Тақырып№14: Тарих мұғалімі. Тарих мұғалімінің тұлғасы және кәсіби
біліктілігі
Дәріс мақсаты: Тарих мұғалімінің маман ретінде сипатын келтіру
1. Тарих мұғалімінің кәсіби портреті
2. Мұғалімнің тарих сабағына дайындығы
3. Тарих мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін меңгеру
Тарих пәнінің мұғалімі — жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі
жетекші мамандықтардың бірі. Тарихи білім берудің барысында
оқушылардың дүниетанымы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыру тікелей
кәсіптік міндеті болғандықтан да тарихшы мұғалім мамандығына жоғары
талаптар қойылады.
Кеңестік білім беру жүйесінде тарих пәнінің мұғалімдеріне мектептегі
идеологиялық жұмыстардың жетекшілігі сеніп тапсырылатын. Өйткені,
тарихшы мамандығы партияның идеологиялық жұмыстарымен тікелей
айналысатын саяси номенклатураға енгізілген еді. Ол кездегі тарихшы
мұғалім кәсіптік міндеттеріне қосымша лектор, үгітші, насихатшы сияқты
көптеген қоғамдық қызметтер де атқаратын.
Мемлекеттік құрылыстың, саяси жүйенің өзгеруіне байланысты
тарихшы мұғалім қызметінің мазмұны да түбірінен өзгерді. Жоғарыда
аталған саяси сипаттағы қоғамдық қызметтерден "босаған" тарихшы мұғалім
бірыңғай өзінің кәсіптік қызметімен айналыса бастады. Мұғалім тұлғасына
қойылатын талапта жаңарды. Мұғалімнің тұлғасы, оньгң рөлі мен маңызы
туралы пікірлер көп. Солардың арасында К. Д. Ушинскийдің "...Тікелей жеке
ықпалсыз мінезге сіңетін шынайы тәрбие жоқ. Тек тұлға ғана тұлғаны"
дамуы мен қалыптасуына ықпал жасайды", — деген пікірі ерекше.
Сан-салалы педагогикалық қызмегте мұғалімнің жеке тұлғалық
қасиеттерінің атқаратын рөлінің маңызы зор. Кеңестік білім беру жүйесінде
мұғалім қызметін кәсіптік түрғыда жетілдіру бағытында көптеген зерттеулер
жүргізілген болатын. Әйтсе де, таптық-партиялық идеология үстемдік еткен
қоғамда мұғалім қызметіне шамадан тыс саяси міндеттер жүктелгені де рас.
Дегенмен,
қазіргі
кезде
қоғамның
жаңа
әлеуметтік-саяси
құбылыстарына, жаңа ғылыми тұжырымдарға бейімделу қабілеті, бұқаралық
ақпаратты педагогикалық түрғыдан түсіндіре алу сияқты бағалы қасиетгер
бүгінгі тарихшы мұғалім үшін де ауадай қажет.
Мұғалім тұлғасының қалыптасуы ұзақта үздіксіз процесс. Ол жоғары
оқу орнынан басталып, мұғалімнің бүкіл еңбек қызметі барысында
жалғасады.
Еңбек жолын жаңадан бастаған жас маман немесе педагогикалық
тәжірибеден өтетін тарихшы студент алғашқы сабақтарында мынадай типтік
кемшіліктерге жол береді:
• негізгі, басты мәселені бөліп алуға, жүйелі түрде базалық білімді
игеруге қиналады;
• баяндап түрған материалдың мазмұнын бұрынғы және кейінгі
материалдармен байланыстыра алмайды;
• материалды ұзақ, қажетсіз егжей-тегжейлілікпен түсіндіреді;
• уақытты ұтымды пайдалана алмайды, көбінесе үй тапсырмасын сұрау
жаңа материалды түсіндіруден де көп уақытқа созылып кетеді;
• тарихты оқуға деген қызығушылықты дамытуды мақсат етіп
қоймайды, танымдық ойындардың маңызын елемейді;
• бір сарынды әрекет, бір үлгідегі сабақ типі мен оқыту түрін
қолданады;
• мектептің тарих оқулығымен жүйелі жұмыс жасай алмайды (ұғымдар,
есімдер, даталар, сұрақтар мен тапсырмалар, сұлбалар мен кестелер)
• оқушылардың оқу әрекетін бағалауға қиналады, сабақта оқушылар
мүлдем аз немесе мүлдем бағаланбайды, бағаланса да тек жоғары бағалар
қойылады;
• дербес тапсырмалар, оның ішінде проблемалық сипаттағы
тапсырмалар бермейді;
• оқушыларға белгілі бір өзекті мәселеге әртүрлі көзқарас ұсына
алмайды; пікірталас жүргізбейді;
• мұғалім мен оқушының сабақтың барлық кезеңіндегі бірлескен
жұмысын өз дәрежесінде ойластыра алмайды; сұрау барысында көбіне
мұғалім-оқушы диалогы созылып кетеді;
• сабақты түсіндіруді бастағанда дербес тапсырмамен жұмысын
жалғастырып отырған оқушыларды ұмытып кетеді;
• өзінің оқытушылық қызметінің нәтижелерін айкындауға өте аз көңіл
бөледі.
Оқыту процесіндегі осындай олқылықтардың орнын толтырып,
кемшіліктерді жою арқылы жас маман өзінің базалық білімімен бірге
әдістемелік тәжірибесін де байытып, кемелдене түседі. Өзінің педагогикалық
қызметінде шығармашылық табыстарға жетуді басты мақсат тұтқан
мұғалімнің жұмысы жинақы, әрекеті жүйелі болады.
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны.
Бұл мәселе мұғалім жұмысын өзара тығыз байланыстыратын бірқатар
әрекетгердің жиынтығы деп қарастыруға болады. Олардың қатарында
тарихты, құқ негіздерін, азаматтану, адам және қоғам пәндерін оқытуды;
сыныптық, сыныптан тыс, соның ішінде факультативтік сабақтар жүргізу;
оқушыларды тәрбиелеу; біліктілігін көтеру; ата-аналармен жұмыс; қоғамдық
жұмыстар атқаруды атауға болады. Тарихшы мұғалім әрекетінің әрбір түрі
оның қызметтік міндеттері мен қажетті білім, дағдылар жиынтығын
құрайтын өзіндік мазмұнмен ерекшеленеді.
Мысалы, сабақ жүргізудің өзі белгілі бір тарих курсын жүргізуге
мұғалімнің алдын-ала дайындығын талап етеді. Ол дайындық мынадай тізбек
құрайды: а) тиісті курстың оқу бағдарламасы, оқулығы, оқуқұралдары,
арнайы және әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйрену; ә) сол курсты оқытуға
қажетті материалдарды жинау және жүйелеу; б) оқу процесінде
қолданьшатын оқытудың көрнекі және техникалық құралдарымен танысу; в)