Жұмысшыларға қызмет көрсететін бөлмелерге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Жұмысшыларға қызмет көрсететін бөлмелерді (санитарлық-тұрмыстық бөлмелерді, денсаулық сақтау объектілерін) жобалау осы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізіледі. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің құрамы осы санитарлық ережелердің 5-ші қосымшасының 3-ші кестесіне сәйкес анықталады.
Объектілерде фельдшерлік немесе дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері, сонымен бірге сауықтыру кешендері қарастырылады. Фельдшерлік және дәрігерлік денсаулық пункттеріндегі бөлмелердің құрылымы мен алаңы осы санитарлық ережелердің 5-ші қосымшасындағы 1 - 2-ші кестелерге сәйкес алынады.
Жекелеген бөлмелердің алаңы, жабдықтар мен процедураның жиынтығы әр нақтылы жағдайда объектінің қуаттылығын, еңбек процесінің қауіпті және зиянды өндірістік факторларының сипаттамасын ескере отырып шешіледі.
Жұмыс орнына тікелей жақын орналасқан, жұмысшыларды сауықтыруға қажет емдік-сауықтыру кешенінің бөлмесі магнитті және электромагнитті өрістен салыстырмалы қорғайтын экрандармен және дыбыс изоляциясымен жобалануы керек, сонымен бірге цехтағы ластанған ауаның түсуін болдырмайтын герметизирленген есігі болуы қажет.
Психофизиологиялық жеңілдету бөлмелері айқын дене және нервтік-жүктемелі еңбекпен сипатталатын (гигиеналық жіктелу бойынша ІІІ-ші топтан артығырақ) объектілерде қарастырылуы керек.
Жұмыс орнынан психофизиологиялық жеңілдету бөлмелеріне дейінгі қашықтық 75 м-ден артық, ал жұмысшы орнынан кәсіпорынның алаңында дейінгі қашықтық - 150 м-ден артық болмауы керек.
Психофизиологиялық жеңілдету бөлмелерінің пайдалы алаңы бір орынға сағатына 4 кісі есебінен (сменасына 4 сағат жұмыста) отыратын орынның болуымен анықталады. Бір отыратын орынға 2м 2 -тан кем емес жер алынуы керек, бұл кездегі жалпы алаң 20м 2 -тан кем болмауы керек.
Психофизиологиялық жеңілдету бөлмесіне 6-8 м 2 -тық нұсқаушы-әдістемешіге арналған қосалқы бөлме және шешініп-киіну үшін кіреберіс кіреді, оның өлшемі бір кісіге 0,5 м 2 -тан кем емес есебінен отыратын орынның санына байланысты болады. Бөлмелер шулы цехтарға тікелей жақын орналасқанда кіретін жер екі есіктің де дыбыс изоляциясымен, тамбур түрінде болуы керек.
Психофизиологиялық жеңілдету бөлмесіндегі жарық қыздыру лампаларын және жарықты (10-нан 200 лк-ке дейін) реттейтін құрылғысын қолданумен табиғи жарық сияқты, жасанды жарық та қарастырылады. Шудың фондық деңгейі 60 децибелден (әрі қарай дБА) аспауы керек. Ауаның температурасы плюс 18-22 0 С шегінде болса, вентиляция кондиционердің көмегімен жүзеге асырылады.
Психофизиологиялық жеңілдету бөлмелері демалуға шынтақшасы бар жұмсақ орындықтармен жабдықталуы керек. "Түрегеп" жұмыс істеу үшін әр үстелге жұмсақ аяқ қойғыштар қарастырылуы керек.
Ұзақ уақыт "түрегеп" жұмыс істеуге байланысты еңбекпен сипатталатын объектілерде аяқ гидромассажына арналған арнайы жабдықталған бөлмелер қарастырылуы керек.
Аяқ гидромассажының қондырғылары канализацияға қосылған және смеситель арқылы ыстық және суық суды беру үшін крандармен, отыратын ванналармен жабдықталған оқшауланған бөлмелерге орналастырады. Бөлмеде су құбырлары трубасының тұйық сымы қарастырылуы керек. Судың температурасы плюс 28-34 0 С-тың шегінде болуы керек.
Гидромассажды қондырғылары бар бөлмелер шулы цехтарға тікелей жақын орналасқанда, шығатын жер екі есіктің де дыбыс изоляциясымен тамбур түрінде болуы керек. Бөлмеге аяқ-киімді ауыстыратын және сеансқа даярлайтын кіре-беріс кіреді. Кіре-берістің алаңы қондырғылардың санына байланысты, бір кісіге 0,5 м 2 -тан кем болмауы керек. Жұмысшы орнынан қашықтығы 75 м-ден артық болмауы керек.
Гидромассажды қондырғылардың саны сменасына 4 сағат ішінде оны пайдаланған кезде (әр кісіге 10 минуттан), 24 кісіге 1 қондырғы есебінен ең көп сменадағы жұмысшылардың саны бойынша анықталады. Қондырғылар арасындағы өтетін жердің кеңдігі 1,5 м-ден кем болмауы, ал қондырғылар арасындағы қашықтық 0,8 м-ден кем болмауы керек. Қондырғылардың ұсынылатын оптималды өлшемдері: еденнен биіктігі - 720 мм, кеңдігі - 490 мм, көлденең өлшемі - 670 мм.
Бөлмелерде радиаторлық немесе панелді жылыту, ауаны шығаратын және әкелетін вентиляция немесе ауаны кондиционирлеу, табиғи және жасанды жарық қарастырылуы керек, ауаның температурасы плюс 18-25 0 С шегінде ұсталуы керек.
Гидромассажды бөлмелерде: әрбір қондырғыға винтті отырғыштар, қол жуғыштар, дезинфекциялық ерітіндісімен ыдыс, аяқ-киімді ауыстыратын орындықтар, келушілерді тіркейтін орын (үстел және орындық), бөлмені жинайтын инвеньтармен шкаф қарастырылуы керек.
Монотонды еңбекті және (немесе) гипокинезиямен сипатталатын объектілерде тренажерлік залдар қарастырылуы керек, олар жұмыс бөлмесінен 150 м-ден алыс орналаспайды. Залға кіретін есік шу мен шаңнан изоляциялауды қамтамасыз ететін тамбур арқылы болуы керек.
Тренажерлік залдың алаңы 5-5,5 м биіктікте, 40 м 2 -тан кем емес жалпы алаңмен, бір кісіге 4м 2 -тан кем емес есебінде белгіленеді.
Тренажерлік залдың ауасында зиянды заттар, қоспалар, иістер болмауы керек. Көміртегі диоксидінің СО 2 -нің мөлшері 1%-тен аспауы, шаңдану м 3 -на 6 мг-нан артық болмауы және кремнийдің мөлшері 2%-тен артық емес, микроорганизмдер 1 м 3 -на 4000 микробтан артық емес, статикалық электр өрісінің кернеуі сантиметріне 150 Ваттан (әрі қарай см/Вт) артық болмауы керек.
Қажетті ауа тәртібі табиғи (фрамуга, терезе), жасанды вентиляциямен және ауаны кондиционирлеудің көмегімен қамтамасыз етілуі керек. Барлық фрамугалардың кесілген жерінің алағы еденнің алаңына 1:50 қатынасында алынады. Ықтиярсыз вентиляциядағы ауаның келу интенсивтілігі шығу интенсивтілігінен 10-15 %-ке асуы керек.
Орталық жылытумен және кондиционерлеумен плюс 15-22 0 С-тың шегінде ауаның температурасы қамтамасыз етілуі керек. Орталық жылыту радиаторларын терезенің астындағы қуыстарға орналастырады және алынатын ағаш торлармен жабады. Жылытумен вентиляцияның қосылғаны тәуір.
Жасанды жарықтың жарық коэффициенті 1:4-1:5 қатынасында белгіленеді, қыздыру лампаларында жасанды жарық 100 лк-тен, ал люминисцентті лампаларда 200 лк-тен кем болмауы керек. Терезелер декоративті торлармен жабылады.
Киім ауыстыратын, душ және дәретхана тренажерлік залмен қатар орналастырады. Душ қондырғылары мен қолжуғыштардың саны осы санитарлық ережелердің 5-ші қосымшасындағы 3-ші кестеге сәйкес жобаланады.
Жұмысшының қолына дірілдің берілумен сипатталатын технологиялық процестерімен және операцияларымен цехтарды жобалауда, діріл ауруының алдын-алу бөлмелері қарастырылады. Бөлменің құрамына: физиотерапевтік процедуралар, емдік денешынықтыру, психологиялық және психофизиологиялық жеңілдету бөлмелері кіреді.
Физиотерапевтік процедура бөлмесінің алаңы бір қол ваннасына 1,5 м 2 есебінде (құрғақ ауа қыздырылуында бір қондырғыға 2,3 м 2 ) анықталады, бірақ та 35 м 2 -тан кем болмауы керек. Ванналардың саны 3 жұмысшыға 1 ванна және ең көп сменада 10 жұмысшыға 1 қондырғы есесінде анықталады.
Емдік денешынықтыруға арналған бөлменің алаңы, залды пайдаланатын бір жұмысшыға (тренажерлар мен спорт снарядтарын қолданумен) 1,6 м 2 есебінде, бірақ та 20 м 2 -тан кем емес анықталады.
Медициналық персоналға алаңы 8 м 2 -тан кем емес бөлме бөлінуі керек.
Әйелдердің жеке гигиена бөлмесі (әрі қарай - ЖГ) 100 жұмысшыға 1 кабина есебінде кабинасы, ал жоғары шаңдылықты кәсіпорында - 50 әйелге 1 кабина және тамбуры болуы керек. Тамбурда ыстық және суық су смесителімен қолжуғыш, қызмет көрсететін персоналға үстелі, қолды электр кептіргіш, магнитті сабын салғыш қарастырылуы керек; жеке кабиналар ыстық және суық су смесителімен және унитазбен, пайдаланылған гигиеналық пакетке арналған жабылатын бөшкесімен және киім ілгіштермен жабдықталуы керек.
ЖГ бөлмесінің қабырғасы мен жеке кабиналар арасындағы таса жуғыш және дезинфекциялағыш құралдарды қолданып жууға және жеңіл тазалауға мүмкіндік беретін материалдардан болуы керек.
ЖГ-сы бөлмесінен жұмыс орнына дейінгі қашықтық 150 м-ден артық болмауы қажет. ЖГ-сын цехтық дәретханалармен біріктіруге рұқсат етілмейді.
Жүктілік кезеңіндегі әйелдердің еңбегі мен демалуын рационалды ұйымдастыру үшін арнайландырылған емдік-сауықтыру кешендері (әрі қарай - АК) бала туатын жастағы жұмысшы әйелдер саны 500 және одан жоғары объектілерде қарастырылуы керек.
Арнайландырылған кешенді жеке бөлмелерге орналастыру керек, оларға тағайындалуы өндірістік (цех, участок) және қосалқы (демалатын бөлме, жеке гигиена бөлмесі, дәретхана) бөлмелер кіреді.
АК-ді табиғи жарығы мен табиғи ауа алмасуы жоқ ғимараттарға, жер асты бөлмелеріне және цокольдық (үйдің төменгі қабаты) бөлмелер мен 2-ші қабаттан жоғары (лифт болмағанда) орналастыруға болмайды.
Демалыс бөлмелерінің ауданы сменадағы бір жұмысшы әйелге 2,0 м 2 аудан есебінен, бірақ 18 м 2 -тан кем емес етіп алынуы керек. 30 м 2 -тан артық демалыс бөлмелері және демалыс зонасына және гимнастикалық жаттығу, дәрігерлік бақылау жасайтын және сабақ өтетін зоналарға бөлінеді.
Жүкті әйелдерді жұмысқа орналастыратын арнайы бөлмедегі еңбектің сипатына қойылатын гигиеналық талаптар, еңбекті гигиеналық жіктеудің оптималды жағдайының 1-ші класын қанағаттандыруы керек.
Жұмысшы саны 5000 адамнан көп болғанда объектінің құрылымында еңбектегі қалпына келтіру орталығы (учаскесі), (әрі қарай - орталық) қарастырылады. Еңбекті реабилитациялау орталығының құрамында емдік-диагностикалық және техникалық бөлімдер болуы қажет.
Орталықтың емдік-диагностикалық бөлімнің бөлмелерін болашақтағы өндірістің сипатына сәйкес жобалау қажет.
Орталықтың техникалық бөліміне еңбекті реабилитациялау цехтары (учаскелері), диспетчерлік көлік, өнімнің сапасын бақылау, конструкторлық-технологиялық және жоспарлық-экономикалық бюро қызметіне арналған бөлмелер, стандартты емес жабдықтар мен бейімдеулерді эксперименталды жөндейтін учаскелер кіруі керек.
Жарықтандыруға және ультракүлгін сәулеленуге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Кісілер тұрақты түрде болатын өндірістік бөлмелерде табиғи жарық қарастырылуы керек.
Метеорологиялық жағдайлармен шақырылған, күндізгі уақыт барысындағы табиғи жарықтың өзгерістері, жұмыстың осы түріне арналған жасанды жарықтың нормасында белгіленген мәнінен жұмыс зонасындағы жарықтың төмендеуін шақырмауы керек. Жарығы жеткіліксіз жұмыс зонасындағы жарық құрылғыларын автоматты қосу жолымен, табиғи жарықтың төмендеуін жасанды жарықпен толтыру керек.
Жасанды жарықты жобалағанда жұмысшы, апат және эвакуация жарығы қарастырылуы керек. Орташа дәлдіктегі жұмысты атқарғандағы жұмыс орнындағы жарық 500 лк-тен кем, ал аз дәлдіктегі және дөрекі жұмысты атқарғанда 200 лк-тен кем болмауы керек.
Бинокулярлық стереоскопиялық микроскоптарды қолданып жұмыс атқарған жағдайда, микроскоптан тыс монтажды столдың жұмыс зонасының жарығы, осы санитарлық ережелердің 6-шы қосымшаның талаптарына сәйкес болуы керек. Микроскоптың аясындағы объектілердің жарығы бірқалыпты реттелуі керек және оның жоғарғы шегі 20 000 лк-ке жетуі қажет.
Визуалды бақылайтын экрандары бар жүктемелі көз жұмыстары үшін жарықтың деңгейі осы санитарлық ережелердің 6-шы қосымшасы бойынша алынуы керек.
Шырақтардың жарық техникалық сипаттамалары және олардың жұмысшы зонасына салыстырмалы орналасуы мен жабдықталуы жұмысшыға тікелей және бейнелі жарқылдың зиянды әсерін болғызбауы керек.
Шырақтардың конструктивтік орындалуы жұмыс істеу кезінде өрт және электр қауіпсіздігін, өндірістік ортаның (өртке- және жарылғыш қауіптілігі, шаңға, химияға активтілігі) нақтылы жағдайында сипаттамаларының беріктігін, ұзақтығын және тұрақтылығын, сонымен қатар жұмысқа ыңғайлығын қамтамасыз етуі керек.
Жобаның құрылыс бөлімінде шырақты тазарту және жөндеу құралдарымен жабдықталған шеберхана, жарықтың газразрядты көздері мен жарық техникалық жабдықтарын сақтайтын қоймалар қарастырылады.
Газразрядты лампаларымен жарық беретін құрылғыларды жобалағанда, сынап толтырылған лампаларды сақтайтын бөлме қарастырылуы керек.
Өндіріс бөлмелерінің жарық беретін құрылғыларының құрамында ультракүлгін жеткіліксіздіктің алдын-алу үшін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары қарастырылуы керек. Ұзақ әсер ететін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары ультракүлгін сәулеленудің өндірістік көздері бар бөлмелерде қарастырылмайды.
Өндірістік ғимараттарға, бөлмелерге және ғимараттарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Өндірістік ғимараттардың және ғимараттардың жобаларында 1 жұмысшыға келетін меншікті алаң 4,5 метр квадраттан (әрі қарай м 2 ) кем болмауы керек.
Әрбір тұрақты және тұрақсыз жұмыс орнының алаңы 2,2 м 2 -тан кем болмауы керек (кабиналардан және объектілерден басқалары), олардың бос алаңының шамасы арнайы талаптармен келісіледі. Жабдықтармен, қызмет көрсететін зоналармен, жүріп өтетін жолдармен, өтетін жерлермен, резервтегі алаңдар мен аралық қойманың орындары нормативке кірмейді.
Микроклимат бойынша 15 метр кубтан (әрі қарай м 3 ) кем емес нормативтің талаптарын қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып, бөлменің көлемі есептеу жолымен анықталады.
Егерде табиғи ауа алмасуы мен жарықты бұзбаса, өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғасына жапсырма құрылыс салуға рұқсат етіледі.
Бу, газ және шаң түріндегі зиянды заттарды бөлмейтін ыстық технологиялық процестермен сипатталатын объектіні орналастыру үшін, табиғи басқарылатын ауа алмасуын (аэрацияны) қамтамасыз ететін қабырғаның және шатырдың конструктивтік элементтерімен бір қабатты ғимараттар немесе көп қабатты ғимараттардың жоғары қабаттары қарастырылуы керек.
Зиянды заттар бөлінетін болса, тек қана табиғи ауа алмасуды жобалауға рұқсат етілмейді.
Қауіптілігі І-ші және ІІ-ші кластағы зиянды заттардың жабық бөлмелерге бөлінуі болжанған объектіні жобалау барысында, оқшауланған бөлмелерге немесе пультті немесе операторлық зоналардан осы жабдықтарды басқаратын зоналарда технологиялық құрал-саймандарды орналастыру қарастырылады.
Қауіптілігі І-ІІ-ші кластағы зиянды заттармен жұмыс жүргізіліп жатқан бірнеше өндірісті бір ғимаратқа орналастырғанда, улы заттардың көп компонентті қоспасының түзілуіне және көрші өндірістік бөлмелерге олардың таралуына кедергі жасайтын құрылыс шешімдерін қолданумен, жекелеу қамтамасыз етілуі керек.
Өндірісті жобалаудың технологиялық талаптарына сәйкес табиғи жарығы жеткіліксіз үй астында және цокольдық қабатта терезесіз және жарық күн тартарсыз ғимаратты салуға, тұрақты жұмыс орындарымен өндірістік бөлмелерді орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл кезде мыналар қарастырылуы керек:
1) жасанды жарық;
2) эритемді сәулелену құрылғысы;
3) жасанды жарығы бар (жасанды жарық коэффициенті 0,5%-тен кем емес) жұмыс орнынан 100 м-ден алыс емес қашықтықта жұмысшылар қысқа уақытқа демалуға арналған бөлменің құрылғысы;
4) осы санитарлық ереженің талаптарына сәйкес тұрақты әрекеттегі ықтиярсыз вентиляциямен қамтамасыз ету.
Ашық алаңдарға технологиялық және энергетикалық, жабдықтарды орналастырғанда, олардың басқару пульттерін орналастыруға арналған және жұмысшылардың демалатын бөлмелері қарастырылуы керек.
Шаң бөлінуі мүмкін бөлмелерде, оның жинақталуын және жиыстырылуын қиындататын конструктивтік элементтер мен өңдейтін материалдар қолданылмауы керек.
Өндірістік бөлмелерге ауаны әкелетін вентиляциялық камераларға алаң қарастырылуы керек. Вентиляциялық қондырғыларды үйдің ішіне жасалған үстіңгі жарты қабатқа, консольды тірекке орналастыруға рұқсат етілмейді. Ауа келетін камералардың кіретін есігі бөлменің, коридордың, тамбурдың ішінен немесе ауасында зиянды заттары жоқ жердің сыртынан болуы керек.
Басқару пульттерінің бөлмелерінде, санитарлық-тұрмыстық қондырғыларда және жаяу жүретін туннельдерде зиянды сұйықтықтар мен газдарды, сонымен бірге транзиттік бу құбырларын салуға болмайды.
Жылытылатын өндірістік бөлмелердің сыртқы қоршауын жобалау, төбенің және қабырғаның ішкі бетіне конденсаттың түзілу мүмкіндігін болдырмауы керек. Бұл талаптардан шығу тәртібі ылғалды бөлмелерге ғана рұқсат етіледі.
Зиянды және агрессивті заттарды пайдаланатын учаскелер орналасқан бөлмелердің ішкі құрылыс конструкциясын қосқанда, қабырғаны, төбені және басқа беттерді өңдеу үшін, сорбцияны болдырмайтын және жүйелі тазартуды, ылғалды және вакуумды жиыстыруды, қажет болғанда - дезинфекцияны қажет ететін материалдар болуы керек.
Ашылатын терезелері және жарық күн тартарларымен жабдықталған ғимараттар мен имараттарда еденнен немесе жұмысшы алаңынан басқарылатын, ашық ойықтың шамасын реттейтін механизмдер, сонымен бірге осы тәріздес жұмыстарды ыңғайлы және қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін терезені, күн тартарларды және жарық арматурасын тазарту үшін механизмдер мен алаңдар қарастырылуы керек.
Бөлмелердің және жабдықтардың түспен безендірілуі бейнеленудің ең аз коэффициентін (0,4-тен артық емес) ескере отырып орындалуы керек.
Жаңа ғимараттар мен имараттарды салу және әрекеттегілерін қайта салу кезінде сыртқы қоршаулар арқылы, сонымен бірге технологиялық көздерінен жұмысшы зонасына жылу мен суықтың артығымен түсуін азайтуға бағытталған шаралар қарастырылуы керек.
Түрегеп тұрып жұмыс істейтін жылытылатын бөлмелердің еденін жабатын материал жылуды сіңіретін коэффициенті метр квадратты градусқа көбейтіп, бір сағатқа көбейтіп 6 килокалория (әрі қарай - ккал/м 2. град . сағ.) болуы қажет немесе ағаш кедергісімен немесе жылу изоляциялайтын кілемшесімен жабылуы керек.
Агрессивті сұйықтықтардың (қышқылдардың, сілтілердің) және сынап, еріткіштер, биологиялық активті заттар сияқты зиянды заттар болжамды әсер ететін жерлерде, көрсетілген заттардың әсеріне тұрақты, олардың сорбциясын болдырмайтын, тазартылған және зиянсыздандыруға бейімді еденнің жабындысы қарастырылуы керек. Көрсетілген заттарды бұрып жіберу үшін канализацияға суағар қарастырылуы керек, қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелерінің (әрі қарай - ҚНжЕ) талаптарына сай болуы керек.
Радиожиілікті диапазондағы электромагниттік өріс көздерімен (әрі қарай - ЭМӨ) жұмыс істейтін өндірістік бөлмелерді ағымды линияларда орналастыруды қосқанда жалпы бөлмелерде де, жеке бөлмелерде де орналастыруға рұқсат етіледі. Қондырғымен және онымен жұмыс істеуге байланысты емес жұмыс орнындағы ЭМӨ-тің деңгейі шамасының мүмкіндік шегінен аспаса, жалпы бөлмелерде ЭМӨ көздерін қарастыру керек. Көрсетілген жағдайды қамтамасыз ету мүмкін болмаса, ЭМӨ қондырғылары жеке бөлмелерге орналастырылуы керек.
Бір бөлмеге бірнеше қондырғылар орналастырылған болса, олардың орналасуы сәуле энергиясының қосындысы есебінен персоналдың жұмыс орнындағы сәулелену деңгейінің мүмкіндік шегінен аспауын шектеуі керек.
Электромагниттік өріс көздерімен жұмыс істеуге тағайындалған экрандалған бөлмелерді жобалау кезінде, жұмыс ауданы мен көлемі жоғары жүктемемен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шараларының сақталуын ескере отырып, өңделетін заттың габаритіне сәйкес жасалуы қажет.
Экрандалған бөлмелердің қабырғасы, төбесі және едені сәулеленудің деңгейінің мүмкіндік шегін төмендетуін қамтамасыз ететін сәуле жұтатын материалмен қапталуы қажет. Сәуле белгілі бағытта түсетін болса, қабырғаның тек соған сәйкес бөлігін ғана сәуле жұтатын қабатпен қаптаған жөн. Экрандалатын бөлмелерде күші бар НҚА-ге сәйкес, табиғи жарықтың, ультракүлгін сәуленің жеткіліксіздігін, ауаның газды және ионды құрамының өзгеруінің орнын толтыратын шаралар қарастырылуы қажет.
Көрші бөлмелерге құрылыс конструкциялары арқылы электрлі магниттік өрістің өтуі кезінде, деңгейінің мүмкіндік шегінен аспауын шектейтін шаралар жасалуы керек.
Лазер қондырғыларына арналған бөлмелерді жобалағанда лазердің құрылымы мен пайдалану ережелерінің талаптары сақталуы қажет.
Шу көздері орналасқан әрекеттегі өндіріс орындарын салғанда және қайта салғанда бөлме ішіндегі жұмыс орындарындағы, сонымен қатар тұрғын үйлерді қоршаған территорияның ауласындағы шудың деңгейін төмендетуге бағытталған архитектуралық-құрылыс шаралар қарастырылуы қажет.
Шудың параметрлерін күші бар гигиеналық нормативтерге дейін жеткізу мүмкін болмағанда:
1) стационарлық жабдықтар үшін дыбысты изоляциялайтын кабиналарды құру, процесті дистанциядан басқаруды қарастыру қажет;
2) қол саймандары үшін басқа жұмысшыларға шудың әсерін болғызбайтын жерге жұмыс орнын орналастыруды қарастыру қажет.
Шудың, дірілдің және инфрадыбыстың жұмысшыларға әсер етуіне байланысты жұмыс орындарының маңында, мезгілді демалуға және профилактикалық процедуралар жүргізуге арналған бөлмелер қарастырылуы қажет.
Плазмалық технологияларға арналған бөлмелерді жобалаған кезде:
1) бір жұмысшыға 10 м 2 -тан кем емес және еденнің ең төменгі нүктесінен 3,5 м-ден кем емес бөлменің биіктігі есебінде, жабдықталмаған алаңның болуын қарастыру;
2) қабырғасы мен төбесі ультракүлгін сәулені жұтатын, жанбайтын перфорирленген материалдан қорғаныс жабындысы бар дыбысты жұтатын қаптауы болуы керек. Жабдықтың дыбыс жұтатын қорғаны болмаса, қаптау биіктігі 2,7 м-ден кем болмауы керек.
Өндірістік бөлмелердің жұмыс орындары мен объектінің территориясындағы дыбыс қысымының мүмкін деңгейі, дыбыс деңгейі және дыбыстың эквивалентті деңгейі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы "Жұмыс орындағы шу деңгейлерінің гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" N 139 бұйрығының талаптарына сәйкес келуі керек.
Жаңадан салынатын және қайтадан салынатын объектілерді, олардың жеке ғимараттарын және имараттарын жобалау кезінде шаралар қарастырылуы керек, оларды орындау тұрғын үйдің территориясында гигиеналық нормативтен аспайтын шудың деңгейін қамтамасыз етуі керек.
Жұмыс орындарындағы транспорттық-технологиялық вибрацияның мүмкін деңгейлері қолданыстағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы "Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" N 310 бұйрығының , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу реестрінде N 3781 тіркелген, талаптарына сай келуі керек.
Жұмыс орнындағы инфрадыбыстың деңгейін жұмыс орнындағы инфрадыбыстың гигиеналық нормативтеріне сәйкес қабылдау керек.
Негізгі дозалық шектер (осы санитарлық ережелерге 3-ші қосымша) ионданатын сәулеленудің нормаланатын параметрлері болып табылады. Оларға төмендегілер жатады:
1) тікелей ионданатын сәулелену көзімен тұрақты және уақытша жұмыс істейтіндерге арналған тиімді және эквивалентті дозаның мүмкіндік шегі, (А категориясы - персонал);
2) ионданатын сәуле көздерімен жұмыс істемейтіндерге, бірақ та объектілердің қызметіне негізделген жұмыс орнының немесе тұрғын мекеннің орналасу жағдайына байланысты, иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшырайтындарға арналған шектік (тиімді) эквивалентті дозалар (Б категориясы).
Радиоактивті заттармен және ионданушы сәулеленудің басқа көздерімен жұмыс істеу барысында күші бар радиациялық қауіпсіздіктің нормаларына дозалық шектер сәйкес келуі керек.
Жұмыс орнындағы өндірістік көздерден ультракүлгін сәулеленудің (әрі қарай УС) мүмкіндік деңгейі: ұзын толқынды УС-А-400-315 нм, орта толқынды УС-315-280 нм, қысқа толқынды УС-280-200 нм облыстары үшін сәулеленудің спектралды құрамын ескере отырып қабылдануы керек.
Сәулелену интенсивтілігінің гигиеналық нормативтері жұмысшыларға әсер ету ұзақтығын, сәулеленуден қорғайтын арнайы киімді міндетті түрде киюді, бас киімді және көзді қорғайтын құралдарды пайдалануын ескере отырып белгілейді.
Жоғарыда көрсетілген нормативтер 2000 Цельсийден жоғары температурадағы көздер шығаратын сәулеленуге (электрлік доғалар, плазма, балқытылған металл, кварц әйнегі), полиграфияға, химия және ағаш өңдейтін өндірістерге, ауылшаруашылығына, кино- және телетүсірулерге, дефектоскопияға, денсаулық сақтау ұйымдары мен өндірістің басқа салаларына таралады. Нормативтер қызмет көрсететін персонал болмағанда, ортаны зарарсыздандыру үшін қолданатын лазерлер шығаратын, сонымен бірге емдік және профилактикалық мақсатқа қолданатын УС-ге таралмайды.
1,2 м 2 -тан артық емес тері бетінің (бет, мойын, қол саусақтары) қорғалмаған учаскелері болғанда, жұмыс сменасының 50%-де сәулелену көзінің жалпы ұзақтығында, 5 минут және одан көп бір реттік сәулеленудің ұзақтығында жұмысшыларға УС-дің мүмкін интенсивтілігі УС-А облысы үшін метр квадратына 10,0 Ваттан (әрі қарай м 2 /Вт), ал УС-В облысы үшін м 2 -на 0,01 Вт-тан аспауы керек.
Терінің барлық бетінің қорғанысы кезінде жұмысшылардың сәулеленуінің мүмкін интенсивтілігі жұмыс сменасы барысында әсер ету ұзақтығында УС-В; УС-С облысында м 2 -на 1Вт-тан аспауы керек.
Жобаланатын жабық өндірістік бөлмелердің микроклиматының оптималды және мүмкін параметрлерін дұрыс есептеу үшін метеорологиялық жағдайды сипаттайтын (ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылу сәулеленудің интенсивтілігі) көрсеткіштерін де, энергия шығынының мәліметтерін де басшылыққа алу керек.
Өндіріс аумағы тазалықта ұсталады және жүйелі түрде өндіріс қалдықтарынан тазартылады.
Кәсіпорын аумағында ашық қоршалмаған шұңқырлардың, қанаулардың, траншеялардың, құдықтардың бар болуына рұқсат етілмейді.
Өндірістік бөлмелер тазалықта ұсталады. Жұмыс орындарын, бөлмеден өтулерді, шығуларды үйіп тастауға рұқсат етілмейді. Өндіріске қажетті жабдықтау бөлшектер және материалдар, олар үшін арналған орнында болады.
Ғимараттар мен жабдықтардың конструкцияларында шаңның жиналуына рұқсат етілмейді. Шаңды жинау ұйымның техникалық басшымен бекітілген, жұмыстардың қауіпсіз өткізуін қамтамасыз ететін шаралардың орындалуымен, графикке сәйкес жүзеге асырылады.
Желдету, канализация және жарықтандыру
Өндірістік бөлменің жұмыс аймағындағы ауа МСТ 12.1.005-88 сәйкес. Еңбек қауіпсіздік стандарттар жүйесі. Жұмыс аймағындағы ауаға жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар.
Желдету жүйелерін жіберу, жөндеу және пайдалану МСТ 12.4.021-75 ССБТ сәйкестікте жүзеге асырылады. Желдету жүйелері. Жалпы талаптар.
Өндірістік бөлмелерде, олардың тағайындалуына байланыссыз, толассыз жұмыс істейтін құйылу - сорылатын механикалық, табиғи немесе аралас түрдегі желдету ескеріледі.
"Өндірістік және басқа объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар" Мемлекеттік стандарттарда өндіріс салалары бойынша берілген
Қосымша: табиғи желдетусіз бөлме деп сыртқы қабырғасында ашылмайтын терезелері мен ойықтары бар бөлмелерді немесе терезенің жалпы алаңынан 20%-тен кем алаңдағы ойығының және ашылатын терезесі бар бөлмелерді, сонымен қатар бөлменің 5-есе биіктігінен асатын қашықтықта орналасқан ашылатын терезесі бар бөлменің зонасын түсіну керек.
"Өндірістік және басқа объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларына 5-ші қосымша
Фельдшерлік денсаулық сақтау пункті бөлмелерінің
құрамы мен алаңы
Бөлмелер
|
Алаңы, м 2
|
Күтетін-вестибюль және
тіркелетін орын
|
18
|
Таңу бөлмесі (таза және іріңді)
|
36 (2 бөлме)
|
Науқастарды қабылдайтын бөлме
|
12
|
Тіс дәрігері бөлмесі
|
12
|
Кезекші медициналық
персоналдың бөлмесі
|
9
|
Қойма
|
6
|
Науқастардың уақытша болатын
бөлмесі
|
9
|
Тамбурдағы қолжуғышымен ерлер
дәретханасы
|
1 унитазға
|
Тамбурдағы қолжуғышымен
әйелдер дәретханасы
|
1 унитазға
|
Жалпы зауыттық денсаулық сақтау пункттері
бөлмелерінің құрамы мен алаңы
Бөлмелер
|
Жалпы зауыт денсаулық сақтау
пункттерінің категориясындағы
бөлмелердің алаңы, м 2
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
Күтетін-вестибюль және тіркелетін
орын
|
24
|
18
|
18
|
Таңу бөлмесі (таза
және іріңді) екі
бөлмеде
|
36
|
36
|
36
|
Науқастарды
қабылдайтын бөлме
|
48 (4 бөлме)
|
36
(3 бөлме)
|
24
(2 бөлме)
|
Тіс дәрігері бөлмесі
|
24 (2 бөлме)
|
12
|
12
|
Физиотерапия
бөлмесі
|
24
|
18
|
12
|
Медициналық
процедура бөлмесі
|
18
|
12
|
12
|
Кезекші
медициналық
персоналдың
бөлмесі
|
12
|
9
|
9
|
Денсаулық сақтау
пунктінің меңгерушісі
бөлмесі
|
9
|
9
|
9
|
Таңу материалдарын сақтайтын және автоклав бөлмесі
|
9
|
9
|
9
|
Кезекші
медициналық
персоналдың
бөлмесі
|
12
|
9
|
9
|
Қойма
|
6
|
6
|
6
|
Душ бөлмесі
|
2 душ торына
|
1 душ
торына
|
1 душ
торына
|
Тамбурдағы
қолжуғышымен ерлер
дәретханасы
|
1 унитазға
|
Тамбурдағы
қолжуғышымен
әйелдер
дәретханасы
|
Қосымша: 3а тобының өндірісі немесе ыстық цехтары бар кәсіпорынның жалпы зауыттық денсаулық сақтау пункттерінде душтың орнына душпен ваннаны қарастыру қажет. Тұрмыстық бөлмелердің нормасы Мемлекеттік стандартта берілген. Өндірістік процестердің түрлі топтарының белгілері байланысқанда киім ілгіштердің, душтың және қолжуғыштың түрлері ең көп талап қойылатын топта, ал арнайы тұрмыстық және қондырғылар - жиынтық талаптар бойынша қарастырылуы қажет;
-а тобындағы процестерде душтарға рұқсат етіледі, сәйкес негіздемеде қарастырылмайды;
арнайы киім мен аяқ-киімнің шаңдануын шақыратын кез-келген процестерде, олардың шаңсызданбауын қамтамасыз ететін бөлмелер мен қондырғылар қарастырылуы керек;
-блок-контейнерден тұратын мобильді ғимараттарда душ торларын 60%-ке дейін қысқартуға болады;
-инфицирленген және радиоактивті материалдармен, сонымен бірге тері арқылы түсетін қауіпті заттармен жұмыс атқарғанда, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер күші бар НҚА-ге сәйкес жобалануы қажет.
Өндірістік және басқа объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларына 6-ші қосымша
Дәл көру жұмыстарындағы жарықтың деңгейі
Ажырату объектісінің өлшемі,
бұрыш/мин
|
Жұмыс сменасының уақытына %-пен дәл көру
жұмысының уақыты
|
Жарық
|
Жұмыс бетінің
жарықтығы, кд/м 2
|
1,5-тен кем
|
60-тан артық 60-тан 60-қа
дейін 30-дан кем
|
4000 3000
2000
|
300-ден 500-ге дейін
|
1,5-нан 3-ке дейін
|
60-тан артық 60-тан 60-қа дейін 30-дан кем
|
2000-1500 1000
|
150-ден 300-ге дейін
|
3-тен 5-ке дейін
|
60-тан артық 60-тан 60-қа дейін 30-дан кем
|
1000-750-500
|
75-тен 150-ге дейін
|
Өндірістік ғимараттардың және ғимараттардың жобаларында 1 жұмысшыға келетін меншікті алаң 4,5 метр квадраттан (әрі қарай м 2 ) кем болмауы керек.
Әрбір тұрақты және тұрақсыз жұмыс орнының алаңы 2,2 м 2 -тан кем болмауы керек (кабиналардан және объектілерден басқалары), олардың бос алаңының шамасы арнайы талаптармен келісіледі. Жабдықтармен, қызмет көрсететін зоналармен, жүріп өтетін жолдармен, өтетін жерлермен, резервтегі алаңдар мен аралық қойманың орындары нормативке кірмейді.
Микроклимат бойынша 15 метр кубтан (әрі қарай м 3 ) кем емес нормативтің талаптарын қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып, бөлменің көлемі есептеу жолымен анықталады.
Егерде табиғи ауа алмасуы мен жарықты бұзбаса, өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғасына жапсырма құрылыс салуға рұқсат етіледі.
Бу, газ және шаң түріндегі зиянды заттарды бөлмейтін ыстық технологиялық процестермен сипатталатын объектіні орналастыру үшін, табиғи басқарылатын ауа алмасуын (аэрацияны) қамтамасыз ететін қабырғаның және шатырдың конструктивтік элементтерімен бір қабатты ғимараттар немесе көп қабатты ғимараттардың жоғары қабаттары қарастырылуы керек.
Зиянды заттар бөлінетін болса, тек қана табиғи ауа алмасуды жобалауға рұқсат етілмейді.
Қауіптілігі І-ші және ІІ-ші кластағы зиянды заттардың жабық бөлмелерге бөлінуі болжанған объектіні жобалау барысында, оқшауланған бөлмелерге немесе пультті немесе операторлық зоналардан осы жабдықтарды басқаратын зоналарда технологиялық құрал-саймандарды орналастыру қарастырылады.
Қауіптілігі І-ІІ-ші кластағы зиянды заттармен жұмыс жүргізіліп жатқан бірнеше өндірісті бір ғимаратқа орналастырғанда, улы заттардың көп компонентті қоспасының түзілуіне және көрші өндірістік бөлмелерге олардың таралуына кедергі жасайтын құрылыс шешімдерін қолданумен, жекелеу қамтамасыз етілуі керек.
Өндірісті жобалаудың технологиялық талаптарына сәйкес табиғи жарығы жеткіліксіз үй астында және цокольдық қабатта терезесіз және жарық күн тартарсыз ғимаратты салуға, тұрақты жұмыс орындарымен өндірістік бөлмелерді орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл кезде мыналар қарастырылуы керек:
1) жасанды жарық;
2) эритемді сәулелену құрылғысы;
3) жасанды жарығы бар (жасанды жарық коэффициенті 0,5%-тен кем емес) жұмыс орнынан 100 м-ден алыс емес қашықтықта жұмысшылар қысқа уақытқа демалуға арналған бөлменің құрылғысы;
4) осы санитарлық ереженің талаптарына сәйкес тұрақты әрекеттегі ықтиярсыз вентиляциямен қамтамасыз ету.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Интернет көздері
а) http://adilet.minjust.kz/kaz/docs/V050003792_
б) http://kutkarushy.kz
в) www.emer.kz/laws/law/nnic/0802/t11_132.doc
Достарыңызбен бөлісу: |