Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогикалық технологиялардың өлшемдері мен атқа-ратын қызметтерi



жүктеу 0,96 Mb.
бет208/226
Дата19.06.2023
өлшемі0,96 Mb.
#43014
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

.Педагогикалық технологиялардың өлшемдері мен атқа-ратын қызметтерi. Кез келген педагогикалық технология ғылыми-әдiснамалық тұжырымдама негiзiнде құрылады. Педагогикалық технологиялардың көпшiлiгi оқушылардың тұлғасын ең жо-ғары құндылық ретiнде бағалауға, оларды қарым-қатынастың тең құқылы субъектісі ретінде қабылдауға және ізгілікті оқу-тәрбиелік ортада әлеуметтендіруге бағытталған.

Педагогикалық технологиялардың тұжырымдамалық негіздері-не білім беру саласындағы тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, аксиоло-гиялық, жүйелілік, акмеологиялық тұрғыдан оқыту сынды теориялар жатады, себебі аталып отырған теориялардың барлығы білім алушы-лардың қабілеттерін жан-жақты дамытуды, оқу-танымдық үдерісі мен тәрбие үдерісін тығыз ұштастыра отырып жүргізуді көздейді.
Қазіргі таңда аталған өлшемдерге сәйкес келетін педагогикалық технологиялардың көптеген түрлері ғылыми тұрғыдан зерттеліп, практика жүзінде іске асырылып, тиімді нәтижелер көрсетіп келеді.
С.С.Кашлев педагогикалық технологиялардың төмендегідей қызметтерiн топтастырып қарастырады:
1) Педагогикалық технологияның ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк қызметiне:
- педагогтың педагогикалық үдерістің әрбiр бөлiгiнде нақты немен айналысуын анықтайтын ұйымдастырушылық iс-әрекетi;
- оқушының педагогикалық үдерістіңәрбiр кезеңінде не iстеу керектiгiн нақтылайтын педагогтың ұйымдастырушылық iс-әрекетi;
- педагог пен оқушының бiрлескен әрекетiнiң өзара ұйымдас-тырылуы;
- баланың өзiндiк белсендiлiгiн дамытатын өзiнiң iс-әрекеттерi ұйымдастырылуы жатады.
2) Педагогикалық технологияның жобалау (болжау) қызметiне:
- педагогикалық үдерістің шынайы жағдайын диагностикалауы;
- педагогикалық үдеріске қатысушылардан күтілетін нәтижеле-рiн болжай алуы;
- педагогикалық әрекеттестiктi модельдеуі;
- педагогикалық технологияны жүзеге асыру үдерісінде бала мен педагогтың даму деңгейiн болжау үдерістері жатады.
3) Педагогикалық технологияның коммуникативтік қызметiне:
- мұғалiм мен оқушының қарым-қатынастық мүмкiндiктерiн дамытуы;
- педагогикалық үдеріске қатысушылардың, мұғалiм мен оқушының арасында ақпарат алмастыруы;
- педагог пен тәрбиеленушiнiң өзара түсiнiстік жағдайын жасауы;
- балалар арасындағы интерактивтi қатынас үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз етуі;
- педагогтар мен ата-аналардың коммуникативтік iс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруы жатады .
4) Педагогикалық технологияның рефлексиялық қызметiне:
- педагог пен баланың өзiндік тұлғалық өсулерiн жете түсiнулерi;
- педагогикалық әрекеттестiк нәтижесiн объективтi бағалау мүмкіндігі;
- педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекеттестiк тәжiрибесiн саналы түсiнулерi мен меңгерулерi;
- педагог пен оқушылардың iс-әрекеттерiн өзiндiк талдау, өзiндiк бағалау;
- тұлғалық даму себептерi мен жағдайын белгiлеу жатады.
5) Педагогикалық технологияның дамытушылық қызметiне:
- бала мен педагогтың дамуына қажеттi жағдай жасауы;
- оқушы мен мұғалiмнiң өзiн-өзi дамыту құралдарын қамтамасыз етуі;
- әрбiр баланың әлеуметінің дамуын қамтамасыз ету;
- педагогтың кәсіби шеберлігінің дамытуы жатады.
Білім беру тәжірибесінде педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметтерінің аясына байланысты Г.К.Селевко олардың қолданылуының өзара тәуелді үш деңгейін атап көрсетеді:


  1. жүктеу 0,96 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау