6.3.Отбасының қызметтері, типтері.
1. Отбасы құрамын анықтау:
құрамы толық, толық емес, бір балалы, көп балалы, ата-анасы ажырасқан отбасылар;
тұрмысы мен тұратын үй жағдайы, қаражатпен қамтамасыз етілуі; отбасының тәрбиелік ықпалы: күшті, тұрақсыз, нашар, теріс.
2. Отбасындағы қарым-қатынас сипаты:
отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы үйлесімді, тіл табыса-тын, тұрақсыз, сырт көзге дұрыс көрінгенімен де қайшылыққа толы, моральдық қыры төмен;
отбасы мен бала арасындағы қатынас -көз бояушылық, қамқорлық таныту, тең қатынас құру, тұйық қатынас құру, немқұрай-ды қатынас орнату, балаға шеттен тыс өбектеу, өз жауапершілігіне жүктелген қатынас, өз еркіне берілу, бақылаусыз қалдыру;
баланың отбасындағы ұстанымы (педагогикалық тұрғыдан дұрыс, отбасы мүшелері баланың жеке басын жоғары қояды, екі адамның арасындағы дау-жанжал арқылы баланы өз жағына тарту, өз бетімен жүруі, оған ешкім назар аудармауы, беделді отбасы мүшесі-нен қорқу, өзіне сенімсіз, ата-анасымен ашық сөйлескісі келмейді.
3. Отбасындағы баланың өзін-өзі сезінуі :
-«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен де оларды жақсы көремін»;
«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен үшін өмір сүреді»;
«Мен керекпін, бірақ мені ешкім жақсы көрмейді, ал мен олармен барлық жан-тәнніммен жақындасқым келеді»;
«Мен оларға керек емеспін, олар мені жақсы көрмейді, сондықтан мені де мазаламаңдар».
Алдыңғы екеуі, баланың дамуы үшін өте маңызды.
4. Баланың ата-анасына қатынасы:
отбасылық қарым-қатынас маңызды; ата-аналары беделді; бала-ға немқұрайды қарайды; баланың көңілінде үлкен күйзеліс бар; отбасы мүшесінің біреуіне жақын болғысы келеді.
Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қайшылықтарды жеңу үшін ата-аналармен педагогикалық жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Ол жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады.
Ата-аналарға педагогикалық тәрбие беру кезеңдері:
Диагностикалық – отбасында шешілмеген күрделі мәселелерді, ата-ананың құндылық бағдарын және мәдени деңгейін анықтау.
Консультация жүргізу – мектепте ата-аналардың түрлі сұрақ-тарына жауап беру түрлерін ұйымдастыру.
Ата-аналардың тілегі бойынша белгілі бір оқыту формалары мен әдістерін ұйымдастыру.
Мониторинг кезеңі, ата-аналардың тілегінің қаншалықты жүзеге асқанын, жүргізілген педагогикалық жұмыстардың ата-анаға пайда келтіргенін бақылау және жетілдіру.
1. Отбасын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ағарту кезеңі.
- ата-ананың баламен қарым-қатынасын реттеу үшін оларды балалармен бірге үйірмелік, спорттық т.б. жұмыстарға қамту.
- ата-ананың баламен қарым-қатынасын дамыту үшін баламен отбасында мәдени қарым-қатынас орнату жайлы әңгіме өткізу;
- ата-ана мен балалардың бірімен-бірінің сыйластығын арттыру мәдениетін қалыптастыру.
2. Бала, ата-ана және мектептің өзара құқықтық әрекет-тестігі:
- бала мен үлкендердің өз құқықтарын білуін қамтамасыз ету;
- «Мектеп өмірінің кодексін» жасап, оны талқылауға ата-аналарды кеңінен араластыру.
Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата-ана-лармен түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өт-кізеді. Мектепте педагогтар арасынан өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың ортақ тәжірибесіне айналдырған абзал.
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.
3. Ата-аналар жиналысын өткізу. тақырыптары:
«Сіздің балаңыздың туған күні», «Біз айтатын өнегелі сөздер», «Біз балаларды туған елін сүюге үйретеміз бе?», «Осы заманға адам-ның өміріндегі күрделі және өткір мәселелер», «Қазіргі заман адам-дарының өмірлік құндылықтары», «Өмірдің адамгершілік заңы», «Адам - өз өмірі жайлы», «Экологиялық зардаптар» т.б.
4. Отбасын түрлі ұйымдар мен арнайы мамандармен байланыстыру.
үкімет құрылымдарымен байланыстыру: денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру орталығы, спорт және мәдениет комитеті, тәртіп бұзушылықтың алдын алу бөлімі, кәмелетке толмаған балалар инспекциясы;
отбасына көмектесетін орындар: қиын балаларды қалпына келтіру орталықтары, балалар үйі, психологиялық-медициналық қыз-мет, отбасымен жұмыс атқаратын орталық, наркологиялық, психонев-рологиялық диспансер т.б.;
басқа саланың мамандарымен кездестіру: дәрігер, қосымша білім беру жүйесінің педагогтары т.б.
5. Түрлі отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды анықтау; олардың тұрмыс жағдайына және тәрбиесіне назар аудару; оларды тәрбиеге алған адамдарға көмек көрсету шараларын қарастыру; олардың құқығын қорғау; құқық-тарымен таныстыру;
Көп балалы отбасылар: мектеп тарапынан бала тәрбиесіне және материалдық көмек беруге көмектесу, отбасындағы бос уақытты өткізуге кеңес беру, еңбекке баулу, құқықтарымен таныстыру;
Толық емес отбасылар: қосымша көмек алу жағдайын қарасты-ру, психологиялық-педагогикалық консультация ұйымдастыру, тәртіп бұзудың алдын алу, тәрбиеге практикалық жағынан көмек беру, заң-мен қаруландыру.
Күрделі отбасылармен жұмыс: отбасы мәселелерінің даму-үрдісін зерттеу, оларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсету, құқықтық құжаттармен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |