81 ШАҒЫН ТОП
Өнеркәсіптік қондырғылардың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Өнеркәсіптік қондырғылардың операторлары, аппаратшылары және машинистері қондырғылардың жұмысын тікелей орнында немесе кен және өзге де пайдалы қазбаларды қайта өңдеу, металлдан, шыныдан, керамикадан, сүректен, қағаздан және өзге де материалдардан кен өндіру немесе кен байыту құрал-жабдығының дистанциялық басқаруы арқылы басқарады және бақылайды; қабырғалық және тұтқырлағыш материалдарды өндіру және өңдеу жөніндегі; химиялық және мұнайхимиялық шикізатты қайта өңдеу; электрэнергиясын өндіру; су өңдеу және тектес өнеркәсіптік қондырғыларды өңдеу жөніндегі өнеркәсіптік қондырғыларды басқарумен және бақылаумен айналысады, сондай-ақ автоматты және жартылай автоматты жинақтау желілерін және өнеркәсіптік роботтарды басқарады.
Мұндай жұмыстар негізінен жұмыс тәжірибесін, өнеркәсіптік қондырғылардың, машиналардың және құрал-жабдықтың конструкциясы мен жұмыс істеу принципін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты жаңа режимдерге баптай білуді талап етеді.
Осы шағын топ жұмысшыларының міндеттері:
- тау-кен құрал-жабдығы; металлдар, шыны, керамика, ағаш және өзге де материалдарды өңдеу жөніндегі машиналар мен қондырғыларды;
- металл, шыны, керамика, сүрек және өзге де материалдарды өңдеу жөніндегі машиналар мен қондырғыларды;
- құрылыс қабырғалық және тұтқырлағыш материалдарды өндіру жөніндегі машиналар мен қондырғыларды;
- химиялық және мұнай-химиялық шикізатты қайта өңдеу, айдау және тазарту жөніндегі машиналар мен қондырғыларды;
- электрстанциялар қондырғыларын, бу турбиналарын, қазандықтарды және электрэнергия өндіру жөніндегі қозғалтқыштарды;
- су және т.б. өндіру жөніндегі қондырғыларды;
- автоматты және жартылай автоматты жинақтау желілерін және өнеркәсіптік роботтарды басқаруды қамтиды.
ҚҰРАМДАС ТОП
Кен шығару және кен байыту қондырғыларының операторлары, аппаратшылары және машинистері
Кен шығару және кен байыту қондырғыларының операторлары, аппаратшылары және машинистері пайдалы қазбаларды ашық және жерасты әдістерімен шығару, ұнғымалар бұрғылау әдісімен, пайдалы қазбаларды өңдеу және байыту, пайдалы қазбаларды өңдеу, байыту және шығару кезінде машиналар мен қондырғыларды басқарады, құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсетеді және жөндейді.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:
- карьерларда, отвалдарда, кен шығаруды, тазартуды, тиеуді, жүк түсіруді және өзге де жұмыстарды атқаруды;
- өндіру және алу жөніндегі агрегаттар мен машиналарды және өздігімен жүретін жерасты машиналарын басқаруды;
- кен байыту, шихтаны араластыру және кесектеу жөніндегі құрал-жабдықты және кенді өңдеу жөніндегі өзге де технологиялық операцияларды басқаруды;
- бұрғылау қондырғыларының құрал-жабдығына қызмет көрсетуді және оларды жөңдеуді;
- ұнғымаларды цементаждауды, жуып-шаюды, перфорациялауды және жаншуды;
- шымтезек өндіруді, үймелерден алынған шымтезек сынамаларын орташаландыруды, шымтезекті кептіру жөніндегі машиналарды басқаруды және өзге де жұмыстарды атқаруды қамтиды.
8111 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тау-кен құрал-жабдығының операторлары мен машинистері
Тау-кен құрал-жабдығының операторлары мен машинистері пайдалы қазбаларды ашық және жерасты әдісімен өндіру кезінде машиналарды басқарады, оларға техникалық қызмет көрсетеді, кенді сынамалау және олардың құрамында металдың болуын анықтау процесін жүргізеді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- тау-кен массасын, шикізат және өзге де материалдарын тасымалдау кезінде, карьерлерде, отвалдарда жоспарлау жұмыстарын орындау кезінде, забойдағы тау-кен массасын экскаватормен тасымалдау және өзге де жұмыстар кезінде бульдозерлерді басқаруды;
- өндіруді, тазартуды, үйінділеуді, тиеуді, жүк түсіруді және өзге де жұмыстар кезінде біршөмішті экскаваторларды басқаруды;
- әдеттегі және проходкалық комбайндарды, алу агрегаттарын, кертіп алу және өзге де алу машиналарын басқаруды;
- үйінділеуішті, өздігімен жүретін қайта тиеуішті, штабель төсеушілерді және үйінділеу жеріндегі өзге де құрал-жабдықты басқаруды;
- отын құюды, көлік машиналарын, кабель төсеушілерді, құбыр төсеушілерді және өздігімен жүретін өзге де жерасты машиналарын басқаруды;
- тау оймаларын үңгілеу кезінде тоннельді және үңгімелік кешендерді басқару;
- кенді сынамалауды және ядролық-геофизикалық аппаратура қолданумен олардың құрамында металлдың болуын анықтауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бульдозер машинисі
Тау-кен машиналарының машинисі
Үйінділеуіштің машинисі
Өздігінен жүретін жерасты машиналарының машинисі
Үңгіме кешенінің машинисі
Пайдалы қазбаны геофизикалық сынамалау жөніндегі оператор
8112 БАЗАЛЫҚ ТОП
Кен мен тас өңдеу жөніндегі операторлар, аппаратшылар және машинистер
Кен мен тас өңдеу жөніндегі қондырғылардың операторлары, аппаратшылары және машинистері кен мен тас өңдеу, оның ішінде кенді байыту, шихтаны араластыру, шихтаны кесектендіру жөніндегі құрал-жабдықты және өзге де технологиялық операцияларды басқарады және құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсетеді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- реагенттер, қышқылдар реагенттерін дайындап және оларды мөлшерлемелеп, құрамында алтын бар кен мен топырақты түрлі әдістермен байыту жөніндегі технологиялық процесті жүргізуді;
- металл шығаруды, колода мен люктардағы тау-кен массасының үйілуін жою жөніндегі жуып-шайма аспабы механизмдерін басқаруды;
- шихтаны араластырғыш барабандарда араластыру процесін жүргізуді;
- түрлі үлгідегі кесектендіргіштерде шекемтастар әзірлеу үшін шихтаны, концентраттарды кесектендіру процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Құрамында алтын бар кенді байытушы аппаратшы
Металлды алу жөніндегі жуып-шайғыш аспаптың моторисі
Араластырғыш барабандардың машинисі
Кесектендіруші машинисі
8113 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ұңғыма мен құдық бұрғылаушылар және тектес кәсіптер
Ұңғыма мен құдық қазушылар және тектес кәсіптер жұмысшылары бұрғылау қондырғыларына қызмет көрсетеді, олардың жүйелері мен құрал-жабдығын реттейді және жөндейді, ұнғымаларды сынамалау жөніндегі көтергіштерді және агрегаттарды басқарады және көтергіштер механизмдеріне профилактикалық және ағымдағы жөңдеу өткізеді, жер қабаттарын сынамалау процесін жүргізеді, ұңғымаларды цементаждау жөніндегі жұмыстарды және өзге де жұмыстарды орындайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- күш агрегаттарына, трансмиссияларға және бұрғылау қондырғыларының пневматикалық жүйелеріне қызмет көрсетуді, салқындату, майлау және отын жеткізу жүйелерін, күш агрегаттарын дистанциялық басқару жүйелерін және күш агрегаттарын автоматты түрде қорғау жүйелерін реттеуді және баптауды;
- бұрғылау қондырғылары құрал-жабдығын жөңдеуді;
- көтергішті, ұңғымаларды сынамалау жөніндегі агрегатты басқаруды, көтергіш механизмдерін ағымдағы жөңдеуді;
- ұңғымаларды цементаждауды, қатты гидравликалық әдіспен жаруды және ұнғымаларды жуып-шаюды, гидроқұм бүркемеші перфорациялау және ұнғымаларды жаншу жөніндегі жұмыстарды орындауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Мұнай мен газға арналған бұрғылау қондырғыларының машинисі
Ұңғымаларды сынамалау жөніндегі көтергіштің машинисі
Ұңғымаларды сынамалау (сынақтан өткізу) жөніндегі оператор
Бұрғылау қондырғысының моторисі
Ұңғымаларды цементаждау жөніндегі оператор
Ұңғымаларды цементаждау жөніндегі машинист
8114 БАЗАЛЫҚ ТОП
Шымтезекті өндіру және қайта өңдеу жөніндегі машинистер мен аппаратшылар
Шымтезекті өндіру және өңдеу жөніндегі машинистер мен аппаратшылар шымтезек өндіру жөніндегі машиналарды, шымтезек пен үймелерді іріктеу және орталандыру жөніндегі құрал-жабдықты, шымтезек өндіретін көпшөмішті экскаваторларды және өзге де құрал-жабдықты басқарады, машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсетеді, шымтезекті кептіру процесін жүргізеді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- шымтезекті бетінен қабат-қабатымен алып өндіру және қайта өңдеу жөніндегі машиналарды басқаруды және машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсетуді және жөңдеуді;
- тракторларды және тіркеме құрал-жабдықты, өздігімен жүретін және пневматикалық валковательдерді және үймелерден шымтезек сынамаларын орташаландыру жөніндегі өзге де құрал-жабдықты басқаруды;
- шымтезек шоғырларын шығару жөніндегі шымтезек өндіруші көпшөмішті экскаваторларды басқаруды;
- бақылау-өлшеу аспаптардың көрсетілімдері бойынша кептіру режимдерін реттеп, шымтезекті аппараттарда кептіруді;
- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді орындауды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Кесекті шымтезекті өндіру және қайта өндіру жөніндегі машиналардың машинисі
Фрезерлік шымтезек өндіру және қайта өндіру жөніндегі машиналардың машинисі
Шымтезек өндіруші экскаватордың машинисі
Шымтезекті кептіру жөніндегі аппаратшы
ҚҰРАМДАС ТОП
Металл балқыту қондырғыларындағы операторлар, аппаратшылар, машинистер және өзге де кәсіптер
Металл балқыту қондырғыларындағы операторлар, аппаратшылар, машинистер және өзге де кәсіптер жұмысшылары шойын, болат және өзге де металлдар мен қорытпалар өнідеріді, кенді, агломератты, концентратты балқытады, металдарды қайта балқытады, тазартады, модификациялайды және легірлейді, бөлшектер, құймалар құяды, метал илектейді, оны термиялық және химиялық өңдеумен айналысады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:
шойын, болат және өзге де металлдар мен қорытпалар құюды;
кенді, агломератты, концентратты, өртендіні, қара және түсті металдар мен қорытпаларды балқытуды;
металлдар мен қорытпаларды қайта балқытуды,
модификациялауды, легирлеуді және тазартуды;
бөлшектер мен бұйымдарды кокильге құюды, вайербарастар,
қорытпалар, чушкалар және өзге де бөлшектер мен бұйымдар құюды;
- аса таза, топырағы сирек және баяу балқитын металлдар мен олардың қорытпаларын шығару;
металлды суық және ыстық күйде илектеуді;
металл мен оттөзімділерді термикалық және химиялық өңдеуді;
металды вальцтауды, созбалауды, калибрлеуді және басқа да өңдеуді;
кокс өндіру және мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
8121 БАЗАЛЫҚ ТОП
Шикізат кенін балқытуға арналған пештердің, домна пештерінің, конвертерлердің және металды тазартуға арналған пештердің операторлары
Шикізат кенін балқытуға арналған пештердің, домна пештерінің, конвертерлердің және металды тазартуға арналған пештердің операторлары домна және болат балқытатын пештерді, конвертерлерді және өзге де пештерді және шойын, болат және қорытпалар өндіруге арналған және металды тазартуға арналған пештерді басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- тиегіш машинаның көмегімен шихтаны болат балқытқыш пештерге және агрегаттарға тиеуді және басқару пультынан конвертерды тиеуді;
- технологиялық процестер барысының параметрлерін реттеп, конвертерлерде, мартен және электрпештерде болат балқытуды;
- болат пен қорытпаларды вакуумдық-доғалық және электронды-сәулелі пештерде қайта балқытудың технологиялық процесін жүргізуді, балқыту жүргізудің бағдарламасын беруді;
- домна пештерінің көрігіне қызмет көрсетуді, шлак аспаптарын дайындауды және ауыстыруды, шойын леткасын бөлшектеуді, шойын шығаруды және шойын балқыту жөніндегі өзге де технологиялық операцияларды атқаруды;
- ауа мен газдың, жану температурасының көлемін және өзге де параметрлерді реттеп, кеуек темір өндірудің технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Тиегіш машинаның машинисі
Конвертерлерді толтыру операторы
Конвертердің болат қайнатушысы
Мартен пешінің болат қайнатушысы
Электр пешінің болат қайнатушысы
Вакуум пешінің болат қайнатушысы
Домна пешінің көрікшісі
Домна пешінің газшысы
8122 БАЗАЛЫҚ ТОП
Аппаратшылар, балқытушылар, құймашылар және илектеушілер
Апаратшылар, балқытушылар, құймашылар және илектеушілер кенді, агломератты, концентратты, өрітіндіні балқытады, металлдар мен қорытпаларды қайта балқытады, тазартады, одификациялайды және легірлейді, бөлшектер, құймалар, чушкалар құяды, металды илектеу процесін басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- кен балқытуды, агломерат, концентрат, өртіндіні, қара және түсті металдар мен қорытпаларды балқытуды;
- металлдар мен қорытпаларды қайта, балқытуды, модификациялауды, легирлеуді және тазартуды;
- бөлшектер мен бұйымдарды кокильге құю, вайербарстарды, құймаларды, чушкаларды жартылай толассыз немесе толассыз әдіспен құюды;
- аса таза, сирек топырақты және баяу балқығыш металлдар мен олардың қорытпаларын өндіруді;
- металды илектеу процесі кезінде түрлі технологиялық агрегаттарды, металды ыстық және суық түрле илектеу орнақтары механизмдерінің жүйелерін басқаруды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Металл мен қорытпа балқытушы
Электронды-сәулелі әдіспен балқытушы
Титан мен сирек металлдар өндірісіндегі аппаратшы
Түсті металлдар құюшы
Металлдар мен қорытпалар құюшы
Ыстық илектеу орнағын басқару постының операторы
Суық илектеу орнағын басқару постының операторы
8123 БАЗАЛЫҚ ТОП
Металл мен оттөзімділерді термиялық өңдеу қондырғыларының операторлары мен машинистері
Металл мен оттөзімділерді термиялық өңдеу қондырғыларының операторлары мен машинистері термиялық және химиялық өңдеудің түрлі әдістерінің көмегімен металдың физикалық сипаттамаларын өзгерту жөніндегі қондырғыларды басқарумен айналысады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- қыздырудың қызу режимін реттеп, болат пен қорытпалардың прецизионды маркаларын, түсті металлдар мен әзірленетін дайындамаларды күйдіруді;
- қара және түсті металлдардан жасалған жоңқаны, гильзаларды, сымдарды және өзге де қалдықтарды күйдіруді және кептіруді;
- саз бен брикеттен шамот әзірлеп күйдіруді, әктасты, жоғары оттөзімді қышқылдар мен өзге де бұйымдар мен материалдарды күйдіруді;
- түрлі материалдарды шындауды, кальцийлендіруді, ылғалсыздандыруды және өзгеше өңдеу түрлері, оның ішінде сирек және радиоактивті материалдарды қосып өңдеуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Прецизионды болат пен қорытпаларды жасытушы
Пеште күйдіруші
Металл қалдықтарын күйдіруші
Қыздырушы
Түсті металдарды жасытушы
8124 БАЗАЛЫҚ ТОП
Созбалаушылар, вальцтеушілер және экструдингпресс операторлары
Созбалаушылар, вальцтеушілер және экструдингпресстер операторлары сым, құбырлар және сол тектес бұйымдар әзірлеу үшін металлды вальцтеу, созбалау, калибрлеу, илектеу және өзге де өңдеу түрлеріне арналған құрал-жабдықты басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- түрлі вальцтарда және престерде жайма және шыбықты металдан суық және ыстық күйде бөлшектер вальцтауды, түзетуді және майыстыруды;
- маркалары, бейіндері және қималары әртүрлі металдарды ыстық илектеу орнақтарында илектеуді;
- суық илектеу орнақтарында қаңылтырды және болаттың легирленетін маркаларын дрессирлеуді және жылтырлатуды;
- барлық бейіндегі және маркадағы металлды созбалау орнақтарында созбалауды және калибрлеуді;
- біржола термиялық өңдеумен, созбалау орнақтарында және арнайы қондырғыларда жұқа қабырғалы, суретсіз, авиациялық және өзге де құбырларды созбалауды және таратуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ыстық илектеу орнағының вальцтеушісі
Суық илектеу орнағының вальцтеушісі
Созбалаушы
Құбыр созбалаушы
8125 БАЗАЛЫҚ ТОП
Алдыңғы көрсетілген топтарға енбеген өзге де тектес кәсіби топтар
Алдыңғы көрсетілген топтарға жатқызылмаған тектес кәсіби топтар кокс өндіру процесін жүргізеді, ферроқорытпалар балқытады және өзге де тектес жұмыстарды орындайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- қуаттылығы әртүрлі пештерде ферроқорытпаларды балқытуды, ферроқорытпаларды қалыпқа құюды және түйіршіктендіруді;
- өндірімділігі әртүрлі қондырғыларда қалыпталған коксты өндірудің технологиялық процесін жүргізуді;
- кокс пештеріне газ жіберу құрал-жабдығына қызмет көрсетуді;
- кокс пештерінің камераларына шихта тиеу кезінде тиегіш вагондарды басқаруды;
- скипті көтергіштің бункерлерінен шихта қабылдауды;
- коксталатын шихтаны термиялық өңдеуді;
- ванадийді күйдірілген шихтадан ванадийді ерітінділеу жолымен алу;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ферроқорытпалар балқытушы
Қалыпталған кокс өндірісінің аппаратшысы
Кокс пештерінің газшысы
Кокс машиналарының машинисі
Косталатын шихтаны термиялық өңдеуші
Ванадий өндіру жөніндегі аппаратшы
ҚҰРАМДАС ТОП
Шыны мен шыны бұйымдарын өндіру және жасыту жөніндегі және керамикалық және фарфор бұйымдарын, қабырғалық және тұтқырлағыш материалдар өндіру және күйдіру жөніндегі қондырғылар мен пештердің операторлары
Шыны мен шыны бұйымдарын өндіру және қыздыру жөніндегі және керамикалық және фарфор бұйымдарын, қабырғалық және тұтқырлағыш материалдар өндіру және күйдіру жөніндегі қондырғылар мен пештердің операторлары шыны мен шыны бұйымдарын, керамика мен фарфор бұйымдарын, қабырғалық және тұтқырлағыш материалдар өндіреді және оларды күйдіру және жасыту арқылы термиялық өңдейді.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:
- шыны массасыннан қалыптау немесе үрлеу арқылы шыны бұйымдарын әзірлеуді;
- керамикадан түрлі әдістермен бұйымдар құюды, қалыптарда фарфор және фаянс бұйымдарын құюды, бұйымдардың дайындамаларын илектеуді;
- қабырғалық бұйымдар өндіруді және гипсбетон панельдерін илектеуді;
- керамика, фарфор, фаянс және майолика бұйымдарын күйдіруді, шыныдан жасалған бұйымдарды жасытуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
8131 БАЗАЛЫҚ ТОП
Шыны мен шыны бұйымдарын жасыту және керамиканы күйдіру пештерінің операторлары
Шыны мен шыны бұйымдарын жасыту және керамиканы күйдіру пештерінің операторлары керамикалық бұйымдарды, құрылыс керамикасынан жасалған бұйымдарды, фарфор, фаянс және майоликалық бұйымдарды, қыш және керамикалық материалдарды күйдіреді, шыныдан жасалған бұйымдарды жасытады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- күйдіру режимін реттеп, керамикалық бөлшектерді, құрылыс керамикасынан жасалған бұйымдарды, фарфор, фаянс және майоликалық бұйымдарды, сондай-ақ бұйымдар бетіндегі бояулар мен алтынды, сұрыпты ыдысты, қышты және тасты материалдарды пештерде күйдіруді;
- белгіленетін температуралық режимдер бойынша шыныдан жасалған бұйымдарды пештерде температуралық режимді және пешке отын мен ауаның жетуін реттеп жасытуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды орындауды қамтиды .
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Шыны бұйымдарын жасытушы;
Материалдарды күйдіруші
Құрылыс керамикасы бұйымдарын күйдіруші
Электркерамикалық бұйымдарды күйдіруші
Фарфор және фаянс бұйымдарын күйдіруші
8132 БАЗАЛЫҚ ТОП
Шыны мен шыны бұйымдарын өндіру жөніндегі қондырғылардың операторлары
Шыны мен шыны бұйымдарын өндіру жөніндегі операторлар машиналарда, жартылай автоматтарда, барабандарда және автоматты желілерде шыны мен шыны өнімдерін өндіреді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- шыны массасынан қалыптау немесе үрлеу арқылы қуысты шыны бұйымдарын әзірлеуді;
- кварц блоктарынан түрлі диаметрдегі шыны түтіктер, кварц пластиналарын және штабиктер созуды;
- пеноблоктарды пісіру және жасытуды;
- шыны бұйымдардың ішіне фиксатор, анод шықпаларын және өзге де бөлшектерді балқытып орнатуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Үрлегіш жартылай автоматтың операторы
Шыны қалыптайтын машиналардың операторы
Шыны түтіктер мен дрот әзірлеу жөніндегі тартушы
Кеуек шыны өндіру жөніндегі автомат желісінің операторы
Балқытып енгізуші машиналар операторы
8133 БАЗАЛЫҚ ТОП
Керамика мен фарфор өндіру жөніндегі қондырғылардың операторлары
Керамика мен фарфор өндіру жөніндегі қондырғылардың операторлары керамикадан бұйымдар құяды, қалыптарда фарфор және фаянс бұйымдарын құйып қалыптайды және фарфор түтіктерді илектейді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- керамикадан санитарлық-құрылыс бұйымдарын жамбылауды, құймалауды және қиыстырылған әдіспен құюды, гипс қалыптарын шликермен толтыруды;
- үстелдерде, конвейерлерде және құйма машиналарында кесекті қалыптарда фарфор және фаянс бүйымдарын құюды;
- бейіні, қимасы, диаметрі және ұзындығы әртүрлі түтіктер дайындамаларын суық күйде станоктарда илектеуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Конвейерде санитарлық-құрылыс бұйымдарын құюшы
Фарфор және фаянс бұйымдарын құюшы
Құбырлар илектеуші
8134 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қабырғалық және тұтқырлағыш материалдар өндіру қондырғыларының операторлары
Қабырғалық және тұтқырлағыш материалдар өндіру қондырғыларының операторлары қабырғалық бұйымдар өндіру жөніндегі агрегаттарды басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- қабырғалық бұйымдар өндіру жөніндегі технологиялық желінің агрегаттарын пульттан басқаруды;
- гипсбетондық панельдерді илектеу жөніндегі стан механизмдерін басқаруды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қабырғалық бұйымдар өндірісіндегі басқару пультының операторы
8139 БАЗАЛЫҚ ТОП
Өзге топтарға енбеген қондырғылар мен пештердің операторы
Өзге топтарға енбеген қондырғылар мен пештердің операторлары, шыны мен шыны бұйымдары өндірісіндегі технологиялық процестердің жеке стадияларын жүргізеді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
қалыптаудың технологиялық процесінің параметрлерін реттеп,
шыны таспасын қалыптаудың технологиялық қондырғысын басқаруды;
үрлеу қондырғысында шыныны үрлеу процесін жүргізуді;
әртүрлі станоктар түрлерінде шынының тік бұрышты және
мәнерлі табақтарына және шыны бұйымдарына фацет салуды;
- біржола ток өткізгіш қабатпен жалатып, шыны дайындамаларды филамент-машиналарда капиллярларға тартып керуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптер мысалдары:
Шыны таспасын қалыптау операторы
Үрлеу қондырғысының операторы
Филамент машинадағы оператор
Фацет станогының операторы
ҚҰРАМДАС ТОП
Сүректі қайта өңдеу және өңдеу, целлюлоза өндіру, қағаз, картон, фибра және олардан бұйымдар өндіру жөніндегі қондырғылардың операторлары мен аппаратшылары
Сүректі қайта өңдеу және өңдеу, целлюлоза өндіру, қағаз, картон, фибра өндіру және олардан бұйымдар әзірлеу жөніндегі қондырғылардың операторлары мен аппаратшылары бөренелерді араматериалдарға қайта өңдеу, араматериалдарды өңдеу және сұрыптау, араматериалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды жинақтау, целлюлоза мен қағаз массасын дайындау және қағаз, картон, фибра және олардын бұйымдар өндіру жөніндегі қондырғыларды басқарады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:
- бөренелерді араматериалдарға қайта өңдеуді, оларды сұрыптауды, өңдеуді және білеуді, қаңқалық және өзге де бөлшектер мен бұйымдарды өңдеуді және жинақтауды, сүрек-жонғыма массасынан немесе шпоннан бөлшектер престеп әзірлеу процесін басқаруды;
- кострлық плита, сіріңке және қарындаш өндіруді; целлюлоза, ағаш және қағаз массасын, түрлі мақсаттағы қағаз, картон, фибра және олардан бұйымдар әзірлеу процесін басқаруды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
8141 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ағаш кесу қондырғыларының, панельдер өндіру жөніндегі қондырғылардың, блоктардың, дайындамалардың, құрылыс конструкцияларын өндіру жөніндегі қондырғылардың операторлары және өзге де қондырғылардың операторлары
Ағаш кесу қондырғыларының, панельдер, блоктар, дайындамалар, құрылыс конструкцияларын өндіру жөніндегі қондырғылардың операторлары арамен кесілетін шикізатты, араматериалдарды сұрыптау жөніндегі, бөренелерді араматериалдарға қайта өңдеу, сүрек-талшықты және кострлық плиталарды, жоңғымаларды, араматериалдарды және дайындамаларды қайта кептіру жөніндегі, білеулі және қаңқалы бөлшектер мен бұйымдарды өңдеу және жинақтау жөніндегі, бөлшектерді престеу, ағаш шеберлік-құрылыс бұйымдарын әрлеу және өзге де желілер мен қондырғыларды басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- арамен кесілетін шикізатты тектері, диаметрлері және мақсаты бойынша сұрыптау, араматериалдарды сұрыптау жөніндегі автоматты қондырғылар мен желілерді пультпен басқаруды;
- бөренелерді фрезерлік-кескіш, фрезерлік-білеуші және өзге де желілерде араматериалдарға және жоңқаға қайта өңдеу процесін басқаруды;
- сүрек-талшықты және кострлық плиталарды, жоңқаны, араматериалдарды және түрлі мақсаттағы дайындамаларды кептіргіш қондырғыларда кептіруді;
- білеулі және қаңқалы бөлшектер мен бұйымдарды өңдеу және жинақтау желілерін, бөлшектерді сүрек-жоңқалық массадан немесе шпоннан престеу жөніндегі желілер мен қондырғыларды, столярлық-құрылыс бұйымдарын әрлеу жөніндегі желілерді басқаруды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бөренелерді сұрыптау және қайта өңдеу агрегаттық желілерінің операторы;
Араматериалдарды қайта өңдеу қондырғылары мен желілерінің операторы
Кептіргіш құрал-жабдық операторы
Ағаш өңдеу өндірісіндегі автоматты және жартылай автоматты желілердегі оператор
8142 БАЗАЛЫҚ ТОП
Целлюлоза мен қағаз массасын, картон, фибра және олардан бұйымдар әзірлеу жөніндегі қондырғылардың операторлары мен аппаратшылары
Целлюлоза мен қағаз массасын, картон, фибра және олардан бұйымдар әзірлеу жөніндегі қондырғылардың операторлары мен аппаратшылары қондырғыларда целлюлоза, ағаш және қағаз массасын, түрлі мақсаттағы қағазды және қағаздан жасалған бұйымдар, картон, фибра әзірлеу процесін, скипидар, талл майын және өзге де материалдар щығару процесін басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- жоңқаны жуып-шаю және термомеханикалық ағаш массасын ағартуды, рафинирлеуді, тазартуды және массаны қоюлатуды;
- ұзынынан мықты ұзынталшықты қағаз өндіруді;
- қағазды пергаментациялау және арнайы пергамент қағазын шығаруды;
- қағаз орамалдарын, туалет қағазын, майлықтар және өзге де тектес бұйымдар әзірлеуді;
- фибраны ерітінділеуді;
- талл майын шығаруды;
- скипидарды ректификациялауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптер мысалдары:
Ұзын талшықты қағаз машинасының машинисі
Пергамент машинасының машинисі
Қағаздан бұйымдар өндіру жөніндегі машинаның машинисі
Фибраны ерітінділеу жөніндегі аппаратшы
Жоңқадан сүрек массасын өндіру жөніндегі оператор
Тазарту имаратының операторы
Скипидар қондырғысының аппаратшысы
Талл қондырғысының аппаратшысы
8143 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қағаз жасау және картон жасау машиналарының операторлары
Қағаз жасау және картон жасау машиналарының операторлары қағаз жасау және картон жасау жөніндегі құрал-жабдықты басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- конденсаторлық, филиграндық, картографиялық, жазуға арналған, типографиялық қағаз және өзге де қағаз түрлерін өндіретін түрлі үлгідегі және конструкциядағы қағаз жасау машиналарында қағаз жаймасын құю процесін жүргізуді;
- түрлі үлгі мен конструкциялардағы картон жасаушы машиналарда картон жаймасын құю процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қағаз жасаушы (картон әзірлеуші) машинаның (сеточниктің) машинисі
8144 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сүректен кострлық плиталар мен бұйымдар өндіру жөніндегі қондырғылардың операторлары мен аппаратшылары
Сүректен кострлық плиталар мен бұйымдар өндіру жөніндегі қондырғылардың операторлары мен аппаратшылары сүрек және кострлық плиталар, сіріңкелер және қарындаш пен сол тәріздес өзге де бұйымдар өндіру жөніндегі технологиялық құрал-жабдық кешенін басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- қалыптаушы машиналарда және конвейерде қажетті қалындықтағы және тығыздылықтағы сүрек-талшықты, цемент-жоңқалы және кострлық кілемді қалыптастыруды;
- сүрек және кострлық плиталар өндірісінде араластырғыш, плитақалыптаушы және өзге де бөлімшелердің жұмысын пульттан басқаруды;
- арнайы көлденең сіңіргіш -кептіргіш агрегаттарда бакелитті үлбір өндіруді;
- автоматты желілерде және сіңіргіш-кептіргіш агрегаттарда жапырақты қаптама материалдарын сіндіруді;
- сіріңке таяқшаларын кептіруді, тегістеуді, сұрыптауды, мөлшерлемелеуді, оларды қорапшаларға салуды және сіріңке өндірудің технологиялық процесіндегі өзге де операцияларды атқаруды;
- қарындаштардың өзектерін әзірлеу үшін өзек массасын дайындауды және қарындаштарды автоматта жинақтауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қалыптаушы машинаның операторы
Сүрек және кострлық плиталар өндірісіндегі орталық басқару пультының операторы
Бакелитті плитка өндірісінің аппаратшысы
Қамтама материалдарды сіңіру аппаратшысы
Құрғақ сіріңке таяқшаларын өндіру жөніндегі аппаратшы
Сіріңке дайындау жөніндегі оператор
Сіріңке автоматының операторы
Қарындаш жинақтау автоматының операторы
Өзек массасын дайындау жөніндегі дисперсиялық араластырғыштардың операторы
815 ҚҰРАМДАС ТОП
Химиялық және мұнай-химиялық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі аппаратшылар, операторлар және машинистер
Химиялық және мұнай-химиялық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі аппаратшылар, операторлар және машинистер химиялық шикізатты және материалдарды уату, ұнтақтату, араластыру, қыздыру, күйдіру және өзге де термиялық өңдеу түрлері жөніндегі, химиялық шикізатты сүзу және бөлу жөніндегі машиналар мен кондырғыларды, химиялық заттар мен мұнай-химиялық өнімдерді тазарту, айдау және қайта өңдеу жөніндегі құрал-жабдықты басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- шикізат пен материалдарды уату, ұнтақтау, ұсақтату, сыныптау, сепарациялау, елеу, компоненттерін мөлшерлеп, оларды араластыру жөніндегі технологиялық процестерді жүргізуді;
- химиялық шикізатты, материалдарды және компоненттерді күйдіру мен кептірудің технологиялық процестерін жүргізуді;
- химиялық шикізатты, материалдарды, қатты өнімдерді, дайын қоспаны, суспензияларды және өзге де өнімдерді сүзу және сепарациялаудың технологиялық процестерін жүргізуді;
- химиялық заттарды айдаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
8151 ҚҰРАМДАС ТОП
Уатқыш қондырғылардың, диірмендердің және араластырғыштардың аппаратшылары, операторлары және машинистері
Уатқыш қондырғылардың, диірмендердің және араластырғыштардың аппаратшылары, операторлары және машинистері химиялық және тәріздес процестерде пайдалану үшін химиялық шикізатты және өзге де материалдарды уату, ұнтақтау және араластыру жөніндегі машиналар мен қондырғыларды басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- шикізатты, материалдарды және шала өнімді түрлі жүйедегі уатқыш агрегаттар мен қондырғыларда құрғақ және ылғалды әдіспен ірілетіп, орташа және майдалап уатудың технологиялық процесін жүргізуді;
- шикізатты гидропульперде, роллдарда және диірмендерде уатудың технологиялық процесін жүргізуді;
- шикізат пен материалдарды диірмендерде уатудың, сыныптаудың, сепарациялаудың және елеудің технологиялық процесін жүргізуді;
- араластырғыштарда компоненттерін мөлшерлеп, химиялық материалдарды және қоспаларды араластырудың технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Уатушы
Ұнтақтаушы
Диірмен машинисі
Араластыру аппаратшысы
8152 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жаровнялар операторлары, күйдіру пештерінің және олар тәріздес термиялық өңдеу қондырғыларының операторлары
Жаровнялардың, күйдіру пештерінің және олар тәріздес термикалық өңдеу қондырғыларының операторлары химиялық шикізат пен материалдарды қыздыру, күйдіру және өзге де термияық өңдеу түрлері жөніндегі құрал-жабдықты басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- химиялық шикізатты, материалдарды, қатты себілме заттарды пештерде, кептіргіш камераларда және күйдіру қондырғыларында, өзге құрал-жабдықта кептіргіш барабандарда және аппараттарда кептірудің технологиялық процесін жүргізуді;
- химиялық шикізатты, материалдарды, компоненттерді күйдіру пештерінде өнімнің химиялық құрамын өзгерту, қалпына келтіру, қышқылдандыру немесе жеке компоненттерінен алып тастау мақсатында күйдірудің технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Кептіру аппаратшысы
Күйдіру аппаратшы
БАЗАЛЫҚ ТОП
Сүзгі машиналар мен сепараторлардың аппаратшылары (операторлар)
Химиялық шикізатты және материалдарды сүзгілеумен және бөлумен айналысатын сүзгі машиналары мен сепараторлардың аппаратшылары (операторлары) химиялық шикізат пен материалдарды сүзетін және бөлетін құрал-жабдықтың жұмысын басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- кезеңді немесе толассыз жұмыс істейтін не автоматтандырылған сүзгілерде химиялық шикізатты және материалдарды сүзудің технологиялық процесін жүргізуді;
- қатты өнімдерді, дайын қоспаларды, суспензияларды және өзге де өнімдерді электрмагнитті, электрстатикалық, бұрамалы және өзге де сепараторларда сепарациялаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сүзу аппаратшысы
Сепарациялау аппаратшысы
Сепараторшы
БАЗАЛЫҚ ТОП
Айдау аппараттарының және реакторларының аппаратшылары
(операторлары)
Айдау аппараттарының және реакторларының аппаратшылары (операторлар) химиялық заттарды айдау және тазарту жөніндегі құрал-жабдықты басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- заттарды қоспалардан майдалап тазартудың айдау (ректификациялау, дистилляциялау, екпіндеу) технологиялық процесін немесе көп компонентті ұшқын сұйықтықтарды толығымен айырудың технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Айдау аппаратшысы
БАЗАЛЫҚ ТОП
Мұнайтазарту қондырғыларының операторлары
Мұнай тазарту қондырғыларының операторлары мұнай өнімдерін тазарту, айдау және қайта өңдеу жөніндегі құрал-жабдықты басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- өнімнің шығуын және оның сапасын, реагенттердің,
энергоресурстардың жұмсалуын бақылай отырып, мұнай, мұнай өнімдерін, газды қайта өңдеу жөніндегі қондырғыларда технологиялық процесті жүргізуді;
мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Технологиялық қондырғылардың операторы:
8159 БАЗАЛЫҚ ТОП
Химиялық және мұнайхимиялық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қондырғылардың өзге топтарға енбеген аппаратшылары, операторлары және машинистері
Химиялық және мұнайхимиялық шикізатты өңдеу жөніндегі қондырғылардың өзге топтарға кірмеген аппаратшылары, операторлары және машинистері алдындағы базалық топтарда ескерілмеген технологиялық процестерді атқаратын құрал-жабдықтарды басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- химиялық өндірістің қалдықтарын түрлі мақсаттағы аппараттар мен қондырғыларда қайта өңдеудің (тазартудың, буландырудың, жағудың, газды айырудың және т.б.) технологиялық процестерін жүргізуді;
- химиялық ерітінділерді ағартқыш реагенттермен өңдеудің технологиялық процесін жүргізуді;
- кеннен радиоактивті материалдарды айыру және шығару немесе ұқсас материалдарды қайта өңдеу жөніндегі құрал-жабдықты басқаруды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Химиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу аппаратшысы
Ерітінділеу аппаратшысы
Катализаторшы
816 ҚҰРАМДАС ТОП
Электр стансалар мен желілер қондырғыларының операторлары, аппаратшылары және машинистері
Электр стансалар мен желілер қондырғыларының операторлары, аппаратшылары және машинистері электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі машиналар мен қондырғылардың жұмысын басқарады, турбиналардың, қазандықтардың және қозғалтқыштардың жұмысын басқарып бақылайды, суды тазарту және өңдеу процесін және өнеркәсіптік ағын суларды немесе радиоактивті суларды тазарту процесін басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- газтурбиналы қондырғыларда қызмет көрсетуді, реакторларға отын тиеу және реакторлардан пайдаланылған отынды басқару пультынан шығаруды, атом электрстансасы реакторының қосалқы жүйелерінің негізгі контуры мен құрал-жабдығына қызмет көрсетуді, басқару қалқанынан жылу желілерінің гидравликалық режимін бақылауды;
- турбиналық бөлімшенің құрал-жабдығына қызмет көрсетуді, бу турбиналарының, қазандықтарының жұмыс режимін жүргізуді;
- апат жағдайларын жоюды;
- суды химиялық тазартуды, суды алдын-ала тазартып жұмсарту процесін жүргізуді, сұйық және құрғақ радиоактивті қалдықтар қоймаларына және арнайы су тазарту құрл-жабдығына эксплуатациялық қызмет көрсету процесін жүргізуді, өнеркәсіптік ағын суларды және радиоактивті суларды тазарту процесін жүргізуді; мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
8161 БАЗАЛЫҚ ТОП
Электрстансалар, желілер және атом реакторлары қондырғыларының операторлары мен машинистері
Электрстанциялар, желілер және атом реакторлары қондырғыларының операторлары мен машинистері электр және жылу энергияны өндіру және оны үлестіру жөніндегі машиналар мен қондырғыларды басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- газтурбиналық қондырғыларға қызмет көрсетуді және олардың толассыз және үнемді жұмысын қамтамасыз етуді, өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, автоматтық реттегіштер мен сигнализацияның жұмысын бақылауды;
- реакторларға отын тиеуді және пайдаланылған отынды реакторлардан көлік-технологиялық құрал-жабдықты басқару пультынан шығаруды;
- атом электрстансасы реакторының негізгі контурының және қосалқы жүйелерінің құрал-жабдығына қызмет көрсетуді, рекаторлық бөлімшенің жергілікті қалқандарынан арнайы жеделдету режимін жүргізуді, жергілікті қалқандардағы өлшеу және сигнализация құралдарының көрсеткіштері бойынша құрал-жабдықтың жұмысын бақылауды, құрал-жабдық пен құбыржолдарын дезактивацияға дайындауды;
- басқару қалқанынан жылу желілерінің гидравликалық режимін, жылумен жабдықтау көздерінің температуралық графикті ұстануына, сорғылардың жұмысын, резервті бу қазандықтарының дайындық күйін және өзге де көрстекіштерді бақылауды;
- авариялық жағдайларды жоюды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Газтурбиналық қондырғылар машинисі
Реакторлық бөлімшенің операторы
Реакторлық бөлімшенің көлік-технологиялық құрал-жабдық операторы
Жылу желілерінің операторы.
8162 БАЗАЛЫҚ ТОП
Бу турбиналарының, қазандықтарының және қозғалтқыштарының операторлары мен машинистері
Бу турбиналарының, қазандықтарының және қозғалтқыштарының операторлары мен машинистері турбиналардың, қазандықтардың және қозғалтқыштардың, оның ішінде теңіз және өзен кемелеріндегі және жер үстімен жүретін көлік құралдарындағы турбиналарды, қазандықтарды және қозғалтқыштарды басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- турбиналық бөлімшенің толассыз және үнемді жұмысын қамтамасыз етуді, диспетчерлік график өзгергенде электрлік және жылу жүктемелерін агрегаттар арасында үйлестіруді, құрал-жабдықты жөңдеуге шығаруды;
- бу турбиналарының жұмысын жүктеменің белгіленетін графигіне сәйкес, сондай-ақ турбиналарды басқарудың орталық жылу қалқанынан жүргізуді: қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты іске қосу, тоқтату, баспалау, сынау; өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, автоматты регтегіштер мен сигнализацияның жұмысын бақылауды;
- қазандықтар жұмысының режимін жүктеменің белгіленетін графигіне сәйкес, сондай-ақ қазандықтарды басқарудың орталық жылу қалқанынан жүргізуді: қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты іске қосуды, тоқтатуды, сынауды, баспалауды және жылу сұлбаларында қазандықтарды және қазандық агрегаттарын ауыстырып-қосуды; өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, автоматты реттегіштер мен сигнализацияның жұмысын бақылауды;
- қазандық құрал-жабдығының толассыз және үнемді жұмысын қамтамасыз ету, диспетчерлік кесте өзгергенде қазандық агрегаттары арасындағы жүктемені үйлестіруді, құрал-жабдықты жөңдеуге шығаруды;
- қатты отынмен жұмыс істейтін су жылытқыш және бу қазандықтарына қызмет көрсетуді, отынның жануын реттеуді, қазандықтағы судың деңгейін, жылыту жүйесіне берілетін бу мен су температурасының қысымын бақылау-өлшегіш аспаптарды қадағалауды;
- апаттық жағдайларды жоюды;
- тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бу турбиналарының машинисі
Қазандықтар машинисі
Турбиналық бөлімшенің аға машинисі
Қазандық құрал-жабдығының аға машинисі
Бу қазандықтарын басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі
Қазандықтарды басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі
Қазандық машинисі (кочегары)
8163 БАЗАЛЫҚ ТОП
Суды өңдеу жөніндегі қондырғылардың және тәріздес құрал-жабдықтың аппаратшылары мен операторлары
Су өңдеу жөніндегі қондырғылардың және тәріздес құрал-жабдықтың аппаратшылары мен операторлары суды тазарту және өңдеу процестерін және өнеркәсіптік ағын және радиоактивті суларды тазарту және өңдеу жөніндегі процестерді басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- арнайы қондырғыларда суды химиялық тазарту, оның ішінде оны хлорлау, тұзсыздандыру, кремнийден айыру және т.б. процестерді жүргізуді;
- суды алдын-ала мөлдірлетушілерде (тұндырушыларда) реагенттік өңдеп атом электрстанцияларының қазандықтарын, жылу желілерн, энергоблоктар контурларын сумен қоректендіріп отыру үшін суды алдын-ала тазартып жұмсарту процесін жүргізуді;
- сұйық және құрғақ радиоактивті қалдықтар қоймаларына, вакуумды сорғыларға, арнайы сүзгілерге, желдету және газ тазарту жүйелерінің құрал-жабдығына және арнайы су пайдалану құрал-жабдығына қызмет көрсетуді;
- өнеркәсіптік ағын суларды немесе радиоактивті суларды қоспалардан тұндыру, сүзу, иондық-алмастыру, биологиялық қышқылдандыру әдістерімен және т.б. әдістермен тазартудың процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Электрстансаның химиялық су тазарту аппаратшысы
Химиялық су тазарту аппаратшысы
Арнайы су тазарту операторы
Ағын суларды тазарту аппаратшысы
817 ҚҰРАМДАС ТОП
Құбырлардың жылуын оқшаулағыш автоматтандырылған желілердің және өнеркәсіптік роботтардың операторлары
Автоматты құрастыру желілерінің және өнеркәсіптік роботтардың операторлары автоматты және жартылай автоматты түрде құрастыру процестерінің жұмысын және өнеркәсіптік роботтардың жұмысын бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері: автоматты және жартылай автоматты түрде құрастыру процестерін және өнеркәсіптік роботтардың жұмысын басқаруды және бақылауды; мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
8171 БАЗАЛЫҚ ТОП
Құбырлардың жылуын оқшаулағыш автоматтандырылған желілердің операторлары
Автоматты түрде құрастыру желілерінің операторлары автоматты және жартылай автоматты жинақтау процестерінің жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- автоматты және жартылай автоматты құрастыру процестерін басқаруды және бақылауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Құбырлардың жылуын оқшаулағыш автоматтандырылған желінің операторы
8172 БАЗАЛЫҚ ТОП
Өнеркәсіптік роботтардың операторлары
Өнеркәсіптік роботтардың операторлары өнеркәсіптік роботтардың (манипуляторлардың) жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- өндірістік роботтың (манипулятордың) жұмысын басқаруды және бақылауды;
- манипуляторларды қолданып «ыстық» камерада радиоактивті материалдарды өңдеуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды орындауды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Манипулятор операторы
82 ШАҒЫН ТОП
Стационарлық құрал-жабдық операторлары, аппаратшылары, машинистері және слесарь-құрастырушылары
Стационарлық құрал-жабдық операторлары, аппаратшылары, машинистері және слесарь-құрастырушылары металлдарды өңдеу, минералды шикізатты қайта өңдеу, химиялық заттарды өндіру, резеңке, пластмасса, синтетикалық шайырлар және өзге де материалдар өндіру жөніндегі, газеттер мен кітап басу және түптеу жөніндегі, талшық пен иірімшіп өндіру жөніндегі, тоқымадан, теріден және үлбірден бұйымдар тігу жөніндегі, азық өнімдерін қайта өңдеу және өңдеу жөніндегі және тағы басқа да құрал-жабдықтың жұмысын тікелей орнында немесе дистанциондық басқарудың көмегімен басқарады және бақылайды қатаң ережелер мен белгіленетін дәйектілікке сәйкес жинақталатын бөлшектерден дайын өнімді құрастырады.
Осындай жұмыс негізінен жұмыс тәжірибесінің болуын, қызмет көрсетілетін стационарлық құрал-жабдықтың конструкциясы мен жұмыс істеу принципін білуді, оны қажетті технологиялық режимге баптай білуді, бұйымдарды, машиналарды, аппаратураны және аспаптарды құрастырудың дәйектілігін білуді талап етеді.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- металлдарды өңдеу және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі, цемент өндіру, химиялық өнімдер мен органикалық синтез өнімдерін, лактар мен бояулар өндіру жөніндегі, құрылыс материалдарын өндіру, резеңке, пластмассалар, синтетикалық шайырлар және өзге де материалдар өндіру, кітап баспа өнімдерін басу және кітап түптеу, тоқыма, тері, үлбір және олардан жасалатын бұйымдарды өндіру, бидай, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, ет, құс, балық және өзге де шикізатты өңдеу және олардан қолдануға дайын азық-түлік өнімдерін, және азық концентраттарын өндіру жөніндегі стационарлық машиналар мен қондырғылардың жұмысын басқару және бақылау, электр машиналарын, радиоэлектронды аппаратура мен аспаптар, қағаздан, ағаштан, резеңкеден және өзге де материалдардан бұйымдарды технологиялық дәйектілікпен құрастыру, қондырғылардың жұмысын басқару және бақылау.
821 ҚҰРАМДАС ТОП
Металлдарды өңдеу және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері
Металлдарды өңдеу және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері автоматты және жартылай автоматты метал өңдеу машиналарын, бетон өндіру жөніндегі машиналар мен қондырғыларды басқарады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:
- дайындамаларды жұмыс орнына механикалық түрде жеткізіп отыратын сандық бағдарламалық басқаруы және манипуляторлары (роботтары) бар көп мақсатты станоктарға қызмет көрсетуді;
- клинкерді цементті диірмендерде ұнтақтаудың процесін жүргізуді; асбестцемент массасын дайындау жөніндегі араластырғышқа қызмет көрсетуді;
- циклді және толассыз әрекет ететін бетон араластырғыш қондырғыларда бетон қоспаларын және құрылыс ерітінділерін дайындауды; бетонды жылу немесе жылу-ылғалды әдіспен өңдеудің процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес болып келетін жұмыстарды орындауды қамтиды.
8211 БАЗАЛЫҚ ТОП
Станоктар операторлары
Станоктар операторлары металлдарды өңдеу жөніндегі түрлі операцияларды орындайтын автоматты және жартылай автоматты металл өңдеу машиналарын басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- дайындамаларды жұмыс орнына механикалық түрде жеткізетін сандық бағдарламалық басқаруы және манипуляторлары бар көп мақсатты станоктарға қызмет көрсетуді; аспапты ауыстырып және юстирлей отырып, аспапты аспап блоктарына орнатуды, аспапты блоктарды іріктеуді және орнатуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бағдарламалық басқаруы бар станоктардың операторлары
8212 БАЗАЛЫҚ ТОП
Цемент пен өзге де органикалық емес материалдар өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері
Цемент пен өзге де органикалық емес материалдар өңдіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері машиналар мен қондырғыларды, оның ішінде қалыптаушы, араластырғыш және бетон өңдеуге қажетті өзге де материалдар өндіру жөніндегі машиналар мен қондырғыларды басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- диірмендердің клинкерлермен және қоспалармен қоректендірілуін реттеп, клинкерді цемент диірмендерінде ұнтақтау процесін жүргізуді;
- асбестцемент массасын дайындау жөніндегі араластырғышқа қызмет көрсетуді;
- цементтің автоматты мөлшерлегішінің жұмысын басқаруды және асбест суспензиясының араластырғышқа біркелкі түсуін бақылауды;
- циклді және толассыз әрекет ететін бетон араластырғыш қондырғыларда бетон қоспаларын және құрылыс ерітінділерін дайындауды; қондырғыларға компоненттерді қабылданған рецепт пен дәйектілікке сәйкес тиеуді; араластырғыштың жұмысын басқаруды;
- бетонды белгіленетін параметрлер мен технология бойынша жылыту және жылу-ылғалды өңдеу процесін жүргізуді; бетон қоспасын оны қалыптарға салудан бұрын алдын-ала электрлік жылыту; бұйымдармен толтырылған камераларды жылумен өңдеуге қабылдауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бетон араластырғыш қондырғылардың моторисі
Цемент диірмендерінің машинисі
Бетонды жылумен өңдеу жөніндегі қондырғылардың операторы
822 ҚҰРАМДАС ТОП
Химиялық өнімдер өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, машинистері, аппаратшылары
Химиялық өнімдер өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, машинистері, аппаратшылары: химиялық және парфюмериялық өнімдер өндіруге қажетті химиялық заттарды және өзге де ингредиенттерді қайта өңдеу; оқ-дәрі мен жарылғыш заттар өндіру үшін түрлі химиялық заттар мен өзге де ингредиенттер алу жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды; метал бұйымарды лактау, метализациялау, оларды қорғағыш қабатпен жалату; фотоқағаз бен үлбір өндіру жөніндегі; азот өндіру және органикалық синтез өнімдерін өндіру; анилинды бояу өндірісі, полиграфиялық бояулар мен лак-бояу өндірісі; полимерлі құрылыс материалдарын, органикалық шыны және шыныталшықтарын өндіру; химиялық талшықтар, шыныталшық материалдар өндіру және гидролиздік өндіріс; өзге де химиялық өнімдерді өндіру жөніндегі құрал-жабдықты басқарады және бақылайды.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:
- кешенді қосындылар алудың, бактериялық препараттарды, витаминдерді, биосинтез препараттарын немесе дайын өнімдер препараттарын экстрагирлеу, ионды-алмастырғыш тазартудың, тіс дәрігерлік материалдар алудың, медициналық массалар мен жақпа майлар, анатоксиндер, вакциналар мен сарысулар, жануарлардың шикізатынан жасалатын плазмаалмастырғыш препараттар мен ферменттер алудың, дәрі-дәрмек әзірлеудің, косметикалық құралдар, парфюмериялық өнім әзірлеудің технологиялық процестерін жүргізуді;
- жарылғыш заттардың компоненттерін, жарылғыш заттар мен пиротехникалық бұйымдардың детонаторларын өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың, снарядтар, бомбалар, зымырандар, миналар және тағы да басқа оқ-дәрілер құрастыру және салма әзірлеу жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқаруды және бақылауды;
- бұйымдардың беттерін гальваникалық жабындаудың, бөлшектерді, тораптарды және бұйымдарды бояу мен кептірудің, аспапқа, бөлшектерге, металл мен қорытпалардан жасалған бұйымдарға төзімді, сәнділік және қорғағыш жабын жағудың, аллюминий таспасын лактау, табақ темірлерді уыттандыру және жасытудың, метал қабатын пластиналарға, үлбірлерге жағудың технологиялық процестерін жүргізуді;
- фотоэмульсияларды синтездеу үшін ерітінділерді, компоненттерді және суда еритін қоспаларды дайындаудың, мөлшерлеудің, кинофотонегізін, магнитті таспаларды, бутафоль пластмасса үлбірін, техникалық мақсаттағы өзге де үлбірлерді құюдың, әртүрлі фотоматериалдарға лак ерітінділерін құюдың технологиялық процесстерін жүргізуді;
- азоттаудың, концетрленетін азот қышқылын алудың технологиялық процестерін жүргізудің, аммиак және калийлі селитра, несепнәр, нитрофоска алудың технологиялық процестерін жүргізуді;
- азотбояғыштар өндірудің, бояуларды араластырудың, лактар, алудың, шайырлар және калий селитрасын алудың технологиялық процестерін жүргізуді;
- азот бояғыштар өндірудің, бояуларды араластырудың, лактар алудың, шайырлар мен лак негіздерінің синтезі, бояулар өндірісі үшін пигменттерді диспергирлеудің, полимеризациялық шайырларда эмальде мен грунттар алудың, пигменттердің байланыстырғышпен илектерін дайындау, конденсациялық шайырларда эмальдер мен суэмульсиялық бояулар құрастырудың технологиялық процестерін жүргізуді;
- полистиролды көпіртудің технологиялық процестерін жүргізу, линолеум мен қума бұйымдар үшін поливинилхлоридті композициялар алу, линолеуім алу, органикалық шыныны бағдарлау, мономерді вакуумдау және форполимеризациялау, жабыстырғыш лактар, перкаль, қабат астын дайындау, толассыз шыныталшығын, оптикалық шыныталшық, супер жіңішке және штапельді кварц шыныталшығын алудың технологиялық процестерін жүргізуді;
- тоқымалы емес шыныталшықты материалдар әзірлеудің, шыны талшықты материалдарды байланыстырғышымен қоса тозаңдатудың, шыныматаларды термохимиялық өңдеудің және бояудың және терможіпті термоөңдеудің, гофрленетін жапырақты шыныпластик, шыны пластиктен конструкциялар әзірлеудің, жезаммиякты талшық, ацетатты, вискозалық және синтетикалық талшықтар, талшықты материалдар мен лескалар қалыптаудың, химиялық жіпті баспалаудың, баспадан босатудың, әрлеудің, сығудың және кептірудң және ылғалдандырудың, химиялық талшықтарды ораудың, лигнин мен целолигниннің гранулаларын кептіру мен карбонизциялаудың технологиялық процестерін жүргізуді;
- сіріңке қышқылын өндірудің, регенеративті заттар алудың, тежегіш сұйықтық пен антифриздер дайындаудың, металлды натрий-шикізатты тазартудың, техникалық көміртегін алудың технологиялық процестерін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
8221 БАЗАЛЫҚ ТОП
Фармацевтикалық және парфюмериялық өнім өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Фармацевтикалық және парфюмерлік өнім өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері химиялық және парфюмериялық өнім өндіруге қажетті химиялық заттарды қайта өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды .
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- кешенді қосындыларды алу, комплексондар алу мен бөлудің процесін жүргізуді;
- өсімдік шикізатынан қатты әсер ететін алкалоидтер мен кристалдық гликоздар алудың процесін жүргізуді; өнімді қайта кристалдандыру арқылы тазартуды, қоспаларды тұндыруды, нейтрализациялау процесін жүргізуді;
- бактериялық препараттарды, витаминдерді, биосинтез препараттарын немесе дайын өнімді иондық-алмастырушылық тазартуды;
- дентин, амальгама, протездеу және өзге де тіс дәрігерлік материалдар алудың технологиялық процесін жүргізуді;
- медициналық массалар мен жақпамайлар алудың технологиялық процесін жүргізуді;
- анатоксиндер, вакциналар және сарысулар алудың технологиялық процестерін жүргізуді, тірі дақылдарды қоректік ортаға егуді және оларды өсіруді, сепарациялауды, сүзгілеуді, концентрлеуді және т.б.;
- жануарлар шикізатынан алынатын плазмаламастырушы препаратар мен ферменттер өндірудің, шикізатты қышқыл арқылы гидролиздеу, ферменттерді сан мәрте қайта кристализациялаудың, стерильді препараттарды центрифугалаудың, сүзгілеудің және мөлшерлемелеудің технологиялық процестерін жүргізуді;
- алдын-ала бөлшектерден шприц-тюбиктерді құрастырып, корпусты қалайылап және ампулалардың бетін газ жалынымен өңдеп, автоматты желілерде стерильді жағдайда шприц-тюбиктер ампулаларын медициналық препараттармен толтырудың технологиялық процесін жүргізуді;
- таблеткалар жасайтын машиналарда тіс протездеуге арналған галенді, витаминді, фармацевтикалық препараттар өндірісінде таблеткалар әзірлеуді;
- машиналарда, қондырғыларда және жылжымалы желілерде пудра, тіс ұнтағын, құрғақ иіссу және өзге де косметикалық заттар әзірлеуді;
- композициялар, хошиістендіргіштер, тұндырмалар, ерітінділер және парфюмериялық сұйықтықтар дайындаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Химиялық-фармацевтикалық препараттарды ион алмастыру әдісімен тазарту аппаратшысы
Кешенді қосындылар алу аппаратшысы
Қатты әсер ететін алкалоидтер мен кристалды гликозидтер алу аппаратшысы
Тіс дәрігерлік материалдар алу аппаратшысы
Медициналық массалар мен жақпамайлар дайындау;
Бактерийлі препараттар өндіру аппаратшысы
Ферменттер мен плазмаламастырушы препараттар өндірісінің аппаратшысы
Шприц-тюбиктерді толтыратын оператор
Машинист-таблеттеуші
Косметикалық заттар дайындау аппаратшысы
Парфюмерлік композициялар мен сұйықтар аппаратшысы
8222 БАЗАЛЫҚ ТОП
Оқ-дәрі мен жарылғыш заттар өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері
Оқ-дәрі мен жарылғыш заттар өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары мен машинистері оқ-дәрі мен жарылғыш заттар өндіру үшін түрлі химиялық заттар мен өзге де ингредиенттер алуға арналған құрал-жабдықтың жұмысын бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- жарылғыш заттар компоненттерін өндіру үшін қоспаларды енгізу, араластыру және өзге де химиялық процестерді орындау жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқаруды және бақылауды;
- жарылғыш заттар мен пиротехникалық бұйымдар үшін детонаторлар өндіруге арналған құрал-жабдықтың жұмысын басқаруды және бақылауды;
- снарядтар, бомбалар, зымырандар, миналар және тағы да басқа оқ-дәрілерді құрастыру және оларды салмамен толтыру құрал-жабдығын басқаруды және бақылауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Оқ-дәрі өндіру жөніндегі оператор (машинист)
Жарылғыш заттар өндіру жөніндегі оператор (машинист)
8223 БАЗАЛЫҚ ТОП
Металдау және металға қорғағыш қабат жалату қондырғыларының операторлары
Металдау және металға қорғағыш қабат жалату қондырғыларының операторлары, коррозия мен абразивтерге төзімді ету үшін, сәндік мақсаттар үшін немесе электрлік және магниттік қасиеттерге бөлеу үшін, метал бұйымдарын немесе олардың бөліктерін лактау, металдау, қорғағыш қабат жалату жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- автоматты және механикаландырылған желілерде басқару пультынан бұйымдар беттерін гальваникалық қаптау процесін жүргізуді;
- тораптарды, механизмдерді, аппараттарды, жылжымалы құрамды бояғыш-кептіргіш агрегатта басқару пультынан бояу мен кептіру процесін жүргізуді;
- вакуумды қондырғыларда басқару пультынан нитридтерден, баридтерден, карбидтерден және өзге де материалдардан аспапқа, бөлшектерге, қатты қорытпаларда, қиын балқитын материалдардан, инструменталды және конструкциялық болаттан жасалған бұйымдарға иондық тозаңдату әдісімен тозуға төзімді, сәнді және қорғағыш қаптамалар жабудың процесін жүргізуді;
- басқару пультынан алюминий таспасын екі жағынан бір қабаттап және бірнеше қабаттап лактаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- рулондағы жапырақ металды толассыз уыттау және жасыту агрегаттары басты постының механизмдері жұмысының команда бақылаушыларының көмегімен басқаруды; пульттардан майсыздандыру, уыттау, анодтау, жуып-жаю, кептіру агрегаттарын басқаруды;
- пластиналарға, үлбірлерге термиялық тозаңдатуы бар вакуумды қондырғыларда бір немесе бірнеше метал қабатын жағуды;
-мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Автоматты және жартылай автоматты желілердегі оператор-гальваник
Ваккумда жабын жабу жөніндегі қондырғылардың операторы
Толассыз уыттау, майсыздандыру, қалайылау, мырыштау, лактау және жасыту постының операторы
Бояу-кептіргіш желінің және агрегаттың операторы
Вакуумды-тозаңдату процестерінің операторы
8224 БАЗАЛЫҚ ТОП
Фотоқағаз бен үлбір өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Фотоқағаз бен үлбір өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері фотоқағаз және үлбір өндіру мен фотоүлбірді экспонациялау жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- фотоэмульсияның синтезі үшін ерітінділер, компоненттер және суда еритін қоспалар дайындаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- киноүлбірлердің бүкіл ассортименті үшін және өнеркәсптік-техникалық мақсаттағы үлбірлер үшін кинофотонегізді құюдың технологиялық процесін жүргізуді;
- магнитті таспаларды толассыз жұмыс істейтін құю агрегаттарында, балқыту агрегаттарында және автоматтандырылған экструдерлерде құюдың технологиялық процесін жүргізуді;
- техникалық мақсаттағы пластмассалы бутафоль үлбірін немесе металлжелімдегіш үлбірлерді бірқабаттап немесе бірнеше қабаттап құюдың технологиялық процесін жүргізуді;
- үзілісті және үзіліссіз әрекет ететін бір кюветті және көп кюветті машиналарда фотоматериалдарға арналған лак ерітінділерін құюдың технологиялық процестерін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Фотоэмульсиялар дайындау және оларды суарудағы апаратшы-мөлшерлеуші
Кинофотонегізін және техникалық үлбірлерді құюшы аппаратшы
Магнитті таспаларды құюшы аппаратшы
Бутафоль үлбірін құюшы аппаратшы
8225 БАЗАЛЫҚ ТОП
Азоттық өндіріс пен органикалық синтез өнімдерінің өндірісі құрал-жабдығының операторлары, аппаратшылары және машинистері
Азоттық өндіріс пен органикалық синтез өнімдерінің өндірісі құрал-жабдығының операторлары, аппаратшылары және машинистері азот өндірісінің және органикалық синтез өнімдерінің құрал-жабдығының жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- кальций цианамидін алу үшін цианамидті пештерде азоттандырудың технологиялық процесін жүргізу;
- автоклавтарда синтездеу әдісімен тікелей концентрациялаумен азот қышқылын алудың және күкірт пен азот қышқылдары ерітінділерін концентрациялау әдісімен концентрациялау технологиялық процестерін жүргізуді;
- натрий селитрасынан және хлорлы калийден конверсиялық әдіспен немесе хлорлы кальций мен кальций нитраты ерітінділерінен катиондық алмастыру әдісімен калий селитрасын өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
- несепнәр синтезі, несепнәр ерітіндісін дистиляциялау және буландыру, концентрацияланған ерітінділерді құрғақ тұзға қайта өңдеу стадиялары бойынша несепнәр өндірісінің технологиялық процесін жүргізуді;
- ыдырау, араластыру, түйіршіктену, салқындау, уатылу және т.б. стадиялары бойынша нитрофоска алудың технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес өзге де жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Азоттау аппаратшысы
Қышқылдарды концентрлеу аппаратшысы
Аммияк селитрасын өндіру аппаратшысы
Калийлі селитра өндрісінің аппаратшысы
Несепнәр өндірісінің аппаратшысы
Нитрофоска өндірісінің аппаратшысы
8226 БАЗАЛЫҚ ТОП
Анилин-бояу өндірісі, полиграфиялық бояулар және лак-бояғыш өндірісі құрал-жабдығының операторлары, аппаратшылар және машинистері
Анилин-бояу өндірісі, полиграфиялық бояулар және лак-бояғыш өндірісі құрал-жабдығының операторлары, аппаратшылары және машинистері анилин-бояу өндірісі, полиграфиялық бояулар және лак-бояу өндірісі құрал-жабдығының жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- рекреациялық аппараттарда екі және одан да көп тіркестен тұратын азотбояғыштар өндірісінің технологиялық процесін жүргізуді;
- бояғыштардың біркелкі нысандарын алу үшін бояғыштарды араластырудың технологиялық процесін жүргізуді;
- лактар, алудың, шайырлар мен лак негіздері синтезінің технологиялық процестерін жүргізуді; рекреациялық массаның күйін және шикізатың сапасын талдау паспорттары және органолептикалық тұрғыдан бақылауды;
- бояуларды вакуумды араластырғыштарда және толассыз әрекет ететін бисерлі диірмендерде өндіру үшін пигментерді майдалаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- нитроцеллюлозды, терпеноколаксилинді, ұшқын-шайырлы лактарды, эмальдерді және грунттарды полимеризациялық шайырларда алудың технологиялық процесін жүргізуді;
- әртүрлі конструкциядағы илеу машиналарында немесе тез жүретін араластырғыштарда пигменттердің байланыстырғыштармен илектерін дайындаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- арнайы қоспалар ерітінділерін дайындап және оларды аппараттарға тиеп, конденсациялық шайырлар және су-эмульсиялық бояулар негізінде эмальдер құрастырудың технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бояғыштарды араластыру аппаратшысы
Аппаратшы - лак қайнатушы
Араластырушылар аппаратшысы
Полимеризациялық шайырлар негізінде лактар мен эмальдер алушы аппаратшы
Илемелер әзірлеу аппаратшысы
Эмальдер құрастыру аппаратшы
8227 БАЗАЛЫҚ ТОП
Полимерлі құрылыс материалдарын, органикалық шыны және шыныталшық өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Полимерлі құрылыс материалдарын, органикалық шыны және шыныталшық өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері полимерлі құрылыс материалдарын, органикалық шыны мен шыныталшық өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- температуралық режимді, аппараттағы қысымды, циклдің ұзақтығын және шикізаттың аппаратқа біркелкі жеткізілуін реттеп, полистиролды көпіртудің технологиялық процесін жүргізуді;
- автоматтандырылған орталықты басқару пультінен линолеум мен қума бұйымдарға арналған поливинил-хлоридті композициялар алудың технологиялық процесін жүргізу; перфокарталардың көмегімен белгіленетін технологиялық режимді белгілеуді;
- басқару пультінен линолеум алудың технологиялық процесін басқаруды;
- желінің барлық тораптарының жұмысын үйлестіру және оны автоматты режимге баптауды;
- әзірленетін материалдың құрылымын қалыптастыруды;
- органикалық шыныны жартылай автоматты және автоматты әрекет ету режиміндегі қондырғыларда бағдарлаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- бағдарлау дәрежесіне қарай дайындамалардың шамасын есептеуді;
- мықтыландырылған шыныны тегістеуді және жалтыратуды;
- мономерді ваккумдаудың және форполимеризаицялаудың технологиялық процесін жүргізуді; желімді лактар, перкаль, қабатасты дайындауды; негізгі шикізаттың компоненттерін мөлшерлеу және оларды реакторға тиеуді;
- шыны балқыту ыдыстарында және фильерлі қоректендіргіштерде әртүрлі шикізат түрлерін қолданып, толассыз шыныталшығын алудың технологиялық процесін жүргізуді;
- жіпті жайып салушыны баптап, түрлі қондырғыларда оптикалық шыныталшықтар алудың технологиялық процесін жүргізуді; талшықтардың геометриялық өлшемдерін есептеуді;
- кварц өзектерді кварц талшықтарына жалынды қайта тарту әдісімен, талшықтарды жанып жатқан газдың лебімен балқыту және үрлеу әдісімен және өзге де әдістермен супержіңішке және штапельді шыныталшық алудың технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Көпірту аппаратшысы
Поливинилхлоридті композициялар алу операторы
Линолеум өндіру жөніндегі оператор
Органикалық шыныны бағдарлау аппаратшысы
Формополимеризациялау аппаратшысы
Толассыз шыныталшығын алу операторы
Шыныталшық алу операторы
8228 БАЗАЛЫҚ ТОП
Химиялық талшықтар, шыныталшықты материалдар, шыныпластиктер өндіру жөніндегі және гидролизді өндіріс құрал-жабдығының операторлары, аппаратшылары және машинистері
Химиялық талшықтар, шыныталшықты материалдар, шыныпластиктер өндіру жөніндегі және гидролизді өндіріс құрал-жабдығының операторлары, аппаратшылары және машинистері химиялық талшықтар, шыныталшықты материалдар, шыныпластиктер өндіру жөніндегі және гидролизді өндіріс құрал-жабдығының жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- автоматты басқаруы бар арнайы қондырғыларда тоқымалы емес шыныталшықты материалдар әзірлеудің технологиялық процесін жүргізуді;
- конвейерлі желілерде құрастырылған арнайы агрегаттар мен қондырғыларда шыныталшықты материалдарды байланыстырғыштарымен қоса бүркіп жалатудың технологиялық процесін жүргізуді;
- шыныматаларды термохимиялық өңдеудің және бояудың және шыныжіпті автоматты реттегіші бар арнайы қондырғыларда термоөңдеудің технологиялық процесін жүргізуді;
- электронды басқару пульты бар арнайы қондырғыларда гофрленетін жапырақты шыныпластик әзірлеудің технологиялық процесін жүргізуді;
- арнайы қондырғыларда шыныпластиктен конструкциялар әзірлеудің технологиялық процесін жүргізуді;
- мата қалыптау машиналарында және әртүрлі жүйедегі толассыз процес машиналарында ылғалды және құрғақ иіру әдістерімен жезді- аммияк талшығын, ацетатты, вискозалық және синтетикалық талшықтарды, талшықты материалдарды және лесканы қалыптаудың технологиялық процестерін жүргізуді;
- химиялық жіпті баспалау және баспалаудан босату, әрлеу, сығу, кептіру және ылғалдандырудың технологиялық процесін жүргізуді;
- химиялық талшықтарды орау, вискозалық матаны толассыз әрекет ететін машиналарда ширатудың технологиялық процесін жүргізуді;
- гидролизді лигнинді реакторларда нитрлеу және тотықтырудың технологиялық процесін жүргізуді; гидролизді лигниннің ылғалдылығын және азот қышқылының немесе меланждың концентрациясын анықтауды;
- лигнин түйіршіктерін және целолигнинді газ тәрізді жылутаратушымен кептіру және карбонизациялаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Шыныталшық материалдарды әзірлеу аппаратшысы
Өңдеу аппаратшысы
Химиялық талшықтарды қалыптаушы аппаратшы
Химиялық жіпті әрлейтін және кептіретін аппаратшы
Химиялық талшықтарды ширату және орау аппаратшысы
Гофрленетін жапырақты шыныпластиктерді әзірлеу қондырғыларының операторы
Шыныпластик конструкциялар әзірлеу қондырғыларының операторы
Нитрлигнин алушы оператор
Лигнин мен целолигнин кептіруші және карбонизациялаушы аппаратшы
8229 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген химиялық өнім өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Өзге топтарға кірмеген химиялық өнім өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері өзге топтарда ескерілмеген химиялық өнім өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- химиялық заттардың бүкіл өндіру стадияларындағы: ұсақтау, фракциялар бойынша сыныптау, шикізатты орташаландырудың; негізгі материалдарды сұрыптау, үлбірлету және вакуумдық өңдеудің; дайын өнімнің шихтасын әзірлеу және баспалау, термоөңдеу, сондай-ақ газдарды тазартудың технологиялық процесін жүргізуді;
- технологиялық құрал-жабдықты іске қосып және режимге шығарып және оны жөңдеуге тоқтатып, техникалық көміртегі алудың технологиялық процесін жүргізуді;
- өнімнің және технологиялық процестің сапасын бақылауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қоспалар мен ерітінділер дайындаудағы аппаратшылар
Техникалық көміртегі алу аппаратшысы
Шикізат бензол алу аппаратшысы
823 ҚҰРАМДАС ТОП
Резина, пластикалық массалар, синтетикалық шайырлар, синтетикалық каучук өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Резина, пластикалық массалар, синтетикалық шайырлар, синтетикалық кәушіктер және т.б. өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері резина, пластикалық массалар, синтетикалық шайырлар, синтетикалық каучук, майалмастырушыр және мұнайхимия өнімдерін өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- лактар, тиокилді герметиктер және тиокилды паста әзірлеудің технологиялық процестерін, желім мен латекстен резиналық жіп, резиналық қоспалар әзірлеу, капрон және нейлон кордтарын термоөңдеудің технологиялық процестерін жүргізу, кәушіктердің термопластика-циялануының технологиялық процестерінің барысын, дөңгелекқаптарды вулкандауды және жинақтауды бақылауды;
- пластикалық массаларды гомогенизациялаудың, мипластты таспа әзірлеудің, второпласттан жасалған дайындамалар мен өнімдерді термоөдеудің, мақта целлюлозасын түтудің, целлюлоза эфирлерін егудің, қалыпталған полиуретан мен пенополиуретан алудың технологиялық процесін жүргізуді;
- синтетикалық каучук қалыптаудың, күкірт шығарудың, моновинилацетиленді гидрохлорлаудың, синтетикалық каучукты сығу және кептіру, катализдік димеризациялау технологиялық процестерін жүргізуді; мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
8231 БАЗАЛЫҚ ТОП
Резина өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері
Резина өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың операторлары, аппаратшылары және машинистері резина өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- аппараттар мен ыдыстарда белгіленетін режим бойынша, өлшенділердің мөлшерін есептеп, өнімнің дайындығын көзбен белгілеп, лактар, тиокил герметиктерін және тиокил пастасын дайындаудың технологиялық процесін жүргізуді; агрегатталған құрал-жабдықты басқаруды;
- құрал-жабдықты баптаумен және дайындаумен, тоғын тізбектер мен агрегаттарда, өлшенділердің мөлшерін есептеп, құрал-жабдықтың желім мен латекстен резиналық жіптер әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу; бақылау-өлшеу аспаптар бойынша немесе көзбен технологиялық процестің барысын бақылау және оны реттеуді; әзірленетін жіптердің сапасын және калибрлерін бақылауды;
- негізгі басқару пультынан резина қоспаларын әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу; пневмо-сұлбалар бойынша автоматты жүйелер жұмысының үзіліссіздігін бақылауды;
- рецепт бойынша режимдік бақылау-электронды аспапты баптауды;
- қоспа температурасын реттеуді;
- көрсетімдер бойынша және бақылау-өлшегіш аспаптардың көмегімен каушіктерді термопластикациялаудың, резина қоспаларын вулканизациялау, әзірлеудің және дөңгелекқаптарды жинақтаудың технологиялық процестерінің барысын бақылауды;
- капрон және нейлон кордттарын арнаулы қондырғыда «керіп тарту» және «созу» режимдерінде термоөңдеудің технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Резина желімдерін және жабындарын әзірлеуші аппаратшы
Резина желімдерін әзірлеуші аппаратшы
Вулканизациялау аппаратшысы
Резина қоспаларын әзірлеу жөніндегі оператор
Кордты термоөңдеу жөніндегі оператор
8232 БАЗАЛЫҚ ТОП
Пластикалық массалар мен синтетикалық шайырлар өндіру жөніндегі құрал-жабдық операторлары, аппаратшылары және машинистері
Пластикалық массалар мен синтетикалық шайырлар өндіру жөніндегі құрал-жабдық операторлары, аппаратшылары және машинистері пластикалық массалар мен синтетикалық шайырлар өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын басқарады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- пластикалық массаларды гомогенизациялау машинасының жылу зоналарын белгіленетін технологиялық режимге шығару және пластикалық массаларды белгіленетін қасиеттерге бөлеу мақсатында гомогенизациялау процесін жүргізу;
- таспа машиналарында пісіріп жапсыру әдісімен мипластты таспа әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу;
- фторопласттан жасалған дайындамалар мен бұйымдарды термоөңдеудің, белгіленетін геометриялық өлшемдер алу мақсатында кейін термоөңдеумен, вторпласттан құбырлар мен бұйымдар пісіріп жапсырудың технологиялық процестерін жүргізу;
- бөрту қазандарында сілті ерітіндісімен мақта целлюлозасын технологиялық бөрту процесін жүргізу;
- түрлі конструкциядағы высадительдердегі қайнатпа лактан целлюлоза эфирлерін көшіріп отырғызу;
- конвейерлерде және автоматты қондырғыларда қалыпталған пенополиуретан, ал қалыпталған полиуретанды - құю машиналарында алудың технологиялық процесін жүргізу;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Пластикалық массаларды гомогенизациялау аппаратшысы
Пластмассалық бұйымдарды термоөңдеу аппаратшысы
Бөрттіру аппаратшысы
Көшіріп отырғызушы аппаратшысы
Қалыпталған полиуретан мен пенополиуретан өндірісінің операторы
8233 БАЗАЛЫҚ ТОП
Синтетикалық каучук, майалмастырғыштар және мұнайхимия өнімдерін өндіру жөніндегі операторлар, аппаратшылар және машинистер
Синтетикалық каучук, майалмастырғыштар және мұнайхимия өнімдерін өндіру жөніндегі операторлар, аппаратшылар және машинистер синтетикалық каучук, майалмастырушы және мұнайхимия өнімдерін өндіру жөніндегі құрал-жабдықтың жұмысын бақылайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- синтетикалық каучукты таспа түрінде қалыптаудың технологиялық процесін жүргізу және оны таспақұйғыш машинада жуып-шаюды;
- күкіртсутегін бокситті катализаторда өртеу жолымен немесе қышқыл газдарды өртеу жолымен күкірт бөлудің технологиялық процесін жүргізуді;
- бақылау талдамалар жасап, моновинилацетиленді гидрохлорлаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- автоматтандырылған кептіргіш қондырғыларда басқару пультынан синтетикалық каучукты сығу және кептірудің технологиялық процесін жүргізу; қондырғының жеке тораптарын біркелкі тиелуін есептеуді;
- катализатор дайындап, реакциялық газдарды ажыратуға беріп, стабилизаторды тұздықты салқындату жүйесіне жеткізіп, ацетиленді моновиниацетилен етіп катализдік димеризациялаудың технологиялық процесін жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Синтетикалық каучукты қалыптау аппаратшысы
Күкірт бөлу аппаратшысы
Гидрохлорлау аппаратшысы
Синтетикалық каучукты кептіру операторы
Димеризациялау аппаратшысы
Достарыңызбен бөлісу: |