ТатееваА. Б., доцент «Фармацевтикалық өндірісінде еңбек қорғау ережелері»



жүктеу 0,65 Mb.
бет44/58
Дата21.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#34257
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Фармацевтік кәсіпорындарындағы еңбек қорғау ережелері 5В074800 каз

Кәсіптік аурулар

Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникәсіптік ауруларлық пән, этиологиясын, патогенезін, клиникәсіптік ауруларлық суретін, емін және кәсіптік ауруларды алдын алу сұрақтарын зерттейді. Профпатология басқада клиникәсіптік ауруларлық пәндермен тығыз байланысты, сонымен қатар еңбек гигенасыменде.

Кәсіптік аурулар дегеніміз - адамның еңбек еткен ортасындағы ағзаға жайсыз әсер ететін факторлар әсерінен қалыптасқан дерттер. Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек кәсіптік аурулар ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикәсіптік ауруларлық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған аурулар жатады.Мамандар бұл ауруларды этиологиялық принцип бойынша, яғни кәсіптік аурулар тудырған өндірістік фактордың сипатына байланысты бес топқа бөліп қарайды:

1) Химиялық факторлар әсерінен туындаған аурулар. Бұған жедел-өтпелі және созылмалы улану мен оның салдары жатады. Яғни жұмыс барысында ағзаның жекелеген мүшелері мен жүйелері ауруға ұшырауы мүмкін.

2) Шаң-тозаң әсерінен болатын аурулар (дәнекерлеушілерде, тозаңды істейтіндерде болатын силикәсіптік аурулар, пневмокониоз-силикоз, металлоколниоз)

3) Физикәсіптік ауруларлық факторлардан пайда болатын аурулар. Бұған вибрациялық, шудан электоромагнитті сәулелену мен таралған лазерлік сәулеленуден болатын дерттер, сәулелік ауру, атмосфералық қысымнан туындайтын кеселдер жатады.

4)Жүйке ширығуынан болатын аурулар.

5)Биологиялық факторлардан туындайтын дерттер. Бұған инфекциялық және паразитарлық аурулар жатады (туберкулез, бруцеллез, күйдіргі, тағы басқа). Бұлардан бөлек кәсіптік аллергиялық аурулар (конъюктевит, жоғары тыныс жолдары аурулары, қолқа демікпесі, экзема, дерматит) және онкологиялық кеселдер (тері ісігі, қуық ісігі) де кәсіптік аурулар тізіміне кіреді. Сондай-ақ жедел - өтпелі және созылмалы кәсіптік аурулар да болады.



Жедел -өтпелі кәсіптік ауру бір жұмыс кезегінде қоршаған ортадағы химиялық немесе басқа да денсаулыққа зиянды заттардың әсерінен пайда болады. Ал созылмалы кәсіптік ауру осындай қолайсыз факторлардың жиі әсер етуінен туындайды.

Кәсіптік ауруларды анықтау үшін жұмысшыны ол жұмысқа кіріскен кезден бастап жоспарлы медициналық тексерулерден өткізіп тұру маңызды. Адамдар әртүрлі, олардың ағза мүмкіндіктері де әрқалай. Біреулер кәсіптік ауруға жұмыс барысында ұшыраса, енді біреулерде ол жұмыстан шығып, зейнеткерлікке кеткеннен кейін де пайда болуы мүмкін. Сондықтан мамандар адамның ауруы кәсіптік кеселге жататын-жатпайтынын анықтауда өткен-кеткенге дейін мән беріп, зерттеуге тырысады. Ал кәсіптік ауруға шалдыққандарға тиісінше әлеуметтік, медициналық көмектер көрсетіледі.

Кәсіптік аурулар жіктелулері толық жасалмаған, себебі олардың клиникәсіптік ауруларлық көріністері полиморфты болып келеді және көптеген ағзалар мен жүйелердің өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір кәсіптік ауру түрлерінде басым зақымданатын ағзалар мен жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б. Кәсіптік аурулар диагнозын қою кезінде анамнезін, клиникалы кәсіптік аурулар және лабораторлық-диагностикалы кәсіптік аурулар көрсеткіштерін талдау қажет.Осындай кезде еңбектік немесе кәсіптік анамнезі өте маңызды орын алады, себебі тек кәсіптік зияндылықпен қатынасы дәлелденген кезде ғана аурудың адамның жұмысымен байланысты екені анықталады.

Еңбектік анамнезінде кәсіптік аурулардың дамуына мүмкіндік тудыратын шартты жағдайлар көрсетілуі тиіс. Оларға мыналар жатады: кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім арасында өндірістік ортаның нақты жағымсыз факторымен қатынастағы еңбек жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру заттарын қолдануы; өндірістік ортаның зиянды әсерлерімен қатынастың ұзақтығы мен мерзімі.

Өндірістік кәсіпорындардың, құрылыс ұйымдары мен транспорттың жұмысшыларына емдік-профилактикалы кәсіптік ауруларға көмекті медициналық-санитарлық бөлімдердің немесе емханалардың дәрігерлері көрсетеді. Медициналық-санитарлық бөлімдердің құрамына денсаулық пунктері де енуі мүмкін.

Цех дәрігері алғашқы және периодтық медициналық тексерулерді өткізуде негізгі роль атқарады. Осындай тексерулердің басты мақсаты уақытында емдеуді бастау мен болашақтағы кәсіптік жарамдылығы мен профилактикәсіптік ауруларлық шараларды шешу үшін кәсіптік ауруларды ерте анықтау болып табылады.

Кәсіптік аурулардың диспаенсеризациясын участкелік цех дәрігері жүргізеді. Диспансерлік қадағалауға пневмокониоздар, сүлелі шаңды бронхиттер, тербеліс ауруы, сүлелі уланулар, т.б. секілді кәсіптік аурулардың сүлелі түрлері жатады. Осындай науқас адамдарды қадағалау өндірістік зиянды әсерден қатынасты үзгеннен соң да жүргізілуі тиіс.

Диспаенсерлік қадағалау кезінде емдік-профилактикәсіптік ауруларлық шаралар жүзеге асырылады: емханалық мамандандырылған емдер, ауруханаға жатқызу, санаторлық-курорттық емдеу, диетотерапия, санаторий-профилакторийлерде сауықтыру, еңбекке орналастыру. Еңбекке орналасу алдындағы алғашқы медициналық тексерулердің мақсатына кәсіптік жарамдылық анықтау жатады. Осындай медициналық тексерулер еңбекке орналасушы адамда өндірістік ортаның жағымсыз факторларының әсері жағдайында жұмыс істеуге қарсы көрсеткіштері бар ауруларды анықтауға мүмкіндік береді.

Периодтық медициналық тексерулердің мақсатына кәсіптік аурулардың алғашқы белгілерін анықтау және өндірістік ортаның жағымсыз әсері кезінде жұмыс істеуге қарсы көрсеткіштері бар кәсіптік емес аурулардың ерте дамитын түрлерін уақытында анықтау жатады. Периодтық медициналық тексерулерді өткізу мерзімдері өндірістің түрі мен адамның кәсібіне байланысты болады.

Алғашқы және периодтық медициналық тексерулерді қамтамасыз ету жауапкершілігі денсаулық сақтау органдары мен ведомствалық медициналық-санитарлық қызмет орындарына жүктеледі. Медициналық тексерулердің тікелей өткізілуі өндірістік кәсіпорындардың емханалары немесе медициналық-санитарлық бөлімдерінің дәрігерлеріне, ал егер олар жоқ болса, онда - өндірістік кәсіпорын орналасқан аудандағы емдеу-профилактикалық мекемелердің манмандарына жүктеледі.

Аурудың кәсіптік екенін мойындауға аса қажетті жағдайға еңбек жағдайында зиянды әсерлерге байланысты жұмыс істеуінен осы аурудың басталуы жатады. Кәсіптік аурудағы еңбекке жарамдылық, кәсіптік емес аурулардағы секілді, толықтай немесе жартылай жоғалтылуы мүмкін.

Еңбекке уақытша жарамсыздық мәселесі емдік-профилактикалық мекемелерде (медициналық-санитарлық бөлім, емхана) дәрігерлік-кеңес комиссиясы (ДКК) шешеді. ДКК-ның құрамында бас дәрігер және оның эксперттік сұрақтар бойынша орынбасары (ДКК төрағасы), бөлімше меңгерушісі және емдеуші дәрігер болады. ДКК-ның негізгі міндеттеріне еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптаудың күрделі және конфликттік сұрақтарын шешу, әдістемелік басқару мен еңбекке жарамсыздық сырқат қағаздарын дұрыс беруді қадағалау жатады. ДКК қажет кезінде әртүрлі мамандарды кеңес беруге шақыруы мүмкін. Кәсіптік аурулардың созылмалы түрлері мүгідектікке әкелуі мүмкін.

Мүгедектік дегеніміз аурудың салдарынан өзінің тиісті жұмысын істей алмайтын еңбекке жарамдылығының тұрақты бұзылуы немесе үнемі не ұзақ мерзімге еңбекке толықтай жарамсыздық.

Науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесі ауру ағымының түріне және ауырлығына, функциялық бұзылыстардың айқындылығына, клиникалық және еңбектік болжамдарына байланысты болады. Сондықтан мүгедектіктің 3 тобы болады: 1,2,3.

1-ші топтағы мүгедектік функциялық бұзылыстардың өте айқындығына байланысты адам өзін-өзі күте алмаса және басқа адамның күтімін қажет етсе немесе масыл болса ғана беріледі.

2-ші топтағы мүгедектік адамның еңбекке жарамдылығының толықтай және тұрақты түрде дамуын тудыратын функциялық бұзылыстардың өте айқын кездері мен аурудың тез үдемелі ағымында және дерттік процестің ауыр дәрежедегі өршулерінде беріледі. Мұндай адамдар басқа адамның үнемі күтімін қажет етпейді.

3-ші топтағы мүгедектік организм функциясының бұзылыстарына байланысты еңбекке жарамдылығының өте айқын төмендеуіне әкелетін сүлелі аурулары бар немесе анатомиялық кемістігі бар адамдарға беріледі.

3-ші топтағы мүгедектік науқас адам денсаулығына байланысты ұзақ мерзімге өзінің мамандығына байланысты жұмыс істеуге болмайтын болса, ал еңбекке тиімді орналасуы оның квалификациялық деңгейінің төмендететін болса ғана бекітіледі.




жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау