ТатееваА. Б., доцент «Фармацевтикалық өндірісінде еңбек қорғау ережелері»


Өндіріс вибрациясының классификациясы



жүктеу 0,65 Mb.
бет15/58
Дата21.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#34257
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Фармацевтік кәсіпорындарындағы еңбек қорғау ережелері 5В074800 каз

Өндіріс вибрациясының классификациясы. Вибрацияның жалпы және жергілікті түрлері бар. Жалпы вибрация түгел ағзаға әсер етеді, ал жергілікті – ағзаның тек белгілі бір бөлігіне ғана әсер етеді (қол сүйектері, иық белдеуі, жүрек тамырларына).

Жалпы вибрацияның әсерінен жүрек қызметінің бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, тамырлардың тарылуы, буын өзгерістері байқалып, қозғалысты шектейді. Егер тербелу жиілігі адамның ішкі мүшелерінің өз тербеліс жілігімен сәйкес келсе, онда сол мүшелердің механикалық зақымдануы, тіпті жыртылуы да байқалады.

Жұмысшылар қолдарына жергілікті вибрацияның әсерінен терінің сезімталдығы, жүйке талшықтарының сезімталдығы, қан тамырларының серпімділігі жоғалып, сіңірлерінің сүйектеніп кетуіне әкеп соғады. Вибрацияның ұзақ уақыт әсер етуі кәсіби ауруға шалдығуына әкеп соғады — вибрациалық аурулар, оның нәтижелі емделуі тек аурудың бастапқы стадиясында ғана мүмкін.

Шығутегінебайланыстывибрацияның 3 категориясынажыратады:

• транспортты;

• транспортты-технологиялық;

• технологиялық.

Вибрацияның үш категориясының әр қайсында виброжылдамдық пен виброжедел өлшемдері бар. Жалпы вибрация 0,8-80 Гц жиілік диапазонында, ал жергілікті 8-1000 Гц жиілік диапазонында нормаланған.

Вибрациядан қорғанудың негізгі әдісі екі үлкен топқа бөлінеді:

• пайда болу көзіндегівибрацияныазайту;

•пайда болу көзінен келіп таралу жолындағы вибрация параметрлерін азайту.

Пайда болу көзіндегі вибрацияны төмендету үшін жүйедегі ауыспалы күштерді азайту керек. Ол үшін динамикалық технологиялық процестерді статистикалыққа ауыстыру керек. Сонымен қатар, вибрация минималды болу үшін, жабдықтың жұмыс істеу режимдерін мұқият таңдау қажет.




Діріл көзі

Ә с е р н ә т и ж е с і

Абыржу

Жұмыс қабілетінің төмендеуі

Органдардың жылжуы

Орталық нерв жүйесінің бұзылуы

Клеткалар мен бұлшық тарамдарының өзгеруі

Жүру-жылжымалы аппарат функциясының бұзылуы

Нерв клеткалары мен органдар

Жынысмүшелеріфункцияларыныңбұзылуы

Діріл биологиялық активтігі жоғары факторлардың бірі.Дірілдің амплитудасы мен жиілігінің маңызы зор. Себебі 6-7 Гц тең резонанстық жиілік адамның жанына бататыне тіп асқазаны мен басына әсерін тигізеді. Жиілігі төмен діріл адам организмінде жүретін алмасу процестерін: көмірсуларының алмасуын, қанның биохимиялық көрсеткіштерін өзгертеді, бұл белоктық, ферментативтік, сонымен қатар витаминдік пен холестериндік алмасуды бұзады.

Жұмыс барысында ұзақ уақыт дірілдің әсерінде болған адам әртүрлі кәсіптік ауруға ұшырайды, мысалы асқазанның жаралы кеселіне, психикалық және нерв жүйесі ауруына, гипертония, діріл ауруына шалдықтырады. Кәсіптік аурулардың ішінде діріл ауруының алатын орны ерекше, осы аурумен жиі ауыратындар машина жасау, металлургия, құрылыс, тау-кен өнеркәсіптерінде, көлік саласында және ауыл шаруашылығында істейтін жұмысшылар. Діріл жиілігі 16-20 Гц шамасында болғанда діріл ауруы пайда болатын жағдай туады. Діріл жылдамдығының қабылданатын мөлшері 10 – 4 м/с деңгейінде, ал 1 м/с ауру сезіле бастайды.


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау