Терминдер және анықтамалар
Электрқауіпсіздігі – зиянды және қауіпті электр тоғы, электр доғаы, электр магниттік өріс және статистіу электр әсерінен адамды сақтауды қамтамасыз етету шаралары мен техникалық құралдардың жиынтыңы.
Электрзақымы деп электр тогы мен электр доғасының әсерінен болған зақымды айтады.
Корпусқа электр тұйықталуы деп электроқондырғылар мен ток жүргізуші бөліктің металды ток жүргізбейтін бөліктерінің кездейсоқ қосылуын айтады.
Электрдің жерге тұйықталуы деп ток жүргізуші бөліктердің жермен кездейсоқ электлі қосылуын немесе олардың ток жүргізбейтн өткізгіш конструкциялармен нмесе олардың ток жүргізбейтін өткізгіш конструкцияларымен немесе жерден бөлектенген заттармен қосылуын айтады.
Токтың жерге тұйықталуы деп жерге тұйықталу орнымен өтетін токты айтады.
Тұйықталу тогының жерге жайылу зонасы – электр потенциалы жерге тұйықталу тогының нольге тең деп шарттап алған жер зонасының шекарасы.
Кернеу жанасуы – ток тізбегінің екі нүктесінің арасындағы кернеуге адамның бір уақытта жанасуы.
Кернеу қадамы –деп ток тізбегінде бір-бірінен адам қадамындай қашықтықта орналасқан екі нүктенің арасындағы кернеуді айтады.
Жерге қосу қорғаушысы деп электрді әдейі жерге қосуды немесе эквивалентті металды ток жүргізбейтін бөліктерге қосуды айтады., олар кернеуде болуы мүмкін.
Нольдеу – кенеуде болуы мүмкін металды ток жүргізбейтін бөліктердің нольді қорғаныш өткізгішімен әдейілеп электрлі қосылуын айтады.
Жердің меншікті кедергісі деп топыраққа толған жан-жағы 1 метрден алынған кубтың электр кедергісін айтады.
Электр тоғының адамға әсері
Өндірістік құрал-жабдықтардың жұмыс істеуі электр тоғымен байданысты. Электр тогы адам ағзасынан өткен жағдайда тармиялық, электролиттік және биологиялық әсерлерге ұшырайды. Бұл әсерлер бір жердегі және жалпы электрожарақаттар тудырады.
Термиялық әсерде дененің жеке бөліктерінде күйіктер пайда болады.
Электролиттік әсерде қан және басқа да органикалық сұйықтықтар ыдырауға ұшырайды.
Биологиялық әсерде ағза ткандары тітіркеніп, еріксіз бұлшық еттердің еріксіз тартылуымен жүреді.
Бір жердегі жарақаттар: электрлік күйіктер, Электрлік белгілер (знаки), терінің еталдануы (электр дугаларынан), механикалық зақымдану (бұлщық еттерді еріксіз жиырылуы) (повреждения), электр дугасынан көздің сыртқы қабықшасының қабынуы.
Жалпы электрлік жарақаттар ауырлығы бойынша төртке бөлінеді:
1 - дәреже бұлщық еттердің естен танбай тартылып жиырылуы
11 - дәреже естен танып, бұлшық еттердің тартылып жиырылуы, бірақ тыныс алу және жүректің жұмысы тоқтамайды;
111 - дәреже – естен танып және жүректің жұмысы немесе тыныс алу бұзылады;
1V – дәреже клиникалық өлім, яғни тынс алу және қан айналымы тоқтайды (әдетте 4...5мин, кейде 7...8мин).
Биологиялық (нағыз) өлім – қайтымсыз құбылыс, клиникалық өлім уақыты біткен соң туындайды.
Адамның электр тоғымен зақымдануы электр тізбегі адамның денесі арқылы тұйықталғанда болуады яғни басқаша айтқанда арасында кернеу болатын ток тіздегінің екі нүктесіне адам жанасқанда болады
Ток әсерінің қауіптілігі адамның денесінен өтетін токтың уақытына,
мөлшеріне байланысты.
Есептеулерде адам денесінің кедергісі 1000 Ом деп алынады.
Адам денесі жиілігі 50Гц-тнгі 0,6-1,5мА ток өтенін сезе бастайды.
10-15мА ток өткенде қолдың бұлшық еттері жирылып (судороги), адам өз бетімен тоқтан босана алмайды. Токтың бұл мөлшерін порогты жібермейтін(пороговым неотпускающим) деп атау қабылданған
25-50мА токта кеуде клеткаларының бұлшық еттерінің спазмасы пайда болып, тыныс алу процесі тоқтайды. Мұндай ток ұзақ әсер еркенде (5...7мин)өкпе жұмысының тоқтауынан өлімге ұшырайды.
50мА Жүректің жұмысы және қан айналымы тоқтап, адамды өлімге әкеледі (өлтіретін ток)
Бөлмелердің электр тогына қауіптілік дәрежесі бойынша жіктелуі
Бөлмелер электр тогына қауіптілік дәрежесі бойынша үш категорияға бөлінеді : қауіптілігі жоғары емес(без повышенной); қауіптілігі жоғары; аса қауіпті.
Қауіптілігі жоғары емес электр тоғымен зақымданатын бөлмелерге тұрғын бөлмелер, басқару бөлмелері, конструкторлық бюро т.б. құрғақ , шаңы жоқ бөлмелер қалыпты (с нормальной) температуралы және ылғалдылығы 60% дейін болатын, едендері ток өткізбейтін (ағаш) жерге қосылған заттар өте аз немесе мүлдем жоқ бөлмелер жатады
Қауіптілігі жоғары бөлмелерге ылғалды бөлмелер (салыстырмалы ылғалдылық 60...70% )температурасы тұрақты түрде немесе мезгіл-мезгіл 350С артып отыратын , ток өткізетін шаңы және едені (жер, металл, бетон) бар, адамның бір мезгілде электр қондырғыларына және жерге қосылған заттарға жанаса алатын мүмкіндігі бар бөлмелер жатады.
Аса қауіпті бөлмелерге ылғалдылығы 100% жуық , қабырғалары және едендері ылғалды; химиялық активті ортасы бар, элетризоляциясын бүлдіретін булары және газдары бар бөлмелер; аса қауіптіліктің екі немесе одан да көп белгілері бар бөлмелер жатады.
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық тәсілдер
Ток өткізетін бөліктерді элекризоляциясы
а ) зануление
б )жерге қосу
в )электр тоғынан ажырату (защитное отключение)
Изоляцияланбаған ток өткізетін бөлшктерін қоршау және оларды қол жетпейтін биіктікке ( жерге )орналастыру
Достарыңызбен бөлісу: |