Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 0,96 Mb.
бет205/226
Дата19.06.2023
өлшемі0,96 Mb.
#43014
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендіруді қалай түсінесіз?

  2. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымының мәнін ашып көрсетіңіз.

  3. Оқушы тұлғасын танымдық іс-әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастырудың мазмұнына тоқталыңыз.

  4. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастырудың мәнін ашыңыз.

  5. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығынасипаттама беріңіз.

14 тақырып. МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


14.1. Педагогикалық технология туралы түсінік.Технология ұғымы соңғы жүзжылдықта маңызды ғылыми ұғымдардың бiрiне айналуда. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасын байланыстыратын негізгі тетіктердің бірі.Теория мен практика ұғымдары мәнi жағынан ажыратылғанымен, олар әрқашан өзара тәуелді, өзара тығыз байланыста болып келеді.Бұл әрекеттестiктiң өзгешелiгiн К.Поппер теория мен практиканың бiрлiгiн ажыратпау, екеуінің тұтастығын сақтау деген идеясымен негіздеп көрсетедi. Көп жағдайларда теорияның практикадан ажыратылып кетуінің негiзгi себептерінің бiрi - нақты қолданбалы технология-лардың жоқтығы болып табылады.
Өндiрiс саласында ғана емес, педагогикалық теория мен прак-тикада да тұрақты қолданысқа ие болып келе жатқан «технология» ұғымының шығу тарихына (этимологиясына) қысқаша тоқталып өту маңызды.
Технология сөзi (techne-өнер, шығармашылық, logos-iлiм) грек тiлiнен аударылғанда:
а) өндiрiс үдерісінде шикiзат, материал немесе жартылай фабрикаттың формасын, қасиеттерiн, жағдайын өңдеу, дайындау, өзгерту әдiстерiнiң жиынтығын, мысалы металлдарды өңдеу техноло-гиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;
ә) өндiрiстiң сәйкес келетiн құралдарымен шикiзат, материал немесе жартылай фабрикатқа әсер ететiн тәсiлдер туралы ғылым деген мағынаны бiлдiредi.
Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогика саласында технологиялық оқыту тәсілі жақсы өріс ала бастады. Қазіргі ақпарат-тық технологиялар заманында бiлiм берудi технологияландыруға кө-шудiң қажеттiлiгiмен келiспеу мүмкiн емес, себебi әр оқушының жеке тұлғасының дамуы, бiлiм берудi саралау және барлық бiлiм беру жүйесiн iзгiлендiру және демократияландыру үрдістері техноло-гиялық тәсіл арқылы жүзеге асырылмақ.
Сондықтан педагогикалық үдерісті технологияландыру мәселесі бiлiм берушi мен бiлiм алушы тұлғасын өздiгiнен дамытып, олардың ішкі әлеуеттерін барынша толығырақ ашқызу үшін оқыту мен тәр-биелеудi субъектiлiк негiзге ауыстыратын тетік ретінде зерттелуде. Білім беру саласындағы шоғырланып қалған көкейкесті мәселелердің шешімдерін табуда педагогикалық технологиялардың ықпалы зор, себебі жаңа технологиялардың негізгі өзегі – оқушы тұлғасы, оның ішкі интеллектуалдық әлеуетін жан-жақты дамыту.
Көптеген зерттеушiлер жаңа педагогикалық технологияларға терең қызығушылық танытып, бiлiм берудегi технологиялық тәсiлдi дәстүрлi оқыту әдістерінен анағұрлым тиiмдірек деп есептейдi. Технология ұғымына Б.Т. Лихачев, В.П. Беспалько, В.В. Сериков, В.М. Монахов, М.В. Кларин, И.Я. Лернер, П.И. Пидкасистый, В.В.Гузеев, Н.Д.Хмель, Ғ.М.Құсайынов, Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова, М.М.Жампеисова т.б. ғалымдар мен зерттеушiлер жан-жақты түсiнiктемелер бере отырып, олардың практикалық тиімділігі туралы құнды пікірлер мен нақты ұсыныстар айтқан.
Педагогика ғылымында «технология» ұғымының зерттелу аясы кеңейіп, әр тұрғыдан анықталуы, оның түрлерiнiң, тұжырымдамалық негiздерi мен сипаттамаларының көптiгi бұл феноменнiң мазмұнын жан-жақты теориялық тұрғыдан талдауға баса назар аударуды қажет етедi.
Педагогикалық лексикадағы теория, әдiстер, әдiстеме, тех-нология, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғым-дарының арақатынасын дұрыс ажырата білу және практикада дұрыс қолдана білу әр мұғалімнің технологиялық құзыреттілігінің басты көрсеткіші. Практикада кейде «технология» ұғымы «әдiстеме» немесе оқытуды ұйымдастырудың «формасы» ұғымының синонимi ретiнде қолданылып кететіні байқалады. Аталған ұғымдардың барлығы оқыту үдерісінде қолданылатын болғандықтан мақсатты түрде олардың мағыналық ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыру қажет.
Теория ұғымы біркелкі немесе біртұтас құбылыстар және оның элементтерi мен қызметтерiнiң жиынтығын сипаттайтын заңдар, категориялар, ұғымдар, тұжырымдамалар, қағидалар жүйесi ретiнде қарастырылады. Теория өздігінен ешнәрсенi өзгерте алмайды, бірақ адамның практикалық әрекеттерiн реттеуші рөлін атқарады. Теория адамдардың санасы арқылы қабылданады және сол теорияны ақиқатқа айналдыру үшін белгілі дәрежедегі күш пен энергияны жұмсаған жағдайда ғана материалдана алады. Теория үшiн оның ережелерiне кiретiн дәлелдемелер, негiздемелер мiндеттi болып табылады: егер негiздеме болмаса, онда теория да жоқ. Кез келген теорияның көздейтін соңғы мақсаты – оның практикада жүзеге асырылып, сол арқылы оның құндылығының бағалануы.

жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау