты. Танссу Чиллер біздің республикамызда жүзеге асырылып жатқан елдегі ішкі тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік үкімет қызметінің арттыруға байланысты конституциялық реформаны жақтаған сөз айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Түреия конституциясында жақында қабылданған өзгертулерді туысқан елдің қоғамдық-саяси өмірдегі одан әрі демократияландыру бағытындағы ірі бет бұрыс білдіретін елеулі оқиға ретінде жоғары бағалады.

Н.Назарбаев пен Түркия премер-министрі аймақтық және халықаралық саясатты көкейтесті мәселелер жөнінде пікір алмасу екі елдің айқындамалары бірдей немесе жақын екенін қуаттады. «Қазақстан мен Түркия, Тәжікстандағы, Кавказдағы, Балқандағы және әлемнің басқа да аймақтарындағы қақтығысты жағдайларды саяси жолмен реттеуді жақтайды. Босния мен Герцеговиниадағы қалықаралық қоғамдастырудың бейбітшіл күш-жігеріне нұсқан келтіретін әскери қимылдардың жандана түсуіне байланысты алаңдаушылық білдірілді».

16 тамыз күні Түркия премер-министрі Танссу Чиллер Қырғызстан Республикасына ресми сапармен ұшып кетті.

1997 жылы 3-7 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан Қажыгелдиннің Түркияға алғаш ресми сапары болды. Бұл сапар екі ел үшін де пайдалы болды. Ең бастысы экономиканың келешегі тұрғысынан маңызды шешімдермен нәтижеленді. Қажыгелдиннің бұл сапарының Қазақстан үшін маңыздысы –елдің пайдалы қазбалары жайында Түркия іскерлеріне кеңінен мәлімет берілгендігі. Түркияның премьер министрі Нежметтин Ермакан мәр тебелі мейман құрметіне берген қонақасына Түркияның Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен үлкен холдингтердің иелерін шақырған еді.

Осы бас қосуда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан Қажыгелдин бауырластық қатынастар мен қатар экономикалық байланыстарды да нығайту керектігін айта келіп былай деді:Байлық қажет десеңіз, еліміз қазба байлықтарға бай, туысқандық қажет болса Қазақстан өз ата мекеніңіз, жаңа іс салалары керек десеңіз алдыңызды жан-жақты жаңадан құрылып жатқан және жаңа астана Ақмоланы қазіргі заманға сай шарттарға сай құруды жоспарлаған еліміз бар» - деді.

Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан Қажыгелдиннің өзі айтқандай бұл сапардың негізгі мақсаты –Қазақстан мұнайының Еуропа базарына жеткізіілі, елдегі пайдалы қазбаларды таныту және жаңа астана Ақмоланы қазіргі заман талаптарына сай жаңалау мәселелері еді.

Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан Қажыгелдиннің бұл сапары туралы Қазақстанның Түркиядағы елшісі Балташ Тұрсынбаев былай айтады: Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым қатынас орнағанынс бес жыл толады. Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан Қажыгелдиннің бұл сапары тұсында екінші бес жылдықтың жоспары жасалынды.

Қазақ мұнайының Стамбұлдың Алтын базарында өңделіп сатылуы,Еуропаға жеткізілуіндегі Түркияның ролі айтылды.

Сапарлар бір жағынан дипломатиялық қатынастарды екінші жағынан экономикалық қатынастарды нығайтуда Қажыгелдиннің сапары тұсында Қазақстанның пайдалы қазбалары, мұнай, жаңа астана Ақмоладағы құрылыстар күн тәртібінде сапарлар тұсында қабылданған шешімдердің , келісімдердің, уақытында жүзеге асырылуын қадағалаймыз, өйткені Қазақстан экономикасының аз уақытта түзеліп кетуі үшін бір сәтті де бос жіберуге болмайды,-деді.

1998 жылы 29 қазан айында Түркия республикасы 75 жылдық мерекесін төрткүл дүниеге жар салып атап өтті. Елде төрт күндік мереке жарияланған. Әлемнің 175 елінен қонақтар шақырылған. Мерекеге шақыруды 100-ге жуық мемлекет қабыл алды.

Анкара мереке құшағында. Сан елдің тулары желбіреді. Солардың арасында Қазақстанның туы бауырлас мемлекет Түркияның туының қасында ілініп тұрды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28 қазан күні Оралдағы жұмыс сапарын аяқтап арнаулы ұшақпен туысқан елге ұшып барды. Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел Нұрсұлтан Назарбаевты ұшақ трапынан қарсы алды.

28 қазан күні кешкісін Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел мен зайыбының атынан сарайда кешкі қонақасы берілді.

Ал 29 қазан күні тойдың ресми рәсімдері өтті. Түркі мемлекеттері Президенттері өзара әңгімелесіп, пікірлесуге де мүмкіндік алды.

Ресми рәсім Ата Түрік кесенесіне келіп тәу етуден басталды. Арыстандар аллеясында рәсім де мерекелік рухқа тарихи жолды ой елегінен өткізуге Түркияны демократиялық үрдістерін бағымдауға әсер еткендей.

Жоғары мәртебелі меймандар Түркия парламентінде жиналды.Осында С.Демирел мырза құттықтауларды қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бүкіл Қазақстандықтардың атынан құттықтау айтып, арнайы ескерткіш сыйлық- қыран бүркіт бейнесі бар күміс табақ сыйлады»24.

Қазақстан Республикасының бауырлас Түркия мен түркі салаларындағы өзара ынтымақтастығы пәрменді түрде даму үстінде.

Екі елдің басшылары арасында жүйелі түрде болып тұратын жоғары деңгейдегі байланыстар екі жақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени –гуманитарлық қарым-қатынастарға қосымша серпін беретіні сөзсіз.

«1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирелдің екі рет кездесулері болды. 1-шілде айында Қазақстан Республикасының Президентінің Түркияға жасалынған сапар кезінде екінші қараша айында Стамбұлда өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы саммиті болды».

Екі елдің басқа деңгейдегі байланыстары ды үдемелі түрде дамып,нығаюда.Мұның бәрі көп жағдайда бауырлас екі ел мүдделерінің тоғысуын көрсетіп отыр.

Анкара Каспий аймағының көмірсутегі шикізатын әлемдік нарықтарға тасымалдауға бағытталған. «Баку-Жейхан» экспорттық құбыр тарту жобасына үлкен мән беруде. 1999 жылы 18-19 қарашада Стамбулда өткен ЕҚЫМ саммитінің жұмысына Президент Н.Назарбаев бастаған Қазақстан делегациясының қатысуы және оның барысында осы мұнай құбыры бойынша Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарындағы маңызды болып саналады. Түркияның саяси басшылығы аталмыш жобаның жүзеге асырылуындағы Қазақстанның шешуші ролін ерекше атап өтуде.Қазақстан мамандарының мойындауы бойынша, Қазақстанның мұнайсыз «Баку-Жейхан» құбырының тиімділігі болмайды, өйткені Әзірбайжанда өндірілетін мұнайдың мөлшері құбыры 60-пайызға ғана қамтамасыз ете алады-деді.

2000 жылдың 12-ші маусымда Президент Н.Назарбаев Астанадағы өзінің резиденциясында Қазақстан жұмыс бабындағы сапармен келген Түркия Респкбликасының сыртқы істер-министрі Исмайл Джемді қабылдады.

Бұл «Түркия сыртқы ведомство басшысының елімізде тұңғыш сапары. Оның осы қызметке тағайындалғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Демирелдің Президенттік мерзімі аяқталып, мемлекет басына Ахмет Неджет Сезер келгеннен кейін Түркияда жаңа үкімет жасақталғаны белгілі Исмайл Джем жаңа үкіметтің жаңа мүшесі болып табылады».

Ал екеу ара әңгімеде Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығ мәселелері сараланды. Жалпы айта кететін жәйт-бүгінде екі ел арасында жан-жақты тығыз қарым-қатынас орнаған. Қазақстан Түркияны, сенімді серіктес елдер санайды және бүгінгі қалыптасып отырған екі жақтық түсініктік ахуалды тереңдете түсуге мүдделі.

Ел басы мен Түркиялық дипломат кездесу кезінде үш бағытты қамтитын мәселелер төңірегінде әңгіме қозғады. «Оның бірінші саяси диолог түрінде өтті. Екінщі кезекте қауіпсіздік, терроризм және экстермизм проблемалары сөз болды. Ал үшінші экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды».

Тараптар бүгінгі таңдағы екі ел арасындағы эконмикалық ықпалдастық ахуалын қанағаттанарлы деп бағалады.

Сыртқы істер министірлігінің ғимаратында Қазақстан ішкі істер министірлігі Ерлан Ыдырысов пен Түркия сыртқы істер министірі Исмайл Джем екеуі: мынадай келісімге қол қойды Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қылмыстық істер және адамдарды ұстап беру бойынша құқықтық көмек туралы келісімді бекіту туралы грамоталармен алмасу жөніндегі хаттамаға қол қойды.

Қазіргі кезде ТМД кеңстігі сыртында Қазақстан мен өте тығыз қарым-қатынаста болған мемлекет ретінде ең бірінші кезекте Түркияны атап айтуға болады.

Кезінде Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін ең алғаш таныған Түркия еліміздегі жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістерге айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді.

1999 жылы қаңтар айында өткен Қазақстандағы президенттік сайлауға түрік бақылаушыларының қатысып өте жақсы баға беруі еліміздің халықаралық деңгейдегі беделінің қалыптасуына қомақты үлес қосқаны белгілі. Бұған қоса, бауырластық ықыластың бір көрінісі ретінде Қазақстан Президентінің қызметке кірісу рәсіміне Түркия ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Хикмет Читиннің басқаруындағы жоғары деңгейдегі делегациясының қатысуын айтуға болады25.

1999 жылы тамыз айындаТүркиядаболып өткен сұрапыл жер сілкінісі кезінде екі ел арасындағы бауырластық қатынастар нақты сипаттар көрінгенін атап айтқан жөн. «Түркия халқы Қазақстан үкіметінің зілзала салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін Астана мен Алматы әкімшіліктерінің ынтасы бойынша қаражат жинақтау науқанының ұйымдастырылуын бауырлас қазақ халқы тарапынан көрсетілген шынайы достық сезімі ретінде қабыл алды».

Жер сілкінісінен зардап шеккен Дегирмендер елді мекенінің тұрғындары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агеттігінің құтқарушылар тобына арнайы алғыстарын білдірді.

Қазақстан мен Түркияның арасындағы екі жақты қатынастардың дамуымен қатар екі елдің халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзара әрекеттестігі де маңызды орын алатыны сөзсіз. Түркия алғашқыдан бастап Азиядағы өзара ықпалдастың және сенім шаралары кеңесі (АӨЫСШК) шеңберіндегі Қазақстан тарапының инициативасын барынша қолдап келеді. 1999 жылы қыркүйек айында Алматыда өткен АӨЫСШК-не қатынасушы елдердің сыртқы саяси мекемелері басшыларының бас қосуымен мемлекеттік министрі Абду Халук Мехмет Чай бастаған Түркия делегациясының қатысуын айтуға болады.

Екі елдің халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығы халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде бір-бірін өзара қолдаудан да көрініс табуда.

2000 жылы 5 мамырда Түркия мемлекетінде оныншы Президент болып Ахмет Недждет Сезер сайланды. Ахмет Недждет Сезер Нұрсұлтан Назарбаев екеуі алғашқы кездесулері Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының алақалы жиынында кездескен еді26.

2000 жылы 19 қазан күні Түркия Республикасының оныншы Президенті Ахмет Недждет Сезер Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапарымен келді. Астана әуе жайы басында жоғары мәртебелі мейманды мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев қарсы алды. Содан кейін Түркия Президентінің кортежі Қазақстан басшысының резиденциясын бетке алды.

«Қазақстан басшысы екі ел мемлекет арасында серпінді дамып отырған дәстүрлі достық қарым-қатынастардың алдағы уақыттарда жалғасын таба беретініне сенім білдіреді. Түркия Президенті өз елінің Қазақстан мен және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастық байланыстарды дамытуға деген бағыты өзгермейтін, әрі мұның өзі Түркияның аса маңызды сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап көрсетті27».

«Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап жоғары деңгейдегі тығыз қарым-қатынас орнату нәтижесіндеҚазақстан менТүркия ынтымақтастығы барлық ауқымды экономикада, саясатта, әлеуметтік және гуманитарлық салаларда ойдағыдай дамып отырғанына айрықша тоқталды28».

Мемлекет басшылары өзара мүдделі халықаралық проблемалар төңірегінде де бөлісіп, аймақтық қауіпсіздік ауқымында Орталық Азиядағы саяси ахуал жайында пікір алысты. Екі ел басшылары терроизм қатеріне, есірткі тартуға діни және саяси экстермизмге жол бермеу ынтымақтастық қажет екендігімен келісті.

Н.Назарбаев пен А.Сезер сондай-ақ Еуразия кеңістігінде тұрақтылықты нығайту жөнінде Астанамен Ақмоланың көзқарасы ортақ болып табылатын қуаттады.

«Президенттердің екеу ара кездесуінен кейін делегациялады кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті. Келіссөздер барысында аймақтың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық өркендету үкіметаралық комиссияның жұмысы, сауда-саттықпен инвестициядағы, энергетикадағы, техника мен жабдықтар жеткізудегі өзара іс-қимылды одан әрі жанжандыру мәселелері қаралды.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер аяқталғаннан кейін екі жақты құжаттарға қол қою режимі болды. Президент Н.Назарбаев Президент А.Н.Сезер терроризмге қарсы, күрес саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен деклорацияға қол қойды».

Елбасы журналистер алдында өзінен Түркиялық әріптесін Қазақстанға тұңғыш сапарымен құттықтады.

Сезер мырза Түркия Президенті болып сайланғаннан кейін – деді Н.Назарбаев, - алғашқы ресми сапарын туысынан түрік тектес мәліметтерді бастайтынын айтқан еді. Қазақстан басшысы тоғыз жылға жуық тәуелсіздікке екі ел арасында көп жұмыс атқарғанын, 66-құжатқа оның ішінде 49 мемлекетаралық құжатына қол қойылғанын айтып өтті29.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне байланысты үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанда Түркиядағы Қазақстан елшілігі салтанатты жиын ұйымдастырды. Аталмыш жиынға Түркия Республикасының мемлекеттік министрі Абдулхамед Мехмед Чай, Түркияның ынтымақтастық және даму агенттігінің (ТИКА), төрағасы О.Қабасақал және белгілі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынның басында елшілік дайындалған Қазақстанның өткен жылғы жер сілкінісі кезінде түскен Түркияға берген көмегі туралы бейне фильм көрсетілді. Одан кейін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 9 жылдығы туралы баяндама жасаған Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Сарыбай мырза еліміздің ішкі және сыртқы саясаты мен экономикалық салалардағы жетістіктеріне айрықша тоқталып өтті.

Қазақстанның тәуелсізлігін ең алғаш таныған туысқан Түркия мемлеке ті екендігін тілге тиек етіп, екі жақты қарым қатынастарға ауқымды сипаттама берді. Атап айтқанда екі ел арасындағы саяси ынтымақтастықтың, экономикалық, байланыстардан тұратын дамып келе жатқандығын мәләмдеп, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени гуманитарлық қарым -қатынастарға айрықша тоқталды.

2000 жылы 20-қазандағы тек қана халық үшін ғана емес, бүкіл түрік дүниесі үшін маңызы үлкен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойына түрік тарапы Қ.А.Ясауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарын ойдағыдай аяқтап, тойға тарту екендігін мәлімдеді.

Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың айқын дәлелі Түркияның бірнеше қалаларында өткізілген Қазақстан-Түркия достық кештері ерекше бағаланып, бұл қарым-қатынастарын нығайтуға үлкен себептерін тигенін атап өтті. «Осы шаралар шеңберінде Анкарада ұйымдастырылған концерттен түскен қаржыны, 1999 жылы Түркияда болған жер сілкінісінен зардап шеккен балалар қорына аудару туралы шешім қабылдағанын және бұған қоса ел ішілік қызметкерлерін де қаржылай үлес қосқанын тілге тиек ете отырып, Қайрат Сарыбай осы қаражаттың шегін салтанатты түрде мемлекеттің министрі Абулқамұқ Мехмет Чай мырзаға табыстады».

Түркия мемлекетінің министрі А.М.Чай өз кезегінде туысқан Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, екі мемлекет арасындағы қарым-қа тынастардың тұрақтылығын өте маңызды деп бағалады. Бұл шаралар екі бауырлас халықтардың арасындағы мызғымас достық нышанының тағы бір белгісі екенін тілге тиек ете отырып, тапсырылатын қаражаттың өткен жылғы табиғи апаттан зардап шеккен қожа еліндегі жетім балалар орталығына табыстайтынын мәлімдеді.



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау