Процесс дегеніміз — даму жағдайының бірізділікпен ауысуы. Тарих процесс уақытпен тығыз байланысқан деректер тізбегі, оның байланыстырушысы себеп пен салдар. Мысалы, өнеркәсіптік төңкеріс -- мануфактурадан машиналы өнеркәсіпке өтуді сипатгайтын процесс.
Тарихты танудың өзі процеске жатады. Ол деректсрді игеруден басталады.
К. Д. Ушинский "адам санасы біртіндеп дерекгерді көбейту, екіншіден оны өңдеу арқылы байиды. Деректік білім неғұрлым парасатты болған сайын, ол шикі материал неғұрлым жақсы өңделген сайын адам дами түседі, күшейе түседі", - деді.
Қандай ғылымда болмасын өзінің ұғымдары болады.
Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы үрдісінде бейнелейтін ой формасы, белгілі бір класқа жататын заттардың жалпы және тек соларға ғана тән ерекшеліктерін жинақтап көрсететін ой немесе ой жүйесі. Ғылыми ұғымдар заттар мен құбылыстардың мәнді және қажетті қасиеттерін бейнелейді, ал оны белгілейтін сөз бен таңбалар (формулалар) ғылыми термин болып табылады.
Термин – атау, ғылым, техника және тұрмыс саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері. Термин көбіне дара мағыналы болады. Термин қатарында белгілі бір салаға ғана арналған және сол саладағы мамандарға ғана түсінікті сөздер кездеседі. Сондықтан термин ғылым салаларына қарай сараланып, зерттелінеді, танылады.
Терминология - өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің қоғамдық өмірдің т.б. саласына тән терминдердің жиынтығы. Ол өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің қоғамдық өмірдің өсіп-өркендеуіне сәйкес дамып, жетіліп отырады.
Зерттеудің базалық ұғымдары: – методология, зерттеу, гипотеза, социометрия, диагностика, мониторинг, ранжирование, гистограмма, эксперимент, тест, анкета, бақылау, проблема, эмпирика, функция т.б.
Гносиология – таным теориясы, яғни айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуі. Гносиологиялық операциялар - таным операциялары, яғни гипотезалар, теориялар құру. Идеялар – білімнің обьектісі, ал пікірдің обьектісі яғни, білім мен пікірдің арақатынасы Платон гнесеологиясының өзекті мәселесі. Идеялар немесе жалпы ұғымдар туралы ілімді абстракті ойлау, ал заттар туралы пікірді, елесті сезімдік қабылдау туғызады. Платон ұғымдардың таным процессіндегі рольін ашты. Таным процессі жекеден жалпыға қарай жүреді (индукция) .
Ұғымдарды реттеу жолдары:
Зерттеу тақырыбына сай қажетті ұғымдарды жинақтау, оларды мағынасына қарай бөлу.
Олардың мән-мағынасын ашып, білу, түсіну.
Терминдермен жұмыс техникасы:
Зерттеу тақырыбына сай қажетті терминдерді реттеу.
Оларды мағынасына қарай топтастыру.
Терминге анықтама беру.
Глоссарий, тезаурус дайындау, терминологиялық сөздік толтыру.
Терминдерді зерттеу кезеңдеріне сай, оңтайлы қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |