824 ҚҰРАМДАС ТОП
Баспа және түптеу машиналарының операторлары мен машинистері
Баспа және түптеу машиналарының операторлары мен машинистері баспа және көшірме құрал-жабдығының, түптеу және мұқабалардға өрнек басу жөніндегі машиналардың және қағаздан, қағаз картон мен тектес материалдардан түрлі бұйымдар әзірлеу жөніндегі машиналардың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:
- жоғары баспа және терең баспа құрал-жабдығының, металлографиялық баспа, жазық баспа, қаңылтыр бойынша баспа, трафареттік, флексографиялық және баспаның өзге де түрлерінің жұмысын басқаруды және бақылауды;
- түптеу құрал-жабдығының: қиық тыстамалар әзірлеу жөніндегі автоматтар, тігін машиналары мен автоматтар, желімдегіш-капталыды машиналар, қақпақ әзірлеуіш, кітапендірме, бүркендіру машиналары, кітап әзірлеу жөніндегі автоматты желілер, блок өңдеуші агрегаттар, салма-тігін-қиғыш агрегаттарды т.б. жұмысын басқаруды және бақылауды;
- әртүрлі сұрыптағы қағаздан және картоннан, целлофаннан және тектес материалдардан бұйымдар әзірлеуге арналған машиналардың жұмысын басқару және бақылауды; мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
8241 БАЗАЛЫҚ ТОП
Баспа машиналарының операторлары мен машинистері
Баспа машиналарының операторлары мен машинистері баспа және көбейту құрал-жабдығының жұмысын бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері: жоғары баспа пен терең баспа, металлографиялық баспа, жазық баспа, қаңылтыр бойынша баспа, трафаретті, флексографиялық және өзге де баспа түрлері құрал-жабдығының жұмысын басқаруды және бақылауды; машиналардың жұмысын басқаруды және бақылауды: мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- баспа-цилиндрлердің, тигельді, ротациялық, офсеттік, литографиялық, фотогравюралық машиналар мен өзге де құрал-жабдықтың жұмысын басқаруды және бақылауды;
- түпнұсқалы қалыптардан көпбояулы басылыс үшін сынама баспа-таңбалар алуды;
- түрлі үлгідегі автоматтарда, терең баспаның жапырақты, рулонды және маркалы машиналарында, офсеттік, литографиялық және т.б. машиналарда жетектемелеуді, түзету және басуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Алфавит машинасының машинисі
Дәптер агрегаттарының машинисі
8242 БАЗАЛЫҚ ТОП
Түптеу машиналарының операторлары мен машинистері
Түптеу машиналарының операторлары мен машинистері түптеу және мұқабаларға баспа-таңбалар жаншу жөніндегі машиналардың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- автоматта қиық тыстамалар әзірлеу үшін өңді қағазды техникалық маталармен жапсыруды; техникалық матаны жеткізу механизмдерін, қағазды, баспалау білікшелерін, желімдеу аппаратын және кескіш пышақтардың механизмін реттеуді;
- жіп-тігін машиналарда және автоматтарда кітап-журнал өнімдерін және құжаттық кітапшалар тігуді;
- кітап-журнал өнімдерін және құжаттық кітапшаларды желімдеу-капталды машиналарда желімдеуді;
- қаптама жасағыш машиналарда толығымен қапталған және құрамдас мұқаба қаптамаларын әзірлеуді, қаптамаларды түппен және тыстамалармен қаптауды; машинаның механизмдерін әртүрлі түрдегі қаптамалар мен форматтағы қақпақтар әзірлеуге ауысу кезінде реттеуді;
- кітапендірме автоматта түптеме қаптамаларға кітап блоктарын орнатуды;
- блоктарды бүркеу машинасында жабуды;
- кітап блоктарының түбін блокөңдегіш агрегатта өңдеуді; өзге форматтағы және көлемдегі блоктарды өңдеуге ауысу кезінде агрегаттың механизмдерін баптауды және реттеуді;
- салма-тігін-кесу агрегатында брошюралар мен кітапшаларды, құжаттық кітапшаларды, паспорттық құжаттаманы жинақтауды, тігуді және үш жағынан қиюды;
- агрегаттың механизмдерін басылымның форматы мен көлеміне сәйкес баптауды және реттеуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қиынды тыстамалар әзірлеу жөніндегі автомат машинисі
Тігін машиналар мен автоматтардың машинисі
Желімдеу-капталды машина машинисі
Қақпақ жасаушы машинаның машинисі
Кітап орнатқыш машинаның машинисі
Қаптама әзірлеуші машинаның машинисі
Кітап жасау жөніндегі автоматты желінің машинисі
825 ҚҰРАМДАС ТОП
Тоқыма, тері және үлбір тері және олардан бұйымдар өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Тоқыма, тері және үлбір тері мен олардан бұйымдар өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері талшық, иірімжіп әзірлеу және оларды өңдеу жөніндегі машиналардың, мата мен трикотаждар өндіру, тоқыма, тері және былғары киім тігу, үлбір тері мен теріні өңдеу, аяқ-киім әзірлеу, киіз басу және өзге де өнімдер өндіру жөніндегі машиналарды басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- мақта мата, зығыр, жібек және өзге де талшық пен түрлі талшықтардан иірімжіп әзірлеу жөніндегі құрал-жабдықтың, маталар, кілемдер, таспалар, трикотаждық және өзге де бұйымдар өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың, тоқыма, үлбір тері және былғары киім тігу және оны сәндеп кестелеу жөніндегі құрал-жабдықтың, талшықты, матаны және тоқыма бұйымдарын ағарту, бояу, жуу, өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың, үлбір мен теріні өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың, аяқ-киім, өзге де тоқыма, үлбір тері және тері өнімін өндіру жөніндегі машиналардың, жұмысын басқаруды және бақылауды қамтиды
8251 БАЗАЛЫҚ ТОП
Талшық әзірлеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары және аппаратшылары, иіру және орау машиналарының операторлары
Талшық әзірлеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары және аппаратшылары, иіру және орау машиналарының операторлары мақта мата, зығыр, жібек және өзге де талшық пен әртүрлі талшықтардан жасалған иірімжіпті әзірлеу және өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарды және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- мақта мен зығырды қопсытқыштарда түтуді, қысқа талшықты сілкігіш машиналарда қопсытуды және араластыруды; түтілген және ұзын талшықты зығыр тарауыш машиналарда тарауды; жібек талшықты шеңберлі тарау машиналарда тарау; джуттың, кенафтың ұзын талшығын илегіш және илегіш-тарауыш машиналарда илеу, тарау және эмульсиялау процестерін жүргізу;
- басқару пультынан иірімжіптің сызықтық тығыздылығына және тікиіршіктердің мөлшеріне сәйкес иірімжіпті орау, ширату, машиналарының бункерлері бойынша үлестіру процесін жүргізуді; иірімжіп пен жіптерді әртүрлі түрдегі және тығыздылықтағы табиғи және химиялық талшықтардан орауды және үйрек тектес орау машиналарда және автоматтарда иіруді, иірімжіпті буландырғыш камерадан және орау машинасынан тұратын агрегатта релаксациялауды және орауды, табиғи және химиялық талшықтардан жасалған иірімжіпті ширату машиналарында ширату процесін жүргізуді;
- машиналар мен апараттарда созбалар өндіруді;
- есу және ширату-есу машиналарында табиғи және химиялық талшықтардан иірімжіп пен жіп иіру процесін жүргізуді;
- иірімжіпті шпульдарда арнайы буландыруды ыдыстары мен камераларда буландыруды; мақта маталы сұрыптық немесе боялған иірімжіпті мерсеризациялау машиналары мен агрегаттарда мерсеризациялауды; иірімжіпті химиялық супензияларға сіндіруді, жуып-шаюды, қышқылдауды, сабындауды, нілдеуді, жұмсартуды, суға салып езіп қоюды және иірімжіпті арнайы машиналар мен аппараттарда басқаша да өңдеу процестерін жүргізуді қамтиды.
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қопсытқыш-түту агрегатының операторы
Зығыр тарау машинасының операторы
Шеңберлі-тарауыш машинаның операторы
Илеу-тарау машинасының операторы
Тарау құрал-жабдығының операторы
Сілку машинасының операторы
Иірімжіпті тарату операторы
Орау құрал-жабдығының операторы
Релаксациялық-орау агрегатының операторы
8252 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тоқыма және іліп тоқу машиналарының операторлары
Тоқыма және іліп тоқу машиналарының операторлары мата, кілем, таспалар, трикотажды және өзге де бұйымдар өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- механикалық тоқыма және таспа тоқу станоктарында маталар, кілемдер, таспалар және бұйымдар өндіруді; станоктардың механизмдерінің жұмысын бақылауды, келіп түсетін шикізаттың сапасын бақылауды, негіздің керілуін реттеуді, негіздің үзілген жіптерін жоюды, утка мен арката, қайықты зарядтауды және сабақтауды, негіздің, жіптердің және мата ақауларының алдын-алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарды орындауды, ауысымның ішінде жұмысты жоспарлауды және станоктарға қызмет көрсету маршрутын таңдауды, станоктардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін жұмыстарды орындауды және т.б.;
- механикаландырылған және жартылай автоматты жазықтоқу машиналарында, айналмалы және көпқұлыпты машиналарда орамалдар, шарфтар, палантиндер, тегіс жаймалар және т.б. тоқуды; жазықтоқу, айналмалы, шеңберлеп тоқу, шеңберлі-тоқыма, сопақ, негізтоқыма, жиекті және шеңберлеп шұлық тоқу автоматтарында үстінгі тоқыманың жартылай реттік бұйымдар, қолғап бұйымдарын, әртүрлі өрімдегі жаймалар, купондар тоқуды, тегіс бетті шұлық бұйымдарын және т.б. тоқуды; үстіңгі оқыманың реттік бұйымдарын, жаймалар мен шілтер тоқуды; котонды, негіз-тоқыма, айналмалы, шеңберлеп шұлық тоқу автоматтарында суреті бар шұлық бұйымдарын және т.б. тоқуды; тоқыманың тығыздылығын, жайманың керілуін реттеуді, тоқыма құрал-жабдығының техникалық күйін, механизмдердің, ала-бұйымдардың, кергіш қондырғылардың жұмысын бақылауды және реттеуді, жайманың, бұйымдардың және т.б. сапасын тексеруді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Тоқымашы
Тоқыма-тігу құрал-жабдығының операторы
8253 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тоқыма, тері және былғары киім тігу және кестелеу жөніндегі операторлар мен машинистер
Тоқыма, тері және былғары киім тігу мен кестелеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері тоқыма, тері және былғары киім тігу және киім мен өзге де бұйымдарға сәндік өрнек кестелеу жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- автоматтандырылған жаю кешенінде және бағдарламалық басқаруы бар автоматтандырылған жаю кешенінде, олардың рационалды пайдаланылуын есептеп, әртүрлі материалдарды төсеудің процесін жүргізуді;
- автоматты немесе жартылай автоматты құрал-жабдықта тігін бұйымдарының күрделілігі әртүрлі дәрежедегі бөлшектерін және күрделілігі әртүрлі дәрежедегі бұйымдарды өңдеу процесін жүргізуді;
- қайықты-кестелеу автоматты машиналарда матада, тюльде, тоқыма жаймасында түрлі суреттер кестелеуді, тігін-кестелеу машиналарында көркемдеп кестелеуді, инелерді және шпульдарды ауыстыруды, жіптердің үзілуін жоюды, жіптердің керілуін және жол жиілігін реттеуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Тігін құрал-жабдығының операторы
Тұщылату қондырғыларының аппаратшысы
8254 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тоқыманы ағарту, бояу және тазарту жөніндегі операторлар және аппаратшылар
Тоқыманы ағарту, бояу және тазарту жөніндегі операторлар және аппаратшылар талшықты, матаны және тоқыма бұйымдарын ағарту, бояу, өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын бақылайды.
Олардың міндеттері:
- мақта матаны, иірімжіпті, созбаны, трикотаж және тоқымалы емес жайманы қайнату қазандарында және түрлі жүйедегі аппараттарда, гардин-тюль, шілтір және гардин-тоқыма жаймаларын – жуғыш-материалды машиналармен жалғанып агрегатталған қайнату қазандарында ағарту және қайнату процесін жүргізуді; маталарды толассыз жұмыс істейтін агрегаттарда ағартуды; өнделетін өнімнің технологиялық процесі мен сапасын бақылауды;
- мақтаны, иірімжіпті, матаны, тарау таспасын, гардин, тюльдік, шілтер және тоқыма жаймаларын, тоқыма емес жаймаларды, шұлық және өзге де бұйымдарды бояғыш, сіндірме-бояу агрегаттарында, бояу желілерінде және өзге де құрал-жабдықта бояу, жуып-шаю және кептіру процесін жүргізуді; белгіленетін рецептураға сәйкес бояғыш ерітінділер дайындауды, бояу сапасын бақылау үшін жүйелі түрде сынамалар іріктеп отыруды;
- түрлі жүйедегі тазарту машиналарында иірімжіпті, матаны, жайманы, бас киімдерді, киіз аяқ кимдерді, терілерді, кілемдерді және өзге де бұйымдарды тазарту процесін жүргізуді;
- матаны, жаймаларды және бұйымдарды белгіленетін технологиялық процеске сәйкес түрлі жүйедегі машиналарда, аппараттарда, агрегаттарда, жуып-шайғыш және өзге де желілерде жуып-шаюдың және арнайы өңдеудің процесін жүргізуді; бекітілген рецептура мен режим бойынша жуып-шаюға, аппреттеуге және өзге де процестерге аналған ерітінділер дайындауды, температуралық режимді, технологиялық процестің өзге де парметрлірен, аспаптар мен механизмдердің жұмысын бақылауды; мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ағартушы
Бояушы
Жуып-шаю құрал-жабдығының операторы
Жуып-шаю- кептіру-керу-стабилизациялау желісінің машинисі
Маталар, бұйымдар тазартушы
Тазарту машинасының операторы
8255 БАЗАЛЫҚ ТОП
Үлбір мен тері өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Үлбір мен тері өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері үлбір мен тері өңдеу жөніндегі түрлі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және реттейді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- терілерді чандарда, баркастарда, барабандарда су-химиялық өңдеуді (жібіту-суландыру);
- жұмыс ерітінділерін құрастыруды, мөлшерлеуді, аппараттарға құюды, жылытуды, нығайтуды; температуралық режимді және терілерді өңдеу жылдамдығын реттеуді;
- бекітілген өңдеу әдістемесіне сәйкес, үлбірлі және тондық қойтеріні, шағын терілерді, аңтеріні, каракульді, елтірді чандарда, баркастарда, барабандарда ашыту, пикельдеу, илеу, нейтрализациялау, жуып-шаю технологиялық процестерін жүргізуді;
- аңтеріні, каракульді, елтірді және теңіз жануарларының терісін вакуумды барабандарда, үйлестірілген және откатты барабандарда откаткалау-илеуді; құрал-жабдықтың жұмысын реттеуді;
- жасанды негізде үлбір әзірлеу кезінде түк басқан жерлерді, қойтеріні жартылай автоматты желімен екіге айыруды (кесу);
- үлбірлі және тондық қойтеріні және теңіз жануарларының терісінің тері матасын арнайы құрал-жабдықта ажыратуды (платирлеуді);
- тері шикізатын аппараттарда орап алуды, суландыруды және жуып-шаю технологиялық процестерін жүргізуді;
- асқындырушылар, антисептиктер ерітінділерін құрастыруды;
- температуралық режим мен аппараттың айналу жылдамдығын реттеуді;
- екіге айыру машинасын қажетті жуандыққа баптап, тұзтері мен иленетін шала өнімдерді сулы және құрғақ күйінде арамен кесуді;
- шелді, жүнді, қылды, шашты жуғыш аппараттарда жуудың технологиялық процесін жүргізуді; жуып-шаю процесін реттеуді;
- технологиялық карталарға сәйкес аппараттарда, барабан-аппараттарда басқару пультынан тұзтеріден тері шала өнімінін алу мақсатымен тұзтеріні илеу, пикельдеу және хромдау технологиялық процесін жүргізуді; жұмыс ерітінділерін құрастыруды, тұзтеріні талдаулар мен есептер негізінде өңдеу кезінде оларды мөлшерлеуді және түзетуді;
- терілерді немесе тұзтеріні автомат-барабандарда басқару пультынан орап алу және күлдеу технологиялық процесін жүргізуді; барабандардың айналуын реттеуді; химиялық материалдардың процесі мен мөлшерлеу барысын бақылауды;
- терілерді барабан-автоматтарда бояудың, майлаудың, нейтрализациялаудың, илектеудің технологиялық процестерін жүргізуді;
- өтпелі сығу машинасының жұмысын бақылап және баптап, теріден артық ылғалды сығуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сулы-химиялық өңдеу аппаратшысы
Илеу аппаратшысы (үлбір өндірісі)
Откаткалау аппаратшысы
Қойтеріні екіге айыру жартылай автоматты желінің машинисі
Жуып-шайғыш машина машинисі
Айырғыш машинаның машинисі
Күлдеу аппаратшысы
Күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысы
Терілерді бояу және майлау аппаратшысы
8256 БАЗАЛЫҚ ТОП
Аяқ-киім мен өзге де тектес өнім әзірлеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері
Аяқ-киім мен өзге де тектес өнім өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері стандартты және арнайы аяқ-киім, сөмке және өзге де аксессуарлар өндіру жөніндегі машиналардың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- пресс-автоматта аяқ-киімнің бөлшектерін әзірлеу үшін рулонды материалдарды төсеу және пішу жөніндегі жұмыстарды орындауды;
- резиналы есілген жеңге және белгілі бір тереңдіктегі және арақашықтықтағы муфталарға рифтеу станогында риф салуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Пішу құрал-жабдығының операторы
Рифтеу машинасының машинисі
8257 БАЗАЛЫҚ ТОП
Киіз басу өнімін өндіру құрал-жабдықтарының операторлары және машинистері
Басылған киіз өнімдерін өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері фетр бұйымдар, бас киімдер және өзге де басылған киіз өнімдерін өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- киіз сақиналарды жаттықтыру станогында технологиялық режимге сәйкес жаттықтыруды;
- технологиялық режимнің нормативтеріне сәйкес фетр бас киімдерін бояу алдында конустарға отырғызуды;
- технологиялық режимнің нормативтеріне сәйкес бас киім өндірісі үшін түбіт қоспасын үлпілдету машиналарында және агрегаттарында үлпілдету процесін жүргізуді; үлпілдетудің сапасын бақылауды;
- машинамен электрстатикалық өрісте қояндардың терілерін, қояндардың жүнін, фетр бұйымдарын өңдеуді;
- бұйымдарды өңдеу сапасын бақылауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Жаттықтыру машинасының машинисі
Орнықтыру машинасының машинисі
Үлпілдету құрал-жабдығының машинисі
Электрстатикалық өңдеу операторы
БАЗАЛЫҚ ТОП
Тоқыма, үлбір және тері өнімін өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың өзге топтарға енбеген операторлары, аппаратшылары және машинистері
Тоқыма, үлбір және тері өнімдерін өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың өзге топтарға енбеген операторлары, аппаратшылары және машинистері алдындағы базалық топтарда нақтыланбаған құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
түрлі жүйедегі шарпу машиналарында белгіленетін технологиялық
режимге сәйкес жүн мен табиғи жібектен жасалған маталарды шарпу процесін жүргізуді; газбен шарпу машиналарында мақта матасы қосылған зығыр және синтетикалық маталарды шарпуды; маталарды шарпудың сапасын бақылауды;
- басқару пультынан иірімжіпті орауды, ширату машиналардың бункерлері бойынша үйлестіру процесін басқаруды; басқару пультының, механикаландырылған стеллаждардың жұмысын бақылауды;
- әмбебап қырқу машиналары мен агрегаттарында маталарды, кілемдерді, кілем бұйымдарын, жібек пүліш пен барқытты, жасанды үлбірдегі түкті, киізді және өзге де бұйымдарды қырқуды; машиналар мен агрегаттардың жұмысын реттеуді;
- түйіндеп тоқу машинасында негіз жіптерін, тікпе жіптерді байлау процесін жүргізуді;
- матаны, жайманы жетілдіру аппаратында термоөңдеу процесін жүргізуді;
- талшықтың қалдық шиеленісуін алу үшін және матаны, жайманы отырмаушылық және иленбеушілік қасиеттерге бөлеу үшін матаны, тоқыма емес және трикотажды жайманы термокамерада немесе стабилизациялау машинасында стабилизациялау процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Шарпу құрал-жабдығының операторы
Қырқу құрал-жабдығының операторы
Түйіндеп тоқу машинасының операторы
Матаны термоөңдеу аппаратшысы
Термостабилизациялау аппаратшысы
Бөлшектеп өлшемдеуші
826 ҚҰРАМДАС ТОП
Тағамдық және тектес өнімдерді өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Тағамдық және тектес өнімдерді өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері: ет және балық шикізатын өңдеу және олардан тамақ өнімдерін әзірлеу жөніндегі; сүт пен кілегейді қайта өңдеу және сүт өнімдерін әзірлеу жөніндегі; бидайды өңдеу және тарту және одан нан-тоқаш, макарондық және кондитерлік өнімдер өндіру жөніндегі; көкөністер мен жеміс-жидекті қайта өңдеу және олардан тағамдық концентраттар өндіру жөніндегі; қантты әзірлеу және тазарту жөніндегі; алкогольдік және алкогольсіз ішімдіктер, темекі бұйымдарын, желімдер әзірлеу жөніндегі; ас тұзын өндіру және өңдеу мен тағамдық шикізатты өңдеумен және тамақтану өнімдерін әзірлеумен байланысты өзге де технологиялық процестер жөніндегі машиналар мен құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- ет пен малдың ішек-қарынын өңдеу және ет өнімдері мен жартылай өнімдер әзірлеу жөніндегі технологиялық процестерді жүргізуді;
- балықты өңдеу жөніндегі технологиялық процестерді (ысыту, мұздату және т.б.) жүргізуді;
- сүт пен кілегейді қайта өңдеу және ашыған сүт өнімдерін, сыр, май және өзге де сүт өнімдерін әзірлеуді;
- бидайды тартуға дайындау және тартуды; нан пісіру, нан-тоқаш, макарондық және кондитерлік бұйымдар әзірлеуді;
- көкөкністер мен жеміс-жидекті өңдеуді, шырындар, компоттар, көкөніс консервілерін және тектес өнімдер әзірлеуді;
- шикізат қантты қайта өңдеу және қантты тазарту; шай жапырағын өңдеу және шай әзірлеуді;
- эфирлі майды өңдеуді;
- мия тамырын өндіру және қайта өңдеу және сыра, шарап және өзге де сусындар әзірлеуді;
- темекі өңдеу және темекі бұйымдарын әзірлеуді;
- ас тұзын өндіру және өңдеу; казеинді, сүйек, силикатты және өзге де желім әзірлеуді қамтиды.
БАЗАЛЫҚ ТОП
Ет, құс және балықты қайта өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың және сүйек өндіру мен желім өндірісіндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Ет, құс және балықты қайта өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың және сүйек өндіру мен желім өндірісіндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері ет шикізатын және ет өнімдерін өңдеу, ет өнімдерін және шала өнімдерді әзірлеу, жұмыртқа массасын өңдеу, балық пен балық өнімдерін ысыту және мұздату, түрлі мақсаттағы желімдер әзірлеу жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын бақылайды және басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- етті және малдың ішек-қарынын қысыммен жұмыс істейтін жабық аппараттарда термоөңдеу процесін жүргізуді, аппараттағы температура мен қысымды реттеуді;
- ет өнімдерін қазандарда және плиталарда жидіту және қуыру процесін жүргізуді;
- автоматтарда және автоматты желілерде тартылған жартылай өнімдерді қалыптау (котлет, фарш, бифштекс, тұшпара және т.б. әзірлеу) процесін жүргізуді;
- фарштың біркелкі тиелуін және колбаса мен сосискалар батондарының тығыздалуын бақылап, пісірілген колбаса мен сосискаларды автоматтарда және автоматты желіде өндіру процесін жүргізуді;
- пісірілген колбаса бұйымдарын термокамераларда және термоагрегаттарда өңдеудің технологиялық процесін жүргізуді, белгіленетін бағдарламаға сәйкес температуралық-ылғалдылық режимдерін бақылауды және ұстауды;
- қатаң түрде белгіленетін режим бойынша қатпарлы пастерлеу-салқындатқыш қондырғыда жұмыртқа массасын пастерлеуді, ұстауды және салқындату процесін жүргізуді;
- жұмыртқа массасын арнайы құрал-жабдықта кептіру процесін жүргізуді, кептіруге келіп түсетін жұмыртқа массасының сапасын тексеруді;
- кезеңдік және толассыз жұмыс істейтін ысыту қондырғыларында немесе механикаландырылған желіде манипулятор-роботтарды қолданумен балықты салқын немесе ыстық әдіспен ыстау процесін жүргізуді;
- балық пен балық өнімдерін автоматтандырылған жедел мұздату аппараттарында мұздатудың процесін жүргізуді;
- аппараттарда және автоклавтарда казеинді, сүйек, силикатты және өзге де желімді әзірлеу процесін жүргізуді, шикізат іріктеуді, компоненттер санын есептеу және оларды аппараттар мен автоклавтарға жеткізуді;
- желімді және техникалық желатинді түрлі үлгідегі кептіргіштерде кептіру процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша өзге де тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ет шикізатын стерилизациялау аппаратшысы
Ет өнімдерін термоөңдеу аппаратшысы
Жартылай өнімдер өндіру жөніндегі автоматтардың операторы
Пісірілген колбасалар өндіру жөніндегі автоматтың операторы
Сосиска өндіру жөніндегі автоматты желінің операторы
Термокамералар мен термоагрегаттар операторы
Жұмыртқа массасын пастерлеу аппаратшысы
Жұмыртқа массасын кептіру аппаратшысы
Ысыту қондырғысының операторы
БАЗАЛЫҚ ТОП
Сүт өнімдерін өндіру және май шайқау мен сыр қайнату өндірісі құрал-жабдығының операторлары, аппаратшылары және машинистері
Сүт өнімдерін өндіру және май шайқау мен сыр қайнату өндірісі құрал-жабдығының операторлары, аппаратшылары және машинистері сүт пен кілегейді қайта өңдеу жөніндегі, ашыған сүт өнімдерін, май, сыр және өзге де сүт өнімдерін өндіру жөніндегі машиналар мен құрал-жабдықтың жұмысын бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- сүт пен кілегейді температуралық режимі автоматты түрде реттелетін түтікті пастеризаторларда немесе пастерлеу-салқындатқыш желілерде пастерлеу және қажетті температураға дейін салқындату процесін жүргізуді;
- шикізатты белгіленетін бағдарлама бойынша автоматты желіде қабылдау, салқындату, қалыптандыру, тарту, жылумен өңдеу және сақтау процесін жүргізуді;
- таза дақылдардың зертханалық ұйытқыларынан өндірістік ұйытқы әзірлеу процесін жүргізуді, ұйытқы сынамасын зертханаға бактериалды талдамаға және қышқылдылығын анықтауға жіберуді;
- ашыған сүт өнімдерін резервуарлық әдіспен, сондай-ақ балалардың сүт қоспаларын және казеинді емдік препараттарды өндіру процесін жүргізуді, есептеу формулалары бойынша ұйытқы санын анықтау және оны сүтке өнімнің түріне қарай енгізуді;
- түрлі үлгідегі қысымды аппараттарда немесе сыр массасын балқытуға және ұсақтауға арналған агрегатта сыр массасын балқыту процесін жүргізуді;
- қорытылған сары майды өндірудің технологиялық процесін жүргізу, балқытылған майды жылыту және пастерлеу, пастерлеу температурасында ұстау және бөлінген плазманы өңдеуге жіберуді;
- қоюландырылған, құрғақ сүтті, сүт қантын және өзге де сүт өнімдерін өндіру кезінде сүтті және сарысуды ваккум-аппараттарда қоюландыру процесін жүргізуді, аппараттағы вакуум герметикалылығын және пайда болуын тексеруді;
- сусымалы сырларды парафиндеу процесін жүргізу және түрлі үлгідегі машиналар мен аппараттарда полимерлі жабындар жалату, жабындар жалату алдында сырлардың беттерін термиялық өңдеу және кептіру процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша өзге де тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сүтті пастерлеу және салқындату аппаратшысы
Сүт өнімдерін өндіру жөніндегі автоматты желінің операторы
Ұйытқылар өндірісінің аппаратшысы
Ашыған сүт өнімдерінің және балаларға арналған сүт өнімдерінің аппаратшысы
Балқытылған сыр өндірісінің аппаратшысы
Қорытылған май өндірісінің аппаратшысы
Сүтті және өзге де сүт өнімдерін қоюландыру аппаратшысы
Сырларға полимер және парафин қабаттарын жалату аппаратшысы
БАЗАЛЫҚ ТОП
Бидай мен дәмдеуіштерді тарту жөніндегі диірмендердің операторлары, ас тұз өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың аппаратшылары және машинистері
Бидай мен дәмдеуіштерді тарту жөніндегі диірмендердің операторлары, ас тұзын өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың аппаратшылары және машинистері бидайды қайта өңдеуге және тартуға дайындау жөніндегі, бидайды ұнтақтау және кептіру жөніндегі, ас тұзын байыту және тасымалдау жөніндегі машиналар мен құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- бидайды тартуға дайындаудың технологиялық процестерін
жүргізу (бидай массасын қоспалардан тазарту, бидайдың үстін «құрғақ» және «ылғалды» әдіспен тазарту, бидайды кондициялау, тартылатын партияларды әзірлеу) және бидайды тартудың түріне қарай ұн тарту заводтарындағы вальцтеу станоктарында және диірмендерінде ұнтақтаудың технологиялық процестерін жүргізуді;
- бидайды бидай-тазартқыш және бидай-сұрыптау машина-агрегаттарда тазартудың, азық-түліктік, фураждық және тұқымдық мақсаттағы түрлі дақылдардың бидайын шахталық кептіргіштерде, газды-рециркуляциялы және өзге де бидай кептіргіштерде кептірудің технологиялық процестерін жүргізуді;
- бидайды қайта өңдеуге дайындаудың технологиялық процестерін жүргізу (тарту, гидротермикалық өңдеу), бидайды машиналарда және түрлі конструкциядағы механизмдерде қауыздау, ұсақтау, тегістеу технологиялық процесін жүргізуді;
- көлдер мен бассейндерде тұз өндіру және оны көлік құралдарына тиеуге арналған комбайндарды басқаруды, тұз комбайнының негізгі тораптары мен механизмдерін іске қосуды және олардың жұмысын бақылауды;
- тұзды микроэлементтер қосу, жуып-шаю немесе флотациялау әдісімен байытуды, микроэлементтерді құрастыру және мөлшерлеу, тұзды ұсақтауды, тұздық пен тұщы суды байыту қондырғысына айдауды;
- мазмұны бойынша өзге де тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ұн тарту өндірісінің аппаратшысы
Бидай өңдеу аппаратшысы
Жарма өндірісінің аппаратшысы
Тұз байыту қондырғысының аппаратшысы
Тұз байыту қондырғысының машинисі
Тұз комбайнының машинисі
Тұз жинау комбайнының машинисі
БАЗАЛЫҚ ТОП
Жармаланған бидайдан бұйымдар өндіру, нан-тоқаш, макарондық, шоколадты және өзге де кондитерлік өнімдер өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Жармаланған бидайдан бұйымдар өндіру, нан-тоқаш, макарондық, шоколадты және өзге де кондитерлік өнімдер өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері араластыру, нан-тоқаш өнімдеріне қоспалар енгізу, оларды қалыптау және пісіру жөніндегі, макарондық өнімдер әзірлеу, шоколад массасын әзірлеу және одан шоколад өнімдерін қалыптау жөніндегі және өзге де құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- нанның даналап жасалатын сұрыптарын, тоқаш, білезік нан мен қытырлақ нанды бөлшектеуге арналған барлық үлгідегі бөлгіш, қалыптағыш, домалатқыш, ширатып-кескіш машиналарға қызмет көрсетуді;
- нан таяқшаларын, нан сабанын және өзге де нан өнімдерін ағынды желіде қалыптаудың процесін жүргізу, қамыр илегіш машиналардан қамырдың жеткізілуін бақылауды және қамырдың қалыпталған біліктерге түсуін реттеуді, стандартты емес дайындамаларды алып тастауды;
- ағынды-автоматты желілерде басқару пультынан процестің бүкіл стадиялары бойынша макаронды бұйымдарды әзірлеудің технологиялық процесін жүргізуді: қамыр илеу және макарондық өнімдерді сығып шығаруды, бастундарға ілуді, кептіруді және дайын өнімді шешіп алуды;
- кешенді-механикаландырылған желіде қамырды кесуді, қалыптауды, қамыр дайындамаларын біржолата толықсытуды және пісіруді, желінің барлық тораптарының жұмысын бақылауды, пісірудің температуралық және буландыру режимдерін бақылауды;
- оларды кондитерлік өнімдер өндірісінде толтырғыштар ретінде қолдану үшін, ағынды-механикаландырылған желілерде басқару пультынан ұн және экструдирленетін жармалардан түйіршіктер өндірудің технологиялық процесін жүргізуді;
- толассыз-ағынды механикаландырылған желіде немесе автоматты басқару бар рецептуралық-араластырғыш станцияларда шоколад массаларын дайындау процесін жүргізуді, өндірістің барлық стадияларында технологиялық режимнің: мөлшерлеудің, араластырудың, вальцтеудің, ажыратудың, гомогенизациялаудың сақталуын бақылауды;
- шоколад массаларын темперлеу және қалыптағыш агрегат-машиналарда басқару пультынан тақта, әшекейлі шоколадтың барлық түрлерін әзірлеуді, шоколад массасының температурасын және консистенциясын реттеуді;
- механикаландырылған желіде шикізат пектинді өңдеудің технологиялық процесін жүргізуді, коагуляциядағы және гомогенизациядағы экстрактілер ағындарын үйлестіруді;
- мазмұны бойынша өзге де тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қамыр бөлгіш машиналар машинисі
Нан бұйымдарын қалыптағыш ағынды желінің операторы
Ағынды-автоматты желінің операторы
Кешенді-механикаландырылған желінің наубайшысы
Ұн мен түйіршіктер өндіру жөніндегі желінің операторы
Шоколад массасын әзірлеу желісінің операторы
Шоколадшы
Шикізат пектинді өңдеу жөніндегі аппаратшы
БАЗАЛЫҚ ТОП
Жеміс-жидек, көкөніс және жаңғақтарды қайта өңдеу және тағамдық концентраттар өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың аппаратшылары мен машинистері
Жеміс-жидек, көкөніс және жаңғақтарды қайта өңдеу және тағамдық концентраттар өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың аппаратшылары және машинистері жеміс-жидектен және көкөністерден шырын шығару немесе майлы дақылдардан май сығу, жеміс-жидекті және көкөністерді кептіру, қуыру немесе консервілеу арқылы қайта өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- түрлі жеміс-жидектерден шырын шығаруды, түрлі конструкциядағы пресстерде тағамдық шикізаттан май сығудың технологиялық процесін жүргізуді, шикізаттың біркелкі түсуін реттеуді;
- әртүрлі шикізат түрлерінен диссуторларда немесе қайнатқыш қазандарда, компоненттерін белгіленетін рецептура бойынша реттеп, шәрбаттар, шырындар, экстракттар пісіру процесін жүргізуді;
- томат шырыны агрегатында томат шырынын өндірудің процесін жүргізуді, желіге шикізаттың іркіліссіз түсуін және томат шырынының толығымен сығылуын қамтамасыз етуді;
- автоматты желіде басқару пультынан томат өнімдерін қайнату процесін жүргізуді, томат массасын рефрактомерлер арқылы анықталатын белгіленетін тығыздылыққа дейін қайнатуды;
- өнімдерді сублимациялау қондырғысында сублимациялық кептіру процесін жүргізуді;
- көкөністер мен жеміс-жидектерді мезгілді және толассыз әрекет ететін құрал-жабдықта сульфитациялау процесін жүргізуді, натрий бисульфат немесе күкіртті ангидрид ерітінділерін дайындауды;
- басқару пультынан картопты жуу, калибрлеу, бумен өңдеу арқылы тазартудың технологиялық процестерін жүргізуді, агрегаттың барлық тораптарының жұмысын реттетуді;
- көкөністерді авоклавтарда жидітудің және оларды қажетті піскендік дәрежесіне дейін жеткізудің процесін жүргізуді;
- банкаларды түрлі жүйедегі құйғыш-толтырғыш автоматтарда барлық консерві өнімдерінің түрлерімен, соустармен, маринадтармен, шәрбатпен және т.б. толтыру процесін жүргізуді, толтырылған банкаларды бұрап жапқыш машиналарда бұрап жабуды;
- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Тағам өнімін престеуші-сығушы
Шәрбат, шырын, экстрактілер қайнатушы
Томат-шырын агрегатының апаратшысы
Томат өнімдерін қайнату автоматты желісінің аппаратшысы
Сублимациялық қондырғының операторы
Көкөністер мен жеміс-жидекті сульфитациялау аппаратшысы
Жуғыш-тазартқыш агрегаттаңы операторы
Бу-сутермикалық агрегаттың аппаратшысы
БАЗАЛЫҚ ТОП
Қант өндіру және оны тазарту жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен аппаратшылары
Қант өндіру және тазарту жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен аппаратшылары қант өндіру және оны тазарту жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен аппаратшылары бақылау-өлшеу аспаптар бойынша негізгі басқару пультінен құмшекер немесе рафинад өндірісінің негізгі учаскелерінің өндірістік процестерін басқарады және утфельді вакуум-аппараттарда қайнату, шикізат қантты қайта өңдеу, реакторларда суық кальций сахаратын алу, рафинад кесектерін кристалдандыру және ағарту мен қант өндіру мен тазарту жөніндегі өзге де технологиялық процестерді басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- утфельді вакуум-аппаратарда қайнату процесін жүргізуді, сірнемен будың жеткізілуін реттеуді, аппараттағы іске қосылу мен токтан ажыратылуын бақылауды, утфельдің дайындығын белгілеуді және оны утфель араластырғыштарға төгуді;
- желім ерітіндісін алу үшін шомды массаны езіп пісіру процесін жүргізуді;
- реакторларда суық кальций сахаратын алу, реакторларды реагенттермен, сірне ерітіндісімен және әк ұлпамен толтыруды, реактордағы реакцияның аяқталуын анықтауды;
- рафинад кесектерін кристаллдандыру және ағарту процесін жүргізуді, ағартылатын утфельдің, «ақшыл сушкалар» бөлмесіндегі клерстің және ауаның үнемі және біркелкі температурасын қамтамасыз етуді;
- бақылау-өлшеу процестер мен химиялық талдаудың нәтижелері бойынша қант өндіру мен қант тазарту жөніндегі технологиялық процестерді бақылауды;
- басты басқару пультынан құмшекер немесе рафинад өндірісінің негізгі учаскелерінің өндірістік процестерін басқаруды; аппаратарды, агрегаттарды және аспаптарды жедел іске қосу және тоқтан ажыратуды; аспаптар, релелік қорғаныс, автоматика, дабылдатқыш және қосалқы коммутация жұмысындағы ақаулықтарды жоюды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Утфель қайнату аппаратшысы
Желім ерітіндісін алу аппаратшысы
Кальций сахаратын алу аппаратшысы
Рафинад кесектерін өңдеуші аппаратшы
Бас басқару пультының операторы
БАЗАЛЫҚ ТОП
Шай, кофе, какао өндіру жөніндегі және эфирлі май өндірісі құрал-жабдығының операторлары мен машинистері
Шай, кофе, какао өндіру жөніндегі және эфирлі май әзірлеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері шай жапырағын қақтау және фиксациялау, шай жапырағын ширату және ширатылған жапырақты арнайы құрал-жабдықта кептіру жөніндегі процестерді жүргізеді немесе басқару пультынан шай өндіру жөніндегі механикаландырылған желілерді басқарады; эфир майын өңдеу және эфирмай шикізатын ферментациялау процестерін жүргізеді; қуыру аппаратында кофе қуыру процестерін жүргізеді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- шай жапырағын шай жапырақтары қолмен немесе механикаландырылған түрде тиелетін конвейерлі үлгідегі машиналарда ширату және фиксациялау процесін жүргізуді, зертханалық талдаулар нәтижелері бойынша температуралық режимді және ауаның жеткізілуін реттеуді;
- қақталған немесе фиксацияланған шай жапырағын роллер-машиналарда ширатудың процесін жүргізуді, ширатылған жапырақты сұрыптау және елеуді;
- ширатылған шай жапырағын шай кептіргіш машиналарда кептіру процесін жүргізуді, шай жапырағының фракциясы мен ылғалдылығы дәрежесіне қарай кептіру процесінің ұзақтығын реттеуді, кептірілген шайдың фракциясын анықтауды;
- басқару пультынан кірпіш шайды престеу, қақталған немесе фиксацияланған шай жапырағын ширату және жасылдарын сұрыптау жөніндегі механикаландырылған желілерді басқаруды, желінің барлық машиналары мен механизмдерінің синхронды жұмысын қамтамасыз етуді;
- эфирлі май шикізатын ферментатор-аппараттарда ас тұз ерітіндісмен ферментациялау процесін жүргізуді, қажетті концентрациядағы тұз ерітіндісін әзірлеуді;
- эфир майын өңдеу процесін жүргізуді (тұндыру, фазаларды бөлу, кептіру, фильтрация), сынамалар іріктеу және оларды талдауға тапсыру, дайын майды жинақтауыштарға жинау және ыдыстарға мөлшерлеп құюды;
- қуыру аппаратында басқару пультінен кофе қуыруды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Шай қақтау машиналарының машинисі
Шай қақтау-фиксациялау машиналарының машинисі
Шай ширату машиналарының машинисі
Шай кептіргіш машиналарының машинисі
Шайды қайта өңдеу желісініңғ операторы
Эфирлі май шикізатын ферментациялау аппаратшысы
БАЗАЛЫҚ ТОП
Сыра, шарап және өзге де ішімдіктер өндіру, мия тамырын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі операторлар мен аппаратшылар
Сыра мен өзге де ішімдіктер өндіру, мия тамырын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі операторлар мен аппаратшылар сыра суслосының ашуы үшін ашытқы өсіреді, спирттің, сыраға арналған суслоның, квастың және браганың ашытылуы процестерін; спирттен кейінгі және ашытқыдан кейінгі барданың булануын; спиртті айдау мен ректификациялау; коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын және шикізат спиртті айдау; шарапты аққайнарлату және өзге де процестерді жүргізеді; мия тамырын өндіреді, мия тамырының қатты экстрактісін қайнатады және оны пресс-камерада басып тегістейді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- сыра суслосының ашытылуы үшін ашытқы өсіру процесін жүргізу, ашытқыны механикалық ластан сүзу, бөгде микроорганизмдерден қышқылдандыру және сілтілеу арқылы тазартуды;
- спирттік ашытылу, түрлі сыра сұрыптары үшін сусло ашыту, сыраны біржолата ашыту және ұстау, квас пен браганы ашыту, чандардың микробиологиялық тазалығын тексеруді;
- толассыз әрекет ететін булатқыш аппараттарда спирттен кейінгі және ашытқыдан кейінгі барданың буландыру процесін жүргізуді;
- спиртті айдау және ректификациялау процесін жүргізу, бражканың, спирттің және судың жеткізілуін вентильдердің немесе автоматика құралдарының көмегімен реттеуді;
- түрлі жүйедегі және жылыту әдістері әртүрлі аппараттарда коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын немесе шикізат спиртті айдау процесін жүргізуді;
- мезгілді немесе толассыз резервуарлық әдіспен шарапты аққайнарландыру процесін жүргізуді, шарап материалдарын және ликерлерді көмір қышқылымен езіп шығару әдісімен резервуарлардың батареяларына тиеуді;
- тың жерлерде мия тамырын қазып алуды, оны кептіруді және сұрыптауды;
- мия тамырының қатты экстрактісін қайнату және брикеттерді қалыптау процесін жүргізуді;
- мия тамырын пресс-камерада басып тегістеу кезінде түрлі басып тегістеу түрлерін басқаруды;
- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ашытқы өсіруші аппаратшы
Ашыту процесінің аппаратшысы
Булау аппаратшысы
Спиртті айдау және ректификациялау аппаратшысы
Коньяк өндірісінің аппаратшысы
Аққайнар өндірісінің аппаратшысы
Мия тамырын таңдаушы
Мия тамырының экстрактісін қайнатушы
Басып тегістеудің машинисі
БАЗАЛЫҚ ТОП
Темекі және ферментациялық өнім әзірлеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері;
Темекі және ферментациялық өнім өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері темекіні қайта өңдеу және папиростар, шылым және өзге де темекі өнімдерін әзірлеу жөніндегі технологиялық процестерді басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
-темекіні ағынды-механикаландырылған желіде ферментациялау процесін жүргізуді, темекінің ауақұбырына жеткізілу жылдамдығын реттеуді;
- темекіні толассыз ферментациялау процесін жүргізуді, ферментациялау желісінің зоналары бойынша ферментациялаудың технологиялық режимін сақтауды;
- ірі жапырақты темекіні ағынды-автоматтандырылған желіде қайта өңдеу процесін жүргізуді, түрлі қондырғылар түрлеріне қызмет көрсетуді; темекі шикізатының әрбір түрі мен сұрпына арналған технологиялық режимді сақтауды;
- шаңы неғұрлым аз талшық пен көк темекі-жарманы барынша көп шығару үшін жапырақты темекіні, көк темекі гамузын және чухранды жапырақты гильотиналық үлгідегі машиналарда кесу процесін жүргізуді;
- папиростар мен шылым әзірлеу және оларды ағынды-механикаландырылған папиросалық немесе шылымды желілер мен агрегаттарда пәшкелерге немесе қорапшаларға салуды;
- мазмұны бойынша өзге де тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Темекіні ферментациялауға дайындау желісінің машинисі
Темекіні толассыз ферментациялау желісінің машинисі
Темекіні қайта өңдеудің ағынды-автоматтандырылған желілерінің машинисі
Темекі кесуші машиналардың машинисі
Ағынды-механикаландырылған папирос-шылым желілері мен машиналарының машинисі
827 ҚҰРАМДАС ТОП
Слесарь-құрастырушылар
Слесарь-құрастырушылар белгіленетін технологиялық дәйектілікпен түрлі материалдардан жеке тораптар, бөлшектер және бұйымдар жинайды.
Осы құрамдас топтың қызметкерлерінің міндеттер:
- механикалық және электр машиналардың, радиоэлектронды аппаратура мен аспаптардың, автокөлік құралдары қозғалтқыштарының, көркем өнімдердің, пластмассадан жасалған тұрмыстық және техникалық мақсаттағы бұйымдардың тораптарын, жеке бөліктерін жинауды;
- резинадан жасалған техникалық бұйымдарды, тұрмыстық мақсаттағы түрлі бұйымдарды жинауды;
- фанера мен түрлі фанера өнімдерін өндіру үшін шпоннан пакеттер жинау, фанера құбырларын жинау; қағаздан қорапшалар мен өзге де бұйымдар жинау, макеттер мен қағаз-сәндік бұйымдар әзірлеуді; жинау дұрыстығын бақылауды және эксплуатациялық сипаттамаларды бақылауды; қайыс бұйымдарды жинауды қамтиды.
8271 БАЗАЛЫҚ ТОП
Механикалық-құрастыру жұмыстарының слесарлері
Механикалық-құрастыру жұмыстарының слесарлары түрлі материалдардан белгіленетін технологиялық дәйектілікте жеке тораптар, бөлшектер және бұйымдар құрастырады.
Осы базалық топтың қызметкерлерінің міндеттері:
- механикалық машиналардың, автокөлік құралдарының қозғалтқыштарын жинауды;
- жинаудың дұрыстығын бақылау және эксплутатациялық сипаттамалар алуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Механикалық-жинау машиналарының жинаушысы
8272 БАЗАЛЫҚ ТОП
Электр машиналарын құрастырушылар
Электр машиналарын құрастырушылар технологиялық процеске дәлме-дәл сәйкестікпен тораптар, жеке бөліктерді құрастырады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- электр машиналардың, электрқозғалтқыштардың тораптарын, жеке бөліктерін құрастыруды;
- құрастырудың дұрыстығын бақылау және эксплуатациялық сипаттамалар алуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Электрмашиналарын жөңдеу жөніндегі электрслесарь
8273 БАЗАЛЫҚ ТОП
Радиоэлектронды аппаратура мен аспаптардың слесарь-механиктері және слесарь- құрастырушылары
Радиоэлектронды аппаратураның және аспаптардың слесарь-механиктері және слесарь-құрастырушылары технологиялық процеске дәлме-дәл сәйкестікпен тораптар құрастырады .
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- радиоэлектронды аппаратура мен аспаптардың тораптарын, жеке бөліктерін құрастыруды;
- құрастырудың дұрыстығын бақылау және ксплуатациялық сипаттамалар алуды;
- мазмұны бойынша өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Технологиялық құрал-жабдықтың автоматика құралдары және аспаптары бойынша электрмеханик;
Электракустикалық өлшемдер операторы
8274 БАЗАЛЫҚ ТОП
Пластмассалар мен резинадан бұйымдар құрастырушылар
Пластмасса мен резинадан бұйымдар құрастырушылар пластмассадан көркем бұйымдар мен тұрмыстық және техникалық мақсаттағы бұйымдарды құрастырады, сондай-ақ резиналы техникалық бұйымдарды жинайды.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
- пластмассалардан тұрмыстық және техникалық бұйымдар, көркем бұйымдар, скульптуралар және сувенирлер жинауды, конфигурациясы мен түстік арақатынастар бойынша бөлшектер (блоктар) іріктеуді, жинауды, ілесетін бөлшектерді қолмен және механикалық өңдеуді, жиналған бұйымдарды қысымдылыққа, герметикалыққа немесе оптикалық көрсеткіштерді тексеруді;
- велосипед шиналарын, мото дөңгелек каптамаларын жинауды, автомобильді жүк және авиациялық дөңгелек қаптамаларын желімдеп-жинауды, арнайы жинау станоктарында жеңіл машиналардың дөңгелек қаптамаларын жинақтап-қалыптап жинауды;
- құрсаусыз массивті шиналарды арнайы станокта жинауды, авто- және авиа қаптамалар үшін білезіктер және ірі габаритті дөңгелек қаптамалары үшін брекерлер жинауды;
- медициналық мақсаттағы бұйымдар және халық тұтынатын тауарларды (су астында жүзуге арналған көзілдіріктер, сүңгуір костюмдер, противогаздар, қос баллонды пульверизаторлар, шаңсорғыштарға арналған пульверизаторлар, шлангілер, автомобильдердің есіктерін тығыздаушылар және т.б.) құрастыру;
- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Пластмассадан бұйымдар жинаушы
Резиналы техникалық бұйымдар жинаушы
Құрсаусыз шиналар жинаушы
Дөңгелектер қаптамаларын жинаушы
Білезіктер мен брекерлер жинаушы
8275 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ағаштан, шыныдан, фарфордан және өзге де материалдардан бұйым құрастырушылар
Ағаштан, шыныдан, фарфордан және өзге де материалдардан бұйымдар құрастырушылар фанера, фанералық және столярлық тақталар өндіру үшін пакеттер, фанералық түтіктерді камераларда жинайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- фанера, фанералық және столярлық тақталар, майыстырылып желімделген дайындамалар, қатпарлы сүрек және столярлық пластиктер мен өзге де фанералық өнім өндіру үшін пакеттер жинауды, экспорттық, авиациялық және өзге де арнайы өнімдер үшін шпонның желімделген жапырақтарынан пакеттер құрастыруды;
- ағаштан, шыныдан, фарфордан және өзге де материалдардан бұйымдар құрастыруды;
- құбырлар буындарының конустық беттеріне бір мезгілде желім жағып, оларға бұрамалы тартпаның көмегімен қысым қамтамасыз етіп, камераларда фанералы құбырларды құрастыруды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Жинаушы
Фанералы құбырларды жинаушы
Шыны бұйымдарын жинаушы
8276 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қағаздан, тоқымадан және ұқсас материалдардан бұйымдар жинаушы
Қағаздан, тоқымадан және ұқсас материалдардан бұйымдар құрастырушылар түрлі мақсаттағы қағаз бұйымдар, ғарыштық аппараттарды қондыруға және техника мен адамдарды десанттауға арналған парашюттар мен парашютті жүйелерді, қайыс-ер тоқым бұйымдарын жинайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- құрастырылған қорапшаларды және өзге де қағаз бұйымдарын жинауды, дайындамаларды түсі, басу әдісі және бұйымның сипаты бойынша іріктеп, макеттер мен қағаз-сәндік бұйымдарын әзірлеуді, бұйымдардың герметикалылығын тексеруді;
- парашюттар мен парашютты жүйелерді жинауды, құрастыру және реттеуді, парашюттарды динамикалық жүктеме астында реттеуді, эксплуатациялық сипаттамаларын алумен қоса жинау дұрыстығын бақылауды;
- арба және ауылшаруашылығы ершігін, арба және артиллериялық қамыттары мен ершіктерін жинау, иленбеген қайыс белдіктерден және өзге де қайыс-ер тоқым бұйымдарын жинауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қағаз бұйымдарын жинаушы
Бұйымдар жинаушы
Қайыс-ер тоқым бұйымдарын жинаушы
828 ҚҰРАМДАС ТОП
Стационарлық құрал-жабдықтың өзге топтарға енбеген операторлары, аппаратшылары, машинистері және слесарь-құрастырушылар
Стационарлық құрал-жабдықтың өзге топтарға енбеген операторлары, аппаратшылары, машинистері және слесарь-құрастырушылары: газ тәрізді оттегі мен азот өндіру жөніндегі, микросымдар мен ток өткізуші талшықтар әзірлеу жөніндегі, минералды мақта мен минералмақталы плиталар мен дайындамалар орайтын цилиндрлер өндіру, тойтармалау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі және өзге де құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды; авиациялық техниканың бөлшектерін және тораптарын голографиялық қондырғыда бақылау және үлгілі сынау жұмыстарын жүргізеді; жылуоқшаулағыш конструкциялар, сынап-мырышты элементтер, магний батареяларын, физикалық және химиялық ток көздерін, қорғасынды және сілтілі аккумуляторлар мен батареялар мен өзге де бұйымдарды құрастырады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- шикізат аргонды іріктеп және тазартып, газ тәрізді оттегін және азот өндірудің технологиялық процесін жүргізуді;
- шыны оқшаулағыштағы микросымдар мен пластмассамен оқшауланған токөткізгіш талшықтар әзірлеудің технологиялық процесін жүргізуді;
- авиациялық техниканың панельдерін, тораптарын, отсектерін және агрегаттарын тойтармалауды; лазерлі голографиялық қондырғыда бөлшектер мен тораптарды бақылауды және үлгілі сынақтардан өткізуді;
- минералды мақта мен минералмақталы бұйымдар алуды; жылу оқшаулау, сынап-мырышты, магнийлі және өзге де ток көздерінің конструкцияларын, қорғасынды және сілтілі аккумуляторлар мен батареялар құрастыруды қамтиды.
8280 БАЗАЛЫҚ ТОП
Стационарлық құрал-жабдықтың өзге топтарға енбеген операторлары, аппаратшылары, машинистері және слесарь-құрастырушылары
Стационарлық құрал-жабдықтың өзге топтарға енбеген операторлары, аппаратшылары, машинистері және слесарь-құрастырушылары газ тәрізді оттегін және азот өндіру жөніндегі, шыны оқшаулағыштағы микросымдар, пластмассамен оқшауланған ток өткізгіш талшықтар әзірлеу жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды; панельдер жіктерін, тораптарды және агрегаттарды тойтармалауды жүзеге асырады; авиациялық техниканың бөлшектері мен тораптарын лазерлі голографиялық қондырғыда бақылайды және үлгілік сынақтан өткізеді; минералды мақта және минералмақталы плита, орайтын цилиндрлер үшін дайындамалар мен өзге де бұйымдар өндіреді; жылуоқшаулағыш конструкциялар, сынап-мырышты элементтер, магнийлі батареялар, физикалық және химиялық ток көздерін, қорғасынды және сілтілі аккумуляторлар мен батареялар және өзге де бұйымдар құрастырады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- шикізат аргонды оттекті, азот-оттекті және оттекті-аргонды қондырғыларда іріктеп және тазартып, газ тәрізді оттегін және азот өндірудің технологиялық процесін жүргізу; қондырғылар құрал-жабдығының герметикалылығын тексеруді;
- жоғары жиілікті қондырғыларда шыны оқшаулағыштағы микросымдар әзірлеудің технологиялық процесін жүргізуді, қондырғыны сыммен және оқшаулағыш материалмен жабдықтауды, микросымның геометриялық параметрлерін өлшеуді;
- автоматты желіде пластмассамен оқшауланған токөткізгіш талшықтарын әзірлеуді, созбалау және оқшаулауышпен қаптаудың жылдамдығын реттеу, токөткізгіш талшықты оқшаулауыштың ортасына келтіру;
- авиациялық техника панельдерінің жіктерін, тораптарын және агрегаттарын бұрғылау-тойтармалау автоматтарында, автоматты және жартылай автоматты пресстерде тойтармалауды, тойтармаланған жік бетінің аэродинамикалық қасиетеріне және мықтылық сипаттамаларына әсер ететін тойтарманың ақауларын анықтауды және жоюды;
- бөлшектер мен тораптарды лазерлі голографиялық қондырғыда бөлшектері мен тораптарын бақылауды және үлгілік сынақтан өткізуді, голограммаларды жазудың қажетті сұлбасын таңдауды, құрастыруды және юстирлеуді;
- арнайы қондырғыларда минералды мақта алуды;
- минералмақталы плиталар, конвейерлі желіде орайтын цилиндрлер үшін дайындамалар және өзге де бұйымдар өндірудің технологиялық процестерін жүргізуді, ағынды желінің жылдамдығын реттеуді, минералды талшықтың сапасын бақылауды;
- құрастыру конвейерінде маттардан, цилиндрлерден, сегменттерден, плиталардан және қорғаныс жабындарынан құбыржолдарын оқшаулауға арналған конструкциялар құрастыруды;
- сынып-мырышты элементтер, магнийлі батареялар, электр сұлбалары мен сызбаларына сәйкес физикалық және химиялық ток көздерін құрастыруды;
- жартылай автоматты және автоматты көппозициялы қондырғыларда қорғасынды аккумуляторлар мен түрлі үлгідегі батареяларды құрастыруды;
- тез әсер ететін эпоксидті қомпаундтар, желімдер және герметиктерді қолданумен сілтілі аккумуляторлар, элементтер және батареялар құрастыру және жинақтау, аккумуляторлардың, элементтердің және батареялардың мөлшерін параметрлерді сынқатан өткізуден кейін қажетті мөлшерге жеткізуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ауа айыру аппаратшысы
Шыны қаптамадағы микросымдар әзірлеудегі аппаратшы
Құрал-жабдықтың конвейерлі желісінің операторы
Талшық жасағыш қондырғысының операторы
Сынып-мырышты, магнийлі және өзге де ток көздерін құрастырушы
Қорғасынды аккумуляторлар мен батареялар құрастырушы
83 ШАҒЫН ТОП
Жылжымалы құрал-жабдықтың жүргізушілері мен машинистері
Жылжымалы құрал-жабдықтың жүргізушілері мен машинистері пойыздарды, автомобильдерді, жер үстімен жүретін электркөлікті, мотокөлік құралдарын жүргізеді және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысады, жылжымалы өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы машиналары мен құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды, өзен және теңіз көлік құралдарында палубалық жұмыстарды орындайды.
Мұндай жұмыс негізінен жұмыс тәжірибесінің болуын және қызмет көрсетілетін көлік құралдарының құрылғысын және оның жұмыс принципін білуді, қауіпсіз жол жүру ережелерін, жылжымалы құрал-жабдықты пайдалану кезінде туындайтын ақаулықтарды анықтай және түзей білуді талап етеді.
Осы шағын топ жұмысшыларының міндеттері:
тауарлық және жолаушы пойыздарын жүргізуді, жолаушыларды, тауарларды және материалдарды тасымалдау үшін қолданылатын автомобильдерді, жер үстімен жүретін қалалық электркөлікті және мотокөлік құралдарын жүргізуді, жүру жолындағы көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді; ауылшаруашылық, жер қазу, жүк көтеру және өзге де жүк тиегіш-жүк түсіргіш құрал-жабдықтың жұмысын бақылауды және басқаруды;
теңіздегі, өзендегі, гаваньдегі кеме жүзу жағдайын бақылауды;
кемеге және оның палубалық құрал-жабдығына қызмет көрсетуді қамтиды.
831 ҚҰРАМДАС ТОП
Локомотив машинистері және тектес кәсіптер жұмысшылары
Локомотив машинистері және тектес кәсіптердің жұмысшылары жолаушылық және жүк пойыздардың тепловоздары мен элекровоздарын басқарады, стрелкаларды ауыстыру мен дыбысты және жарықты сигналдар беру арқылы темір жол құрамдарының қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жылжымалы құрамды қалыптастырады және сұрыптау станцияларында пойыздарды құрастырады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:
- тепловоздарды, электровоздарды, тартқыш агрегаттарды басқаруды, жолдың бейініне және құрамның салмағына қарай жылжу жылдамдығын реттеуді, бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштерін, сигналдарды, жолдың күйін және т.б. бақылауды;
- тежегіш табандықтармен вагондардың жылжу жылдамдығын реттеуді; пульттан вагондардың автоматты тежегіштерін сынамалауды;
- орталықтандырылмаған стрелкаларды ауыстыруды және жабуды, пойыздарды қабылдауды, жөнелтуді, өткізу кезінде және маневрлік жұмыстар өткізу кезінде дыбыстық және көзге көрінетін сигналдар жіберуді;
- вагондарды ағыту және тіркеу арқылы құрамдарды қалыптастыруды және тарқатуды;
- өтпелерде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қамтиды.
8311 БАЗАЛЫҚ ТОП
Локомотив машинистері
Локомотив машинистері жолаушы және жүк пойыздарының тепловоздары мен электровоздарын басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- тепловозды немесе электровозды басқаруды, жолдың бейіні мен құрамның салмағына қарай қозғалыс жылдамдығын реттеуді, сигналдарды, құрамның және жолдың жай-күйін, стрелкалық бұрмаларды, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін және т.б. бақылауды, маневрлік жұмыстарды ұйымдастыруды және орындауды;
- басқару электровозынан және екі моторланған думпкарлардан немесе басқару электровозынан, дизельді секциядан және моторланған думпкардан тұратын тартқыш агрегатты басқаруды, тартқыш агрегаттың бірінші вагонмен (думпкармен, платформамен) немесе өзге көлік құралымен тіркелуінің дұрыстылығын және сенімділігін тексеруді, тартқыш агрегаттың жұмысындағы ақаулықтарды жоюды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Тепловоз машинисі
Электровоз машинисі
Тартқыш агрегат машинисі
Тепловоз машинисінің көмекшісі
Тартқыш агрегат машинисінің көмекшісі
Электровоз жүргізушісінің көмекшісі
8312 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тежегіш жұмысшылар, стрелочниктер және тіркеушілер
Тежегіш жұмысшылар, стрелочниктер және тіркеушілер қауіпсіздікті бақылайды және темір жол құрамдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, стрелкаларды және сигналдарды ауыстырудың көмегімен темір жол құрамдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, темір жол құрамдарының қозғалысын бақылайды, жылжымалы құрамды қалыптастырады және сұрыптау станцияларында пойыздарды құрастырады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- вагондар қозғалысының жылдамдығын тежегіш табандықтармен тежеу арқылы реттеуді, жолда тұрған вагондарды тежегіш табандықтармен және қол тежегіштерімен қоршауды және бекітуді;
- вагондардың автоматты тежегіштерінің орталықтандырылған сынамалау пультына қызмет көрсетуді, электронды аспаптардың көмегімен құрамдардың жылжуы кезінде буксалардың қызу дәрежесін анықтауды;
- пойыздарды қабылдау, жөнелту, өткізу және маневрлік жұмыстар жүргізу үшін маршруттар әзірлеу кезінде орталықтандырылмаған стрелкаларды ауыстыруды және жабуды, құрамдар мен вагондарды тежегіш табандықтармен тежеу және бекіту, стрелкалық сілтемелерді жарықтандыруды;
- пойыздың соңын белгілеуге арналған сигналдарды ілу және шешіп алу, пойыздарды қабылдауды, жөнелтуді, өткізуді және маневрлік жұмыстар өндіру кезінде дыбысты және көзге көрінетін сигналдарды беруді;
- вагондарды пойыздарға тіркеуді және ағытуды, құрамдарды сұрыптау сырғымасынан тарқату кезінде вагондарды бір-бірінен ағытуды;
- өтпеде пойыздардың автомобильдердің және өзге де көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, автоматты құрылғылардың, бағдаршамдық және дыбыстық сигнализацияның, электржарықтандырудың және өзге де құрылғылардың түзу жұмысын істеуін бақылауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Вагондардың жылжу жылдамдығын реттеуші
Стрелкалық бекеттің кезекшісі
Сигналшы
Өтпе бойынша кезекші
832 БАЗАЛЫҚ ТОП
Мотокөліктік құралдардың жүргізушілері
Мотокөлік құралдарының жүргізушілері жол жүру ережелерін сақтап, барлық үлгідегі жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустарды, дыбыстық және жарық сигналдарымен жабдықталған арнайы машиналарды, аэрошаналарды, мотоциклдерді, мопедтерді және өзге де мотокөліктік құралдарды, жер үстімен жүретін қалалық электркөлікті (трамвайларды және троллейбустарды) жүргізеді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- барлық үлгідегі автомобильдерді, автобустарды және арнайы автомобильдерді жүргізуді;
- адамдар мен жүктерді қар мен су үстімен тасымалдау кезінде аэрошаналарды басқаруды;
- мотоциклдерді, мопедтерді және өзге де мотокөлік құралдарын басқаруды;
- мотокөлік құралдарын отынмен, жанар маймен және салқындатқыш сұйықтықпен жабдықтауды;
- оларға орнатылған барлық құрал-жабдық түрлерінің жұмысын реттеп, трамвайларды және троллейбустарды басқаруды;
- желіде жұмыс істеу кезінде туындаған қызмет көрсетілетін көлік құралдарындағы ұсақ ақаулықтарды жоюды;
- жол жүру ережелерін білуді қамтиды.
8321 БАЗАЛЫҚ ТОП
Мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер, аэрошаналар мен өзге де көлікті жүргізушілер
Мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер, аэрошаналар мен өзге де көлікті жүргізушілер, жол жүру ережелерін сақтай отырып, жүк немесе жолаушыларды тасымалдау үшін жабдықталған мотокөлік құралдарын басқарады, оларға отын мен жағар май құяды, маршрутта жұмыс істеу кезінде туындайтын ұсақ эксплуатациялық ақаулықтарды жояды.
Олардың міндеттері:
- мотонартты, мотоциклді, мотороллерлерді және өзге де көлік құралдарын басқаруды, желіге шығар алдында және жұмыстан кейін көліктің техникалық күйін тексеруді, оған отын мен жағар май құюды, ұсақ ақаулықтарды жоюды;
- адамдарды және жүктерді қар мен су үстімен тасымалдау кезінде аэрошаналарға техникалық қызмет көрсетуді, радиостанцияны пайдалану және оған қызмет көрсетуді, жүктің дұрыс орналастырылуын бақылауды;
- мазмұны бойынша өзге де тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Мотокөлік құралдарының жүргізушсі
Аэрошана жүргізушісі
8322 БАЗАЛЫҚ ТОП
Автомобиль жүргізушілері
Автомобиль жүргізушілері, жол жүру ережелерін сақтай отырып, барлық үлгідегі жеңіл және жүк автомобильдерін, түрлі габариттегі автобустарды, арнайы дыбыс және жарық сигналдарымен жабдықталған өрт сөндіргіш автобомильдерді, жедел жәрдем және оперативтік автомобильдерді басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- барлық үлгідегі автомобильдерді, автобустарды және мамандандырылған автомобильдерді басқаруды; қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, самосвалдың көтергіш механизмін, автокранның кран қондырғысын, рефрижератордың салқындатқыш қондырғысын және арнайы автомобильдерде орнатылған өзге де арнайы құрал-жабдықты басқаруды;
- автомобильдерге отын, жанар-жағар май және салқындатқыш сұйық құюды;
- желіде жұмыс істеу кезінде пайда болған ұсақ ақаулықтарды жоюды;
- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Автомобиль жүргізушісі
8323 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жер үстімен жүретін қалалық электр көлігінің (трамвай мен троллейбустың) жүргізушілері
Жер үстімен жүретін қалалық көліктің (трамвайдың және троллейбустың) жүргізушілері жол жүру ережелерін сақтай отырып, барлық үлгідегі трамвайларды және троллейбустарды басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- оларда орнатылған барлық үлгідегі құрал-жабдықтың жұмысын реттеп, барлық үлгідегі трамвайлар мен троллейбустарды басқаруды;
- арнаулы құрал-жабдықты, бақылау-өлшегіш аспаптарды және құралдарды қолданып, депода трамвайлар мен троллейбустарды жоспарлы қарауды, оларды жөңдеуден кейін жаттықтыруды;
- жолашуларды отырғызу және шығару ережелерінің сақталуын бақылауды;
- желіде жұмыс істеу кезінде пайда болған қарапайым ақаулықтарды жоюды;
- мазмұны бойынша өзге де тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Трамвай жүргізушісі
Троллейбус жүргізушісі
833 ҚҰРАМДАС ТОП
Ауыл шаруашылығы, жер қазу, көтергіш және өзге де жылжымалы жүк тиегіш-жүк түсіргіш құрал-жабдықтың машинистері
Ауыл шаурашылығы, жер қазу, көтергіш және өзге де жылжымалы жүк тиегіш-жүк түсіргіш құрал-жабдықтың машинистері түрлі ауылшаруашылығы жұмыстарын орындау кезінде тракторларды, өздігінен жүретін, тіркемелері және қалқа құрылғылары бар және өзге де ауылшаруашылығы машиналарын басқарады, құрылыс, монтаждық және жөңдеу-құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ түрлі жүктерді тасымалдау кезінде жүк тиеу – жүк түсіру жұмыстарын орындау кезінде экскаваторларды, бульдозерлерді, скреперлерді, тягачтарды, крандарды, жүкті іліп алғыш құралдарымен жабдықталған түрлі жүк тиегіш - жүк түсіргіш машиналар мен механизмдерді басқарады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:
- тракторларды, комбайндарды және тіркеме мен қалқа құрылғылары бар өзге де ауыл шаруашылығы машиналарын басқаруды;
- түрлі құрылыс жұмыстарын орындау кезінде топырақты тасымалдағанда экскаваторларды, бульдозерлерді, скреперлерді және өзге де машиналарды басқаруды;
- түрлі жүктерді тасымалдау жөніндегі жүк тиеу – жүк түсіру жұмыстарын, құрылыс-монтаждық және жөңдеу-құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ ағаш дайындау жұмыстарын орындау кезінде түрлі тиегіш машиналарды, көтергіштерді және крандарды басқаруды;
- қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдерге отын мен жағар май құю, оларды жөңдеуге қатысуды қамтиды.
8331 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ауыл шаруашылығы ұйымдарының, фермалардың және орман шаруашылықтарының моторлы құрал-жабдығының машинистері
Ауыл шаруашылығы ұйымдарының, фермалардың және орман шаруашылықтарының моторлы құрал-жабдығының машинистері түрлі ауылшаруашылық жұмыстарын орындау кезінде, қалқанды және тіркеме құрылғыларын қолданып габаритті емес жүктерді, машиналарды, механизмдерді, метал конструкцияларын және имараттарды тасымалдау кезінде барлық жүйедегі тракторлар мен тягачтарды, өздігінен жүретін және өзге де ауыл шаруашылығы машиналарын басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, жем-шөп өндіру және өзге де ауыл шаруашылығы өндірістеріндегі жұмыстарды орындау кезінде тіркеме және қалқалы ауыл шаруашылық құралдары бар тракторларды, өздігінен жүретін және өзге де ауыл шаруашылығы машиналарын басқаруды;
- орманнан және жоғарғы қоймалардан сүректі сүйреп шығаруда, сүректі қоймаларда тиеуде және штабельдеуде, орманда және дала жағдайларында габаритті емес жүктерді тасымалдауда түрлі жүйедегі тракторлар мен тягачтарды басқаруды;
- ірі габаритті жүкті тіркеме құралдарын немесе құрылғыларын қолданып тасымалдау кезінде тракторларды басқаруды;
- тракторға отын құю және жағар май жағу, қалқалы және тіркеме машиналарын жөңдеуге қатысуды;
- қызмет көрсетілетін тракторларды және ауыл шаруашылығы машиналарын жөңдеуге қатысуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Тракторшы
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі
8332 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жер қазу және ұқсас машиналардың машинистері
Жер қазу және ұқсас машиналардың машинистері түрлі құрылыс имараттарын көтеру, ашық және жерасты әдісімен тау үңгілеу жұмыстарын орындау кезінде топырақты өндіру, орнын алмастыру, қоймалау жөніндегі экскаваторларды, бульдозерлерді, скреперлерді және өзге де жер қазу машиналарын басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- автомобиль және темір жолдарды, бөгеттер, қоршағыш жер дамбаларын, ғимараттар мен имараттардың астына котловандар салу, тау кені орныдарын жерасты әдісімен үңгілеу кезінде оймалар мен үйінділер жасағанда топырақты өндіру, орнын алмастыру және жаймалау жөніндегі экскаваторлардың, бульдозерлерді және скреперлерді басқаруды;
- тау массасын, ашық тау кені жұмыстарында топырақты өндіру, орнын алмастыру және қоймалау жөніндегі тіркемелі және өзіндігімен жүретін скреперлерді басқаруды;
- қызмет көрсетілетін машиналарға жанар-жағар май құю, үйкелетін тораптарды майлау;
- барлық жөңдеулер түрлеріне қатысуды;
- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Экскаватор машинисі
Бульдозер машинисі
Скрепер машинисі (кен және күрделі-кен жұмыстары)
Жер қазушы –фрезерлі машинаның машинисі
Копр машинисі
8333 БАЗАЛЫҚ ТОП
Крандардың, көтергіштердің және өзге де жүк тиеу-түсіру құрал-жабдығының машинистері
Крандардың, көтергіштердің және өзге де жүк тиеу-түсіру құрал-жабдығының машинистері жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстарын орындау немесе түрлі жүктерді көлікпен тасымалдау кезінде, сондай-ақ құрылыс, монтаждау және жөңдеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезінде жүк іліп алғыш құрылғылармен жабдықталған түрлі машиналарды, крандарды, механизмдерді басқарады.
Олардың міндеттері:
- құрылыс-монтаждау және жөңдеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезінде жүк іліп алғыш құрылғылармен жабдықталған түрлі көтергіштерді, автомобильді, шыңжыр табанды және пневмодөңгелекті крандарды және өзге де машиналар мен механизмдерді басқаруды;
- түрлі жүктерді тиеу, түсіру, қайта тиеу және тасымалдау кезінде жүк іліп алғыш құрылғылармен жабдықталған көпірлі, шлюздік, мұнаралы, кабельді және өзге де крандарды басқаруды;
- ағаш дайындау жұмыстарын орындау кезінде барлық үлгідегі жүк тиегіш және көтергіш машиналарды және крандарды басқаруды;
- тростарды, канаттарды, жүк көтергіш механизмдерді және алабұйымдарды бекітудің, тежегіштердің реттелуінің және сақтандырғыш құрылғылар әрекетінің дұрыстығын тексеруді;
- мазмұны бойынша өзге де тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Автомобильді кран машинисі
Кран машинисі
Краншы машинист
Жүк тиегіш машинаның машинисі
Жүк-жолаушылық құрылыс көтергішінің машинисі
Мачталық тұғырлық және шахталық көтергіштің машинисі
Көтергіш машинаның машинисі
Автовышка мен автогидрокөтергіштің машинисі
834 ҚҰРАМДАС ТОП
Теңіз және өзен кемелерінің палубалық командаларының мүшелері және тектескәсіптердің жұмысшылары
Теңіз және өзе кемелерінің палубалық командаларының мүшелері және тектес кәсіптердің жұмысшылары түрлі кемелік жұмыстарды және корпустық бөлікке техникалық қызмет көрсету үшін түрлі кемелік жұмыстарды орындайды, түрлі жүктерді тиеуге арналған жайларды және ыдысты тексереді және дайындайды, кемелік құтқару шлюпкаларын басқарады, палубаны және кемелік жайларды жинайды.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- теңіздегі және өзендегі кеме жүзу жағдайын бақылау, кемені рульмен басқаруды жүзеге асыруды;
- шағын механизация құралдарының, корпустық бөліктің инвентарінің және аспабының түзу күйін және бүтіндігін қамтамасыз етуді;
- корпустық бөлігіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау; жүк тиеуге арналған жайлар мен ыдыстарды тексеру және және дайындау, кемедегі балташылық, такелаждық және сырлаушылық жұмыстарды орындау, кемелік құтқару шлюпкаларын басқару, жарық және жаулауша сигнализациясы арқылы хабарлар қабылдау және жіберу, палубаны және кемелік жайларды жинауды қамтиды..
8340 БАЗАЛЫҚ ТОП
Теңіз және өзен кемелерінің палуба командаларының мүшелері және тектес кәсіптер жұмысшылары
Теңіз және өзен кемелерінің палуба командаларының мүшелері және тектес кәсіптердің жұмысшылары түрлі кеме жұмыстарын және корпустық бөлікке техникалық қызмет көрсету үшін түрлі кеме жұмыстарын орындайды, түрлі жүктерді тиеуге арналған жайларды және ыдысты тексереді әрі дайындайды, кемелік құтқару шлюпкаларын басқарады, палубаны және кемедегі орын-жайларды жинайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- теңіздегі немесе гаваньдегі кеменің жүзу жағдайын бақылауды;
- кемені рульмен басқаруды жүзеге асыруды; шағын механизация құралдарының, инвентарьдің және корпустық бөлік аспабының, өрт шлангілерінің, өрт сөндіргіштердің, апаттық фонарьлардың және өзге де құрал-жабдықтың түзулігі мен бүтіндігін қамтамасыз етуді;
- корпустық бөлігіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауды;
- жүк тиеуге арналған жайлар мен ыдыстарды тексеру және дайындауды;
- кемелік балташылық, такелаждық және сырлаушы жұмыстарын орындауды;
- кемелік құтқару шлюпкаларын басқаруды;
- жарық және жалауша сигнализациясы арқылы хабарлар қабылдауды және жіберуді;
- палуба мен кемедегі орын-жайларды жинауды;
- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды;
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Боцман
Подшкипер
Матрос
9 ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ТОП
Біліктілігі жоқ жұмысшылар
Біліктілігі жоқ жұмысшылар негізінен қол аспаптарын қолданумен және нақты бір күш жұмсауды қажет ететін қарапайым механикалық жұмыстарды орындайды.
Осы сыныптық топ кәсіптерінің көбі, әдетте, негізгі жалпы немесе орта білімнің немесе орта жалпы білімінің болуымен және жұмыс орнында жеке оқытылуға сәйкес келетін төмен деңгейлі біліктілікпен сипатталады.
Осы ірілендірілген топ жұмысшыларының міндеттері:
- көшеде, қоғамдық орындарда тауарлар сатуды немесе тауарларды сатып алушыға тұратын жері бойынша ұсынуды;
- түрлі қызмет түрлерін ұсынуды;
- пәтерлерді және отельдердегі, қонақ үйлердегі және өзге де мекемелердегі тұрғын жайларды жинауды; отельдерде, қонақ үйлерде, санаторийлерде және т.б. кір жууды және үтіктеуді;
- ғимараттарға кешенді қызмет көрсетуді және жөңдеуді; ғимараттардың терезелерін және шыны беттерін жууды; хабарламалар мен тауарларды жеткізуді;
- ғимараттарды және өндірістік жайларды жинауды, ғимараттардың терезелерін және шыны беттерін жууды; хабарлар мен тауарлар жеткізуді;
- қол жүгін көтеріп әкелуді;
- мүлікті күзетуді; қызметтік және өндірістік жайларды, көшелерді, баспалдақ алаңдарын және қоқысқұбырларын жинауды;
- ауыл, орман шаруашылықтары, балық өсіру шаруашылықтарында түрлі қарапайым операцияларды орындауды;
- аңшылық пен аңдарды қармаққа түсіріп аулаумен байланысты қарапайым операцияларды орындауды;
- жер қазу және топырақты қалақпен лақтыру, қиыршық тасты тегістеуді, жолдар, алаңдар және ғимараттар салу кезінде кірпіш тасуды;
- пайдалы қазбалар өндірумен байланысты қарапайым жұмыстарды орындауды;
- шахталар мен карьерлерді енді пайдаланылмайтын қазбалардан тазартуды;
- жүк пойыздарына қызмет көрсетуді;
- бұйымдарды сұрыптаумен, бөлшектерді жинақтаумен, заттарды қолмен буып-түюмен байланысты қарапайым жұмыстарды орындауды;
- тартқыш күш арқылы жылжитын құралдарды және т.б. басқаруды қамтиды.
91 ШАҒЫН ТОП
Қызмет көрсету, коммуналдық қызмет көрсету, сауда саласы және тектес қызмет түрлерінің біліктілігі жоқ жұмысшылары
Қызмет көрсету, тұрғын-үй коммуналдық қызмет көрсету, сауда саласы және тектес қызмет түрлерінің біліктілігі жоқ жұмысшылары көшеде сауда жасаумен айналысады немесе сатып алушыларға тауарларды қоғамдық жерлерде, тұратын жері бойынша ұсынады, түрлі көшелік қызмет түрлерін көрсетеді, пәтерлер мен отельдердегі, қонақ үйлердегі және өзге де ұйымдардағы жайларды жинайды, отельдерде, қонақ үйлерде, санаторийлерде кір жуады және үтіктейді, ғимараттарға кешенді қызмет көрсетеді және оларды жөндейді, ғимараттардың терезелері мен шыны беттерін жуады, тағайындау пунктеріне хабарламалар мен тауарлар жеткізеді; вокзалдарда багаждарды көтеріп әкеледі, автотұрақтардағы автомашиналарды күзетеді.
Осы шағын топ жұмысшыларының міндеттері:
- тауарларды көшеде, қоғамдық жерлерде сату немесе тауарларды сатып алушыға оның тұратын жері бойынша ұсынуды;
- түрлі көше қызмет түрлерін ұсынуды;
- отельдерде, қонақ үйлерде және өзге де ұйымдарда пәтерлерді және жайларды жинауды;
- отельдерде, қонақ үйлерде, санаторийлерде және т.б. кір жуу және үтіктеуді;
- ғимараттарға кешенді түрде қызмет көрсетуді;
- ғимараттардың терезелерін және шыны беттерін жуу; хабарламалар мен тауарларды жеткізуді;
- багаж көтеріп әкелуді; автотұрақтарда жеке автокөлікті күзетуді;
- қызметтік және өндірістік жайларды, көшелерді, баспалдақ алаңдарын және мусоропроводтарды жинауды қамтиды.
911 ҚҰРАМДАС ТОП
Азық-түлік тауарларын көшеде сатушылар
Көшеде сатушылар алдын-ала әзірленетін ыстық және салқын тамақты, көкөністерді, жеміс-жидекті, балмұздақты, түрлі сусындарды көшеде және қоғамдық жерлерде сатады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:
- көшеде немесе қоғамдық жерлерде алдын-ала әзірленетін тамақ пен сусындар, өзге тауарлар мен азық-түлік емес тауарлар сатуды;
- тауарларды ұйымдарға олардың орналасқан жерлері немесе телефон бойынша сатуды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |