Қолданылған әдебиет
1.Безопасность жизнедеятельности: Учебник. /Под ред. профессора Э.А. Арустамова. - М.: Изд. Дом "Дашков и Ко", 2000г.
2.Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности: учебное пособие. - М.: ФАИР-ПРЕСС, 2002 г.
3.Охрана труда в химической промышленности./ Г. В. Макаров, А. Я. Ясин. 1989г.
Дәріс 13: Жарақат түрлері, кәсіптік аурулар
1. Жалпы жарақаттар түрлері
2. Химиялық жарақаттар және алғашқы көмек
3. Кәсіптік аурулар
Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің - аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Басқаша айтқанда сыртқы жағдайдың әсерінен орган мен тін қызметінің бұзылуы. Жарақат әр түрлі жағдайлардың (химия, физиалық, механикалық т.б.) әсерінен пайда болады.
Осыған байланысты жарақаттар бірнеше түрге бөлінеді:
1) механикалық жарақат — сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Бұған, көбінесе, жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету, қан құйылу, т.б. жатады;
2) термиялық жарақат — жоғары не төмен температура (үсу, күйік), электр тогы, рентген сәулелері әсерінен;
3) химиялық жарақат — қышқыл, сілті, улы заттардың әсерінен;
4) биологиялық жарақат — бактериялық уланудың (токсиндердің) әсерінен;
5) психикалық жарақат — орталық жүйке қызметінің бұзылуынан (кенеттен қатты қорқу, шошу, қайғы, т.б.) болады.
Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.
Жабық зақымдану — бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).
Ашық зақымдану — бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Жарақат жедел және созылмалы түрде өтеді. Жедел жарақаттың (қан құйылу, қан кету, т.б.) әсерінен адам өліп кетуі мүмкін. Ал созылмалы түрінде тіннің қажалуы (сүйел пайда болу) оған не органға үнемі сыртқы күштің әсер етуінен болады. Соның нәтижесінде тін, орган басылып жаншылады. Жарақат алу ірі өндіріс орындарында (зауыт, комбинат, т.б.) жұмыс істейтін жұмысшылардың, спортшылардың, әсіресе, мектеп жасындағы балалардың арасында, сондай-ақ, көлікте, қарулы күштерде жиі кездеседі. Жарақат алған адамға жедел дәрігерлік алғашқы көмек көрсету қажет. Жарақатты емдеу үшін, оның түріне қарай хирургиялық операция, дәрі-дәрмек ішкізу, дәрі жағу, физиотерапия, т.б. емдік шаралар жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |