ҚҚ Тарау. Ташкент қаласындағы қоғамдық ұйымдар мен мерзiмдi баспасөздҚң Орта Азия әдебиетҚ мен мәдениетҚне тигҚзген әсерҚ.
2.1 Ташкент қаласы территориясындағы алғашқы баспасөз қызметҚ.
Бұхараның санасын уландыру, жергiлiктi мұсылман халықтарының өздерiнiң дiненен, тiлiнен, дiлiнен айыру, түптеп келгенде орыстандыру мақсатында патша өкiметi Орта Азияда ресми баспасөздi тиiмдi пайдалануға әрекеттенедi. Мысалы, “Туркестанские ведомости” газетiнiң шығарылуына байланысты. Сол газеттiң бiрiншi санында жарияланған бас мақала патша өкiметiнiң Түркiстан өлкесiн отарлаудағы мақсатын, алдарында туған мiндеттерiн еш бүкпесiз айтқан. Газеттiң тiкелей Түркiстан генерал-губернаторының ұйымдастыруымен және басшылығымен шыққандығын ескерiп, бұл бас мақала әкiмшiлiк бағдарламасы ретiнде және құнды тарихи дерек ретiнде толық келтiрейiк: “Бiздiң пайымдауымызша, Түркiстан өлкесiнiң қазiргi әкiмшiлiктiң мiндетi мынадай: орыс өкiметiне бағынған халықтарды екiншi мәрте жеңу, бiрақ оларды қара күшпен емес, ақылмен және рухани басымдықпен жеңiп шығу, орыстардың Орта Азияға әкелген қоғамдық және әкiмшiлiк құрылымы жергiлiктi жұрт бұған дейiн бiрнеше ғасырлар бойы тiкелей мойынұсынып келген құрылымнан әлдеқайда жоғары және жемiстi екендiгi сезiнуге оларды мәжбүр ету. Бұл басымдылық түземдiктердiң көз алдында және өздiгiнен айқындала салады деп күтiп отырмау керек. Ескi әдет-ғұрыптар өмiршең, оларды түбегейлi жою үшiн бiрте-бiрте әрекет жасау өмiрдiң жағдайларына тәрбиелеу керек.
Түркiстан өлкесiнiң қазiргi әкiмшiлiгi алдына қойып отырған басты және негiзгi мiндетi осы. Осы мақсатқа жету өте-мөте қажет. өйтпеген жағдайда Түркiстан өлкесiне орыс элементтерiн енгiзу - тек өара күшпен ғана жаулап алу дәрежсiнде қалып қояды. Орта Азияны дәл солай бағындырып, арада бiршама уақыт өткенде iз-түзсiз жоғалып кеткендер де болған. Егер орыс халқының рухани орасан зор күш-қуаты жәрдемдеспесе, Орта Азияға орныға бастаған орыс элементi де жойылып кетуi мүмкiн.42
Құрамына қазақтардың Сырдария және Жетiсу облыстары кiрген Түркiстан генерал-губернаторлығы 1867 құрылып, оның тұңғыш генерал - губернаторы болып, Орта Азияны жаулап алу кезiнде орыс армиясын басқарған генерал Константин Питрович Кауфман (1818-1882) тағайындалды.
Қасиеттi Түркiстан жерiне мәңгiге орналасып, оның шексiз байлығын иеленудiң бiрден-бiр сенiмдi жолы - жергiлiктi халықтарды рухани жеңу екендiгiн жақсы сезiнген Түркiстан өлкесiнiң алғашқы генерал - губернаторы өз мақсатына жету үшiн өлкелiк басылымның қажеттiгiн де жақсы түсiндi. Сондықтан газет шығару iсiмен тiкелей өзi айналысқан.
Зерттеушi М. Жақыповтың айтуынша, ол “1818 жылы патшалық Ресейдiң сол кездегi астанасы Петерборға барған сапарында Түркiстан генерал-губернаторлығының ресми үнi “Туркестанские ведомости” газетiн шығарудың қамына кiрiстi. Түркiстан өлкесiнде жарыққа шығатын тұңғыш орыс отаршыл газетi “Туркестанские ведомости” деп аталды”43.
Генерал-губернатор К.П. Кауфманның таңдауымен 1869 жылғы 2 қараша күнi “Туркестанские ведомости” газетiнiң редакторы болып Орта Азияны зерттеушiлердiң бiрi, көптеген географиялық және этнографиялық жұмыстардың авторы, штабс-капитан Н.А.Маев тағайындалып, 1869 жылғы қараша айында Петербургке жiберiлдi. Ол астанадан Ташкентке 1870 жылғы наурызда қайтып оралып, газет қағазын, баспахана әрiптерiн әкелдҚ.
1870 жылғы 28 сәуiр (10 мамыр) Түркiстан өлкесiндегi мерзiмдi басылымдардың туылған күнi болып есептеледi. Дәл осы күнi Ташкентте “Туркестанские ведомости” газетiнiң алғашқы саны жарық көрдi. Газетте Түркiстан генерал-губарторлығы бойынша өкiметтiң шығарған ресми бұйрықтары мен жарлықтарына, сонымен қатар библеографиялық материалдарды (әдебиеттер тiзiмi көрсеткiштерге рецензия жаңа кiтаптарға шолу т.б.) жариялап отырды. Алғашқы бес жылда негiзгi газет редакторы генерал-губернатор К.П.Кауфман болды деп айтуға болады.44
“Туркестанские ведомости” газетiне 1892 жылғы Н.А. Маевтан кейiн 1899 жылдың 17 желтоқсанына дейiн А.П.Романович, ол өлген соң С.А.Геппенер (1899 жылғы 22 сәуiр. 1901 жылғы 29 мамыр) басшылық еттi. Кейiнгi газет редакторынан К.Г.Мальицкийдi атауға болады. Ол газетке 1901 жылғы 5 қарашадан - 1907 жылғы 9 қаңтарға дейiн редактор болды45. К.А.Маевтан газеттiң басты мiндетi-басқарушы өкiметтiң Түркiстан өлкесiндегi органы болу, ал, мақсаты қзақ жылдар бойы мұсылмандық пен азиялық деспотизм езгiсiнде болған елде азаматтық тәртiп орнату, жалпыхалықтық қауiпсiздiктi қамтасыз ету және өркениеттiк пен жалпы адамзаттың идеяларды енгiзу жолында жүргiзiлiп әкiмшiлiк бұйрықтарын әрбiр адамның қабылдауына және көруiне мүмкiндiк жасау. Яғни, басқаша айтсақ, әр түрлi әдемi сөздермен бүркемеленген мұндай мақсаттың мәнi жаңа бимүшелердiң жергiлiктi халықтардың дiни сенiм мен қалыптасқан дәстүрлi басқару жүйесiнен айыру жолында жүргiзiлiп отырған отаршылдық iс-әрекеттердi ақтау. Олардың халық мүддесi үшiн жүргiзiлiп жатқандығын әрбiр адамды сендҚру.
Газет бастапқы кезеңде ретсiз шығып отырды. Мысалға алатын болсақ, 1870 жылдың iшiнде 17 номерi жарық көрсе, 1871 жылдан бастап - аптасына бiр рет, ал 1903 жылғы желтоқсаннан бастап - айына үш рет, 1907 жылдың шiлде айынан газет күн сайын шығарылып отырған. “Туркестанские ведомости” газетiнiң соңғы номерi 1917 жылғы 15 желтоқсанда жарық көрген. 48 жыл өмiр сүрген газеттiң 640 номерi басылып шыққан.
Түркiстан өлкесiнде жарық көрген баспасөз орыс патшалығының таптық, идеологиялық және саяси күресiндегi басты қарудың ролiн атқарды. Газетке байланысты құрылған бағдарлама бойынша “Туркестанские ведомости” ресми және қарапайым екi бөлiмге бөлiндi. Газетте “Iшкi жаңалықтар”, “Жаңалықтар және ескертпелер”, “Шетел жаңалықтары және ескертпелер”, “Жергiлiктi хроника”, “Фельетон”, “өлке бойынша” және “Санкт-Петербург” атты бөлiмдер болды46.
“Туркестанские ведомости” газетiнде көрнектi шығыстанушы - оқымыстылар академик В.В. Бартольд, Л.С.Берг, Н.А. Северцов, А.Н. Федченко, И.В. Мушкетов жұмыс iстедi.
Ташкентте басылып шыққан “Туркестанские ведомости” газетiнiң Птербургте, Москвада, Қиыр Шығыста және Ресей империясының басқа да қалаларында корреспонденттерi болды. Газет Орта Азия халықтарының қоғамдық пiкiрiн, тарихи дамуы мен мәдениетiн, экономикасын танып-бiлуде маңызды роль атқарды.
1871 жылы “Туркестанские ведомости” газетiнiң жанынан өте кiшкене көлемде өзбек және қазақ тiлдерiнде “Қосымша” шығарыла бастады. 1883 жылдан бастап “Қосымша” қазақ және өзбек тiлдерiндегi жеке газетке “Түркiстан уәлаяты газетiне” (“Туркестан уилоятининг газетасына”) айналды. Газеттiң ең алғашқы редакторы болып 1883 жылғы 30 қаңтарда Х.Чанышев тағайындалды. Кейiннен орыс ағартушысы Н.П. Остроумов редакторлық еттi. Газеттiң негiзгi мақсаты - өлкенiң жергiлiктi тұрғындарының ауыл шаруашылығының түрлi салалары жайлы ақпараттары мен Орта Азия халықтары өмiрiнiң қыры мен сыры, салт-дәстүрi мен тұрмысын, өзбек жазушыларының, оның iшiнде Фуркат пен Мукилидiң шығармаларын, И.А. Крыловтың, А.С. Пушкиннiң, Л.Н.Толстойдың шығармаларын жергiлiктi тiлдерде аударып басып отыру болды.
Газеттiң таралу аймағы өте тар көлемде болды, яғни оның тиражы небары 500-600 дананы құрады. °рине, сауатты тұрғындардың саны жергiлiктi халықтың бар болғаны 2 пайызын құраған аймақта газеттiң мұнан көп таралуы мүмкiн емес едi. Сондықтан газеттiң ықпалы бiрден емес бiртiндеп тарай бастады. Бұл түрлi мақалалардың шығуымен көрiндi. Мысалы: 1889 жылы “±ылымның пайдасы туралы” деген айдармен мақалалар циклы жарық көрсе, 1898 жылғы 6 қазанда Ташкент қыздар гимназиясының жылдық есебi жарық көрген47. Айта кететiн жәйт, “Түркiстан уәлаяты газетi” қазақ тiлiндегi мерзiмдi басылымдардың көшбасшысы болып саналады.
“Түркiстан уалаяты газетi” Оңтүстiк Қазақстандық қалалар - °улиеата, Шымкент, Түркiстан, Перовск және Созаққа таралған. Газеттiң белсендi авторларының бiрi Саттархан Абдуоғафоров. Түркiстан мұғалiмдер семинариясында қызмет еткен. Оның атымен Шымкентте бiрiншi Түркiстан өлкесiнiң орыс-түзем мектебiнiң ашылуы тығыз байланысты. С.Абдулгафаров. Ташкентте, Петербургте, Қоқанда өткен көптеген ғылыми семинар және конференцияға белсене қатысқан.
Ресми мерзiмдi басылымдармен қатар бұл кезеңде буржуазиялық журналистика да туындай бастады. Көптеген қалаларда, әсiресе, Ташкентте жеке меншiк типографиялар мен газеттер пайда болды. Ташкенттегi алғашқы жеке меншiк типография 1877 жылы, Самарқанда-1880 жылы, Қоқанда-1887 жылы пайда болған.
Ташкентте 1896 жылы “Среднеазиатский вестник” журналы жарыққа шықты. Оның редакторы және баспадан шығарушы Е.Т.Смирнов болды. 1897 жылдың қаңтар-ақпан айларында “Ортаазия альманахы” шығарыла бастады: онда өлкенiң саудасымен өнеркәсiбi, этнографиясы, статистикасы, типографиясы, географиясы туралы мақалалар басылып отырды. ХХ ғасырдың басында жекеменшiк “Түркiстан ауылшаруашылығы” (1906-1918), “За народ” (1907), “Туркестанский скорпион”, “Ал-Изох”(“обозрение” 1917) тәрiздi журналдар халық арасына тарады48.
Жекеменшiк буржуазиялық газеттердiң iшiнен “Руский Туркестан” газетiн көрсетуге болады. Ол Ташкентте 1898-1907 жылдар аралығында шықты. “Туркестанские ведомости” газетi 1898 жылы 25 қыркүйекте шыққан оның алғашқы номерiн көпшiлiкке таныстырды. Бағдарламаға сәйкес газет бетiнде аударма мақалалар, Түркiстан және Жетiсу қалаларының жаңалықтары, жергiлiктi хроника және фельетондар басылып отырды. Алғашында “Окрайна” деген атпен 1890-1894 жылдары жарық көрген Самарқандық газет 1894 жылы Ташкентке көшiрiлiп “Самарқан” деген атпен хабарландырулар мен телеграммаларды басып отырды. Бұл газетте Н.Лыкошин, А.Ханыков және °.Диваев тәрiздi өлкетанушылар еңбек еттi.
Көрнектi қазақ қоғам қайраткерi Көлбай Тоғысов 1916 жылы Ташкентте “Алаш” газетiн жарыққа шығарды. Ол әйелi Мариям Тоғысоваға және iнiсi Сүлейменмен бiрге 1915 жылғы маусымнан 1916 жылғы мамырға дейiнгi аралықта Наманганда тұрып, кейiннен Ташкентке қоныс аударды. Мұнда келген соң К.Тоғысов қалада қазақ газетi “Алашты” шығаруға рұқсат алған әйелiнiң атына жазылған куәлiк алады. Осылайшы, К.Тоғысовтың айтуынша: “Түркiстан қазақтарын бiлiмге шақырған, қазақ халқының ұлттық мәдени дамуын көздеген” газет жарыққа шықты49. Газеттiң алғышқы номерiнде баспасөздiң мәдени өмiрдегi алатын орны туралы жазылып, “Қазақ” газетiне және “Айқап” журналына сәлем жолданады. Газет қазақ халқы үшiн өткiр әрi ауыр проблеманың бiрi отырықшылдыққа көшу, одан кейiн халық ағарту iсi, әскери жағдай, жер мәселесi, Думадағы өкiлдiк, сот мәселесi, әйел теңдiгi, экономикалық жағдайды ерекше атап көрсеттi. Газеттiң бiрнеше номерiнде К. Тоғысбаевтың “Надандық Құрбаны” (пьеса) атты еңбегiнiң сатылатындығы туралы хабарландыру бар. Газеттiң тiлi кейбiр қазақ тiлiне мейлiнше жақын, тек кейбiрсөздерде ғана (мысалы, “пайдалану” орнына “файдалану”, “сөздер” орнына “сөзлар” т.б. қолданылған) ерекшелiктер кездеседi. Халықтың мәдени дамуын сақтауға ат салысып, қазақтар проблемасын әдiл көрсете бiлген газет “пашисламистiк” идеядан алыс кетпедi. Көлбай Тоғысов кейiннен “¶ш Жүз” саяси қозғалысының лидерi болды, қозғалыс өзгелермен қатар “Бүкiл мұсылман-ағайын” сөзiн ұранға айналдырды. “Алаш” газетi көптеген жетiстiктерге жеттi. Газет қызметкерлерiнiң бақылауын “Алаш” газетiнiң өлкенiң көптеген қалаларына пошта арқылы тарап жатқаны белгiлi. Ал Тоғысовтың iнiсi Сүлейман газеттi Ташкент шайханаларына таратумен айналысты. Түркiстан өлкесiнiң барлық оқыған саналы қазақтары, заңгерлер, дәрiгерлер, аудармашылар, студент жастар және басқалар газетке басу үшiн мақала жазып қана қоймай, “Алаш” газетiн қазақтардың арасына кеңiнен таратуға, мәдени ағарту iсiнiң және барлық қазақтардың бiрiгуi қажеттiгiн насихаттаған.
1917 жылы Ташкентте “Бiрлiк туы” газетi жарық көрдi. Ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының бiрлiгiн насихаттады50.
1917 жылдың тамыз айында исламның және Түркiстан жадидизмнiң ықпалындағы Сырдария қазақтары Ташкентте аймақтық конференция өткiзiп, ұлттық автономияның жобасын жасады. Конференция делегаттары апталық “Бiрлiк туы” (Қазақ халқының ұлттық органы болып есептелетiн) газетiн шығаруға шешiм қабылданды. Бұл газет сол кездегi өзге қазақ газеттерiне қарағанда ислам дiнiн көбiрек уағыздады. Оны Хажреддин Болғындаев шығарып отырды, ал бас редактор Мустафа Шоқай болды. Газет қызметкерлерiнiң арасында тағы басқа қазақ қайраткерлерiнiң есiмдерi кездеседi. Айта кететiн жәйт, газет “Құрама газетi” деп аталады. Себебi, ол өлкенiң көпшiлiк халқына түсiнiктi өзбек және қазақ тiлiнде ортақ тiлде жазылды. Қарастырып отырған кезеңде Түркiстан қазақтары Орта Азия мен Қазақстан халықтарының рухани дамуына жетекшi рол атқарды.
1917 жылғы Қазан төңкерiсiнен кейiн жаңа өмiрдi дәрiптейтiн газет-журналдар шығарыла бастады. Соларға тоқтала кетсек: 1920 жылы сәуiр айында Ташкентте “Қырғыз-қазақша жетiсiне екi рет шығатын, сыпайы тiлдегi саяси һәм шаруашылық “Жаңа Өрiс” газетi жарыққа келдi. Ол “Россиялық еншiлестер табының кеңесi мен Түркiстандық кiндiк Атқару кеңесi һәм Түркiстан Соғыс майдандарының саяси бөлiмi атынан шығады” деп жарияланды51.
“Жаңа Өрiс” алғаш тегiн таратылды. Оның “Шет елдерде”, “Кеңестер iшiнде”, “Аймақ хабарлары” деген бөлiмдерi болды. Яғни ол өз оқушыларын iшкi, сыртқы жаңалықтармен таныстырып отырды. 1920 жылғы 27 шiлдеге дейiн “Жаңа Өрiстiң” 14-нөмiрi жарық көрдi. Ал 1920 жылдың 7 желтоқсаннан бастап “Жаңа Өрiс” негiзiнде Түркiстан Орталық партия комитетiнiң тiлi “Ақ жол” газетi шығарылды. Оның алғашқы ұйымдастырушылары С.Қожанов, М.Дулатов болды. “Ақ жол” алғаш - 3000, дана болып таралып, ел-тiлегiне орай, бiрсыпыра игi шаралар жүргiздi. Көп ретте бұқараның көкейiндегi дәл тапты. “Ақ жол” газетi Түркiстан Орталық партия Комитетiнiң тiлi ретiнде 1924 жылдың 26 қарашасына дейiн шығып тұрды.
“Ақ жол” газетiнiң 1921 жылғы 22 ақпандағы нөмiрiнде “Шолпан”журналы” деген хабар шықты. Онда Ташкентте қазақ, қырғыз, өзбек, түркiмен тiлдерiнде Халық ағарту комиссариатыны жанындағы Бiлiм комиссиясы атынан “Шолпан” атты журнал шығатын болды. Журнал 56 беттiк болып, айына екi рет шығады. 25 бетi қазақ-қырғыз, 24 бетi өзбек, 8 бетi түркiмен тiлiнде болмақ. Журналда оқу - бiлiм, әдебиет, саясат жайынан жазылған деп хабарланды52. Бiрақ журналды бұлай етiп шығару тиiмсiз де қиын едi. Сондықтан “Шолпан” журналының бiрiншi нөмiрi тек 1922 жылы 22 қазанда жарық көрдi. Бiлiм комиссиясының емес, РК (б)П Түркiстан Орталық Комитетiнiң органы болып шықты. °лi ол “Қырғыз-қазақ тiлiнде айына бiр шығатын саясат, шаруашылық, бiлiм, әдебиет “журналы” деп аталады. Шығарушысы И.Тоқтыбаев болды. Оның жұмысына Ораз Жандосов, °бубәкiр Диваев белсене қатысты. “Шолпан” өзiнiң өнер-бiлiм, шаруашылық бөлiмдерiнiң көптеген пайдалы материалдар жарияланды. “Қазақ тiлiндегi сингармонизм заңы”, “Орхон жазуы туралы бiрнеше сөз”, “Жер сiлкiну”, “±ылым не бередi?”, “Дарвин сөзiнiң негiзiнде”, “Өсiмдiктер”, “Жас баланы емiзу, тәрбиелеу” деген сияқты мақалаларының ғылымдық үгiт-насихаттық мәнi зор болды. Сонымен бiрге онда °. Диваевтың қазақ-қырғыз бiлiм комиссиясының жұмысы жөнiндегi баяндамасы жарияланды. Жалпы алғанда, қаржы тапшылығынан “Шолпан” журналы көп өмiр сүре алмай 1923 жылы мамыр айында жабылды.
1923 жылы қаңтарда Ташкентте “Сана ” журналы шығарылды. Ол Түркiстан Мемлекет Бiлiм кеңесiн бiлiм-әдебиет журналы деп аталды53. Оны шығарушы Қазақ-Қырғыз Бiлiм комиссиясы болды. Журнал “µйқы деген немене?”, “Машинаның күшi”, “Жұлдыздарды күндiз көруге болама?”, “Миллион деген немене?”, “Химия өзгерiстерi” т.б. материалдарында да өз оқушыларын көптеген ғылыми техникалық деректерден хабардар еттi. “Мәдениет пайдалы” бөлiмiнде жеке мектеп, медреселердiң күй-сайын, өнер-бiлiм ұйымдарының тiршiлiгiн, өкiметтiң ғылым-iлiм туралы бұйрық-жарлық, нұсқауларын жариялап тұрды. “сын бөлiмi” қазақ-қырғыз тiлiндегi және қазақ-қырғыз туралы басқа тiлдердегi кiтаптарды таныстырып отырды. Ақан серiнiң сөздерi, әндерi туралы алғаш осында пiкiр айтылды. М. °уезовтың “Қорғансыздың күнiне” сын берiлдi. Мұхтар Абайдың бұрын басылмаған өлеңдерiн, оның баласы Ахылбайдың “Зұлыс” поэмасын жариялады. Мұның бәрi журналдың пайдалы жұмысы, елге бiлiм берудегi игi iсi едi. Комунистiк партияны насихаттамағаны үшiн “Сана” үш номiрiнен соң, 1924 жылы қарашада шығуын тоқтатты. Осы тұста атап айтар нәрсе, жалпы қазақ жастары баспасөзiнiң тарихы Түркiстан республикасынан басталады. Жастардың қазақша тұңғыш газетi Қазақ АССР-iнде емес, Түркiстанда шыққан. Сондағы Комитет жастар Орталық Комитетiнiң тiлi “Жас алаш” газетi 1921 жылы 22 наурыздан жарық көрдi. Оны ұйымдастырушы - ±.МҰратбаев, шығарушы Ташкенттегi Қырғыз-Қазақ институтының студенттерi. Газеттiң бiрiншi нөмiрiнде I.Жансүгiровтың “Жас замандастарға” деген мақаласы, “Жалпы жасқа” арналған өлеңi жарияланды. С.Есова қазақ, қырғыз қыздарына революцияның не бергенiн, ендiгi мiндеттерi не екенiн түсiндiрдi54. 1925 жылы шiлдеде өткiзiлетiн қазақ комсомолының 1 съезiне Түркiстаннан өкiл болып ±.Мұратбаев келген. Сонда Қазақ АССР-i жастарының баспасөзiн шығару туралы сөз болғанда ±ани “Қазақ өлкесi мен Түркiстан жастарының тiлi болсын” деп ұсыныс жасаған55. “Жас алаш” деген атына бола қолдау көрмеген газет, көп ұзамай жабылды.
Осы тұста Ташкентте шыққан жастар журналдарының бiрi - “Кедей айнасы”. Ол Ленин атындағы Орта Азия комунистiк университетiндегi қазақ студенттерiнiң жылдық журналы едi. 1923-1929 жылдары оның 5 нөмiрi жарық көрдi. Алғашқы екi нөмiрi стеклографиямен шығармашылықтан “Кедей айнасы” деп аталады. Оны студенттер өз күшiмен шығарып тұрған журнал тек шәкiрттер шығармашылығының жинағы болып қойған жоқ, онда әлеуметтiк iрi мәселелер - жастар арасындағы саяси жұмыстар, комитетiнiң “тарихи маңызы”, Қазақстанда индустарияландырудың барысы жайында да күрделi материадар жарияланып отырды.
“Кедей айнасында” Орта Азия университетiнiң өз жұмысы, тiршiлiк тынысы, оқушылары мен оқытушыларының өмiрi көбiрек сөз болатын. °дебиет бөлiмiнде ескi мұра нұсқалар жарияланып, пролетариат әдебиетi жөнiде айтыстар ұйымдастырылды. Жаңа жиналған мақал-мәтел, әңгiмелердi беретiн. Өз негiзiнде журналға Ө.Тұрманжанов, Ш.Сарыбаев, З.Рүстемовтың жиi қатысқан56. 1929 жылдан кеиiн қаржы тапшылығына байланысты журнал жабылған. Сөз болып отырған жылдары қазiргi Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда облыстарында Түркiстан Кеңестiк Социалистiк республикаларының құрамында болды. Сондықтан Ташкентте қазақ тiлiнде басылымдардың көптеген басылуы таң қаларлық жайт емес.
2.2. Бұқаралық ағартудағы кҚтапханалардың белсендҚлҚгҚ.
1867 жылы Түркiстан генерал-губернаторы К. П. Кауфман кiтапхана құрылысын қолына алады. Осы жылы ол Халық Ағарту министрлiгiне, ±ылым академиясына, Орыс географиялық қоғамы мен бұхаралық кiтапханаға Түркiстан кiтапханасы үшiн ғылыми мазмұндағы кiтаптардың көшiрмелерiн берудi өтiнiш етедi. Жаңа кiтапхана үшiн алғашқы кiтаптар Ташкентке 1868 жылы келедi.
Осылайша жүздеген кiтаптар Түркiстан кiтапханасының негiзiн құрайды. Кiтапханада тек қана Ташкенттiң орыс тұрғындары қызмет еттi: офицерлер, шенеунiктер мен олардың жан ұясы, оқушылар. 1870 жылдың мамыр айынан 1871 жылдың 1-шi қыркүйегiне дейiнгi алғашқы оқырмандар тiзiм сақталған, олар 75 оқырманды құраған. Олардың 45-i офицер, 19-шенеунiк, 5-саудагер, 2- әскери хатшы, 2-дiни қызметкерi және 1 училище студентi. 75 оқырманның тек бiреуi ғана әйел баласы57.
1882-шi жылдың соңына қарай генерал-губернатор М.Черняевтың бұйрығымен кiтапхананы реакцияшыл жазушы В.В.Хрестовский тексердi. Ол Черняевқа берген рапортында “орыс жазушылары iшiнен Салтыков, Добролюбов, Писарев, Некрасов және Шиллердiң шығармаларына сұраныс жоғары” екенiн мәлiмдейдi. Бұл жөнiнде естiген М.Черняев “кiтапхана бағытын байытып және пайдалы мақсаттан алыс кеткенiн ескерiп” 1883 жылдың қаңтарынан бастап кiтапхананы жабуды бұйырады58.
Ктапхана қорындағы 13000 кiтаптың 9000-нан астамы “Азияға қатысты үлкен мәнi бар, сонымен қатар бiлiмнiң түрлi салаларынан хабар беретiн ғылыми шығармалар болатын”. Бұл кiтаптар Ташкент музейiне берiлдi. Оқу орындарының кiтапханаларына 846 том берiлдi. Ташкент әскери госпитальына 514, Түркiстан әскери округiнiң кiтапханасына 2496 том берiлдi.
Кiтапхананың жабылуына қарсылық бiлдiрген көпшiлiктiң қысымымен Черняевтың орнын басқан Розенбах 1884 жылғы 2 тамыздағы (197 жарлығы бойынша кiтапхананы Түркiстан бұхаралық кiтапханасы деген атпен қалпына келтiрудi бұйырды. Оның құрамында музей де құрылды. Барлық кiтаптар кiтапханаға қайтарылды. Кiтапхана мен музей жұмысын бақылау үшiн айрықша “Бақылау комитетi” құрылды. Комитет құрамына белгiлi жергiлiктi өлкетанушылар-М.И.Брожовский, Н.П.Остроумов, В.Ф.Ошанин, Н.А.Маев ендi. Бiрақ 1886 жылғы 31 желтоқсандағы шешiм бойынша бақылау комитетi жабылды және оның барлық құқығы мен мiндеттерi генерал-губернатордың басқарушы канцеляриясының қолына көштi. Кiтапхана ережесi екi рет өзгертiлдi. 1887 жылы 13 қаңтарда генерал Розенбах кезiнде және 1906 жылы 26 тамызда жаңа генерал - губернатор Суботич уақытында59.
1906 жылдың орта шенiнде Бақылау комитетi қайта қалпына келтiрiлдi. Ендi оның құрамында кiтаптанушы, библиограф Н.В.Дмитровский, iрi этнограф А.А.Диваев жұмыс iстей бастады. Сонымен қатар кiтапхана жұмысына Шығыстанушы В.Л.Вяткин мен академик В.В.Бартольд белсене араласты. Осындай ғалымдардың көмегiмен кiтапхана қоры мейлiнше құнды еңбектер мен материалдарға толыға түстi.
Кiтапхана қорында сақталған ерекше жинақтың бiрi - Орта Азия мен Түркiстан өлкесiне қатысты шығармалармен мақалалардың - “Түркiстан жинағы” болатын. Ол Түркiстанда төңкерiске дейiн шыққан газет журнал кесiндiлерi мен кiтаптардан құралған 594 томнан тұрады. “Түркiстан жинағының” көрнектi орыс библиографы В.И.Межов дайындаған 416 томы 1867-1887 жылдардағы материалдардан құралған. Бұдан кейiн жинақ жұмысы тоқтайды. Тек 1907 жылы ғана қолға алынады. 1907 жылдан 1916 жылға дейiнгi кезеңде түрлi библиографтардың араласуымен оның 175 томы дайындалады. Жинақ құрамына Түркiстан өлкесiнiң мәдениетiмен тұрмысы геологиясы, археологиясы, ботаникасы, этнографиясы, экономикасы, тарихы туралы материалдармен төңкерiске дейiнгi Орта Азияны зерттеушiлердiң маңызды деректерi енедi60.
1910 жылы “Түркiстан жинағы” жаңа дағдарысқа тап болады, яғни оның құрамына кiретiн материалдар жөнiнде сұрақ туады. Сөйтiп жинақтың құрылу жүйесiн қайта қарау туралы шешiм шығарылып, бұл жұмысқа 1911 жылы А.А.Семенов тартылады. А.А.Семенов 1911 жылдан 1916 жылға дейiнгi аралықта 240 кiтаппен журнал мақаласынан және 30 газет кесiндiсiнен құралған 48 томды дайындайды. 1939 жылы Е.К.Бетгер редакциясымен “Түркiстан жинағының” тағы үш томы құрастырылады.
Төңкерiске дейiнгi уақытта Түркiстан бұхаралық кiтапханасының қорында Орта Азия туралы сирек және құнды басылымдармен қатар, қолжазбалар қоры да болды. Егер 1880 жылы кiтапханада 10000 - нан аспайтын орыс және шетел тiлiндегi кiтаптар болса 1905 жылы олардың саны 40000 томнан асып жығылды. Кiтапхана қоры жеке кiтапханалардан түскен кiтаптармен де толықтырылып отырды. Мысалы: 60-ыншы жылдардың соңында Ташкентiк судья П.П. Пуналов кiтапханаға Кантимерден Гогольге дейiнге орыс классиктерiнiң 400 томын сиға тартты. Бұл кiтаптардың арасында география, жаратылыстану ғылымдарының тiл тану саласындағы құнды еңбектерiде болған.
Кiтапхананың құнды толығуы Ташкентте 1865-1868 жылдары өмiр сүрген генерал-майор А.Н. Гейнстiң жеке кiтапханасының кiтапхана қорына берiлуi болды. Бұл кiтапхана немiс, француз және өзбек тiлдерiнде жазылған 450 кiтаптан құралды. Олардың арасында Орта Азия туралы сирек кездесетiн туындылары болды. Түркiстан Бұхаралық кезектi көлемдi толығуы 1898 жылы болды. Кiтапхана Мәделi ишанның жеке кiтапханасынан парсы және түрiк тiлдерiнде жазылған 194 кiтабы қосылды. Мәлiметтерге көз жүгiртсек 1916 жылы кiтапхананың оқу залына күнiне 40-80 адам келетiн болған, күнiне 150 оқырман кiтапхана кiтабын пайдаланып отырған. 1917 жылы кiтапханада 80000 том сақталған. Кеңес Одағы тұсында кiтапхана одақтағы ең үлкен кiтап қоймаларының бiрiне айналды61.
Осындай үлкен кiтапханалармен қатар Ташкентте мәдени ғылыми ұйымдардың кiшiгiрiм кiтапханаларда болды.
Сонымен қатар Түркiстан үлкесiнiң ғылыми-медициналық қоғамыда халықтың денсаулығын сақтау, жергiлiктi халыққа медициналық көмек көрсету мақсатында арнайы медициналық кiтахананы ашты. Осындай қоғамдардың бiрi 1899 жылы Ташкент қаласындағы Түркiстан дәрiгерлерiнiң ұйымы болды. Ал осы жылғы сәуiр айынан бастап оның кiтапханасы жұмыс iстей бастады. Кiтапхана қорында орыс тiлдi басылымдармен қатар шетел басылымдары да бар едi. Қоғам мүшелерi кiтапхана үшiн кiтаптар, газет журналдар сатып алумен бiрге “хаттамалар” деп аталатын өздерiнiң еңбектерiн де басып шығарып отырды. Кiтапханада құрамына К.И. Иванов, А.Н. Колпаков, Н.И. Оранский, Ч,Ю, Норвилло тәрiздi дәрiгерлер кiрген комиссияның бастауымен алфавиттiк және жүйелiк каталог құрылып, мақалаларға аналитикалық мәлiмдеме жеке кiтаптар мен көрсеткiштердiң жүйелiк каталогы жұмыс iстей бастады. Мұның өзi үлкенiң жаңа талап дәрiгерлерiнiң кiтапхана қорымен тығыз қарым-қатынасын орнатты62.
Сонымен бiрге Ташкентте 1901 жылдан өз жұмысын бастаған Пушкин қоғамы да кiтапхана құру iсiн қолына алды. Бiрақ кiтапхана тек 1911 жылы ғана ашылды. Ол осы жылғы 2-шi ақпанда тегiн халықтық кiтапхана оқу залы есебiнде салтанатты түрде ашылып, көрнектi орыс жазушысы Л.Н. Толстойдың атымен аталды. Өлкенiң алдыңғы қатарлы интеллегенция өкiлдерi кiтапхана қорының толығуына үлкен көмек көрсеттi. Жекеменшiк әйелдер гимназиясының директоры Л.Ф.Гориздро 254 том кiтап сыйлады. Кiтаптардың арасында Орта Азия туралы сирек кездесетiн құнды басылымдар болатын. Түркiстан археология әунесқойлары үйiрмесiнiң белсендi мүшесi В.Калаур кiтапханаға 74 том кiтап сыйлады. Қоғамдық қайраткер З.А.Чернияевская 2446 том кiтапты Л.Н.Толстой атындағы кiтапханаға тарту еттi. Нәтижесiнде 1912 жылғы 1-шi қазанда кiтапхана қоры 2800 томнан асып жығылды. Кiтапханада газет пен журналдың 25 түрi болды. 1911 жылдың өзiнде-ақ кiтапханаға 8545 оқырман келген. ¶йге кiтап беру 1912 жылдан З.А.Чернияевская құрған каталог негiзiнде жүзеге асырылды. 1916 жылы Пушкин қоғамы жазғы оқу залын ашады. Жаз бойы Оқу залына 12648 оқырман келген63.
1910 жылы Түркiстанның мұсылман интеллегенциясының арасында Ташкентте тегiн кiтапхана оқу залын ашу идеясы туныдайды. Осы мақсатпен жергiлiктi мұсылман оқымыстыларының iшiнен кiтап жинау басталады. 1912 жылы мұсылман оқу залының уставы қабылданғанымен, жауапты адам табылмағандықтан, оның ашылуы жҮзеге аспай қалады. Көп ұзамай-ақ Ташкентте “Тұран” жадид кiтапханасы ашылып, оның қоры, түрiк, татар, әзҚрбайжан, қазақ тiлдерiндегi басылымдармен толықты64.
Төңкерiске дейiнгi Түркiстан өлкесiндегi кiтапханалардың ашылуы негiзiнен қоғамдық ұйымдармен жеке қайраткерлердiң бастамасымен жүзеге асырылды. Қаржы көзi мүшелiк жарна мен жеке азаматтардың ерiктi табысы болды. Патша үкiметi кiтапхана ашу iсiне белсендi араласпағанымен, кiтапхана қоры мен жұмысына немқұрайлы қарамай, “Жат көзқарасты” оқырмандармен әдебиеттердi қуғындап отырды.
Қолданылған құжаттар тҚзҚмҚ
Муминов Я.К. Из истории курортного дела в Узбекистане. Из жизни и деятельности И.Б.Тейха. – Ташкент. – 1957 с 15.
Бендриков. К.Е.Очерки по истории народного образования в Туркестане. – Москва, 1960. с 161.
Туркестанские ведомости 1896. ғ 7
Лунин Б.В. Из истории русского востоковедения в Туркестане. Туркестанский кружок любителеий археологии (1895-1917) Ташкент, 1956 с 41.
Добромыслов А.И. Ташкент в прошлом и настоящем. Ташкент, 1912 с 473.
Сонда. 303 б.
“Туркестанские ведомости” 1902. 17 январь.
“Туркестанские ведомости” 1903. ғ7
“Туркестанские ведомости” 1903. ғ7
ЦГА РУз, ф.48, д.108, л. 32.
Бендриков К.Е.Очерки по истории народного образования в Туркестане. – Москва, 1960. с 452.
Материалы Научной сессии, посвященной истории Средней Азий и Казахстана. – Ташкент, 1955.
Бендриков К.Е. Очерки по истории народного образования в Туркестане. – Москва, 1960. с 51.
ЦГА РУз, ф.47, д.57.
Тажибаев Т.Т. Просвещение и школы Қазахстана во второй половине ХIХ века. – А, 1962. с 309.
Бендриков К.Е. Очерки по истории народного образования в Туркестане. – Москва, 1960. с 112.
ЦГА РУз. ф.и.-47, оп 1. д. 621. л.50.
Сонда 52 п.
Добромыслов А.И. Ташкент в прошлом и настоящем. Ташкент, 1912 с 206-211.
Отчет Туркестанской учительской семинарий за 25 лет существования (30 августа 1879 г.-30 августв-1904 г.) составил Н.Л.Остроумов. – Т, 1904 г.
Тажибаев Т.Т. Просвещение и школы Казахстана во второй половине ХIХ века. – А, 1962. с 412
Сонда 408 п.
Туркестанские ведомости” 1903. ғ42 и 43 ЦАУ УзССР ф. 49. д. 619 С перепиской по мактабам, медресе и новометодным школам 1914.
Пален К.К. Отчет по ревизии ЦАУ Уз ССР Опись наркомпроса д. 273 Статистические данные по народному образованию в Туркестане за дореволюционный период. – Л, 1921. с 173.
Отчет о заседаниях первого съезда народных учителей и учителниц Сыр-Дарынской обл. 1910 г. – Ташкент, 1911, с 171.
Труды первого Туркестанского съезда предподавателей средних учебных заведений. Т, 1913. с. 486.
Рождественский С.В. Исторический обзор деятельности Министерства народного просвещения. 1802-1902. Спб 1902. с 238.
ЦГА РУз ф. Р-86, оп 1. д 1525. л 9-10
ЦГА РУз ф 366, оп 1. д 44. л 2
“Туркестанский учитель”. – Ташкент, 1917 ғ1-2 с 31.
Тары-Ниязов Т.Н. Очерки истории культуры Советского Узбекистана. – М, 1955 с 142.
Бендриков К. Е. Очерки по истории народного образования в Туркестане. – Москва, 1960. с 432.
Сонда 437 б.
Газета “Туркестанская правда” 1923 ғ 121
Ефанов З.Д. На фронте просвешения с 19.
Бендриков К.Е. Очерки по истории народного оразования в Туркестане. – Москва, 1960. с 486.
Газета ңНародный Университетң 27 июнь 1918 г.
Бендриков К.Е. Очерки по истории народного образования в Туркестане. – Москва, 1960. с 378.
Садыков С, Высшая школа - кузница подготовки кадров. Ташкент, 1973 с 159.
Сонда 167 б.
Жақып М. “Түркiстан уалаятының газетi” және орыс баспасөзi. //Жұлдыз 1960 ғ 12. 188-189 б.б.
Бекхожин Х. Қазақ баспасөзiнiң даму жолдары. – Алматы, 1964. 28 б.
Эрназаров Т.Е. Акбаров А.И. История печати Туркестана (1870-1925 г. г.) Ташкент, 1976 с14.
Сонда 14 б.
Ташкентский Энциплопедия. – Ташкент, 1894 с 176
ңТүркiстан уалаяты газетiң 1898 ж. 26 қазан
Эрназаров Т.Е., Акбаров А.И. История печати Туркестана (1870-1925 г. г.) Ташкент, 1976 с 67
ЦГА РУз, ф. 461, оп.1. д. 1319, л. 70.
Эрназаров Т.Е., Акбаров А.И. История печати Туркестана (1870-1925 г. г.). – Ташкент, 1976 с 81.
Сонда. 82 б.
Қожакеев Т. ңЖыл құстарың. – Алматы, 1991 57 б.
Сонда 58-59 б.б.
Бекхожин Х. Қазақ баспасөзiнiң тарихы очеркi. – Алматы, 1981. 108 б.
Бекхожин Х. Қазақ баспасөзiнiң даму жолдары. – Алматы, 1964. 35 б.
Қожакеев Х. ңЖыл құстарың. – 62 б.
Кенжебаев Б., Қожакеев Т. “Қазақ совет баспасөзi тарихынан”. – Алматы, 1962 30-33 б.б.
“Туркестанские ведомости” 1882 14 декабря.
Касымова А. Библиотечное дело в Узбекистане. – Ташкент, 1968 с 16.
Труды Государственной публичной библиотеки УзССР -Т. 1 Юбилейный 1870-1935.
Фрадкина З.Л, В. И. Межов (1803-1894). – М, 1949 с 58-59.
Бедгер Е.К. Туркестанский сборник и участие в нем А.А.Семенова. – Душанбе, 1953 с 45.
Добромыслов А.И. Ташкент в прошлом и настоящем. – Ташкент, 1912 с 273
Лунин Б.В. Научные общества Туркестана и их прогрессивная деятельность. – Т, 1962 с 78.
Сонда. 85 б.
Қасымова А. Библотечное дело в Узбекистане. – Ташкент, 1968. с 37
ЦГА РУз, ф. 50, оп. 1, д. 387, л 198.
ЦГА РУз, ф. 50, оп. 1, д. 387, л 202.
ЦГА РУз, ф. 50, оп. 1, д. 387, л 203.
ЦГА РУз, ф. 50, оп. 1, д. 355, л 63.
Достарыңызбен бөлісу: |