Өндіріс вибрациялық физикалық мазмұны. Вибрация түрлі машиналар мен механизмдердің жұмыс істеуінен ұстамсыз күштің әсерінен пайда болады. Бұған мысал ретінде қол перфораторын, қисықшипті-шатунды механизмдерді және бөлшектері қайтымды-түсімді қозғалыс жасайтын басқа да механизмдерді атауға болады. Сонымен қатар, вибрацияны ұстамсыз қатты айналатын механизмдер шақырады (электродрельдер, қол қырнау машиналары, вентиляторлар және т.б.). өндірісте арнаулы вибрациялық қондырғыларды да қолданады. Мысалы бетонды қоспалар нығыздағанда, борпылдақ заттарды ұсатқанда, сұрыптағанда, транспортты құралдарды түсіргенде және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |