Сабақтың тақырыбы: Тіл тазалығын қалай сақтаймыз



Дата23.11.2018
өлшемі78 Kb.
#23607
түріСабақ

Бекітемін Қаралды Тексерілді

________________ ________________ ____________________

________________ ________________ ____________________

________________ ________________- _____________________

Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Тіл тазалығының сақталмауына не себеп?

(Қалалық мектеп директорларына арналған семинар)



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі: Д.А.Сұлтанғалиева


2016-2017 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы:


Тіл тазалығының сақталмауына не себеп?




Сабақтың мақсаты:




Білімділік:

Оқушыларды тіл тазалығын сақтауға түрткі болатындай пікір айтуға, тақырыпқа жаңа қырынан қарап, тың болжамдар мен түйіндеулер жасауға бағыттау. Тақырыпты талқылау арқылы себебін анықтап, ойын жүйелі баяндап, қорытынды жасай білу.



Дамытушылық: Ой-пікірін, көзқарасын еркін жазуға, өз пікірін қорғауға, дәлелдей білуге қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:

Шығармашылық жұмыс




Жазылым дағдысы:

Эссе



Сабақтан күтілетін нәтиже:

- эссе жазуға дағдыланады;

- тыңдалым, айтылым, жазылым дағдысы қалыптасады;

- танымдық қабілеттері дамиды;

- тақырыпты талқылап, өзіндік көзқарастары арқылы түйіндеулер жасайды



Әдіс-тәсілдер:

Қызығушылықты ояту (бейнетаспа), Ой қозғау (сұрақтар), Мағынаны ашу(топтық жұмыс «Жүзімнің шоқтары», «Фрейер моделі», «Еркін жазу» стратегиялар), «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолданып, пікір білдіру. Рефлексия (кері байланыс)





Құрал жабдықтар:

Интербелсенді тақта, бейнетаспа, эссеге қойылатын талаптар; бағалау парағы






Сабақ бөлімдерінің кезеңі

Уақыты

Сабақ мазмұны

Кіріспе бөлім

2 мин.


І. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Ынтымақтастық қалыптастыру: Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап, «Біз қазақ жастары ана тілімізді құрметтейміз! Тіл тазалығын сақтаймыз!» деп бірге айтады.



Жаңа сабақ таныстырылымы

3 мин


Білу

ІІ. Қызығушылықты ояту

(Интербелсенді тақта арқылы бейнетаспа көрсету)

ІІ. Ой қозғау (сұрақтар беру)

ІІІ.Мағынаны ашу (топтық жұмыс)

ІҮ.Шығармашылық жұмыс (эссе)

Ү. Қорытынды (рефлексия)





Негізгі бөлім

5 мин.


Түсіну

ІІІ. Ой қозғау

1. Тіл тазалығы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Қазіргі мектеп оқушыларының, жастардың ана тілінде сөйлеу деңгейі қандай?

3.Қатарластарыңның сөз саптау сырына үңіліп көрдіңдер ме?

4.Тіліміздің таза сақталмауына не себеп деп ойлайсыңдар?

5.Жаргон сөздердің тілімізге қауіпі қандай?

6.Ана тілімізді қаймағы бұзылмаған таза күйінде сақтауға қандай қадамдар жасадыңдар

5 мин.
20 мин.



Қолдану

ІҮ. Мағынаны ашу (топтық жұмыс)

  1. «Жүзімнің шоқтары», «Фрейер моделі», «Еркін жазу» стратегиялары беріледі, әр топ таңдап алып жұмыстанады.

  2. Тақырып бойынша ізденген ақпараттарын ортаға салып талқылайды.

  3. Топ мүшелері жазатын дүниелерің қай бағытта екенін айтып, ой бөлісіңдер

(Топтық бағалау)

Ү. Шығармашылық жұмыс (эссе)

1.Тезис құру

2. Эссе жазу


7 мин.

Талдау

1. Үздік эссе жұмыстарын оқып, пікір білдіру

(«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы)


Сабақты қорытындылау

3 мин.


Бағалау

ҮІ. Қорытынды

1. Кері байланыс (Өзін-өзі бағалау)

2. Үй тапсырмасы (Эссе жұмысын тексеру)



Эссе жазуға бағыт-бағдар

І. Кіріспе бөлімі:

- кіріспе бөлімге нені жазатыныңды ойлан;

- қандай тезис аласың, оны қалай дәлелдейтініңді баянда;

- қарапайым сөз тіркестерін қолданбауды ескеріңдер;

- дәлелмен бастап,, оны сұрақпен немесе мәселемен , кейін тезиспен және өзіңнің көзқарасыңмен қысқаша шолумен бекіт.

ІІ. Негізгі бөлім:

- Негізгі үш ойды анықтау және әрбір алынған көзқарасыңды дәлелдермен бекіту;

- әрбір абзацтағы ойыңның мән-жайын баяндау;

- жоспарды сақтап, сөйлемдердің байланысына көңіл бөлу;

- тезис ретінде алған негізгі идеяларыңды жазып, дәлелдеп болған соң, абзацтарды байланыстыратын сөйлемдер жазуды есте ұстау.


ІІІ. Қорытынды бөлім :

- Қорытынды жазу үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу;

- Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады? деген сұраққа жауап болу қажет.

- Эсседе зерттелетін мәселе бойынша жаңаша ой айтып, тақырыпты дәлелді қорытындылау.



Эссе жазған кезде ескеру керек жағдайлар:
1. Сөйлемдердің дұрыс байланысуын қадағала

  1. Әр абзацтағы ой тұтастығын сақта.

  2. Әрбір дәлел алдыңғы дәлелдермен қабысып өрілуін назарда ұста.

  3. Грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді жіберме.

  4. Сосын, және де т.б. қыстырынды сөздер мен жаргон сөздерді қолданба.


Эссе жазу барысында нені басшылыққа алуымыз керек:

1.Мәселені салыстыра дәлелдеу



2. Әдебиет теориясы бойынша көркемдегіш құралдарды пайдалану

3.Күтпеген тосын ой, өткір пікірлер айту.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау