Тасќынынан, ќўламалардан жјне пайдалы ќазбалар мен кен орныныѕ сапасын тґмендететін басќа да факторлардан ќорєауын, баќылау



жүктеу 7,21 Mb.
бет22/25
Дата04.02.2020
өлшемі7,21 Mb.
#28189
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

7333 БАЗАЛЫҚ ТОП

Металдан (бағалы металдан басқа) көркем бұйымдар жасаушылар
Металдан (бағалы металдан басқа) көркем бұйымдар жасаушылар металдан халық көркем кәсіптері дәстүрлерінде көркем бұйымдар жасайды, оларды құрастырады, желімдейді, әрлейді.

Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:

- металдан көркем бұйымдар, оларда халық дәстүрлерін, оюларын және нысандарын көрсете отырып, әзірлеуді;

- металды химиялық-термикалық өңдеуді, металды дәнекерлеуді, ұста және жылтырату жұмыстарын;

- бұйымдарды тойтаруды, штифтік және ойма қосқыштар арқылы құрастыруды, бөлшектерді желімдеуді, бұйымдарды нақыштауды және оларды эмальмен жабуды, берілген рецептура бойынша желім дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Металдан көркем бұйымдар дайындаушы

Металл бұйымдарды желімдеуші.
7334 БАЗАЛЫҚ ТОП

Сүйектен, мүйізден, янтарьдан және ұқсас материалдардан көркем

бұйымдар жасаушылар
Сүйектен, мүйізден, янтарьдан және ұқсас материалдардан көркем бұйымдар жасаушылар халық көркем кәсіптер дәстүріндегі сүйектен, мүйізден, янтарьдан бұйымдар жасайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:

- янтарьды, оған аяқталған нысан беру үшін шынықтыруды, кесуді және ыспалауды;

- янтарьдан халық дәстүрінде көркем бұйымдар жасауды, оларды қырлауды, жылтыратуды және жалтыратуды;

- янтарьдан бұйымдар жинауды және оларды металл бөлшектерге құрастыруды;

- сүйектен және мүйізден жасалатын көркем бұйымдарды токарлық, фрезерлік және бұрғылау станоктарында өңдеуді;

- ішкі қуыстары бар бұйымдар әзірлеуді, станоктар жұмысын реттеуді;

- сүйек және мүйізді үлгі бойынша селдір және бұдыр техникамен көркемдеп кесуді, құрастыруды, бұйымдарды жинауды, бекітуді, бөлшектер мен түйіндерді жапсыруды;

- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Янтарьдан көркем бұйымдар жасаушы

Янтарьдан бұйымдар жинаушы

Сүйек пен мүйізден жасалған бұйымдарды өңдеуші

Сүйек және мүйіз кесуші



7335 БАЗАЛЫҚ ТОП

Мүсін өндірісінде табиғи тастардан (граниттен, мәрмәрдан, және

ұқсас материалдардан) бұйымдар жасаушылар
Мүсін өндірісінде табиғи тастардан (граниттен, мәрмәрдан, және ұқсас материалдардан) бұйымдар жасаушылар сәулет шешімінде ескерткіштер макеттерін және мемориалдық тақтайлар үлгілерін жасайды, кейін қатты материалға ауыстыру үшін сәулет бөлшектерінің көлемді макеттерін сомдайды, мүсін шығармаларын және сәулет бөлшектерін тотықтайды және өң береді, оларды орындарына орнатады.

Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:

- гипстен сызбалар мен үлгілер бойынша сәулет шешіміндегі ескерткіштер макеттерін және мәтіні бар мемориалды тақтайлар үлгілерін жасауды;

- кейін қатты материалға ауыстыру үшін сәулет бөлшектерінің көлемді макеттерін суреттер мен үлгілер бойынша балшықтан және пластилиннен сомдауды;

- мүсін шығармаларын және сәулет бөлшектерін тотықтауды және өң беруді;

- постаментке орнату орындарында монументті мүсін өнімдерін бетон қоспасымен толтыруды, бетон қоспа дайындауды;

- мүсін шығармаларын және сәулет бөлшектерін орындарына орнатуды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Мүсін өндірісінің сомдаушысы

Мүсін өндірісінің үлгішісі

Тотықтаушы
734 ҚҰРАМДАС ТОП

Полиграфиялық өндіріс жұмысшылары
Полиграфиялық өндіріс жұмысшылары шрифттерді тереді және орындарына қояды, баспа матрицаларын, баспа нысандарын жасайды, баспа нысандарын, шрифттерді және оюларды нақыштайды, мәтінді тереді және басады, брошюралық, түптеу және өңдеу жұмыстарын орындайды.

Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:

- шрифттерді қолмен немесе машинаның көмегімен теруді және орындарына қоюды;

- терілген шрифттен баспа матрицаларын, үлгілік баспа нысандарын жасауды;

- баспа нысандарын, шрифттерді және оюларды нақыштауды;

-түрлі гарнитурлер мен алфавиттің шрифттерінен мәтінді теруді және жөндеуді;

- басуға қағазды, бояуларды және нысандарды дайындауды, сынама дақтамалар жасауды, дақтамалардың сапасын тексере отырып, салуды және дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттер атқаруды қамтиды.


7341 БАЗАЛЫҚ ТОП

Терушілер, баспашылар, есепшілер
Терушілер, баспашылар, есепшілер мәтіннің барлық жүйелерін тереді, верстка жасайды және түзетеді; көптүсті баспа үшін сынама дақтамалар жасайды; түрлі үлгідегі және конструкциядағы машиналарда жеткізуді, түзетуді және басуды жүзеге асырады.

Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:

- көпбояулы баспа үшін түпнұсқа нысандардан сынама дақтамалар алуды;

- түсін таңдау кезінде бояулардың дозасын есептеуді;

-суреттердің төлқұжаттарын құрастыруды;

- жетіспейтін штрихтар мен бейнелерді түпнұсқалық нысанда қалпына келтіруді;

- жалпақбасу машиналарында және түрлі үлгідегі автоматтарда, терең басу парақтық, рулондық және маркалық машиналарында, офсеттік, литографиялық және басқа машиналарда жеткізуді, түзетуді және басуды;

- нысандарды орнатуды және баптауды, өздігінен салуды зарядтауды;

- қызметтер көрсететін жабдықтарды реттеуді, оның жұмысындағы кемшіліктерді жоюды;

- баспа парақтарының төрт бұрышы бойынша, оның ішінде баспа машинасының әр түрінен кейін мәтіндік қағазды бақылаулық қайта есептеуді;

- бақылаулық қайта есептеулер жүргізілген кезде мәтіндік қағазды алуды;

- өндірістің паспорттық, өңдеу учаскелерінде партиялар бойынша баланс өткізумен баспа және өзге өнімді бақылдаулық қайта есептеуді;

- тапсырыстар бойынша баланс өткізумен технологиялық қалдықтарды бақылаулық қайта есептеуді;

- инкассацияға қатысуды;

- пакеттерді бақылаулық қайта есептеуді және дайын өнімді буып-түюді;

- есептеуді және буып-түю машиналарына қызметтер көрсетуді, өнімнің сақталуын қамтамасыз етуді;

- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Қолмен теруші

Машиналармен теруші

Теру жол құю машиналарының терушісі

Жазық баспа сынамашысы

Шығыңқы баспа басушысы

Ойыңқы баспа басушысы

Бақылаушы-есепші
7342 БАЗАЛЫҚ ТОП

Электротиперлер және стереотиперлер
Электротиперлер және стереотиперлер терілген шрифттен стереотиптеу әдісімен баспа нысандарын жасайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:

- типографиялық қоспалар мен пластмастан стереотиптер, жаппай басылымдар, сондай-ақ арнайы басылымдар, энциклопедиялық және жоғары көркемдік басылымдар үшін, гальванопластикалық стреотиптер жасауды;

- нысандар мен матрицалық материалдар дайындауды;

- түрлі материалдардан матрицалар престеуді;

- электролиз процесін жүргізуді;

- қызметтер көрсететін жабдықтың ақауларын анықтауды және оларды жоюды;

- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Стереотипер


7343 БАЗАЛЫҚ ТОП

Баспа нысандарын нақыштаушылары мен өрнекшілері
Баспа нысандарының нақыштаушылары мен өрнекшілері нақыштау жолымен түрлі шрифтер жасайды және клишелер мен нысандарды түзейді; барлық баспа тәсілдері үшін жасалған нысандардың сапасын тексереді; нысандарды өрнектейді және өрнектеумен ақауларын жояды.

Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:

- нақыштау арқылы болат пунсондарды, шрифтер мен кегельдің оюларын, сондай-ақ айрықша графикалық нысандағы шрифтерді, елтаңба мөрлері мен нумерациялық дөңгелектер жасауды;

- нақыштау машинасы үшін пантограф пен түрлі фрездерді есептеуді;

- нақыштау арқылы шрифтік және растрлық клишелерді, гальваностереотиптік, металографтық, литоофсеттік, биметалдық және нысандардың басқа түрлерін түзеуді;

- басу тәсілдерінің барлығы үшін жасалған нысандар сапасын тексеруді;

- штрихтық және мәтіндік нысандарды өрнектеуді, нысандар ақауларын өрнектеумен жоюды;

- рецептура бойынша ерітінділер жасауды;

- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Баспа нысандарының нақыштаушы

Шрифт нақыштаушы

Басыңқы баспа нысанының өрнекшісі
7344 БАЗАЛЫҚ ТОП

Түптеушілер және тектес кәсіптер жұмысшылары
Түптеушілер және тектес кәсіптер жұмысшылары баспа басылымдарын брошюралайды, түптейді және кітаптар мен көркем бұйымдар қаптамаларына жазулар мен суреттерді баспа-таңбалайды.

Осы топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:

- баспа басылымдары мен сүйінші даналарды брошюралауды;

- безендіру элементтерін жабыстыруды және жапсырмалауды, парақтарды бүктемелеуді;

- баспа басылымдарын түптеу үшін материалдар дайындауды, оларды қаптамасы үшін пішуді және кесуді, түрлі материалдардан қаптамалар әзірлеуді, блоктарды қаптамаға қондыруды және престеуді;

- кітаптардың мұқаба қаптамаларына немесе көркем бұйымдарға жазулар мен суреттерді баспа-таңбалауды;

- баспа-таңбалау сапасын тексеруді;

- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Брошюрашы

Түптеуші
7345 БАЗАЛЫҚ ТОП

Жібекбаспа, металлография жұмысшылары және маталар трафаретшілер
Жібекбаспа, металлография жұмысшылар және маталар трафаретшілер түрлі әдістермен металлографиялық станоктарда баспа-таңбалар басады және фотография әзірлеуға арналған баспа-қалыптар құрастырады.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- түпұсқаның сипатына қарай баспа қалыптарын әзірлеудің әдісін таңдауды;

- тұпнұсқаның әрқайсысына жарық сезгіш қабат іріктеуді және әзірлеуді;

- жібек, капрон, нейлон немесе металл елеуіштерге көшіргіш қабаттар жағу әдісімен немесе өзге де (ойма, тікелей, пигменттік) әдіспен трафареттік баспа қалыптарын әзірлеуді;

- металлографиялық станоктарда баспа-таңбалар басып шығаруды және фотография әзірлеуге арналған баспа-таңбаларды құрастыруды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Трафаретші

Металлографиялық баспа-таңбалар баспашысы


74 ШАҒЫН ТОП

Ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысшыларының өзге де кәсіптері
Ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарының өзге де кәсіптерінде жұмыс істейтін білікті жұмысшылар ауыл шаруашылығы шикізатын және теңіз өнімдерін өңдейді және қайта өңдейді, олардан азық өнімдерін, сусындар және өзге де өнімдер әзірлейді, ағаштан, тоқымадан, үлбірден, теріден және өзге де материалдардан бұйымдар әзірлейді және олардан жасалған бұйымдарды жөндейді, асбестцемент және бетон өнімдерін, қабырғалық және тұтқырлағыш материалдардан бұйымдар әзірлейді, жылу оқшаулағыш және гидрооқшаулағыш материалдар өндіреді, ойыншықтар мен көрнекі оқу құралдарын әзірлейді.

Жұмыстар машиналар мен механизмдерді қолданбай қолмен не машиналар мен механизмдер қолданылып орындалады және өндірістік процестің ұйымдастырылуын білуді, қолданылатын материалдар мен аспаптарды, ақырғы өнімнің мақсатын білуді талап етеді.

Осы шағын топ жұмысшыларының міндеттері:

- етті, балықты, сүтті, бидайді, жеміс-жидекті, көкөністерді және олардан әзірленетін ет, балық, сүт, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдерді және өзге де тамақ өнімдерін өңдеуді және қайта өңдеуді;

- ет, балық және көкөніс консервілерін, жеміс-жидек компоттарын, варенье, шырындар және өзге де өнімдерді әзірлеуді; азық өнімдерін және сусындарды дегустациялауды және олардың сұрыптылығын анықтауды;

- темекі және темекі өнімдерін әзірлеуді; ағаш өңдеу, жиһаз және ағаштан өзге де бұйымдар әзірлеуді, жөңдеуді және әрлеуді;

- табиғи талшықтарды өңдеу және қайта өңдеуді;

- терілерді және үлбірлі терілерді одан әрі де пайдалану үшін өңдеуді; тоқыма бұйымдарын, үлбір мен теріден киім, қалпақтар, бұйымдар әзірлеуді және жөңдеуді;

- пішім мен лекалалар әзірлеуді;

- асбестцемент бұйымдарын әзірлеуді;

- қабырғалық және тұтқырлағыш материалдар әзірлеуді, жылуоқшаулаушы және гидрооқшаулаушы материалдар әзірлеуді; ойыншықтарды суреттеуді және безендіруді;

- көрнекі құралдардың мысалдарын дайындауды және оларды үлгілеуді қамтиды.


741 ҚҰРАМДАС ТОП

Тамақ өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіптері
Тамақ өнеркәсібінің жұмысшылары мал мен құс сояды, балық аулайды, оларды өңдейді және оларды адамдар мен жануарлардың тұтынуына даярлайды; нан, қант, кондитерлік, ұн бұйымдарын әзірлейді, сүт өнімін, алкогольді және алкогольсіз сусындар, консервілер және өзге де тамақ өнімдерін өндіреді; темекі және ферменттациялық бұйымдар әзірлейді.

Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:

- мал мен құс союды, балық аулауды, малдың, құстың және балықтың етін өңдеуді және олардан тамақ өнімдерін, оның ішінде консервілер әзірлеуді;

- нан, нан-тоқаш, ұн , кондитерлік бұйымдар, қант әзірлеуді;

- темекі жапырақтарын өңдеуді және олардан темекі бұйымдарын әзірлеуді;

- ферментациялық өнімдер өндіруді қамтиды.



7411 БАЗАЛЫҚ ТОП

Ет, балық және консерві өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіптері
Ет, балық және консерві өнеркәсібінің жұмысшылары мал, құс, қоян союмен, олардың етін өңдеумен және қайта өңдеумен айналысады, жануарлардың етінен шала өнімдер әзірлейді, шұжықтар, котлеталар және консерві әзірлеу үшін тартылған ет құрастырады; балық аулайды, оны бөлшектейді, тұздайды және консервілейді; балық пен теңіз өнімдерінен аспаздық бұйымдар шығарады; еттен, көкөністен, жеміс-жидектен консервілеу үшін шикізат дайындайды және оларды консервілейді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:



  • желілер мен санитарлық қасапханаларда ірі қара мал мен ұсақ

малды союды;

  • малды өңдеу желілерінде және ет өнімдерін өндіруге арналған

шикізатты даярлау кезінде ұшаларды құрғақ және ылғалды түрде өңдеуді;

  • малдың еті мен өкпе-бауыры мен ішек-қарнын шандырдан

тазалауды;

  • еттен жасалған шала өнімдер әзірлеуді, шикізатты

рецептура бойынша есептеп және іріктеп, котлеттер, шұжықтар және өзге де ет өнімдері үшін тартылған ет құрастыруды;

  • құс пен қояндарды сою және олардың ұшаларын өңдеуді, қалыптау және пакеттер мен жәшіктерге тиеуді;

  • кәсіпшілік құралдарды балық аулауға дайындауды, балық аулайтын орынды таңдауды және балық аулауды;

- ауланған балықты және балық өнімдерін өңдеуді және тапсыруды;

- балықты мұздатуды және тұздауды, балықтан және теңіз өнімдерінен кулинарлық өнімдер әзірлеуді;

- етті, балықты, көкөністерді, жеміс-жидектерді консервілеу үшін шикізат дайындауды, порцияларын іріктеп оларды ыдыстарға құюды және олардың үстіне маринад, тұздық, сорпа құюды;

- белгіленетін рецептура бойынша тұздық ерітінділерін даярлаумен қоса көкөністер мен саңылауқұлақтарды тұздауды;

- мазмұны бойынша өзге де тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Мал союшы

Малдың еті және өкпе-бауыры мен ішек-қарнын шандырдан тазалаушы;

Еттен шала өнімдер әзірлеуші;

Ет ұшаларын өңдеуші

Балық өңдеуші

Азық шикізатын даярлаушы

Көкөністерді тұздаушы

Консервіленетін өнімдерді тиеуші



7412 БАЗАЛЫҚ ТОП

Наубайхана-макарон өндірісі, кондитерлік өндіріс және қант өндірісі жұмысшыларының кәсіптері

Наубайхана-макарон өндірісі, кондитерлік өндіріс және қант өндірісінің жұмысшылары қамыр дайындайды, нан-тоқаш өнімдерін қалыптайды және пісіреді, макарон бұйымдарының шала өнімдерін, әртүрлі печенье түрлерін, пряниктер, торттар, пирожноелар және өзге де бір даналап шығарылатын кондитерлік бұйымдар, карамель, конфеттер, ұлттық тәтті тағамдар әзірлейді; қант өндірісі үшін қызылша жаңқасын дайындайды, оларды клерлеуді жүзеге асырады, рафинад кесектерін сұрыптайды және тазартады, оларды бөледі және шағады.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:


  • илеу процесін және ашытқы мен қамырдың ашытылуы процесін реттеп, қамыр дайындауды;

  • оның дайындығын анықтауды, қамырды порциялап кесуді, нанды, нан-тоқаш және ұлпалы-кондитерлік бұйымдарды қалыптауды және пісіруді;

  • дайын өнімнің ақауларын анықтауды және науаларға тиеуді;

  • престеу арқылы макарон өнімдерінің шала өнімдерін әзірлеуді;

  • рецептура бойынша начинкалар, кремдер даярлап, әртүрлі

печенье, бисквит, пряниктер, тоқаш бұйымдары, пирожноелар, торттар түрлерін әзірлеуді; - карамель массасына бояғыш заттар, қышқылдар және эссенциялар

енгізумен карамель әзірлеуді; начинкалар мен глазурь дайындаумен қоса конфеттер мен ұлттық тәтті тағамдар әзірлеуді;



  • қызылша жаңқасын алу үшін қызылшаны кесуді, қызылша жаңқасының диффуздық аппараттарға түсуін реттеуді;

  • шикізат қантты және құмшекерді клерлеуді;

  • рафинад кесектерін сұрыптау және тазарту, рафинад қантты

бөлшектерге бөлуді, шағу және кесектеп кесуді;

  • мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Наубайханашы

Қамыршы

Макарон өнімдерінің шала өнімдерін престеуші



Қамыр қалыптаушы

Бисквитші

Карамельші

Кондитер


Конфетші

Қызылша кесуші

Рафинад бөлшектеуші

Қант клерлеуші





  1. БАЗАЛЫҚ ТОП

Май шайқау, сыр қайнату және сүт өндірісі жұмысшыларының кәсіптері
Май шайқау, сыр қайнату және сүт өндірісінің жұмысшылары сүт, іркіт, сүт сарысуын тартады және май, қаймақ, ірімшік, сыр, брынза және өзге де сүт өнімдерін әзірлейді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- сүт, іркіт, сүт сарысуын тартуды, тартылған өнімдерге талдама әзірлеуді және оларды одан әрі қайта өңдеуге тапсыруды;

- түрлі май шайқағыштарда май шайқау, майды ылғалдылығы бойынша қалыптандыруды және оны дайын болғанша өңдеуді;

- қаймақ пен ірімшікті белгіленетін майлылығына дейін жеткізіп дайындауды, оларды өлшеп орауды, ыдыс-қаптарға буып-түюді;

- сүт қоспасының майлылығын реттеп, ұйытқыны қажетті майлылығына дейін жеткізіп, қаймақ пен ірімшік әзірлеуді, оларды өлшеп орауды, ыдыс-қаптарға буып-түюді;

- сүт қоспасының майлылығын реттеп, ұйытқы, ферменттер және химикаттар енгізіп, сыр қайнатуды және оның әзірлігін анықтауды;

- бактериалдық ашытқылар қолданып, пастерленетін сүттен брынза әзірлеуді;

- сүттің ұю процесін реттеуді, ұйытындының әзірлігін анықтауды, оны кесектерге бөліп тұздауды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Сүт пен сүт шикізатының сепараторшысы

Май шайқаушы

Қаймақ әзірлеуші

Ірімшік әзірлеуші

Сыр қайнатушы

Брынза қайнатушы


  1. БАЗАЛЫҚ ТОП

Алкогольды және алкогольсіз өндіріс жұмысшыларының кәсіптері

Алкогольді және алкогольсіз өндіріс кәсіптерінде жұмыс істейтін жұмысшылар алкоголь және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған шикізатты өңдейді және шарап, коньяк, аққайнар шарабын, сыра, шырындар, жеміс-жидек сусындарын және сол секілді өнімді әзірлейді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- жүзім және жеміс-жидек шикізатын сұрыптауды, оның құрамындағы қанттың, қышқылдың және өзге де компоненттердің болуын анықтауды, шикізаттан шырын, ашытқы, езінді шығаруды;

- ликер-арақ бұйымдарға, жеміс-жидек суларға арналған купаждар мен құрғақ сусындарға арналған концентраттар әзірлеуді;

- ашытқының, шырынның, езіндінің ашытылу процесін жүргізуді, ашытқыны және шырындарды мөлдірлетуді, ашытқының таза тұқымын көбейтуді және шарап пен аққайнар өндіру үшін ашытқы ажырамасын әзірлеуді;

- коньяк спиртін бабына келтіруді және оны күтуді, коньяктарды әзірлеуді және оларды бөшкелерге құюды;

- сыра өндірісінде тұқымның көктеуі процесін реттеуді, уытты езуді, ыдыратуды және кептіруді;

- құрғақ сыра ашытқысын өндіру процесін реттеуді және оларды бөлшектеп өлшеп орауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Купаждаушы

Шарап шикізатын өңдеуші

Коньяк спирттерін және коньяктарды өңдеуші

Ашытқы мен шырындар өңдеуші

Аққайнар шарабын дайындаушы

Уыттаушы

Құрғақ сыра ашытқысын әзірлеуші




  1. БАЗАЛЫҚ ТОП

Тағам өнімдерінің, сусындардың дәмсарапшылары және сұрыптылықты анықтаушылар

Тағам өнімдерінің, сусындардың дәмсарапшылары және сұрыптылықты анықтаушылар түрлі ауылшаруашылық өнімдерінің, тамақ өнімдерінің және сусындардың, оларды сырт көзбен қарап, дәмін татып, сұрыптылығын анықтайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- келіп түсетін сүт өнімдерін дефростацияға қабылдауды, олардың салмағын, санын, сапасын тексеруді және сұрыптары бойынша іріктеуді;

- шайды маркалары мен сұрыптары бойынша іріктеуді және бұйра, жасыл немесе тақта шай өндіруге купаж дайындауды, дайын өнімнің стандартты түрлерін алу үшін сұрыпталған шайды араластыруды;

- шайдың дегустациялық қасиеттерін тексеруді;

- ботаникалық сұрыптары, өсіру аудандары, тауарлық сұрыптары, стандарттары бойынша ферменттелмеген және ферменттелген темекінің сұрыпын анықтауды, темекінің біртектес партияларын іріктеуді;

- темекі шикізатының дегустациялық қасиеттерін, өнімнің әрбір сұрыпына арналған мешкалардың рецептураларын тексеруді және мешкалардың жұмыс рецептурасына қажетті түзетулер енгізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Сүт өнімдерінің дефростатшысы

Шайды купажшы




  1. БАЗАЛЫҚ ТОП

Темекі-көк темекі және ферментациялық өндіріс жұмысшыларының кәсіптері
Темекі-көк темекі және ферментациялық өндіріс кәсіптерінің жұмысшылары темекі шикізатын дайындап өңдейді және түрлі темекі өнімін әзірлейді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- жапырақ темекіні, көк темекі гамузын және чухран жапырағын папиросалар, шылым және көк темекі әзірлеу үшін қайта өңдеуге дайындауды;

- темекі шикізатын тауарлық және ботаникалық сұрыптары бойынша сұрыптауды, сынамалар алуды;

- мешканың құрамына енетін темекінің барлық сұрыптарын сұрыптауды және түтуді, мешкалардың рецептурасына және кондицияларына сәйкес партиялар құрастыруды;

- темекіні хош иістендіру үшін отдушкалар құрастыруды және хошиістендіру жүргізуді;

- ферменттелген және ферменттелмеген темекіні іріктеуді, оны стандарт бойынша сұрыптауды, темекінің біртектес партияларын жинақтауды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Хошиістендіруші

Темекі бойынша купажист

Темекіні сұрыптаушы

Ферментациялық өндірістегі темекі сұрыптаушы

742 ҚҰРАМДАС ТОП

Ағаш өндіру өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіптері

Ағаш өндіру өнеркәсібінің жұмысшылары сүректі төзімдетеді және өңдейді, одан түрлі бұйымдар әзірлейді және оларды жөндейді; ағаш өңдеу станоктарын басқарады және баптайды.

Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:

- түрлі әдістермен сүректі төзімдетуді және өңдеуді; ағаштан бұйымдар, оның ішінде жиһаз, шаблондар, модельдер, шаңғылар, теннис ракеткаларын және өзге де бұйымдар әзірлеуді, ағаш өңдеу станоктарын сүректі кесуді, фасондауды, сүрек кесу және өзге де операциялар үшін баптауды және оларға қызмет көрсетуді қамтиды.


7421 БАЗАЛЫҚ ТОП

Сүректі бастапқы өңдеу жөніндегі жұмысшыларының кәсіптері

Сүректі бастапқы өңдеу жөніндегі жұмысшылар бөренелерді, қыраттарды және білеулерді араматериалдарына және дайындамаларға кеседі, араматериалдарын пішіндейді, тақтайларды, араматериалдарын және дйындамаларды таңбалайды, оларды станоктарда жонады, бейіндейді және өзге де өңдеу түрлерін қолданады; дайын өнімдер мен араматериалдарын сіңдіреді, буландырады және қайнатады.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- бөренелерді, қыраттарды және білеулерді араматериалдарға және дайын өнімдерге кесуді, бейіндеудің ұтымды сұлбасын анықтап араматериалдарды белгіленетін кесектерге пішуді;

- шаблондар бойынша дайын өнімдер үшін тақтайларды, жонылған шпоннан жасалған араматериалдарды таңбалауды;

- талшықтардың бағытын ескере отырып, дайын өнімдерді таңбалауды;

- акустикалық қасиеттерін қамтамасыз етіп, музыка аспаптарына арналған дайындамаларды таңбалауды;

- дайын өнімдерді жонғылауды, пішіндеуді, сүректі өңдеу жөніндегі тауарлық, фрезерлік және өзге де станок жұмыстарын атқаруды;

- белгіленетін рецептура бойынша сіндірме материалдарын әзірлеп араматериалдарын антисептикалық ерітінділерге, парафинге, шайырға және өзге де құрамдарға сіндіруді;

- дайын өнімдердің көлеміне және сүректің түріне қарай режимдер таңдаумен дайын өнімдерді буландыруды және қайнатуды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Станокшы-кесуші;

Ағаш бойынша таңбалаушы;

Ағаш өңдеу станоктарының станокшысы

Сүректі буландырушы-қайнатушы


7422 БАЗАЛЫҚ ТОП

Қызылағашшы және тектес кәсіптердің жұмысшылары
Қызылағашшылар және тектес кәсіптердің жұмысшылары сызбалар мен эскиздер бойынша жиһаз әзірлейді, оны әрлейді және қаптайды; сүректен бұйымдар құрастырады; шаблондар, алабұйымдар және өзге де бұйымдар әзірлейді; ағаштан жасалған бұйымдардың және бөлшектердің сапасын бақылайды және оларды қабылдайды; корпустық жиһазды жөндейді және қалпына келтіреді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- сызбалар мен эскиздер бойынша жиһаз әзірлеуді, жиһаздың қапталған бөлшектері мен тораптарын тегістеуді және жылтырлатуды, бөлшектерін іріктеп, қиюластырып және бекітіп, корпустық жиһазды құрастыруды;

- текстурасы мен түсін таңдаумен, жиһаздың сыртқы беттері үшін шпон мен жасанды материалдар жинақтауды және оларды бүйірлетіп жабыстыруды;

- жиһаздың жиектерін, тораптарын және бөлшектерін түрлі материалдармен қаптамалауды, жиһаздың элементтерін қаптауды және желімдеуді;

- сүректен жасалған тораптар мен бұйымдарға лак пен левкас қабаттарын жағуды, лакталған және эмальді беттерді құрғақ және ылғалды әдіспен жылтырлатуды, бөлшектер мен бұйымдарды жылтырлатуды, оларды бояуды;

- метал арматурасын қиюластырып және бекітіп сүректен жасалған бұйымдарды жинақтауды, жабыстыруды, бекітуді және матамен қаптауды;

- сызбалар мен үлгілер бойынша ағаш шаблондар, ала бұйымдар, бұрыштамалар, струбциналар, тіректер және өзге де бұйымдар әзірлеуді;

- ағаштан жасалған бұйымдар мен бөлшектердің сапасын операциялар бойы бақылап отыруды және оларды қабылдауды;

- корпустық жиһазды жөңдеуді және қалпына келтіруді қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптер мысалдары:

Қызылағашшы балташы

Сүректен жасалған бұйымдарды әрлеуші

Жиһаз қаптаушы

Жиһаз бөлшектерін қаптаушы

Жиһазға арналған қаптама материалын айшықтаушы

Сүректен жасалған бұйымдарды құрастырушы

Ағаш өңдеу өнідірісінің бақылаушысы

Шаблондар әзірлеуші

7423 БАЗАЛЫҚ ТОП

Ағаш өңдеу құрал-жабдығын баптаушылар
Ағаш өңдеу құрал-жабдығының баптаушылары құрал-жабдықты баптаумен және реттеумен айналысады және қызмет көрсететін құрал-жабдықты ағымдағы және күрделі жөңдеуге қатысады.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- кескіш аспапты жұмыс процесі кезінде орнатып және ауыстырып, бұрғылауды, жонғылауды, тегістеуді, тиектеп кескіш, таспа кескіш және өзге де станоктарды баптауды және реттеуді;

- жұмыс барысында автоматты және жартылай автоматты желілер мен құрылғыларды баптау және реттеуді;

- баптау процесінде қажетті есептеулер жүргізуді;

- қызмет көрсететін құрал-жабдықты ағымдағы және күрделі жөңдеуге қатысуды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Ағаш өңдеу құрал-жабдығын баптаушы

7424 БАЗАЛЫҚ ТОП

Себет, жиһаз өрушілер және тектес кәсіптердің жұмысшылары
Себет, жиһаз өрушілер және тектес кәсіптердің жұмысшылары түрлі бұйымдар, жиһаздар, себеттер өреді және жиһаздың өрілген бөлшектері мен тораптарын жинайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- жүзім сабағынан, шыбықтан және синтетикалық материалдардан көркемделген бөлшектер, бұйымдар және жиһаз өруді;

- метал және ағаш қаңқалы жиһаздың өрілген бөлшектері мен тораптарын, қиюластырып және тегістеп, сызбалар, эскиздер және суреттер бойынша жинақтауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Өрілген жиһаз (себеттер және өзге де заттар) жасаушы
743 ҚҰРАМДАС ТОП

Тоқыма өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіптері
Тоқыма өнеркәсібінің жұмысшылары тоқыма талшықтарын әзірлеу үшін шикізат дайындайды, одан жіптер мен иірімжіптер әзірлейді, маталар мен бұйымдар тоқиды, торлар, киіз бұйымдарын және мақта әзірлейді.

Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:

- мақта мата, зығыр, жібек, жүн, кендір жіп талшықтарын әзірлеу үшін шикізат дайындауды; талшықтардан жіп және иірімжіп әзірлеуді;

- қолмен маталар тоқуды және трикотаж маталар мен бұйымдар тоқуды;

- мақта, киіз бұйымдар мен торлар жасауды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.


7431 БАЗАЛЫҚ ТОП

Мақта мата, зығыр, жібек пысыту, жүн, кендір жіп, өндірістерінде және мақта өндірісінде талшық әзірлеумен айналысатын жұмысшылар
Мақта мата, зығыр, жібек пысыту, жүн, кендір жіп, өндірістерінде және мақта өндірісінде талшық әзірлеумен айналысатын жұмысшылар талшықтарды иіруге дайындайды: оларды жуады, түтеді, бөгде қоспалардан айырады, сұрыптайды, иірімжіп әзірлейді және өндірілетін иірім жіптің сапасын бақылаумен айналысады, мақта өндіреді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- зығыр талшығын түтуді, бөгде қоспалардан айыруды, талшықты қол тарақпен әрлеуді және оны нөмірлері мен түсі бойынша сұрыптауды;

- жуылмаған жүнді, оның түрін, оның жіңішкелігін, ұзындығын, күйін анықтап, сұрыптауды;

- жуғыш ерітінділер дайындап және оның концентрациясы мен температурасын реттеп, жүнді жуғыш машиналар мен агрегаттарда жууды;

- кендірдің барлық талшықтар түрлерін қолмен илеуге және тарауға дайындауды, талшықтарды стеллаждарға басылуы үшін қалап салуды;

- түксіз, түкті және ұзынтүкті кілемдер әзірлеуге арналған негіз материалын қолмен әзірлеуді, оның сапасын бақылауды;

- тоқыма талшықтарының өзге де түрлерін сұрыптауды және өңдеуді;

- иіру, иіру-ширату және созбалау машиналарында иірімжіп әзірлеуді, таспаның, созбаның және иірімжіптің үзілуін жөңдеуді, өндірілген иірімжіпті ағытып алуды;

- өндірілетін жіптің сапасын бақылауды;

- мақта өндіруді;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Талшық пен мата өңдеуші

Жуылмаған жүнді сұрыптаушы

Жүн жуушы (жүн өндірісі)

Талшық дайындаушы

Талшық әрлеуші (зығыр өндірісі)

Иіруші

Тізіпораушы (тоқыма өндірісі)



7432 БАЗАЛЫҚ ТОП

Тоқыма өнеркәсібіндегі тоқымашылар, іліптоқушылар, қол еңбегімен айналысатын өзге де жұмысшылар

Тоқыма өнеркәсібіндегі тоқымашылар, іліптоқушылар және қол еңбегімен айналысатын өзге де жұмысшылар қол тоқыма станоктарында даналап жасалатын сәнді және өзге де бұйымдар әзірлейді; орамалдар, шарфтар, палантиндер, жамылғылар, шұлықтар, баскиімдер және сол тектес бұйымдар әзірлейді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- қол тоқыма станоктарында даналап жасалатын сәнді бұйымдар, еденге төселетін алашалар мен өзге де бұйымдар әзірлеуді, станоктарды дайындауды және сабақтауды, жіптердің үзілуін жөңдеуді және иірілген бұйымдарды ағытып алуды;

- иірімжіпті дайындап және оларды шүйкелерге орап, орамалдар, шарфтар, палантиндер, гардиналық жаймалар, майлықтар, шұлықтар, баскиімдер, қолғаптар және сол тектес бұйымдарды бізбен, күршекпен немесе арнайы алабұйымдармен тоқуды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Тоқымашы (қол тоқымасы)

Іліптоқушы (қол өндірісі)

Тоқыма-галантереялық бұйымдарды тоқушы


7433 БАЗАЛЫҚ ТОП

Тор тоқу өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылар
Тор тоқу өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылар торлар тоқуға арналған жіптерді ширатумен және иірумен айналысады, тор маталарын және торлар тоқиды, торлар үшін іріктемелер мен гужиктер әзірлейді, тор бұйымдарының сапасын бақылайды және оларды жөңдеумен айналысады.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- ширатуға келіп түсетін жіптердің және табиғи, химиялық талшықтардан жасалған жіптердің жарамдылығын тексеруды және оларды ширатқыш машиналарда ширатуды;

- тор маталарын және торларды қолмен және машиналарда тоқуды, тор матасын жеке торшаларға кесуді, төсеуді, торларды созбалауды, торлардың ұяларын түзеуді;

- торлар үшін үстінгі және астынғы подборлар мен гужиктер әзірлеуді;

- ұзындығы бойынша кесілген жерінің дұрыстығын, түйіннің қалыптасуы мен тартылуын, ұяшалардың біркелкі болуын, тор бұйымдарының сапасын тексеруді;

- өткізіліп жіберілген жерлерін, ұялардың түзусіздігін түзетіп, жіптердің өткізіліп жіберілген ұштарын қырқып және өзге де ақауларды түзетіп, тор бұйымдарын тексеріп қарауды және жөңдеуді;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Сеточникты ширатушы

Тор тоқушы

Тор материалдарын даярлаушы

Подборлар мен гужиктер әзірлеуші

Тор бұйымдарын бақылаушы

Тор бұйымдарын қайта құрастырушы

7434 БАЗАЛЫҚ ТОП

Киіз басу өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылар
Киіз басу өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылар киім мен аяқ киім басады, оларды киіздеумен, престеумен, қалыптаумен және әрлеумен айналысады.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- киіз басу машиналарында аяқ киім мен бас киім басуды;


  • созбалау станогында басылған аяқ киімді қажетті пішінге келтіріп

жазуды және керуді;

- бұйымдардың пішіні мен тығыздылығын бақылайтын пресстерде киіз бас киімдерін, киізді, киіз шеңберлерін престеуді;

- киіздеу процестерінің технологиялық режимдерін реттейтін және киіздеу сапасын бақылап, машиналарда бас киімдерді, киіз аяқ-киімді, киіздерді және өзге де киіз бұйымдарды киіздеуді;

- бас киімдерді қолмен және машиналарда пішіндеуді, оларды желім ерітіндісінде өңдеуді және пішінделген бас киімдерді кептіру;

- сыртын замша және өзге де материалдарға ұқсас етіп, басылған киізден жасалған бұйымдарды әрлеуді;

- бұйымдарды әрлеудің сапасын бақылауды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Киіз басушы

Киізден жасалған бұйымдарды престеуші

Киіздеуші

Киізден жасалған бұйымдарды жазушы

Бас киімдерді пішіндеуші

Киіз бұйымдарын әрлеуші


744 ҚҰРАМДАС ТОП

Жеңіл өнеркәсіп жұмысшыларының кәсіптері (тігін өнеркәсібін қоса)
Жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары (тігін өнеркәсібін қоса) маталардан, былғарыдан, теріден және өзге де материалдардан бұйымдар тігу және әзірлеу үшін шикізат пен шала өнімдерді өңдейді, оларды пішеді, киім тігеді, тері аяқ-киім, бас киім және өзге де бұйымдар әзірлейді.

Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:

- тері шикізатын және шала өнімдерді пішуді, былғары мен теріні өңдеу және әрлеуді, үлбір терілерді және былғарыны өңдеу және әрлеуді;

- тері мен былғарыны бояуды;

- аяқкиімнің үсті мен астының бөлшектерін жинақтауды, тері аяқ-киміді жинақтауды;

- аяқ киімнің жеке бөлшектерін әзірлеуді; тері-галантереялық бұйымдарды тігуді, жинақтауды және әрлеуді;

- тігін бұйымдар үшін лекалалар әзірлеуді; матаны бөлшектерге пішуді; үлбір терілерді пішуді;

- түрлі материалдардан және былғарыдан бұйымдар тігуді;

- маталарды плиссирлеуді және гофрлеуді;

- түрлі материалдардан бас киімдер әзірлеуді;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.
7441 БАЗАЛЫҚ ТОП

Тері, шикізат тері және былғары өндірістерінде жұмыс істейтін жұмысшылардың кәсіптері
Тері, шикізат тері және былғары өндірістерінде жұмыс істейтін жұмысшылар тері шикізатын пішеді, былғары мен теріні өңдейді және әрлейді, теріні және былғарыны бояйды, теріні айырады, тығыздайды және жылтырлатады, тері шикізатын, тері мен былғарыны пішудің, өңдеудің және әрлеудің сапасын бақылайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- шала өнімдерді, тұзтеріні, ірі қара малдың терісін пішім элементтеріне пішуді;

- қоспа құрастырып, терілерді жүнді сыпырып алатын қоспамен өңдеуді;

- үлбір терілерді пикельді, илеуші, майлаушы және өзге де ерітінділер көмегімен өңдеуді, тері тінінің талшықтарын жаншып қопсытуды, тері тінін жұмсарту және иілімдету үшін оны илеуді және тазартуды, тері үлбірлерінің түк басқан жерін белгіленетін ұзындыққа қырқуды;

- терілерді бояу, нейтрализациялау, майлау және жуып-шаю, химиялық заттардың жұмыс ерітінділерін, майлар мен бояуларды құрастырып және оларды аппараттарға мөлшерлеп салып, тері мен тондық қойтеріні бояуды;

- қыртыстарын, әжімдерін алып тастау және ауқымын ұлғайту үшін теріні керуді, оларды қажетті қаттылық, төзімділік және жалтырау қасиеттеріне бөлеу үшін тығыздағыш катоктарда тығыздауды;

- терілерді айнаның жылтырына дейін лактауды;

- тері шикізатын және шала өнімдерді өңдеу сапасын операциялар бойы бақылап отыруды;

- тері шала өнімдерді органолептикалық тұрғыдан бақылауды;

- үлбір теріден бұйымдар пішудің сапасын бақылауды;

- теріні, пластиналарды, үлбір және тондық қойтеріні және басқаны бақылауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Шикізат теріні пішуші

Терілерді тығыздаушы

Терілерді айырушы

Терілерді бояушы

Терілерді лактаушы

Шикізат пен шала өнімдерді бақылаушы

Үлбір терілерді өңдеуші

Үлбір терілерді әрлеуші

Тері мен тондық қойтеріні бояушы

Тері илеу өндірісіндегі тері шикізатын және шала шикізаттарды бақылаушы



7442 БАЗАЛЫҚ ТОП

Тері аяқкиім және теріден жасалатын өзге де бұйымдар өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылардың кәсіптері
Тері аяқ киім және теріден жасалатын өзге де бұйымдар өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылар аяқкиімнің асты және үстіңгі бөлшектерін және аяқкиімді бүтінімен жинақтайды, аяқкиімнің жеке бөлшектерін әзірлейді, тері-галантереялық бұйымдарды тігеді, жинақтайды және ажарлайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- бөлшектер контурларының дәлме-дәл келуін қамтамасыз етумен бөлшектерді бір-біріне қосу әдісімен аяқ киімнің үсті мен табанын құрастыруды;

- бөлшектерін өлшеп, қиюластырып және бекітіп аяқ киім құрастыруды;

- силикон матрицаларын құю үшін дайын аяқ киім үсті өнімінің макеттерін, құю және ыстық вулканизация әдісімен аяқ киім астының бөлшектерін, белгіленетін пішім мен өлшемдегі ағаш өкшелер әзірлеуді;

- тігін машиналарында тері-галантереялық бұйымдар: қолқаптар, биялайлар, сөмкелер, портфельдер, папкалар, әмияндар және өзге де заттар тігуді;

- желім, фурнитура және тері аратөсемдері арқылы тері-галантереялық бұйымдарды және олардың жеке элементтерін жинақтауды;

- тиісті түстегі бояуларды таңдап, тері-галантереялық бұйымдарды торлы шаблондар мен клишенің көмегімен бояулармен ажарлау-түктеуді;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Аяқ киім құрастырушы

Матрицалар макеттерін әзірлеуші

Бұйымдар тігуші

Тері-галантереялық бұйымдар құрастырушы

Тері-галантереялық бұйымдарды ажарлаушы
7443 БАЗАЛЫҚ ТОП

Тігін өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіптері
Тігін өнеркәсібінің жұмысшылары түрлі тігін бұйымдар үшін лекалалар әзірлейді, маталардан түрлі ассортименттегі бұйымдар бөлшектерін пішеді, үлбір терілерді пішеді, тері илеу жұмыстарын атқарады, түрлі материалдар мен теріден бұйымдар тігеді, маталардан жасалған бұйымдарды кестелейді, плиссирлеу мен гофрлау жүргізеді, бас киімдер жасайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- сызбаларға сәйкес тігін бұйымдардың түйіндеріне лекалалар құрастыруды;

- түрлі материалдардан жасалынған бақылаушы, жұмысшы және қосалқы лекалалар әзірлеуді;

- түрлі материалдарға бөлшектер лекалаларын салу және лекалалар контурларын айналдыра жиектеуді;

- түрлі маталардан лекалалар бойынша бұйымдар бөлшектерін пішуді;

- пішу сапасын, бұйым бөлшектерінің, қолданбалы материалдардың, фурнитура мен жіптердің түсінің бір-біріне сәйкестігін бақылап, машинамен немесе қолмен түрлі материалдардан жасалған бұйымдар тігу жөніндегі операцияларды орындауды;

- маталарда түрлі кестелермен оюлар мен суреттер кестелеуді;

- плиссе мен гофрені бекіту үшін ерітінділер дайындап, маталарды плиссирлеу және гофрлауды;

- машиналарда және қолмен түрлі материалдардан жасалған түрлі бас киімдер (кепилер, қалпақтар, фуражкалар және т.б.) жасауды;

- жүн және түбіт қалпақтардан әйелдердің қалпақтарын және фетр қалпақтардың қаңқаларын қалыптауды, шлемофондардағы және өзге де арнаулы бас киімдердегі аппаратураны құрастыруды;

- үлбір терілерді шаблондар бойынша пішуді, терілерді ұзындығынан және еңінен керіп жаюды;

- қиық терілерден, үлбір және тондық қойтеріден, құйрықтардан, табандардан және өзге де бөлшектерден түсі, өңі, түгінің қалындығы, тері матаның сипаты бойынша біркелкі болып келетін бұйымдар, үлбір, тері жолақтарын құрауды;

- қиық терілерді пішім бөлшектеріне жалғап қосу және пішім бөлшектерін бұйымға жалғап тігуді;

- түрлі үлбір теріден жасалған тері бұйымдарын өңдеу, қырқып тізіпорауды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары;

Лекалалар дайындаушы (тігін өндірісі)

Лекалаларды салушы

Пішуші


Тігінші

Кестелеуші

Плиссирлеуші-гофрлаушы

Фурнитурашы

Бас киім сәнгері
745 ҚҰРАМДАС ТОП

Құрылыс материалдар өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіптері

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің жұмысшылары цемент, асбестцемен және асбестсилит, темірбетон және бетон өнімдері мен конструкцияларын өндіреді, қабырғалық және тұтқырлағыш материалдар, жылу-оқшаулағыш және гидро-оқшаулағыш материалдар, құрылыс керамикасы бұйымдарын өндіреді, қабаттасты өңдейді.

Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:

- түрлі конструкциядағы бассейндердегі шламды әуе және механикалық әдіспен араластыруды;

- шламның қажетті деңгейін ұстау үшін, оның біркелкі тиелуін қамтамасыз етіп, болтушкадағы шикізатты мөлшерлемелеп отыруды;

- жармаланатын заттарды одан әрі ұсақтау үшін сұрыптауды және цемент өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындайды;

- асбестцемент бұйымдарын қалыптауды, шикі табақтарды өлшемдерге және конфигурацияларға бөлуді;

- құрастырылуы тиіс асбестцемент табақтарға топырақ қабатын себуді;

- желілік өлшемдерін тексере отырып, асбестцемент плиталарын жинақтауды;

- белгіленетін рецептура бойынша асбестцемент мастикасын әзірлеу және онымен жинақталған плиталарды сылауды;

- табақтарды бір-біріне бекіту үшін саңылаулар бұрғылау және оларды жабыстыру, асбестцемент пен асбестсилит бұйымдары өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындауды;

- бетон қоспалары мен ерітінділерінің компоненттерін мөлшерлеуді;

- бункерлерден, циклондардан және бактардан компоненттерді қабылдау және оларды араластырғыш агрегаттарға тиеуді;

- темірбетон бұйымдарды және конструкцияларды қалыптауды;

- арматуралық қаңқаның жеке элементтерін қалыптарға салуды;

- ішпектер мен өзекшелерді орнатуды;

- қалыптарды бетон қоспасымен толтыру, бұйымдарды қалыптан алуды;

- темірбетон конструкцияларын: панельдерді, сантехникалық кабиналарды, лифт шахталарын және тағы басқаларды жинақтауды;

- құрастырылатын бұйымдар мен элементтерді олардың бекітпелерімен түйістіруді;

- оқшаулағыш материалдарды төсеу, түйісетін жерлерді сылақ ерітіндісімен бітеу, темірбетон және бетон бұйымдары өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындауды;

- белгіленетін өлшемдерді ұстанып, қыш білеуден жабынды, кірпіш және өзге де бұйымдар әзірлеп кесуді;

- кірпіштен блоктар мен панельдер қалауды;

- гипс плиталарды, блоктарды және цемент-құм жабындысын қалыптауды және қабырғалық пен тұтқырлағыш заттар өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындауды;

- уатқыштарда, тасуатарларда және вибродиермендерде шикізат пен материалдарды уату, қалыптау станоктарында, конвейерлерде, автоматтандырылған құрылғыларда жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптауды;

- цилиндрлерден, маттардан, қабықтардан, сегменттерден құбыржолдарының жылуын және құрал-жабдықты оқшаулауға арналған конструкцияларды және және өзге де конструкцияларды жинақтауды және жылуоқшаулағыш материалдар өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындауды;

- асфальт мастикасы мен массасын қайнатуды, олардан асфальт плиталарын қалыптауды және асфальт мастикасы мен плиткасы өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындауды;

- әртүрлі маркалы битумдардан, пек пен өзге де компоненттерден сіндірме және төсем массаларын қайнатуды, резеңке ұнтағын, битум, асбест және кумаран шайырын, пластификаторларды араластыруды және пластификациялауды, жұмсақ шатыр төсемдері мен гидрооқшаулағыш материалдар өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындауды;

- қаптама плиткалар құю, фасондық тастар мен плиталарды, қышқылға төзімді құбырларды, колонналарды, үштармақтарды, отводтарды және құрылыс керамикасының өзге де бұйымдарын қалыптауды;

- қабаттасты уатуды, ұнтақталуының майдалығына қарай уатылған қабаттасты сыныптауды, қабаттастан түрлі қалыптағы, өлшемдегі және мақсаттағы бөлшектер штампылауды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.


7450 БАЗАЛЫҚ ТОП

Құрылыс материалдары өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіптері

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің жұмысшылары цемент, асбестцемент және асбестсилит бұйымдарын, темірбетон және бетон бұйымдары мен конструкцияларын әзірлейді, қабырғалық және тұтқырлағыш материалдар, жылу оқшаулағыш материалдар, асфальт мастикасы мен плиткасын, жұмсақ шатыр төсемін және гидрооқшаулағыш материалдар, құрылыс керамикасының бұйымдарын өндіреді, қабаттасты өңдейді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- түрлі конструкциядағы бассейндердегі шламды әуе және механикалық әдіспен араластыруды;

- шламның қажетті деңгейін ұстау үшін оның біркелкі тиелуін қамтамасыз етіп, болтушкаларға салынатын шикізатты мөлшерлеп салуды;

- жармаланатын заттарды одан әрі ұсақтау үшін сұрыптауды және цемент өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындауды;

- асбестцемент бұйымдарын қалыптауды, шикі табақтарды өлшемдерге және конфигурацияларға пішіндеуді;

- құрастырылуы тиіс асбестцемент табақтарға топырақ қабатын себуді, желілік өлшемдерін тексере отырып, асбестцемент плиталарын жинақтауды;

- белгіленетін рецептура бойынша асбестцемент мастикасын әзірлеуді және онымен жинақталған плиталарды сылауды;

- табақтарды бір-біріне бекіту үшін саңылаулар бұрғылап, оларды жабыстыруды және асбестоцемент пен асбестосилит бұйымдары өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындауды;

- бетон қоспалары мен ерітінділерінің компоненттерін мөлшерлеуді;

- бункерлерден, циклондардан және бактардан компоненттерді қабылдауды және оларды араластырғыш агрегаттарға тиеуді;

- темірбетон бұйымдар мен конструкцияларды қалыптауды, арматуралық қаңқаның жеке элементтерін қалыптарға салуды, ішпектер мен өзекшелерді орнатуды, қалыптарды бетон қоспасымен толтыруды;

- бұйымдарды қалыптан алуды;

- темірбетон конструкцияларын: панельдерді, сантехникалық кабиналарды, лифт шахталарын және тағы басқаларды жинақтауды;

- құрастырылатын бұйымдар мен элементтерді олардың бекітпелерімен түйістіруді, оқшаулағыш материалдарды төсеуді, түйісетін жерлерді сылақ ерітіндісімен бітеуді және темірбетон мен бетон бұйымдары өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындауды;

- белгіленетін параметрлерді ұстанып, қыш білеуден жабынды, кірпіш және өзге де бұйымдар әзірлеп кесуді;

- кірпіштен блоктар мен панельдер әзірлеуді, гипс плиталарды, блоктарды және цемент-құм жабынқышын қалыптауды және қабырғалық және тұтқырлағыш заттар өндірісіндегі өзге де жұмыстарды;

- уатқыштарда, тасуатарларда және вибродиермендерде шикізат пен материалдарды уату, қалыптау станоктарында, конвейерлерде, автоматтандырылған құрылғыларда жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптауды;

- цилиндрлерден, маттардан, қабықтардан, сегменттерден құбыржолдарының жылуын және құрал-жабдықты оқшаулауға арналған конструкцияларды және өзге де конструкцияларды құрастыруды және жылуоқшаулағыш материалдар өндірісіндегі өзге де жұмыстарды орындауды;

- асфальт мастикасы мен массасын қайнатуды, олардан асфальт плиталарын қалыптауды және асфальт мастикасы мен плиткасы өндірісіндегі өзге де жұмыстарды;

- әртүрлі маркалы битумдардан, пек пен өзге де компоненттерден сіндірме және төсем массаларын қайнатуды, резеңке ұнтағын, битум, асбест және кумаран шайырын, пластификаторларды араластыруды және пластификациялауды және жұмсақ шатыр төсемдері мен гидрооқшаулағыш материалдар өндірісіндегі өзге де жұмыстарды;

- қаптама плиткалар құю, фасондық тастар мен плиталарды, қышқылға төзімді құбырларды, колонналарды, үштармақтарды, отводтарды және құрылыс керамикасының өзге де бұйымдарын қалыптауды;

- қабаттасты уату, уатылған қабаттасты ұнтақталуының майдалылығына қарай сыныптау, қабаттастан түрлі қалыптағы, өлшемдегі және мақсаттағы бөлшектер штампылауды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Бассейнші

Шикізатты мөлшерлеуші

Уатылатын заттарды тиеуші

Асбестцемен бұйымдарын қалыптушы

Асбестцемент плиталарын құрастырушы

Асбестцемент және асбестсилит бұйымдарын грунттаушы

Бетон қоспалары компоненттерін мөлшерлеуші

Темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын қалыптаушы


746 ҚҰРАМДАС ТОП

Ойыншықтар мен көрнекі оқу құралдары өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылардың кәсіптері

Ойыншықтар мен көрнекі оқу құралдары өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылар түрлі материалдардан ойыншықтардың бөлшектерін әзірлеу және оларды жинақтау жөніндегі жұмыстарды орындайды, сызбалар мен эскиздер бойынша алдын-ала жинақталған бөлшектер мен тораптардан ойыншықтар жинайды және оларды әшекейлеу жөніндегі жұмыстарды орындайды; ботаника, гистология, цитология, эмбриология бойынша блоктар, геологиялық үлгілер әзірлейді, түрлі материалдардан модельдер әзірлейді, муляждарды құяды, өңдейді және әшекейлейді, коллекциялар іріктеп жинақтайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- картоннан, қағаздан, мақтадан, ағаштан және өзге де материалдардан қолмен, станоктарда, штамптарда немесе алабұйымдарда ойыншықтардың бөлшектерін дайындауды; сызбалар мен эскиздер бойынша олардың өлшемдерін тексере отырып, ойыншықтардың бөлшектері мен тораптарын материалдары, түсі және түрлері бойынша жинақтауды;

- бөлшектерін габариттері бойынша іріктеп түрлі материалдардан ойыншықтар жинауды, бөлшектерді қысқартып тілуді, түзету және өлшеуді, жиналған ойыншықтардың сапасын тексеруді;

- ойыншықтарды әшекейлеу: мұрындарын, мұрттарын, құлақтарын, құйрықтарын және т.б. жабыстыруды, тұғырықтар әзірлеп оларға мүсіншелерді орнатуды, ойыншықты скульптуралық қалыпқа келтіруді және әшекейлеу бойынша өзге де жұмыстарды;

- оларды препараттап, ылғалсыздандырып, бекітіп және целлоидинге немесе парафинге сіңіріп, ботаника, гистология, цитология, эмбриология бойынша блоктар дайындауды және әзірлеуді;

- табиғи шикізаттан геологиялық үлгілер дайындауды және әзірлеуді, минералдар кесектері мен тау жыныстарын шағуды, таснұсқаларды препараттауды; папье-машеден, мастикадан, пластикалық массалардан, балауыздан және өзге де материалдардан көрнекі құралдар модельдерін әзірлеуді, белгіленетін рецептура бойынша мастика мен түрлі массалар әзірлеуді, модельдер бөлшектерін жинақтауды және бір-біріне жабыстыруды;

- түрлі материалдардан жасалған муляждарды құюды, тегістеуді, скульптуралық өңдеу және көркемдеп әшекейлеуді, муляждарды тақырыптар мен ассортименттер бойынша іріктеуді;

- препараттарға бальзам құйып отырып, коллекцияларды іріктеу, жинақтау және қалауды қамтиды.



7460 БАЗАЛЫҚ ТОП

Ойыншықтар мен көрнекі оқу құралдары өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылардың кәсіптері
Ойыншықтар мен көрнекі оқу құралдары өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылар түрлі материалдардан ойыншықтардың бөлшектерін әзірлеу және оларды жинақтау жөніндегі жұмыстарды орындайды; сызбалар мен эскиздер бойынша алдын-ала құрастырылған бөлшектер мен тораптардан ойыншықтар жинайды және оларды әшекейлеу жөніндегі жұмыстарды орындайды; ботаника, гистология, цитология, эмбриология бойынша блоктар, геологиялық үлгілер әзірлейді, түрлі материалдардан модельдер әзірлейді; муляждарды құяды, өңдейді және әшекейледі, коллекциялар іріктеп жинақтайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- әртүрлі материалдардан қолмен, арнайы алабұйымдарда, станоктарда немесе штамптарда ойыншықтардың бөлшектерін дайындауды;

- сызбалар мен эскиздер бойынша олардың өлшемдерін тексере отырып, ойыншықтардың бөлшектері мен тораптарын материалдары, түсі және түрлері бойынша жинақтауды;

- бөлшектерін габариттері бойынша іріктеп түрлі материалдардан ойыншықтар жинауды, бөлшектерді қысқартып тілуді, түзету және өлшеуді;

- құрастырылған ойыншықтардың сапасын тексеруді;

- ойыншықтарды әшекейлеуді: түрлі бөлшектерді жабыстыруды, әшекейлер мен костюмдер таңдауды, тұғырықтар әзірлеп оларға мүсіншелерді бекітіп орнатуды, ойыншықты скульптуралық қалыпқа келтіруді және тағы өзге де жұмыстарды;

- ойыншықтарды әшекейлеу бойынша эскиздер мен көркем нобайлар құрастыруды;

- оларды препараттап, ылғалсыздандырып, бекітіп және целлоидинге немесе парафинге сіңіріп, ботаника, гистология, цитология, эмбриология бойынша блоктар дайындауды және әзірлеуді;

- табиғи шикізаттан геологиялық үлгілер дайындауды және әзірлеуді, минералдар кесектерін және тау жыныстарын шағуды, таснұсқаларды препараттауды;

- белгіленетін рецептура бойынша мастика мен түрлі массалар әзірлеуді, модельдер бөлшектерін жинақтауды және бір-біріне жабыстыруды;

- түрлі материалдардан жасалған муляждарды құюды, тегістеуді, скульптуралық өңдеу және көркемдеп әшекейлеуді, муляждарды тақырыптар және ассортименттер бойынша іріктеуді;

- коллекциялар мен препараттарды іріктеуді, жинақтауды және қалауды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Материалдар мен ойыншықтар бөлшектерін дайындаушы

Ойыншықтар бөлшектерін құрастырушы

Ойыншықтарды құрастырушы

Ойыншықтарды әшекейлеуші

Ботаника бойынша блоктар әзірлеуші

Гистология, цитология, эмбриология бойынша блоктар дайындаушы

Геологиялық үлгілер дайындаушы

Уатушы


Көрнекі құралдар модельшісі

Муляжшы


Коллекциялар әшекейлеуші
75 ШАҒЫН ТОП

Көлік пен байланыс жұмысшыларының кәсіптері*

Көлік пен байланыс жұмысшылары темір жол көлігінің жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсетеді, оларды жөндейді және баптайды, вагондарды тексеріп қарайды және жөндейді, метрополитеннің, теңіз бен өзен кемелерінің, автокөлік құралдарының құрал-жабдығына қызмет көрсетеді және оларды жөндейді, ұшақ аппараттарын іске қосуға дайындайды және оларға қызмет көрсетеді, телефон мен телеграф құрал-жабдығына қызмет көрсетеді және жөндейді.

Жұмыстар қолмен машиналарсыз және механизмдерсіз және машиналар мен механизмдердің көмегімен орындалады және қызмет көрсетілетін құрал-жабдық пен көлік құралдарының конструктивтік ерекшеліктерін, олардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою әдістерін, қолданылатын құралдардың және бақылаушы аспаптарды білуді талап етеді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:



  • жол машиналарын және механизмдерге қызмет көрсетуді,

жөңдеуді және баптауды;

- вагондар мен локомотивтерді тексеріп қарауды, техникалық қызмет көрсетуді және жөңдеуді, метрополитеннің, эскалаторлардың станциялық және тоннельдік құрал-жабдығына қызмет көрсетуді;

- пойыздар құрастыруды; теңіз және өзен кемелеріне, автомотокөлік құралдарына қызмет көрсетуді және жөңдеуді;

- ұшақтар мен тікұшақтарға, сондай-ақ борттағы электр құрал-жабдықтарына және радио құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды пайдалануға дайындауды;

- парашюттік-тежеу жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді, ұшу алаңының үстін ұстап күту жөніндегі жұмыстарды; байланыс тораптарындағы немесе пайдалану орындарындағы телефон, телеграф, радио және теледидар құрал-жабдықтарына қызмет көрсетуді және оларды жөңдеуді қамтиды.

_________________

* 831 және 832 топтарында ескерілген машинистер мен жүргізушілерді қоспағанда
751 ҚҰРАМДАС ТОП

Көлік жұмысшыларының кәсіптері
Көлік пен байланыс жұмысшылары теміржол көлігінің жол машиналары мен механизмдеріне, автомотокөлік құралдарына қызмет көрсетеді, оларды жөндейді және баптайды; теңіз бен өзен кемелерінің, автокөлік құралдарының құрал-жабдығына қызмет көрсетеді және жөндейді; ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсетеді және оларды пайдалануға дайындайды.

Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:

- темір жол көлігінің жол машиналарына, механизмдеріне және құрал-жабдығына қызмет көрсетуді, жөңдеуді және баптауды;

- вагондар мен локомотивтерді қарауды, техникалық қызмет көрсетуді және жөңдеуді;

- метрополитеннің, эскалаторлардың станциялық және тоннельдік құрал-жабдығына қызмет көрсетуді және жөңдеуді;

- теңіз және өзен кемелері, автомотокөлік құрал-жабдығына қызмет көрсетуді және жөңдеуді;

- ұшақтар мен тікұшақтарға және олардың құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды пайдалануға дайындауды қамтиды.
7511 БАЗАЛЫҚ ТОП

Темір жол көлігінің жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылар кәсіптері

Темір жол көлігінің жол машиналарын және механизмдеріне қызмет көрсету және жөңдеу жөніндегі жұмысшылар вагондарды, темір жолдарды, жасанды имараттарды, локомотитвтердің құрал-жабдығын қарайды, тексереді және жөндейді, вагондар құрамдары мен топтарын тарқатады және қалыптастырады, жол машиналарының тораптарын, механизмдерін және басқару жүйелерін баптайды және реттейді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:


  • ақаулықтарды анықтау мақсатында вагондарды техникалық

қарауды;

  • шанақтарды, жүріс бөліктерін, тормоздарды және иінтірек

берілістерді, электр- және радио құрал-жабдықты, аспаптарды және өзге де құрал-жабдықты ағытпай жөңдеуді;

- жүктердің дұрыс орналастырылуын анықтау мақсатында вагондарды коммерциялық қарауды;

- контейнерлерді техникалық қарауды және жөңдеуді;

- темір жолды, жасанды имараттарды, көпірлердің аралық құрылымдарының тірек бөліктерін, жолдардың сигнализация және тоннельдік белгілерін, өртке қарсы инвентарьді және өзге де құрал-жабдық пен имараттарды қарауды;

- механикалық, электрлік және пневматикалық құрал-жабдықтың, локомотивтердің бөлшектері мен тораптарын қарауды, тексеруді және жөңдеуді;

вагондар құрамдары мен топтарын тарқатуды және қалыптастыруды;

жол машиналарының, жылжымалы станциялардың және іштен жану қозғалтқышы мен өзге де машиналар мен мехнизмдердің тораптарын, механизмдерін және басқару жүйелерін баптауды және реттеуді қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Вагондарды қараушы-жөңдеуші

Жол мен жасанды имараттарды шолып қараушы

Техникалық қызмет көрсету пунктерінде локомотивтерді жөңдеу жөніндегі слесарь

Пойыздарды құрастырушы

Жол машиналарын және механизмдерді баптаушы
7512 БАЗАЛЫҚ ТОП

Метрополитендер құрал-жабдығына қызмет көрсету және жөңдеу жөніндегі жұмысшылар кәсіптері

Метрополитендердің құрал-жабдығына қызмет көрсету және жөңдеу жөніндегі жұмысшылар станциялық, тоннельдік және вестибюльдік бекітпелерге қызмет көрсетеді, басқарады және оларды жұмыс қалпында ұстайды, қорғаныс құрылғыларын және автоматиканы жөндейді, реттейді және сынақтан өткізеді, кабельдер өткізеді және электр қозғалтқыштар мен өзге де механизмдерді, машиналарды, құрылғыларды, аспаптардың демонтажын, эскалаторлардың ағымдағы және профилактикалық жөңдеуін іске қосады.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- барлық үлгідегі станциялық, тоннельдік және вестибюльдік бекітпелерге қызмет көрсетуді, жөңдеуді, басқаруды және жұмыс қалпында ұстауды;

- қорғаныс құрылғыларын және автоматиканы жөңдеуді, реттеуді және сынақтан өткізуді, пневмогидравликалық аккумуляторларды зарядтауды, бекітпелердің жолдың құрылғыларымен жанасуын тексеруді;

- сорғыларға, желдеткіштерге, клапандарға техникалық қызмет көрсетуді, оларды жөңдеу және баптауды, кабельдер төсеуді және оларды электрқозғалтқыштар мен қозғалтқыштарға өткізуді;

- жергілікті автоматты басқару сұлбаларын жөңдеуді, реттеуді және баптауды, электрқозғалтқыштардың және такелаждық құрал-жабдықтың орамаларын сынақтан өткізуді;

- қызмет көрсетілетін құрал-жабдық пен телеавтоматика аппаратурасының электрлік сипаттамаларын өлшеуді;

- электр қозғалтқыштарды, іске қосқыш аппаратураларды, электрсымды және өзге де механизмдерді демонтаждауды, жөңдеуді және монтаждауды;

- жинағыш машиналарды, ауа кондиционерлерін, зарядталатын автоматты құрылғыларды және өзге де құрал-жабдықты жұмыс жағдайында ұстауды;

- эскалаторларды, ағымдағы және профилактикалық жөңдеу кезіндегі электрмонтаждық және слесарлық жұмыстарды, эскалаторлардың электр жабдығын ревизиялауды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Метрополитен құрал-жабдығына қызмет көрсету және оны жөңдеу жөніндегі электрші слесарь

Метрополитеннің станциялық және тоннельдік құрал-жабдығына қызмет көрсету және оны жөңдеу жөніндегі электрші слесарь

Эскалаторларға қызмет көрсету және оны жөңдеу жөніндегі электрші- слесарь


7513 БАЗАЛЫҚ ТОП

Ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану
Ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылар барлық сыныптағы ұшақтар мен тікұшақтардың сынақтардан өткізуге техникалық даярлығын жүзеге асырады, ұшақ аппараттарын ағымдағы жөңдеу бойынша слесарлық, тойтармалау және өзге де жұмыстарды орындайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- ұшақтар мен тікұшақтардың барлық регламенттік жұмыстары, оның ішінде дефектациялау бойынша техникалық қызмет көрсетуді, ақауларды анықтау және жоюды, реттеуді, авияациялық техникаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыс құжаттамасын рәсімдеуді;

- ұшу аппараттарының барлық жүйелерінің монтаждау-жинақтау сұлбалары бойынша дұрыс жинақталуын тексеруді;

- ұшу аппараттарын әуеде сынақтан өткізуден кейін аспаптарды, агрегаттарды және жүйелерді қарауды;

- туындаған ақаулықтардың себептерін анықтауды және оларды жоюды;

- радиоаспаптарды ұшу сынақтарына дайындауды және оларды сынақтардан кейін негізгі техникалық параметрлерді өлшеп дайындауды;

- радиоаспаптарды реттеуді және баптауды, жеке бөлшектер мен тораптарды ауыстыруды;

- барлық үлгідегі парашюттардың дұрыс төселуін тексеруді;

- парашюттарға оттегі аспаптарын орнатып құрастыруды, тежегіш парашюттарды контейнерлерге төсеуді;

- парашюттік және апат-құтқару құралдарының ақауларын анықтауды және жоюды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Планерлер мен қозғалтқыштар бойынша авиациялық механик (техник);

Аспаптар мен электржабдық бойынша авиациялық механик (техник)

Радиожабдық бойынша авиациялық механик (техник)

Парашютті және апат-құтқару құралдары бойынша авиациялық техник

752 ҚҰРАМДАС ТОП

Байланыс жұмысшыларының кәсіптері

Байланыс жұмышылары телефон мен телеграфтық байланыстың барлық түрлеріне қызмет көрсетеді және барлық пошталық жөнелтпелер түрлерін жеткізеді; кабельдерге, әуе желілеріне, автоматтық және жартылай автоматтық телефон байланысы жабдығына, қабылдағыш-бергіш радиорелейлік құрал-жабдыққа, телеграф байланысының жабдығына және өзге де құрал-жабдыққа пайдалану-техникалық қызмет көрсетеді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- магистралды, облыс ішіндегі, қалараралық және өзге де телефон байланысы түрлеріне қызмет көрсетуді;

- түрлі үлгідегі аппараттар бойынша жеделхаттар қабылдауды және беруді; хаттарды, бандерольдарды, посылкаларды және өзге де пошталық жөнелтпелер мен аударымдарды қабылдауды, өңдеуді, сұрыптауды және беруді;

- пошталық жөнелтпелерді, хабарламаларды және ақшаны алуды және оларды адресаттарға жеткізуді;

- барлық үлгідегі кабельдерді құрастыруды, кабельдерді өлшеуді, кабельдер трассаларын анықтауды, кабель желілерінің зақымдалуын жоюды; барлық үлгідегі әуе желілеріне пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді және ақауларды жоюды;

- телефон байланысы жабдығына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді;

- қабылдағыш-бергіш радиорелейлік жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөңдеуді, сигнализация жүйелері мен телеграф байланысы жабдығын бақылауды қамтиды.
7521 БАЗАЛЫҚ ТОП

Телефоншылар, телеграфшылар және байланыс жұмысшыларының тектес кәсіптері

Телефоншылар, телеграфшылар және байланыс жұмысшыларының тектес кәсіптері телефон байланысының барлық түрлеріне қызмет көрсету, түрлі үлгідегі аппараттар бойынша жеделхаттарды қабылдау және беру, пошталық жөнелтпелерді, посылкаларды, бандерольдерді, кезеңді баспа құралдарын және өзге де корреспонденцияны қабылдау, өңдеу, жөнелту, беру, жеткізу және сұрыптау жөніндегі жұмыстарды орындайды.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:


  • барлық телефон байланысы түрлеріне (магистралды, облыс

ішіндегі, қалараралық және өзге де) қызмет көрсетуді;

  • сөйлесу пункінде, хабарлама үстелінде, кабиналық коммутаторға

қызмет көрсетуді;

  • телеграф аппараты бойынша «сөйлесу» жеделхаттарын беруді;

  • анықтама картотекасымен жұмыс істеуді және көзделген

анықтамаға нақты жауаптар қайтаруды;

  • түрлі үлгідегі аппараттар бойынша жеделхаттар қабылдауды және

беруді;

  • перфораторлық, бақылаушы және бояушы таспаны ауыстыруды;

  • перфораторланған таспаны оқуды, жеделхаттарды рәсімдеуді

және сұрыптауды;

  • посылкаларды, хаттарды, бандерольдарды және өзге де хат-

хабарларды қабылдауды, өңдеуді, жөнелтуді және беруді;

  • аударымдар бойынша ақша қабылдауды және төлеуді,

зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді;

  • почтальондарға корреспонденция, зейнетақы тапсырмаларын

және ақша беруді;

- пошталық вагондармен, пароходтармен және автокөлікпен пошта алмасуды;

- пошталық жөнелтілімдерді, кезеңді баспа құралдарын, зейнетақы тапсырмаларын алуды, оларды адресаттарға жеткізуді;

- қоныс аударған адресаттарға анықтамалар жинауды және қолға берілмеген пошталық жөнелтпелерді рәсімдеуді;

- пошталық жөнелтпелерді және баспа өнімдерін сұрыптауды, оларды пәшкелерге немесе қаптарға тиеуді, мөр басуды және белгіленетін пунктерге жөнелтуді;

- мазмұны бойынша өзге де тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Телефоншы

Телеграфшы

Байланыс операторы

Почтальон
7522 БАЗАЛЫҚ ТОП

Байланыстың желілік имараттары мен станциялық құрал-жабдығына қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылардың кәсіптері

Байланыстың желілік имараттары мен станциялық құрал-жабдығына қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылар кабельдерге, әуе желілеріне, автоматты және жартылай автоматты телефон байланысының топтама құрал-жабдығына, қабылдағыш-бергіш радиорелейлік құрал-жабдықтың, сигнализация және бақылау жүйелерінің, телеграф байланысының және өзге де құрал-жабдықтың аспаптары мен аппаратурасына пайдалану-техникалық қызмет көрсетеді және жөндейді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:


  • барлық үлгідегі кабельдерді монтаждауды;

  • кабельдердің коррозиялану қаупін және коррозиядан қорғалуын

бағалау бойынша өлшеулер жүргізуді;

  • кабель іздеушінің көмегімен кабельдер трассаларын анықтауды

және оларды фиксациялауды;

- кабель желілерінің трассаларын тексеру және зақымдарын жою;



  • электр сымдарының айқасуын монтаждауды және қайтадан

құрастыруды;

  • байланыс желілерінің негізгі электрлік параметрлерін өлшеуді;

  • таксофондардағы барлық зақым түрлерін жоюды;

  • автоматтық және жартылай автоматтық қалараралық телефон

байланысына, қалалық және ауылдық телефон байланысы жабдығына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөңдеуді;

- телефон байланысының зақымдалған учаскелерінің зақымдану сипатын анықтауды және оларды жөңдеуді;

- қабылдағыш-бергіш радиорелейлік жабдыққа, сигнализация және бақылау жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді, электрлік өлшеулер жүргізуді;

- байланыстардың әрекетін қалпына келтіруді, зақымдалған телеграфтық және телефондық релелерді анықтауды және реттеуді, бауларды тексеруді және жалғауды, старт-стоп аппараттарының жеке тораптарын жинауды және реттеуді;

- телеграф байланысының қызмет көрсетілетін жабдығына профилактикалық жөңдеу әзірлеуді;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Кабельші-қалайылаушы

Электрбайланыс және сыммен хабарландыру желілік имараттарының электрмонтеры

Телефон байланысының станциялық құрал-жабдығының электрмонтеры

Станциялық радиотеледидар құрал-жабдығының электрмонтеры

Телеграф байланысының станциялық құрал-жабдығының электрмонтеры

Электр құрал-жабдықты жөңдеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер

76 ШАҒЫН ТОП

Геологияда және жер қойнауын барлауда жұмыс істейтін жұмысшылардың кәсіптері

Геология мен жер қойнауын барлауда жұмыс істейтін жұмысшылар геологиялық-барлау жұмыстарын және топографтық-геодезиялық жұмыстарды жүргізеді, геологиялық сынамаларды іріктейді және жуып-шаяды, геологиялық-түсіру және іздестіру жұмыстарын жүргізеді, геофизикалық аппаратураға қызмет көрсетеді және баптайды.

Жұмыстар қолмен машинасыз және механизмдерсіз және машиналар мен механизмдерді қолданумен орындалады, және бұл жұмыстарды атқару үшін топографтық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстардың мақсаттарын, геодезиялық және маркшейдерлік белгілердің конструкцияларын, тау жыныстары мен мысалдарын іріктеу, жуып-шаю, тиеу және тасымалдау ережелерін, геофизикалық станциялар мен аспаптардың құрылым сұлбаларын және оларды бөлшектеу мен жинақтауды білуді талап етіледі.

Осы шағын топ жұмысшыларының міндеттері:



  • топографиялық карталардың түпнұсқаларын әзірлеуді;

  • топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеулерді

орындауды;

- геофизикалық аспаптар мен аппаратураны баптауды, реттеуді және жөңдеуді;

- пайдалы қазбалардың сапасы мен санын анықтау мақсатында тау жыныстарынан сынамалар іріктеп алуды;

- тау жыныстары мысалдарын іріктеуді, буып-түюді және оларды этикеттеуді қамтиды.


761 ҚҰРАМДАС ТОП

Гелогиялық-барлау жұмыстарында істейтін жұмысшылардың кәсіптері
Геологиялық-барлау жұмыстарында істейтін жұмысшылар пайдалы қазбалардың сапасы мен санын анықтау мақсатында тау қазбаларынан сынамалар іріктеп алады; түпшайма сынамаларды лотоктарда, шөміштерде немесе жуып-шайғыш қондырғыларында жуып-шаяды; олардың физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу үшін түрлі тау жыныстарынан шлифтер мен аншлифтер дайындайды; сынамаларға таңба басады және буып-түйеді.

Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:

- тау қазбаларынан атызды, шпурлы және өзге де сынамаларды сынамалауды;

- сынамаалғыштарды, уатқыш балғаларды және перфораторларды жұмысқа әзірлеуді;

- шпурлар бұрғылауды немесе атыздар кесуді;

- сынамаларға таңба басу және оларды буып-түюді;

- түйіршікті материалдарды жуып-шаюды;

- қышты заттан айыруды, ауыр фракцияларды тұндыруды;

- сынама нөмірлерін көрсете отырып, сынамалардан жуып-шайылған металды буып-түюді;

- физикалық-механикалық сынақтар өткізу үшін түрлі тау қазбаларынан шлифтер мен аншлифтер әзірлеуді;

- шлифтерді микроскоп астында тексеруді және оларды этикеттеуді;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді орындауды қамтиды.


7610 БАЗАЛЫҚ ТОП

Геологиялық барлау жұмыстарында істейтін жұмысшылардың кәсіптері
Геологиялық барлау жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар пайдалы қазбалардың сапасы мен санын анықтау үшін тау қазбаларынан сынамалар іріктеп алады; шлихты сынамаларды лотоктарда, шөміштерде немесе жуып-шайғыш қондырғыларда жуып-шаяды; олардың физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу үшін түрлі тау қазбаларынан шлифтер мен аншлифтер әзірлейді; сынамаларға таңба басады және сынамаларды буып-түйеді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- тау қазбаларынан атызды, шпурлы және өзге де сынамаларды іріктеп алуды;

- сынамаалғыштарды, уатқыш балғаларды және перфораторларды жұмысқа дайындауды;

- шпурлар ұнғымаларын бұрғылауды және атыздар кесуді;

- табиғи шикізаттан табиғи шикізат дайындауды және әзірлеуді, минералдар кесектерін және тау қазбаларын жаруды;

- ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер жүргізу кезінде өздігінен жүретін каротаждық және перфорациялық станцияларды, сейсмикалық сигналдарды қоздыру қондырғысын, электрбарлау станциясының шурф басқаруды, шурфтан өту агрегатын басқаруды;

- су сынамаларын алуды;

- сынамаларға таңба басуды және оларды буып-түюді;

- түйіршікті материалды жуып-шаюды, оны балшықтан босатуды, ауыр фракцияларды тұндыруды;

- сынамалардың нөмірлерін көрсетіп, сынамалардан жуып-шайылып алынған металды буып-түюді;

- шлифтарды микроскоптың астынан тексеруді және оларды этикеттеуді;

- рентгендік, гамма және нейтрондық сәулелендіру дозаларының қуаттылығын, жұмыс орындарындағы, шектес жайлардағы, ұйымдардың аумағындағы, санитарлық-қорғау аумағындағы және бақылау аумағындағы иондағыш сәулелендіру бөлшектері ағындарының тығыздығын өлшеуді;

- жұмыс беттерінің, құрал-жабдықтың, көлік құралдарының, жеке қорғану құралдарының, персоналдың терісі мен киімінің радиоактивті заттармен ластануы деңгейін өлшеуді;

- жұмыс бөлмелер ауасындағы газдар мен аэрозольдардың көлемді белсенділігін анықтауды;

- радиоактивті заттардың шығарындылары мен лықсымаларының белсенділігін өлшеуді немесе бағалауды;

- санитарлық-қорғау аумақта және бақылау аумағында қоршаған орта объектілерінің радиоактивті ластану деңгейін анықтауды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Дозиметрші

Геофизикалық аппаратураны баптаушы

Геологиялық сынамаларды іріктеуші;

Тау қазбаларын тегістеуші

Гидрогеологиялық жұмыстарда істейтін жұмысшы

Геологиялық сынамаларды жуып-шаюшы

Минералдар мен шлифтерді байытушы


762 ҚҰРАМДАС ТОП

Топографиялық-геодезиялық жұмыстарда істейтін жұмысшылар кәсіптері
Топографиялық-геодезиялық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмысшылар жетуге қиын жерлерде жол табу және топографиялық картаның рельефтерін, гидрографияларын және штрихтік элементтерін басып шығару жөніндегі жұмыстарды; топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеу жұмыстарын атқарады; ағаш және металдан жасалған геодезиялық белгілерді құрастырады және оларды жөндейді; геофизикалық аспаптар мен аппараттарды баптайды, сынақтан өткізеді және жөндейді.

Осы құрамдас топ жұмысшыларының міндеттері:

- жазық, орманды, балшықты жерлерімен, техникалық дақылдар плантациялары, саябақтары, бақшалары және т.б. орналасқан тау етектерімен сипатталатын топографиялық карталар мазмұнының рельефтері мен маркшейдерлік контурларын, гидрографиясы мен штрихтық элементтерін гравирлеуді және сызып шығарылады;

- құрылыс-монтаждық жұмыстар, шельфті, ішкі су қоймаларын және теңіздерді түсіруді үшін өлшемдер әзірлеуді кезінде топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеулер жүргізуді, оптикалық аспаптарды орнатуды және отсчеттерді алуды;

- белгілерге арналған орындарды тазартуды, оларды жиналған күйде немесе жекелеген бөлшектерін көтеруді;

- сейсмикалық, электрбарлау және өзге де геофизикалық станцияларды, гравиметрлерді, потенциометрлерді, сейсмикалық қабылдағыштарды және өзге де геофизикалық аспаптар мен құралдарды баптауды, реттеуді, сынақтан өткізуді және жөңдеуді қамтиды.


7620 БАЗАЛЫҚ ТОП

Топографиялық-геодезиялық жұмыстармен айналысатын жұмысшылар кәсіптері
Топографиялық-геодезиялық жұмыстармен айналысатын жұмысшылар топографиялық карта мазмұнының контурларын, рельефтерін, гидрографиясы мен штрихтық элементтерін гравирлеу және сызып шығару жөніндегі жұмыстарды орындайды; топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеулер жүргізеді; ағаш пен металдан жасалған белгілерді монтаждайды және жөндейді; геофизикалық аспаптар мен аппараттарды баптайды, сынақтан өткізеді және жөндейді.

Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:

- жазықты, орманды, балшықты жерлермен, техникалық дақылдар плантациялары, саябақтары, бақшалары және т.б. орналасқан тау етектерімен сипатталатын топографиялық карталар мазмұнының рельефтері мен маркшейдерлік контурларын, гидрографиясы мен штрихтық элементтерін гравирлеуді және сызып шығаруды;

- құрылыс-монтаждық жұмыстар, шельфті, ішкі су қоймаларын және теңіздерді түсіру үшін өлшемдер әзірлеу кезінде топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеулер жүргізуді;

- оптикалық аспаптарды орнату және отсчеттерді алуды;

- мазмұны бойынша тектес өзге де міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Гелиотропшы

Топографиялық карталар түпнұсқаларының граверы

Каротажды станцияның машинисі


8 ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ТОП

Қондырғылар мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, машинистері және слесарь-жинаушылары
Осы ірілендірілген топтың жұмысшылары тікелей орнында немесе дистанциялық әдіспен өнеркәсіптік қондырғылардың, машиналардың және құрал-жабдықтың жұмысын басқарады және бақылайды; автоматты және жартылай автоматты жинақтау желілерін және өнеркәсіптік жұмыстарды басқарады; жинақталатын бөлшектерден дайын өнім шығарады; түрлі көлік құралдарын жүргізеді және оларға қызмет көрсетеді; жылжымалы өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы машиналарын және құрал-жабдықты басқарады; кемелерде палубалық жұмыстар орындайды. Әдетте, мұндай жұмыстарды орындау негізгі жалпы немесе жалпы орта білім негізінде кәсіби білім алу арқасында ие болатын еңбек тәжірибесінің не арнаулы білімдерінің болуын талап етеді. Осы сыныптамалық топтың бірқатар кәсіптеріне қажетті классификацияға орта кәсіби білім алу кезінде қол жеткізіледі.

Осы ірілендірілген топ жұмысшыларының міндеттері:

- тау-кен құрал жабдығын, металл, шыны, керамика, ағаш және өзге де материалдарды өңдеуді, су өңдеуді, электрэнергия шығаруды және т.б. машиналар мен құрал-жабдықты басқаруды және бақылауды;

- металлдан, пластмассалардан, ағаштан, шыныдан, резеңкеден, тоқымадан және өзге де материалдардан, химиялық заттар мен азық-түлік өнімдерінен бұйымдар өндіру жөніндегі машиналар мен құрал-жабдықты басқаруды;

- баспа престерін және түптеу машиналарын басқаруды;

- автоматты және жартылай автоматты желілерді және өнеркәсіптік жұмыстарды басқаруды;

- белгіленетін технологиялық дәйектілікке сәйкес жинақталатын бөлшектерден бұйымдар құрастыруды;

- пойыздарды, автомобильдерді, қалалық жер үстімен жүретін электркөлігін және мотокөлік құралдарын жүргізуді және оларға қызмет көрсетуді;

- өнеркәсіптік және ауылшаруашылық машиналар мен құрал-жабдықтың жұмысын басқару және бақылауды;

- теңіз және өзен көлік құралдарында палубалық жұмыстарды орындауды қамтиды.


жүктеу 7,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау