|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е
|
бет | 186/226 | Дата | 19.06.2023 | өлшемі | 0,96 Mb. | | #43014 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е11-тақырып. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
11.1.Оқыту әдісі туралы жалпы түсінік.Мұғалім мен мек-теп жұмысының табысты болуы оқыту әдісіне байланысты бірнеше ондаған жылдар бойы пән теориясы мен жекелеген пәндерді оқыту туралы зерттеулер жүргізіліп келеді. Педагог-ғалымдар мектептегі оқу үдерісін бақылау барысында сабақтағы мұғалім мен оқушыныңәрекеті түрлілігіне назар аударған. Олар мұндай әрекет түрлерін оқыту әдіс-темесі деп атаған. Мысалы, мұғалім жаңа материалды түсіндіреді - ол түсіндіргенді қолданады, оқушылар материалды өз бетінше оқып үйре-неді – бұл жұмыс әдісі; оқушы практикалық тапсырманы орындайды - бұл практикалық жұмыс әдісі, мұғалім сабақта көрнекі материал қолданады - иллюстрация әдісі т.с.с.
Е.И. Перовский, Н.М. Верзилин, Е.Я.Голант оқытудың сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерін көрсетсе, М.А.Данилов оқыту әдістерін білім aлy әдісі, білік пен дағдыларын қалыптастыру, білік, дағдысын тексеру, бекіту әдістерін, Е.Я. Голант әдістерінің 2 тобын көрсетуді ұсынды: активті (белсенді) және енжар оқыту әдістері. Тілдік әрекет сипатына қарап, бұл екі әдіс әртүрлі іске асырылуы мүмкін: дидактар мен әдіскерлердің бұл түсінікке түрлі анықтамалар беруіне қарамастан, көптеген авторлар оқыту әдісін оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілі деп қарастыруда.
Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі.«Метод» (әдіс) термині - гректің «method» сөзінен шыққан, ол шындыққа жақындау, күтілген межеге жету жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық практи-када мұғалімнің сабақ беруі мен оқушы әрекетінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және оқушының оқу әрекеті бір-бірімен тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі.
Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады: оқыту мақсаты, мең-геру, оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты. Оқыту әдісінің сипаты бойынша:
мұғалім әрекетінің оқыту тәсілі мен оқушы әрекетінің оқу әрекеті, олардың өзара байланысы.
оқытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі.
«Оқыту әдісі» түсінігін анықтаудың негізгі тәсілдері. Оқыту әдісі - мұғалім мен оқушының бірлескен оқытудың практикалық міндеттерін шешуге бағытталған әрекет тәсілдері. Оқыту әдісінің бұл анықтамасы оқытудың кейбір мәнді сипаттамаларын көрсетеді. Оқыту әдістерінің логикалық құрылымы оқу материалының мазмұнын және оқушылардың оқу әрекетін құруға бағынышты.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту. Түсіндірмелі-иллюстративті әдісмұғалімнің дайын ақпаратты оқушыларға әр түрлі тәсілдермен жеткізуінен, ал оқушылардың оны қабылдап, есте сақтауынан тұрады. Бұл әдіс ақпаратты беруде ең тиімді тәсіл болып табылады. Бірақ бұл әдісті қолданғанда алынған бі-лімді қолдана алуға керек іскерлік пен дағдысы қалыптаспайды. Реп-родуктивті әдіс оқушылардың оқытудағы икемділігі мен дағдысын қалыптастыру үшін қолданылады. Оның мәні мұғалімніңтапсырмасы бойынша әрекетті қайталаудан тұрады.
Мұғалімнің әрекеті тәжірибеден және хабарлама үлгісінен тұра-ды, ал оқушының іс-әрекеті үлгі бойынша әрекетгі орындаудан тұрады.
Мәселелік әдістің мәні мұғалім оқушылардың алдына мәселені қойып, өзі соны шешудің жолдарын, қарама-қарсылықтарды аша оты-рып, көрсетуден тұрады. Бұл әдістің бағыты ғылыми танымның үлгісін көрсетумен және ғылыми мәселені шешу мәселесінен тұрады. Оқу-шылардың танымдық мәселелерді өзіндік шешуге бірте-бірте жақын-дауы мақсатында жеке іздестіру әдісі немесе оқытудың эвристикалық әдісі қолданылады. Оның мәні мұғалімнің мәселелі тапсырманы бір-неше бөлікке бөлуінен, оқушылардың оны шешудегі ізденістерінен тұрады.
Оқыту әдістері бір-бірінен оқушылардың материал мазмұнының әр түрлерін игерудегі танымдық іс-әрекеттерінің сипатымен және оқушылардың осы іс-әрекетін ұйымдастырушы мұғалім іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|