Сайыскердің ақпарат парағы Қызылорда қаласы



жүктеу 59,5 Kb.
Дата06.02.2020
өлшемі59,5 Kb.
#28363

Сайыскердің ақпарат парағы

Қызылорда қаласы

Мұхамедиярова Асылжан Болатқызы

27.03.2004ж

Махамбетов ауылы Ақмолда Арысбаев №4 үй

Байланыс телефоны 8-777-499-34-73

№268 орта мектебі

Сыныбы 8 «А»

«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан

жарияланған сайысқа»

«Мен өмірді қалаймын»

Мен сияқты жаста,нәзік қыз қайдан біледі деп ойлап та тұрған

шығарсыздар? Айтайын,осы-нашақорлыққа байланысты шығарма жаз деп тапсырма бергеннен басталды.Ғаламтордан суреттерді көргенде,жағамды ұстадым,олар жайлы мәліметтерді оқығанда... Содан маған терең де құпиялы назды,мұңды да аянышты ойлар келді,оқығанда түсінгенім еліктеушілік,көп ішінде біреуі есірткіні немесе шарап дәмін татқан болса,уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен ішімдікке әуестенуге соқтырады. Баланың бұзақылар арасына түсуіне отбасындағы кикілжің, ата-аналардың,мұғалімдердің баласының бос уақытын қалай өткізетініне назар аудармауы да, тіпті баланың қолында артық ақша жүруіде себеп болады. Кеш болысымен жиналатын жасөспрімдер әуен тыңдап,бине таспаларды көріп немесе көше кезіп жүреді, ал бұл адамның ішін пыстырады.

Қазір спорт , музыка, өнер мектептерінде оқу қымбат, барлық ата-аналардың қалталары көтере бермейді. Сөйтіп күндердің бір күні топқа есірткінің дәмін тартқандардың бірі, яғни «білгіш» келіп қосылады, бір ерекшелігі нашақорлар басқаларды есірткіге әуестендіру әрекетін әдейі жасайды. Өйткені нашақор еңбек етуге дәрмені жоқ адам, есірткі сатып алуға ақша іздейді де жүреді. Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді,ал ұрлық әрдайым жазасыз болмайды. Сондықтан нашақор адам ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіге әуестендіруге оның арқасында өзінің «қамын» ойлауды мақсат етеді. Ол алдымен есірткі шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Бір пайдалансаң жайың жай табады, кереметке түсесің деп алдайды. Аз уақытқа болсада ләззат алғанға мәз боламын деп,нашақорлық сатысына қосылғанын білмей қалады.

Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқан адам бұзақылық жасау,қорлық көрсету тағы басқа жаман нәрселерді жасауға итермелейді.Әр адамның бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттер болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн, әйтпесе нашақорлыққа елігіп , бір сәттік рақат сезімге алданып,соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін.

Мен нашақоры бар отбасыға қатты қапаланамын.Өйткені әрбір ата-ана өз баласының бақытты, әрі салауатты болуын қадағалайды, сондықтан жас жеткіншек! Сіз өзіңізді өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттен,шылымнан,есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, үйіңізді таза ұстаңыз. Өзіңізді бос уақытта пайдалы іске арнаңыз. Әрі намысты биік ұстаңыздар.Адам өмірге бір-ақ рет келеді,оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.Өзіңізге сеніңіз,өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады. Денсаулығыңыз мықты болсын,спортпен айналысыңыз. Біз ел үшін керекпіз. Өйткені біз тәуелсіз еліміздің болашағымыз.

Адамзат тарихындағы қаншама қанды оқиғаның себепшісі, неше түрлі зұлымдықтардың да бастаушысы «апиын» болғанын білеміз. Біздің ғасырымыздың басты дерті-нашақорлық. Біреулер есірткі таратып,байлыққа кенеліп,белшесінен батып жүр,ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда ал біз болсақ көрмеген,білмеген кейіп танытамыз.Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де,жанымызды да ауыртқымыз келмейді.Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді,артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек?Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз?-деген сауалдар, әрине, адам жанын мазалайды.

Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын, жастай есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорықпайды нашақор үшін өлім-жалған дүниемен бірдей.

Жастар психологиясына жүргізілген зерттеулер,олардың –орта іздейтіні,ортасы жоқ жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген,ал ортада қай бала жан-жақты пысық,соңынан өзгелерді ерте алатындай қабілеті болса, соған ұқсағысы келіп соған ұмтылады. Ол жақсы балама,жаман бала ма есеп беріп жатпайды,әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады,ол түрткі немен аяқталады,ол баланың табиғатына байланысты болады.

Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб би алаңдарын айналдырса,ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлмеуінде. Жасыратыны жоқ көптеген ата-ана баласының материялдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі. Қарның тоқпа,көйлегің көкпе дегендей. Баламен әңгімелесуге оны не толғандырып жүргенін оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге,жасөспірімнің бос уақытын қайда, қалай кіммен өткізетіндігін,сырласуға уақыт таппаймыз. Көбінесі ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа ,есірткі сатушыларға қосылғанын байқамай да қалады. Осы орайда «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген Ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есіңізге түседі. Жас кезінде адам қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін тартып көруден бастап, ал екінші біреулері, біреулердің мәжбүрлеуімен нашақор боп кеткендер бар.

-Ал, мен айтатын мына әңгімеге назар аударыңыз.

« ... Шүкір Аллаға! Ақыры құтылдым-ау бұл азаптан. Жанымды жаудай жеген бұл тозақтан босадым-ау. Не деген қиын еді! Азапты күндерді бастан кешіріп, әбден қиналып біттім, қажыдым да... Ең бастысы – үйіме оралатын болдым. Тоқтай тұр!... Ал ата-анам, бауырларым мені кешірер ме екен!? Олардың жүздеріне қалай қараймын... Енді мені кешірмесе қайтемін?» Бұл Дулаттың ойы болатын. Ол осыдан алты жыл бұрын нашақор атанып, арнайы ауруханаға жіберілген еді. Содан міне, ол толық жазылып, ауруханадан шығарылды. Ол үйіне оралғысы келеді, бірақ оның алдында ұят пен намыс тұрды. Ал Дулат бұл қиындыққа қалай тап болды? Міне, ол өзіне осы сұрақты қойып, бәрін ой елегінен өткізіп шықты. Бірнеше жыл бұрынғы жасаған қорлықтарын есіне түсірді. Оқиға былай өрбіген еді.

Күз мезгілі. Жел ызғары бір тынбай қойды. Анда – санда жаңбырда бір сіркіреп қояды. Қалада мүлде тыныштық жоқ. Дулат – өте бұзық, әрі ұрыншақ еді. Ол үнемі мұғалімдерден сөз еститін және төбелеске жақын болатын. Қазір ол тоғызыншы сынып оқиды. Сабағын мүлде орындамайтын болды, бар ойы достарымен бірге қыдыру, қыздар, төбелесу еді.

Бір күні Дулат достарымен жүргенде жандарына жоғарғы сыныптың ұлдары келіп, олардың шылым шеге алмайтынын айтып, мазақ қыла бастады. «Сендер, он беске келе – тұра темекі тарта алмайсыңдар!» деп келеке етеді олар. Содан Дулат намыстанып, «Мен темекі тарта аламын! Бер қолыңдағыны» деп шылым мен сіріңкені қолдарынан жұлып алады. Содан темекіні тарта бергені сол еді, аузына түтін жиналып, тамағы ашып кетті. Дереу темекіні тастап, күртілдеп жөтеле бастады. Ол бірден үйіне қарай жүгірді. Анасы оның бозарған түрін көріп, шошып кетті. Дулат төсегіне құлай кетті. Анасы ем – дом жасап, оған не болғанын сұрады, алайда Дулат ештеңе демеді. Сөйтіп жүріп, бір жыл өте шықты. Ол шылым шегуді үйреніп алды.

Келесі жылы ата – анасы қаражат жинап, баласын колледжге түсіреді. Содан Дулат колледж студенті болады. Ол барлығымен жақсы араласып, достар табады. Ол түнде қыдырып кететін болды. Достары оған арақ ішуді үйретіп қойды. Бірде түні бойы қыдырып, мас болып қалады. Ол әрең дегенде үйіне келеді. Есікті тарс – тарс еткізіп ұра бастайды. Анасы тарсылдаған дыбыстан оянып, есікті ашса баласы екен. Анасы одан: «Сағат деген түнгі төрт болды емес пе? Қайда жүрсің? Ішіп алғансың ба не? Әкең білсе ұрсады ғой саған!» деп айғайлайды. Ал Дулат анасының сөзін елемей, оны итеріп кетеді. Ана байғұс жерге құлап түседі. Айғайлаған дауысты естіп, осы кезде әкесі де келген болатын. Ол әйелінің құлап жатқанын көріп, оны орнынан тұрғызды да, ұлына айғайлап, ұрса бастайды. Ал Дулат болса: «Мені сендердің сөздерің қызықтырмайды. Сендердей ата – анам болғанын қаламаймын. Не ақшаларың, байлықтарың жоқ! Сендерді жек көремін!» дейді де, бөлмесіне кіріп кетеді.

Содан бері ол үй бетін көрмеді. Колледжге баруды да қойды. Соңғы тиындарын ішімдікке жұмсап отырды. Осылай жүріп бір өзі білмейтін топқа қосылып кетті. Бұны ол байқамағанда болатын. Ал ол топ есірткі сататындар болып шықты. Олар Дулатқа осы жұмыспен қыруар ақша табатынын, байлыққа кенелетінін айтты. Дулат бұған келісіп қойғаны қашан. Себебі ол іздегенін тапты емес пе!? Олар жасырын түрде есірткі сатып отырды. Солай күн артынан күн өтті. Бір күні ол есірткіні өзі пайдаланып көргісі келді. Бірақ оған ақшасы жетпей қалатын. Ақыры анадан – мынадан қарыз сұрап, есірткіні сатып алады. Ол нашаны иіскеп көреді, содан тағы да иіскейді және тағы да. Ол алғашында өзгелер айтатын ләззатты сезіне алмады. Дулат тағы біреуін алғысы келді. Сөйтіп, баяғы әдетінше достарынан ақша сұрап, есірткі сатып алады. Бұл жолы да оны қайта – қайта иіскей берді. Оған нашаның иісі жаға бастады. Оның бойын еркіндік билеп, өзін рахат сезімге бөленіп отырғандай сезінді. Солай – солай ол есірткісіз өмір сүре алмай қалды. Ойлайтыны да, іздейтіні де, қалайтыны да сол есірткі болды. Есірткі алса балаша қуанып, мәз болады. Ол әркімнің табалдырығында жүріп, көрінгеннен нашаны сұрай берді, құдды бір қайыр сұрап жүрген адам секілді. Бірде оның осылай көшеде қаңғып, есірткі сұрап жүргенін әке – шешесі байқап қалады. Бірақ олардың ұлынан теріс айналғаны қашан. Сонда да ата – ана болғандықтан баласын ойлап жүреді. Олар тез Дулаттың қасына барады. Ұлының бұлайша мүсәпір, жаман хәлін ана жүрегі көремін деп ойламады. Әкесінің де жүрегі сыздап барады. Олар оны нашақорлар ауруханасына апаруды ойлады. Сосын оған «бізбен жүрсең саған есірткі береміз» деп алдап, ауруханаға жеткізеді. Дулат қайда келгенін көріп, жылдам қарсыласа бастады. Бірақ дәрігерлер оны аурухана төсегіне таңып тастады. Сөйтіп ол сол жерде қалып, емделе бастады. Әрине ол көп қиналды, әр күні азаптанумен өтті. Солай алты жыл өте шықты.

Міне, бүгін ол бастан кешкен оқиғаларын есіне түсірді. Бұл күндер де қорқынышты түстердей ғайып болды – ау, әйтеуір. Ең бастысы – ол осы сынақтардан өте білді. Енді ол отбасына, қадірлі ата – анасына асығып барды. Жол бойы екі ойлы болып келді. Сонда да өз – өзін қайрап, олардан кешірім сұрау керектігін түсінді. Ақыры үйіне келіп, есікті тоқылдатып тұрады. Есікті анасы ашып, ұлын көргенде жүрегі елжіреп сала берді. Ол баласын құшағына алып, маңдайынан иіскеп, сүйіп алды. Ол да анасын көтеріп алып, шыр айнала бастады. Дулат анасынан өз күнәлары үшін кешірім сұрайды. Сосын ішке кіріп, әкесін іздейді. Сосын анасы: «Балам, сен білмейді екенсің ғой. Әкең осыдан жеті ай бұрын жүрек талмасына ұшырап қайтыс болды. Әкең сенің есірткі пайдаланған, жаман хәліңді көріп, шыдай алмай өмірден өтті. Алайда сен уайымдама ол сені баяғыда кешірген. Ең маңыздысы сен қасымдасың балам!» деп баласын жұбатады. Әттең, Дулат әкесін көре алмай қалды. Ол күні – бүгінге дейін өзін жазғырумен болды. Анасы екеуі бір – біріне дем болып, өмір сүруде. Міне, есірткі пайдалану осындай үлкен қайғыға әкелді. Сондықтан есірткіден алшақта болайық дегім келеді!

Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті наша, темекі, арақ сияқты зиянды заттар бар екені белгілі. «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың – жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке орай, адамзатпен ХХІ-ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі ішімдік, темекі, нашақорлық, ЖҚТБ ауруы бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқын осындай келеңсіз істен аулақ болсын деп еліне, халқына арнап 2030 жылғы бағдарламасының бір бөлімін денсаулыққа арнаған. «Арақ ішпе, темекі тартпа, аурудың алдын ал, спортпен шұғылдан»-деген.Елбасының жолдауда көрсеткен өзекті мәселелерінің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.Олай болса ,барша достар, жат әдеттерден аулақ болып,салауатты өмір сүруге бәріміз құлшына кірісейік. Өйткені біз өсіретін ұрпақ елін,жерін сүйетін ұлтжанды азамат болуы керек.

жүктеу 59,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау